МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4
1 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақша қаражаттары есебі мен аудитінің мәні мен міндеттері 7
1.2 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы 8
1.3 Касса мен ағымдық шоттағы қолма-қол ақшаның есебі 16
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1 Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы 24
2.2 Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау 42
2.3 Ақша қаражаттары есебінің ұйымдастырылуы 47
3 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ АУДИТІ
3.1 Кассадағы ақша қаражаттарының аудиті 52
3.2 Ағымдық шоттардағы іс-әрекеттер аудиті 57
3. 3 Ақша қаражаттарының есебін жетілдіру бағыттары 59
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 67

КІРІСПЕ

Ақша қаражаттары кез-келген мемлекеттің қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі. Ақша экономикалық категория ретінде бірнеше қызмет атқарады: құн өлшемі, айырбас құралы, төлем құралы, әлемдік ақшалар.

Экономика мен экономикалық қатынастардың дамуы қаржы-несие жүйесінде, оның ішінде ақша айналысы мен төлем, есеп айырысу сұрақтарында да көптеген жаңалықтар мен өзгерістер алып келуде. Есеп айырысу-төлем жүйесінің өзгеруімен қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйелері арасындағы айырмашылық та алшақтап келеді.

Кез-келген шаруашылық субъектісі өзінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысанына қарамастан ақша қаражаттарымен күнделікті жұмыс істейді. Барлық шаруашылық субъектілері өз ақша қаражаттарын банк мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда , ал қажет жағдайда ҚР Ұлттық банкі белгіленген талаптар орындалса нақты ақшамен де есеп айырысулар жүргізе алады.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысуларды ұйымдастыру үшін барлық шаруашылық субъектілері ҚР екінші деңгейлі банктерінде банктік шоттар ашады. Банк шоттары —  бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын сипаттайтын әдіс.

Ақша қаражаттарын басқарудың кәсіпорын үшін маңызы зор. Айналыс капиталын басқару өнерінің мәні келесіде: кәсіпорын басшылығы шоттарда ағымдық қызметті қаржыландыруға қажетті минималды ақша сомасын ұстап отыруы тиіс. Ол кәсіпорынның ең жедел қажеттіліктерін өтеуге жеткілікті сақтандыру қорының қызметін атқаруы тиіс. Касса мен ағымдық шоттағы ақша қаражаттары табыс әкелмейді, ал оның эквиваленті – қысқа мерзімді қаржылық салымдардың табысы өте төмен екендігін ескерсек кәсіпорын үшін ақша қаражаттарын салудың тиімді жолдарын іздестіру қажет-ақ. Кәсіпорынның айналысында ақша қаражаттарының жетіспеушілігі немесе артық болуы айналыс капиталын тиімсіз пайдалану нәтижесінде болуы мүмкін.

Ақша қаражаттарының жетіспеушілігі банктер алдындағы ұзартылған

несие сомасын өсіреді, жабдықтаушылар мен қызметкерлерге қарызды өсіреді, нәтижесінде қаржылық  цикл ұзарады, кәсіпорын капиталының рентабельділігі төмендейді.

Ақша ағынының жетіспеушілігін ақша қаражаттарының келіп түсуін жылдамдататын , ал төлемдерді кешіктіруге мүмкіндік беретін шаралар негізінде реттеуге болады.

Капитал айналымдылығы – кәсiпорынның қаражаттарын пайдалану интенсивтiлiгiн және оның iскерлiк белсендiлiгiн сипаттаушы негiзгi көрсеткiш болып саналады. Кәсіпорынның іскерлік белсендігі оның қаражат айналымының жылдамдауымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау кәсіпорынның өз қаржысын пайдалану тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттерін есептеу мен талдауға негізделеді.  Сол себептi талдау процесiнде капитал айналымдылығының көрсеткiштерiне терең талдау жүргiзу қажет және айналымның қай сатысында қаражатттардың қозғалысы баяулағанын не жылдамдағанын  анықтау қажет.

Банк шоттарындағы ақша қаражаттары қалдығының көбеюі не азаюы ақша ағынының тұрақсыздығымен, яғни ақшаның кірісі мен шығысының арасалмағының сақталмауымен байланысты. Оң ақша ағынының  сомасының теріс ақша ағынының сомасынан асып кетуі бос ақша қаражаттарының қалдығының сомасын өсіреді және керісінше.

Тақырыптың  маңыздылығы келесіде: ақша қаражаттарының есебінің дұрыс ұйымдастырылуы мен оларды уақтылы тексеруден кәсіпорынның қаржылық жағдайы, айнналыс қаражаттарының айналымдылығы тәуелді. Ал кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулардың дұрыс жолға қойылуы төлем уақытын қысқартады, есеп айырысуларды қолма-қол ақшасыз жүргізуге мүмкіндік береді. Халық шаруашылығы деңгейінде қалыпты және уақтылы есеп айырысулар экономиканың тұрақты дамуының негізі болса, ақша қаражаттарының есебінің кәсіпорын деңгейінде дұрыс ұйымдастырылуы үлкен маңызға ие.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – кәсіпорын мысалында ақша қаражаттарының есебі мен аудитіне баға беріп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылған:

— кәсіпорындағы ақша қаражаттары есебінің жүргізілуіне қойылатын талаптар мен шарттарды қарастыру;

— кәсіпорын мысалында кассалық және банктік іс-әрекеттердің бухгалтерлік есебінің жүргізілуін оқу;

-кәсіпорында ақша қаражаттарының есебінің жүргізілуіне аудит жүргізу;

— жүргізілген зерттеулер негізінде ақша қаражаттарының есебін жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстар беру.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі – «Астана» ЖШС.

 Дипломдық жұмыс / 68 бет
Тағы рефераттар