Ақтөбе қаласындағы әкімшілік аппаратының жұмыс ерекшеліктері туралы қазақша реферат
Қала әкімі аппаратында кадрлармен жұмысты жетілдіруге, атап айтсақ кәсіби даярлықты арттыру, лауазымдағы жұмыс ұзақтығының мерзімін ұлғайту және мемлекеттік қызметкерлердің ауысуын азайту, сондай-ақ қызметтік міндетте жаңа ақпараттық технологиялардың тиімді пайдаланылуын жақсартуға тиісті назар аударылады. Кадрлық саясатты іске асыруда қиындық тудыратын факторлардың бірі өндірістік және қаржы саласы қызметкерлерімен салыстырғанда мамандар еңбек ақысының жоғары еместігі болып табылады.
Кадрлармен жұмысты одан әрі жетілдірудің басты принципі – кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің жауапкершілігін жоғарылату, қайта бағдарлау, мемлекеттік қызметшілердің тәртіпті және Ар-намыс кодексін сақтауы, жетілуге және қызметтік өсуге ұмтылу, мемлекеттік мекеменің лайықты нәтижелерге жетуде әрбір қызметкердің қосатын үлесін ұлғайту.
Мемлекеттік қызмет беделін көтеру және қалалық мемлекеттік мекемелерге перспективті, біліктілігі жоғары кадрларды тарту мақсатында жергілікті БАҚ-та жергілікті атқарушы органдардың жағымды жұмысының деректері жөніндегі материалдар үнемі жарияланады.
Қала әкімі аппаратында құжат айналымы бойынша жүйелі түрде талдау жұмысы жүргізіліп, іс-қағаздарын жетілдіруге, құжаттардың орындалуын бақылау және заңды, жеке тұлғалар арыз-шағымдарымен жұмысты жақсартуға сайкес іс-шаралар алынады. ҚР Бас прокуратурасы бекіткен «Азаматтар арыз шағымдарының бірігей есебі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жөніндегі жұмыс жетілдірілуде.
Қалалық мемлекеттік органдардың жұмысы бағаланатын сапа көрсеткіштерінің мақсатты мәнін бекіту және мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігі мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту жөніндегі сұрақтармен танысу үшін жұмыс тобы құрылды.
Қалалық мемлекеттік мекемелермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын енгізу жағдайымен танысу жөніндегі қалалық жұмыс тобы құрылды.
Ақтөбе қаласында және Қарғалы селолық округында, «бір терезе» қағидасы бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы №1 қаулысымен бекітілген тізімінен 22 мемлекеттік қызметтер көрсететін, Халыққа қызмет көрсету орталықтары (одан әрі — ХҚКО) бар. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанынан «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін Мемлекеттік қызметтер көрсету орталығы ашылды.
Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
Мемлекеттік мекеменің:
1) қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға, сондай-ақ мемлекеттік егемендікті, қоғамдық процестерді демократияландыруға және қоғамды жұмылдыруға қатысу;
2) қалада мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің мемлекеттің ішкі саясатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және қала әкімдерінің, облыстық ішкі саясат департаментінің бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларын іске асыру барысын орындауын бақылау;
3) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның 2030 жылдарға арналған даму стратегиясының негіздерін түсіндіру және насихаттау;
4) мемлекеттік ішкі саясатты, Қазақстан Республикасының ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері жөніндегі заңнамаларын насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды жасау мен іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
5) ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздер мен практикалық ұсынымдар, сондай-ақ азаматтық біртектілікті, Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімдік басымдықтарын қалыптастыру негізінде қоғамды жұмылдыру жөніндегі ұсыныстар жасау;
6) қалада болып жатқан қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму тенденцияларын жан-жақты зерттеу, жинақтау және талдау;
7) калалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырысты жүргізуді орындау жөніндегі қызметін үйлестіру;
8) қаладағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік және саясаттану жөніндегі зерттеулерді жүргізу;
9) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, БАҚ, жұртшылық өкілдерімен өзара iс-қимыл жасау негізгі міндеттері болып табылады.
