АҚШ-та саяси партияларға қатысты менеджмент туралы қазақша реферат
АҚШ Конституциясында саяси партиялар туралы ештеңе айтылмайды, бірақ кейіннен бұл елде қос партиялық жүйе пайда болды. Негізгі екі партия демократиялық жәие республикалық партиялар болды. Бұл екі партиямен қатар, шетелдіктер мұны білгенде таң қалады, басқа да партиялар өмір сүреді, оларда коммунистік партия және бірнеше социалистік партия бар. Аз партиялардың өкіметтің төменгі эшелондарында орын алған кездері болған, бірақ олар жалпы ұлттық саясатты жасауға ықпал ете алмайды. Кез келген сайлауға өзінің кандидатураңды ұсыну үшін қандай да бір саяси партияның мүшесі болудың қажеті жоқ. Сонымен қатар әр американдыққа округтегі сайлауларға тіркелу кезінде негізгі партиялардың бірінің мүшесі екендігін ауызша мәлімдеу жеткілікті.
Демократтар көбіне жалдамалы еңбектің мүддесін қорғайды, ал республикалық партия бизнес және өнеркәсіппен байланысты деген пікір бар. Республикалықтар да федералдық үкіметтің штаттар мен муниципалитеттер өкіметінің қарауына жататын мәселелерде шешуге тым көп араласуына қарсы күреседі. Ал, демократтар әлеуметтік мәселелерді шешуде орталықтың өкілеттігін кеңейту жолында күрөседі.
Алайда, көп жағдайда партиялардың ара жігін ажырату оңайға түспейді. Оның үстіне «оң» және «сол», «консерватор» және «либерал» дейтін дәстүрлі европалық анықтаулар американ жүйесіне қолданыла қоюы екіталай. Мысалы, кейбір «оңшыл консерваторлар» күшті орталық өкіметке қарсы күресуі мүмкін. Елдің бір бөлігіндегі демократтар тым «либеральды», екінші бөлігіндегілер тым «консервативті» де болуы мүмкін.
Егер өз партияларынан сайланған демократтар немесе республикашылар өкілдер палаталарынын, мүшелері немесе сенаторлар ретінде партиялардың бағдарламаларын қолдауы және өздерінің партиясымен қандай бір мәселе жөнінде келісе алмай қалған жағдайда олардың партиялық тәртіпті ұстануы міндетті емес. Кейбір «сайлаулар», «бірпартиялық тізімге», яғни тек демократтар немесе республикашылар үшін дауыс бергісі келсе, енді біразы басқаша шешім жасайды: бір сайлау органында бір партияның кандидаты үшін, екінші органда екінші партияның кандидаты үшін дауыс береді. Нәтижесінде Америкадағы саяси партиялар басқа елдердегі партияларға қарағанда билікке әлдеқайда аз ие болады. АҚШ-та партиялар сайлауларда кейіннен өздерінің калаулары бойынша мүшелерін тағайындайтын орындар үшін ғана күреспейді. Өкілдер палаталарының мүшелері мен сенаторлар ең алдымен өздері өкілдері болып табылатын халықтар мен аумақтардың, яғни өздерінің сайлау округтерінің мүдделерін қорғау үшін сайлаиады. Заң мәселесі бойынша дауыс берген кезде конгресмендердің шамамеы 70 процентке жуығы, өз партияларының жалпы ұлттық саясатына нүқсау келтіре отырып, өз округтері сайлаушыларының мүддесін қорғап шығады. Демократтардың конгресте республикашыл-президенттің зандық ұсыныстарын қолдап, ал республикашылардың қарсы дауыс беруі және т. б. жиі болып тұратын жағдайлар.
Он сегіз жасқа жеткен және сайлау учаскесінде тіркелген кез келген американ азаматының дауыс беруге құқы бар. Әр штат тіркеу тәртібін өзі белгілей алады. Сайлаушы-әйелдер Лигасы сияқты азаматтық кұқық жолындағы күрескер тобы сайлау науқанына мүмкіндігінше адамдарды көбірек тарту және оларды сайлаушылар ретінде тіркету жолында пәрменді әрекет жасап келеді. Аз халық өкілдерін сайлауларға тіркеу және олардың сайлаура қатысуы соңғы 25 жылда күрт өсті, бұл ең алдымен азаматтық құқық жолындағы күрескерлер жүргізген жұмыстың нәтижесі еді.
