АҚШ Конституциясындағы  «Құқық туралы Билль»  туралы қазақша реферат

Конституцияның алғашқы бөлігі Ньютонның физикасы сияқты әрі ғылыми, әрі рационалды кішігірім преамбула мен үлкен мақаладан тұрды. Оған қосымша ретінде 26 түзету алынған. Бірінші 10 түзетуде жалпы алынғанда «Құқық туралы Билль» деп аталады. Бұл түзетулер 1791 жылы алынды. Бұдан басқа 16 түзету қабылданған, олардың арасында ең маңыздысы-13, 14, 15 баптар. Бұл баптар АҚШ-тағы құлдықты құрды.

Преамбуласында Конституцияның мақсаты анықталған-штаттың одақтары құрылды. Конституция 7 баптан тұрады:

1-АҚШ Конгресі;

2-АҚШ Президенті;

3-АҚШ сот билігі;

4-штатпен федерацияның өзара қарым-қатынастары;

5-түзетулерді енгізу реті;

6-конституцияның жоғарғы приициптерін тағайындау;

7-Конституцияны бекіту реті.

АҚШ Конституциясы негізгі үш принципті бекітеді. Ең алдымен АҚШ мемлекетінің негізгі принциптеріне өкіметтің бөлінуі жатады. Конституцияға Локк және Монтескьенің өкіметті бөлу жөніндегі идеялары кірген. Мұндағы сөз тар мағынада-көлбеу принципімен: заң шығарушы билік, атқарушы билік және сот билігі болып бөлінеді. Осы негізгі принцип әрбір федерацияның субъектерінде де қолданылады. Таза догматтар америкалық концепция өкіметке бөлінген, бұл төмендегіше жинақталды деп көрсетіледі. Мемлекетті басқару саласының қызметі заң шығару, сот, атқарушы билік болып үшке бөлінеді.10

Әртүрлі міндеттерді іске асыру барысында үшеуіне де, түрлі басқарма бөлімшелеріне де лайықты болып келеді. Бұл бөлімшілер конституция бойынша тепе-тең және бір-біріне тәуелсіз. Әртүрлі тәртіп бойынша қалыптасқан мемлекеттік органдар, олардың өкілдік мерзімінен, бағыныштылығымен тығыз байланысты. Мұндағы негізгі рөлді жүйенің шыдамдылығы мен қарама-қарсылығы атқарады. Оның мәні, әрбір биліктің, Конституцияға қарсы көрінуі мүмкіндігінде жатыр.

Конгресс президенттің заң ұсыныстарын кейінге қалдыруға, федералдық лауазымды қабылдауға, импичмент тәртібімен президентті сотқа тартуға құқылы.

Президентке берілген құкық-тыйым салу. Жоғарғы соттың сот қызметкерлері Президент пен Сенаттың бірігуі арқылы тағайындалады, оның жұмысы Президентке де, Конгреске де қатысты емес, кейбір жағдайда импичментке шығуға мүмкіндігі бар.

Конституцияның негізгі екінші принципі-федерализм, яғни, биліктің жоғарыдан төмен қарай принципімен бөлінуі. Штаттар мен Одақ арасындағы міндеттер айқын ажыратылған. Ол одақтың қызметіне қатысты мәселелерді қамтиды.

Конституцияның негізгі үшінші принципі Конституцияның үстемдігі. Конституция «елдің жоғарғы құқығы» ретінде жарияланады, бұл федерациялық штаттың деценгралистік үрдістері мен бірігуіне қарсы бағытталған.

АҚШ президенті атқарушы билікті басқарады, төрт жылға сайланады. Президент қайтыс болып немесе қатты науқастанған жағдайларда да бұл мемлекетте жыл толғанша сайлау өткізілмейді, Президенттің орнына кім тағайындалатынын Конституцияда анық белгіленген: Вице-Президент, одан кейін төменгі палатаның төрағасы, мемлекеттік хатшы, т.б. Президент орнына ұмтылған кандидат АҚШ азаматы, 35 жасқа толған, Америкада тұрақты 14 жыл тұрған болуы керек, оны Вице-Президентпен бірге дәрежелі сайлайды, алдымен 538 адам сайлаушыларды сайлайды (100 адам) Сенат, 438 төменгі өкілеттер палатасы), осы алқа саяси тізім бойынша қатаң партиялық тәртіппен Президенттің өзін сайлайды.

Конституцияның бірінші бөлімінде барлық заң шығарушы құқықтар АҚШ Конгресіне берілген, олар Сенаттан және өкілдер палатасынан тұрады. Парламенттің құрылысы мемлекеттің федеративтік құрылысын көрсетеді. Өкілдер палатасына 25 жастағы адамдар сайланады, олар екі жыл бойы қызмет істейді. Бір сайлау округіне кіретін сайлаушылар саны 30000. Сенатқа әрбір штат екі сенатордан сайлайды, 1913 жылдан бастап сенаторлар 17-бап бойынша сайлаумен бекітілетін болды. Сенатың төрағасы Вице-Президент. Сенаторлардың үштен бірі екі жылға, үштен бірі төрт, ал қалғандары жеребемен алты жылға сайланады. Сенат өзіне жүктелтен жұмыспен бірге Президентті де тексеруге құқы бар. Сенаторлардың үштен екісінің қолдауымен өкілдер палатасы президентті кінәлауға, орнынан алуға құқықты. Сенат президентке шарт қою кезінде келісімін береді, орі Жоғарғы сот мүшелерін тағайындай алады. Өкілдер палатасымен салыстырғанда Сенаттың өкілеттілігі үлкен. Конгресс сайлаудан кейін желтоқсан айының сонында бірінші рет жиналады.

Конгресс баж салығын жинауға, төлеуге, акциз кеңілдікті төлеу, шетел мемлекеттерімен, әртүрлі штаттармен және үндіс тайпаларының арасынды сауда жүргізуге мұрындық болады.

Конгресс кіріс салығын тағайындай алады.

Президент төрт жылға сайланады, ол атқарушы билікті басқарады. Президент лауазымды орынға қызметкерлерді тағайындау үшін Сенаттың келісімін алуы керек, үлкен халықаралык, шарттарға қол кояр уақытта сенаторлардың үштен екісі қатысын отыруы шарт.

Сот органдары жергілікті және федералдық сот болып бөлінеді. Конфедерация тұсындағы сот билігі егемендік белгісі ретінде федерацияның субъектілерінде қалды, ал федерация тұсында құрылған штаттарда сот биліктің жартысы ғана қалды. АҚШ соты штат соттарының турасынан жоғары және оның сапасының бірінші инстанциясында халықаралық құқыққа қатысты барлық істерді қарайтын болды. Штаттардың талас мәселелерін федералдық сот қарайды.

Конституцияға қабылданған түзетулерді үш топқа болуге болады: бірінші 12-түзету штаттың жене жеке адамның құқықтары үшін болған күреспен байланысты, 13-15 түзету XIX ғасырдың алпысыншы жьодарында құлдықты жою жөнінде әр түрті азаматтардың сайлау құқықтарын ұсыну және ХХ-ғасырдағы демократиялық түзетулер Конгрестің салық көбейту жөніндегі 1913 жылғы 16 түзету Сенатты сайлаудағы өзгерістер тұрады. 1917 жылда тікелей сайлау енгізілді, 1920 жылдарда заң бойынша әйелдерді сайлауға құқық берілді


Тағы рефераттар