10. Мемлекеттік мекеме оған жүктелген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілінген тәртіппен мына функцияларда жүзеге асырады:
1) Ішкі саяси процестерді реттеуге қатысу, ішкі саясат саласындағы жергілікті мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру, қаладағы қоғамдық-саяси ахуалға, саяси партиялар мен өзге бірлестіктердің қызметтеріне мониторинг, талдау және болжау жасауды ұйымдастыру, ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамды жұмылдыруды, қазақстандық отаншылдықты насихаттауды және тәрбиелеуді қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар жасау мен жұмыстарды ұйымдастыру;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының, әкімият қаулыларының, облыс және қала әкімдері, «Ақтөбе облыстық ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекеменің шешімдерінің, өкімдерінің, бұйрықтарының және тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
3) тұжырымдамалық құжаттарды жасауға қатысу, мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қала әкімі шешімдері, өкімдері, актілерінің жобаларын әзірлеу және сараптау;
4) қоғамдық-саяси және экономикалық салада қала туралы, билік органдары туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі қала әкімиятының жұмысына қатысу;
5) Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша «Ақтөбе облыстық ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесімен, қала әкімі аппаратының тиісті бөлімшелерімен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;
6) «Ақтөбе облысының ішкі саясат департаментіне» мемлекеттік мекемесіне атқарылған жұмыстар жәйі туралы жүйелі түрде есеп беру;
7) Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қалалық басқармалар мен бөлімдердің қызметтерін бақылау және үйлестіру; 8) қала әкімінің аппаратын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
9) республикалық және жергілікті қоғамдық-саяси, мәдени іс-шараларды өткізу барысын саяси тұрғыдан қамтамасыз ету;
10) мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері жөніндегі қалалық мемлекеттік мекемелердің ауылдық округ әкімдерінің, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін және ақпараттық-насихаттық жұмыстарының барысын үйлестіру мен бақылау;
11) қаланың ішкі саяси өмірінің маңызды мәселелері бойынша қала әкімияты отырыстарына материалдар әзірлеуге қатысу;
12) кіші Ассамблея мен оның хатшылығына ұйымдастырушылық, консультативтік-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;
13) ішкі саяси салада, халықаралық қатынастар саласында, Қазақстан Республикасындағы адам құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету мен сақтауда мемлекеттік саясатты белгілейтін тұжырымдамалар, бағдарламалар жасауға және оларды іске асыруға қатысу;
14) ақпараттық дерекқорды (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинақтау мен жіктеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
15) саяси партиялармен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни және өзге қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;
16) аймақтағы ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған республикалық және аймақтық ғылыми-практикалық іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысу;
17) Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын ұйымдастырушылық-әдісте-мелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қала әкімі аппаратының бөлімшелерімен бірге бірлесіп орындау;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
11. Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, өзге ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен талап етуге, мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың қызметшілерін Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелерді әзірлеуге тартуға, тиісті ұсыныстар жасау үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
2) ішкі саясат саласында мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде қала әкіміне ұсыныс енгізу, Мемлекеттік мекеменің іс жүргізу саласына қарайтын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және өзге материалдар әзірлеуді жүзеге асыруға;
3) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне Мемлекеттік мекеменің қызмет саласына жататын тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ орталық және жергілікті органдар тарапынан өткізілетін іс-шараларға қатысуға;
4) жастар саясаты мен қалалық деңгейде ақпараттық саясатты жүргізу үшін берілген мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі қалалық бағдарламаларды, т.б. қаржыландыруды жүзеге асыруға;
5) іс жүргізу саласына ішкі саясат саласының мәселелері, адам құқығын қорғау және бөлімнің құзыретіне жататын өзге мәселелер кіретін мемлекеттік органдардың лауазым иелеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге көмек көрсетуге;
6) Мемлекеттік мекеменің отырыстарын оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша жүргізуге;
7) Құрылымдық бөлімшілер (бөлімдер, секторлар) құру;
8)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
14. Мемлекеттік мекеменің штаттық кестесіне Мемлекеттік мекеменің бастығы, бастығының орынбасары, сектор меңгерушісі, бас мамандар, жетекші маман кіреді. Мемлекеттік мекеменің штаттық санын қалалық әкімдігімен белгілейді.
15. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңына сәйкес бөлім бастығы қала әкімімен лауазымға тағайындалады және босатылады.
16.Мемлекеттік мекеменің бастығы :
1) Мемлекеттік мекеменің қызметін басқарады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындау бойынша жауаптылықта болады;
2) Мемлекеттік мекемені қызметкерлері арасындағы функционалдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады;
3) стратегиялық және ағымдық жоспарларды бекітеді;
4) Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өз өкілеттігі шегінде ауылдық округ әкімдері, қалалық басқармалар мен бөлімдердің қызметін үйлестіреді;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеменің қызметшілерін ынталандыруды жүзеге асырады;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеменің қызметшілеріне тәртіптік жаза қолданады;
7) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызмет бабындағы құжаттарға қол қояды;
8) Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Мемлекеттік мекеменің отырыстарын, кеңестерді, активтерді және басқа іс-шараларды өткізеді;
9)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыру барысында қызметкерлерді кәсіби оқыту, әрбір мемлекеттік қызметшінің ой-өрісінің өсуі бойынша жұмыстарды тұрақты атқарады, бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асырады және Парламентке, жергілікті өкілетті орандарға сайлауларды ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету және референдумдар өткізу бойынша құжаттар дайындайды, олардың орындалуына бақылау жасайды.
Тағы рефераттар
- Эйлер функциясы
- Алып планеталар
- 4 мифа о работе онлайн преподавателя
- Кәсіпорынның инвестициялық портфелін басқару
- Факсограмма