Алайда, дауыс құқына ие болған азаматтар саны мен осы құқықты пайдаланатындар саны арасындағы айырмашылық белгілі дәрежеде алаңдаушылық туғызады. Айталык, мысалы, 1984 жылғы президент сайлауына негізгі сайлаушылардың 53,1 проценті, ал 1988 жылғы сайлауға 50,1 проценті қатысты. Дауыс беруге ниет білдіргендер тіркеуден өтуге, яғни сайлаулар өтетін сәтке дейін өзінің аты-жөнін тізімге енгізуге тиіс. Тіркеу туралы 50-ден астам заң қолданылады, әр штаттың өз тізбесі бар. Оңтүстік штаттарда сайлаушылар көбіне жергілікті жерлерде ғана емес, округтерде де тіркелуге міндетті. Ал Еуропа елдерінде «тұрақты тіркеу» жүйесі анағұрлым кең тараған. Құрама Штаттарында 1984 жылғы президент сайлауларының барысында тіркелген сайлаушылардың 73 проценті дауыс берді.
АҚШ-та басқа көптеген елдермен салыстырғанда штаттар ішіндегі және муниципалдық сайлауларды қосқанда сайлаулар саны жағынан көп өткізілетінін атап айту керек. Егер осы сайлауларға дауыс бергендерді (мысалы, қаланың бас көшесіне жаңа көпір салу үшін салықты көбейту керек пе деген мәселені шешу мақсатында) сайлаушылардың жалпы санына қосса, сайлауға қатысушылардың проценті басқа елдердегіде әлдекайда төмен болуы екі талай. Іс жүзінде американдықтар федералдық деңгейдегі саясатқа қарағанда жергілікті саяси істерге көбірек көңіл бөледі. Аса маңызды шешімдердің көпшілігі, мысалы, білім беру, тұрғын үй, салык, және т. б. проблемалар жөніндегі шешімдер сайлаушыларға тікелей жерде, яғни штатта немесе округте қабылданады.
Елдің президентін сайлау жөніндегі науқан екі кезеңде өтеді. Біріншісі — ұлттық партиялар съездерінде кандидаттар үсыну, екіншісі — сайлаудың өзі кандидаттарды ұсыну процесі бір партия мүшелері арасындағы жарыс болып табылады. Қатысушылар штаттарда сайлау алдындағы бірнеше жиналыстардан және партия басшыларының жиналыстарынан (олардан наурыздан бастап маусымға дейін өтеді) өтуге тиіс.
Кандидаттар үлттық партиялар съездері делегаттарының дауысын съезд шілдеде немесе тамызда өткенге дейін өз жағына көбірек тартуды көздейді. Сонан соң әр партияның съезі АҚШ-тың президенттігіне өзінің ресми кандидатын сайлайды, ол бірнеше ай бойы өзінің сайлау науқанын жүргізеді.
Әр төрт жылда өтетін (1988, 1992, 1996 және т. б.) президент сайлаулары кезінде сайлаушылар өз дауысын бүкіл ел бойынша қазанда береді. Егер кандай да бір штатта көпшілік сайлаушылар партиялардың бірінің президентке кандидатына (вице-президентке) дауыс берсе, бұл кандидат осы штаттың барлық сайлаушыларының дауысын алуға тиіс. Олардың саны осы штаттан тыс сайланатын сенаторлар мен өкілдер палатасы мүшелерінің санына тең болады. Сайлаушылардың неғұрлым көп дауыс санын жинаған кандидат сайлауларда жеңіске жетеді. Олардың сана туралы деректі әр штаттың сайлаушылар коллегиясы хабарлайды. Келесі жылдың қаңтар айында конгрестің қос палатасының бірлескен мәжілісінде Құрама Штаттардың жаңа президенті мен вице-президенті сайланғаны туралы ресми түрде жариаланады.
Тағы рефераттар
- Ішкі аудиттің халықаралық стандарттары
- Жаңа технологиялардың бірі — Жерді қашықтықтан зондтау
- Африка сарқырамаларына сипаттама
- Қонақ үй қызметі саласындағы басты түсініктер мен анықтамалар
- Гештальт психологиясы