БАЗАРБАЙТӨБЕ МЕКЕНЖҰРТЫ, 1-8 ғғ. (археол).Қоғам ауылының оңтүстік-батысында, 4км жерде, Сырдарияның жағасына таман, Жаманкөл тармағының жағасында орналасқан. Географиялық координаттары 42Т 436963 UTM 47399667 1969-1970 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев) ашып, зерттеген. Жоспарда шаршы тәрізді болып келген, көлемі 65х40 м, шығыстан батысқа қарай созылып жатыр. Ең биік жағы шығыс бөлігі -4м. Төбенің жоғарғы жағы жайдақ. Жоғарғы жағындағы алаңнын көлемі 35х35 м, төмендеу жағындағы алаңнын көлемі 25х30м. Қақпа солтүстік жағында болған. Қазіргі топографияда ол ені 5 м келетін жайдақ сай түрінде байқалады. Төбе бетіннен табылған материал, Қостөбе (оңтүстік) керамикасымен бірдей.

         Бесінші төбе мекен жұрты, 1-6 ғғ. (археолог). Қоғам ауылынан шығысқа қарай 1,5 км жерде. Географиялық координаттары 42 Т 443 139 UTM 4741476 1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы зерттеген (К.А.Ақышев). Сопақша келген, диаметрі 80м төбе. Төбенің ең биік тұсы оңтүстік жағы оның биіктігі 5 м. Қалаға батыс бөлігінен кіретін болған. Кіріс қаланы екіге-биіктеу солтүстік-батыс және төмендеу оңтүсік-шығыс бөліктеріне бөліп тұр. Табылған керамика арасында су таситын, бүдірленген құмыралар, екі тұтқалы көзелер, құмдар сынықтары бар. Керамикасы қос төбенің (оңтүстік) жоғары қабатының материалдары мен бірдей. Алайда, Бесінші керамикасында 7-8 ғғ. тән ыдыс түрлері жоқ. Мекенжұрт «Бес Ақтөбе» деп аталатын ескерткіштер тобына кіреді. Ботайтөбе мекен жұрты 4-6 ғғ. (археолог). Қоғам ауылының солтүстік – батысында 5 км жерде, Алтынтөбенің оңтүстік-батысн 1 км жерде орналасқан. Географиялық координаттары 42 Т 436530 UTM 4746339. 1969-1970 жж. Отырар археологиялық экспедициясы (К,А. Ақышев) қазба жүргізіп,зерттеген. «Алаңқайлы төбе» типіндегі ескерткіш.Төбе екі бөліктен тұрады. Біріншісі дөңгеленіп келген, көлемі етегінде 55х35 м, биіктігі 4,2 м, жоғарғы жағының көлемі 30х15 м. Екіншісі оған жапсарласып жатқаналаң, оның көлемі 140х110х120м. Алаң бетінде бұрынғы құрылыстар орны төбешіктер болып байқалады. Қазбаның жалпы аумағы 480 м кв (26х18,5м) болды. Қазба барысында тұрғын-жайлар кешені аршылды. Екі құрылыс қабаты анықталды. Жоғарғы қабаттың бөлмелері  еден деңгейіне дейін аршылды. Төменгі құрылыс қабатында еден тек №7 бөлмеде ғана, 24м кв аумақта аршылды. Төменгі құрылыс қабатының құрылыс кешенінде бірнеше бөлмелер бар. Еден деңгейіне дейін қазылған №7 бөлме көлемі шамамен 9х4м. Оңтүстік қабырғасы шайылып кеткен,ал сақталып қалған бөліктері құрылыс кешені тұрған табиғи қырдың бөктеріне қарай сырғыған. №7 бөлменің және басқаларының қабырғалары тікбұрышты, көлемі 37х27х8 см және 34х22х8 см келетін кесектерден қаланған. Қабырғалардың орташа қалыңдығы 100 см,90-нан 115 см дейін ауытқып тұрады. Қабырғалардың сақталған биіктігі 170 см.

