Автоматтандырылған жұмыс орны —  ол, маманның ақпараттық және есептеуіш қажеттіліктерін жедел қанағаттандыруын қамтамасыз ететін және оның жұмыс орнында орналасқан құрылғылық және программалық құралдар комплексі. Әдетте бұндай құрал дербес компьютер болып табылады. Қажеттігінше басқа да қосымша электрондық құрылғылармен жабдықталған, ал нақты айтқанда: дисктік жинақтауыштармен, баспаға шығаратын құрылғылармен, оптикалық оқығыш құрылғылармен және графика құрылғыларымен, басқа АЖО бір арнада жұмыс істеу құралдарымен,  жергілікті есептеуіш тораппен және т.б. АЖО ортасында маманнан қосалқы және жүйелік программалау бойынша арнайы біліімді қажет етпейді. Одан зерттеліп отырған құбылыстың қолданушы аймағында бейімделу қабілетті болуы талап етіледі. Осымен қатар, АЖО негізгі қызметі – жұмыс орындарында ақпаратты орталықтандырылған, автоматтандырылған өңдеу, АЖО және дербес компьютер жергілікті тораптарына, сонымен қатар, ауқымды есептеуіш тораптарға кіру кезінде «өзіміздің» сәйкес мәліметтер базасын қолдану.

АЖО қамтамасыздандыру үшін қажет техникалық құралдар құрамы орындалатын жұмыстардың сипатына және нақты шарттарына тәуелді, бірақ, банк ақпараттарын өңдеудің автоматтандырылған жүйесімен басқару аппараты үшін терминал құрылғыларының типтік структурасын ұсынуға болады: ДЭЕМ базасында басқару құрылғысы, дисплей, иілгіш магниттік дискілерде жинақтауыш, мәліметтерді теруге арналған клавиатура, принтер және т.б.

АЖО техникалық қамтамасыздандырудың бұндай құрамы сәйкес программалық құралдармен бірге экономикалық есептерді шешуге,  құжаттарды жедел түзетуді орындауға, графикалық, кестелік, тексттік құжаттармен диалогтық жұмысты және әртүрлі картотекаларды жүргізуге мүмкіндік береді, яғни қойма қызметкерінің  «жұмыс үстелі метафорасын» жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Практикалық жұмысымда тауарлар қоймасының қызметкеріне арналған АЖО қарастырылады. Практикалық жұмыс теориялық және тәжірибелік бөлімнен тұрады.

Теориялық бөлімде материалдар қоймасының программалық қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. Тәжірбиелік бөлімде тапсырма объектіге ыңғайланған программалау тілі MS Access-ті қолдана отырып шешілген.

Практикалық жұмыстың мақсаты —  MS Access программасының программалық құралдарын қолдана отырып тауарлардың қоймалық есебін автоматтандыру есебін шешу, бұл өз кезегінше шаруашылық субъектісінің қызметінің басқару құрал-жабдығын жақсартады.

Деңгей 1. Методологиялық жобалау- жобалау процессін жеңілдету мақсатында арнайы процедуралар, техникалық құралдар, инструменттер, документацияларды қолдану. Методологиялық жобалау бүкіл процессті бірнеше фазаларға, ал фазалар бірнеше деңгейтарға бөледі. Әр деңгейта жасаушыға алдындағы есепті шешу үшін техникалық құралдар беріледі.

Жобалаудың бірінші деңгейы ол жасалатын қосымшаларын қолданушыларының типтеріне сәйкес концептуалдық модель жасау. Кез келген мәліметтердің концептуалдық  моделі өзіне келесілерді қосады:

—         қатынас типі;

—         атрибуттар;

—         атрибуттар домені,

—         потенциалды кілттер;

—         бастапқы кілттер.

Концептуалды модель процессінде болатын документациялармен толығады.Бірінші деңгейта келесілер орындалуы керек:

байланыс типін анықтау. Көп жағдайда қатынастар жұпты болады, бірақ комплексті қатынастарда болады олар екіден көп және рекурсивтік байланыстарды дұрыстап тексеру керек. Барлық байланыстар дұрыс ерекшеленгенін тексеру керек. Әр байланыстың өз орны бар, «бірден бірге», « бірден көпке», «көптен көпке». Егер де астыңғы немесе үстінгі мәндері  белгілі болса, оны документацияға түсіру керек. Жеке байланыстар типін анықтаған соң оларға қолданушыларға түсінікті  ат беріледі;

атрибуттарды анықта. Атрибутты байланыспен байланыстыру. Бұл деңгейта жасалынып отырған мәліметтер базасы моделінің барлық ерекшеленген мәліметтерді анықау керек. Мағынасы басқа атрибуттың мағынасы арқылы анықталатын атрибуттарды қосылғыш деп атайды.

Әр атрибутттарға түсінікті ат беру керек. Әр атрибуттар жайлы келесі мағұлматтар болады:

—         атрибут аты және оны көркемдеу;

—         осы атрибутқа бар кез келген синоним;

—         мәліметтер типі және мәннің размері;

—         атрибут қабылдайтын мән (егер болса);

—         атрибут міндетті болып табылама;

—         атрибут құралмалы ма, қандай атрибуттардан құралған;

—         оның мәнін анықтау үшін қандай метод орындау керек;

—         атрибут көптік па.

—         атрибуттар доменін анықтау.

Модельде бар барлық атрибуттардың домендерін анықтау бұл деңгейтың негізгі міндеті. Домен дегеніміз бір немесе бірнеше атрибутқа мән беретін элемент. Атрибуттар доменін анықтаған соң олардың аттары мен мінездемелері мәліметтер сөздігіне қойылады;

потенциалды және бастапқы кілттер болатын атрибуттарды анықтау. Әр типке потенциалды кілтін анықтау және егер олар бірнеше болса, солардың ішінен бастапқы кілтін табу. Потенциалды кілт дегеніміз әр экземплярын идентифицироваттетін атрибут немесе атрибуттың минимальді  тобы. Кей кезде бірнеше потенциал кілттер болады. Қалған потенциал кілттер альтернативті деп аталады.Бірнеше потенциалдық кілттер арасынан бастапқы кілтті таңдағанда мынаны орындаған жөн:

—       минимальді топтары бар атрибуттары бар потенциалдық кілтті қолдану керек;

—       мәннің өзгеру ықтималдылығы минимальді болатын потенциалды кілтті таңдау керек;

—       болашақта мәннің өзгеру ықтималдылығы минимальді болатын потенциалдық кілтті таңдау керек;

—       жұмыс істеу оңай болатын потенциалдық кілтті таңдау керек.

Мәліметтер концептуалдық моделін қолданушымен талдау. Бірінші деңгейты аятамастан мәлліметтер концептуалдық моделі жайлы қолданушымен сөйлесу керек. Концептуалдық модель ER- диаграмма түрінде берілуі керек және жасалған модель жайлы документациясы болуы керек.


Тағы рефераттар