Жоспар
Кіріспе
1 Ақша қаражаттар есебінің теориялық негізі
1.1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
1.2 Ақша қаражаттарының есеп айырысу нысандары
1.3 «Астана Континенет Лтд.» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экономикалық — ұйымдастыру сипаты
2 «Астана Континенет Лтд.» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ақша қаражаттарының есебі
2.1 Кассадағы қолма-қол ақшаның және ағымдағы банктік шоттардағы ақшаның есебі
2.2 Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу
2.3 Ақша қаражатының есебінің жетілдіру жолдары
3 Ақша қаражаттарының аудиті мен қаржылық жағдайы
3.1 Ақша каражаттарының қозғалысына ішкі бақылау жасау жүйесі
3.2 Ақша қаражаттарының аудиті
3.3 Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жузеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы айлық есептік керсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ, ол соны орыңдау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі — депозиттермен қамтылған, ал екіншісі — депозиттермен қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қиғашынан «бүлінген» деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы койылады.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.
Вексельдер арқылы есеп айырысу. Вексель — біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып келеді.
Жай вексель (соло-вексель) — талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады.
Аударма вексель (тратта) — вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға (трассатка) бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы баскаша ешбір шарт қойылмайтындығы туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша «бұйрыққа» ұқсас болып келеді.
Вексель: құжат мәтініне (текстіне) енгізілген, қүжат қай тілде толтырылса, онда сол тілде «вексель» деп жазылған атауды, белгілі бір ақша сомасын төлеуге еш нәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның (төлеушінің) атауы — тек аударма вексельде, төлеу мерзімін, төлем жасалатын орнын көрсетеді; кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жасалатындығын, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орнын көрсетеді және онда вексельді берген тұлғаның қолы қойылады.
Нарықтық қатынас кезiнде үкiмет серіктестіктерге, кәсiпорындарға, бiрлестiктерге және басқаларға өзiнiң есеп саясатын қалай жүргiзу керек екендiгi туралы нұсқау берiлмейдi және оның шаруашылық субъектiлерi өздерi шешедi. Осыған орай, олардың нормативтiк құжаттары болып, яғни есеп саясатын жұргiзудiң негiзгi көзiне №1 бухалтерлiк есеп стандарты »Есеп саясаты оны жазу» болып саналады. Оны «бухгалтерлiк есеп туралы» Қазақстан Республикасының ұлттық комиссиясы 1994 жылы 13 қарашада №3 қаулысымен бекiткен. Мұнда әрбiр шаруашылық субъектiлерi өз бетiмен iс жүзiнде өздерiне қолайлы есеп саясатын жүргiзудiң жолын анықтайды және олардың атқаратын iстерiне, жұмыстарына сәйкес келуi тиiс.
Бухгалтерлiк есептi жүргiзу барысында бұл серіктестікте журнал-ордерлер қолданылады. Әр бiр есептi ай сайын қолданылатын шоттар бойынша ведомостар мен журнал ордерлер осы құжаттардағы ақпараттар мен мәлiметтер арқылы бас кiтап толтырылды. Ал бас кiтаптың мәлiметтерi қоғамның жылдық қаржылық есебiне жасау үшiн қолданылады.
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир — материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі турапы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шартгар жасалынады.
Бірнеше себептермен кассалақ опреацияларының аудитінің әдістерін меңгеру негізгі болып келеді:
— Ақша қаражаттары кәсіпорынның тез өтетін активтерінің бірі болып келеді;
— Ақша опреациялары массалық және тез таратылған болып келеді;
— Ақша опреациялары массалығы және тез таратылғаны кәсіпорынның шаруашылық қызметінің осы учаскесінде көптеген зияндарға және бұзуларға әкеледі. Қолма-қол ақшалардың жылжуы кассалық операциялар арқылы жүргізіледі;
— Еңбек ақысын төлеу;
— Административтік шаруашылық шығындарды төлеу үшін қаражаттарды беру;
— Есептегі тұлғаларға қаражаттар беру.
Кассалық операциялардың аудиторлық тексерістері еңбекті көп қажет етеді. Кассаның және кассалық операциялардың аудиті үш бағытта болады:
1) Қолма-қол ақша қаражаттарының инвентаризациялауы;
2) Кассаға келіп түсетін ақша қаражаттарын уақытысында тексеру;
3) Шығынға ақшаны дұрыс жазуды зерттеу.
Ақшаны көшіру бойынша кассалық операциялардың шығынға кассалық есепке тіркелген құжаттар бойынша тексеріледі. Тексеріс кезінде келесі құжаттар пайдаланылды:
— № 1 кассалық ордер «Кіріс касса ордері»;
— №3 кіріс және шығыс касса құжаттарының тіркеу журналы;
— №45 «Касса» шоты бойынша есеп регистрлері;
— Бас кітап;
— Ағымдағы жылдың баланстары.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – келесі сұрақтарды зерттеп талдау:
- Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
- Ақша қаражаттарының есеп айырысу нысандары
- Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
- Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу
Дипломдық жұмыстың объектісі «Астана Континент ЛТД» жауапкершілігі шектелген серіктестік болып табылады.
Дипломдық жұмыс / 61 бет
Тағы рефераттар
- Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру
- Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары
- Фирма типологиясы
- 16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығы
- COM технологиялары курстық жұмыс