Қазылған бөлмеде төменгі қабатқа жататын екі еден анықталды: біріншісі 65-70 см, екіншісі 160-170 см тереңдікте. Едендер сазбен сыланған. №7 және басқа да бөлмелердің төбе жабынына келсек, олар жайдақ немесе екі жақты құлама түрінде болғанға ұқсайды. Үстінен қамыс төселіп, сазбен сыланған сияқты. Бөлме ішіндегі үйінділерден табылған қамыс ізі сақталған саздар осыған меңзейді. № 1 бөлме жосыны шаршы түрінде, көлемі 5,5х5,5 м. Осы және басқа бөлмелерге кіретін есік оңтүстік жақта болған сияқты. № 2 және     № 3 бөлмелер біріншісімен бір сызық бойында орналасқан. №2 бөлменің көлемі 5,5х4м. № 3 бөлменің ені де 5,5 м, ұзындығы сыртқы солтүстік қабырғаның нашар сақталуына байланысты анықтау мүмкін болмады. № 4,№5 және № 6 бөлмелерден тұратын келесі қатар шығыс жағынан жапсарластырып салынған. Олардың қабырғасы № 1, №2, №3 бөлмелерінің қабырғаларымен ортақ. Көлемдері де бір-біріне сәйкес № 4 бөлме есігі оңтүстік-шығыс бұрышында. Оның ені 1,5 м. № 4 және № 5 бөлмелер ені 1м есік арқылы жалғасып тұр. Тағы бір бөлме ( №8) № 7 бөлмеге батыс жағынан жапсарласады. Оның көлемін анықтау мүмкін болмады. Жоғарғықұрылыс қабатының бөлмелерінде 30-35 см тереңдікте бір еден анықталды. Қабырғалардың сақталған биіктігі 30см. Қабырғалары төменгі құрылыс қабатының қалдық қабырғаларының үстінен тұрғызылған. Кесектердің көлемі өзгерген. Енді ол 73х23х9 және 37х20х9 см- ге тең. Қабырғалар қалыңдығы 100 см, бөлмеішінде 30-35 см. Жосындары аздаған өзгеріске ұшыраған. Енсіз (ені 100-120 см) дәліз бұрынғысынша кешенді екіге- шығыс және батыс бөлікке бөліп тұр.

№ 1 бөлменің көлемі енді 5,5х4,6 м. Аумағының кемуі оңтүстік қабырғаның 80-90 см –ге ішке қарай соғылуына байланысты болған. № 2 бөлмеде 3,5х4,5 м-ге дейін кішірейген. Сонымен қатар, ол оңтүстік қабарғаға 120 см жетпейтін қабырғамен екіге бөлінген. № 2 бөлмеден № 3 бөлмеге есік шығарылған. Бөлменің ені 6 м,ұзындығын анықтау мүмкін болмады. №4 бөлмеде қалыңдығы 0,5 м қабырғамен екіге бөлінген. Сол себепті көлемдері 4,3х3,5 м және 4,3х1,5 м екі бөлме пайда болған. № 4 және №5 бөлмелер есік арқылы байланысқан. № 5 бөлменің көлемі -4х4,5 м. №6 бөлменің ені 6 м, ұзындығы анықталмады. Шығыс бөлігіндегі №7 бөлме де осындай аумақты алып жатыр. Оларға солтүстік жақтан №9, №10, №11 бөлмелер жапсарластырып салынған. №9 бөлмеге дәлізден кіретін болған, № 10 бөлмеге №8 бөлме арқылы және кешеннің батыс жағынан өтетін болған. № 9 және № 10 бөлмелердің еденінде ошақтар аршылды. №9 бөлмелердің ошақ кесек сынықтарынан қалған. Алдыңғы жағында аузы, артқы жағына қазан не көзе қойылатын болғандықтан ошақ қабырғалары мұнда дөңгеленіп келген, диаметрі 50 см ойық түрінде қаланған. №10 блмедегі ошақ қабырғаға жапсарластырылған. Ол таға тәрізді соғылған етегінің көлемі 85 см. Жоғарғы құрылыс қабатының төбе жабындары да жайдақ болған.Еденде қамыс ізі сақталған саз бөлшектері табылды. Жоғарғы және төменгі құрылыс қабатының бөлмелерін тазалау кезінде аздаған метал бұйымдар: ені 1 см таспадан жасалған тұйықталмаған темір жүзік, кішкентай темір пышық және кездік табылды. Пышақ жүзінің ұзындығы 8 см. Мұндай «қалың желкелі» пышақтар Жаушықұм обасынан табылған және б.д. бір мың жылдығының бірінші жартысына тән. Табылған заттар арасында мыс таспсынан ширатылған жүзік бар. Тас бұйымдардан қайық тәрізді дәнүгіткіштер сынықтары, қайрақтар бар. Саздан жасалған ілуге арналған тесігі бар жалпақ моншақ қызықты. Жоғарғы және төменгі құрылыс қабаттарындағы керамика бірдей, ыдыстар құрамында да, керамика типтерінде де, өрнегінде де өзгерісрет байқалмайды. Асханалық керамикадан қазандар, олардың тұғырлары, көзе тәрізді ыдыстар, таба, тұтқалы таба, қақпақтардың сынықтары мен археологиялық тұрғыдан бүтін формалары табылды. Олар ұсақ тас және шамот  қосылған қарабайыр қамырдан қолмен жасалған. Сыртқы беті ысталған, оның асынан бұйымның қызғылт және сары түсті беті көрінеді. Сұйық заттар және сусымалы азықтарды сақтайтын керамикадан құмдармен құмшлар бар. Олар құм мен әк қосылған, жақсы иленген қамырдан қолмен жасалаған. Бір қатар жағдайда, ангоб үстінен қызыл немесе қоңыр бояулар ағызылған. Ботайтөбе қазбасынан табылғант құмдар пропорция, әшекей, ернеу формасы жағынан Сырдария мен Қазақстан оңтүстігіндегі ерте отырықшылық ескерткіштері: Қостөбе (оңтүстік), Жаушықұмтөбе құмдарына ұқсас.Сонымен қатар, табанында мата іздерінің болу, Отырар оазисінде б.д. бірінші ғасырларынан бастап құм жасау техникасының сабақтастығының бар екеніне куә бола алады. Мұндай жағдай Ташкент оазисінің аумағында байқалған. Құмшалар құмдардан көлемінің кішкентайлығымен ғана ерекшеленеді. Ас ішуге арналағн керамикадан- қолмен және құмыра шарығында жасалаған қызыл (кейде жылтыратылған) ангобпен, сонымен қатар, қою қоңыр, қара ангобпен көмкерілген құмыралар, сапты аяқтар бар. Алмұрт тәрізді формадағы, ақ ангобпен көмкерілген құмыралар кездеседі. Олар қолдан жасалып, шарықта тегістелген, күйдірген кезде сары және қызғылт түске ие болған саздан жасалған. Сұйық тасуға арналған ыдыстардан құмыралар мен қос тұтқалы көзелер бар. Су таситын құмыралар ыдыстардың басқа түрлері сияқты ақ ангобты, қызыл ангобты және күңгірт түсті ангобты болып бөлінеді. Олардың әшекейлеуше мойнын бүдірлеу, кей жағдайда иықтарына бедерлі шошақтар жапсыру техникасы қолданылған.Қазба материалдары ҚР БҒМ Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында сақтаулы.

ЖАМАНТӨБЕ МЕКЕН ЖҰРТЫ. 8-10 ғғ. Отырар төбенің шығысында 6 км жерде орналасқан. Географиялық координаттары 42Т 436730 UTM 4744211. 1969-70 жж. Отырар археологиялық экспедициясы  (К.А.Ақышев) зерттеген. «Алаңқайлы төбе» типіне жатады. Төбенің диаметрі 60м, биіктігі 5 м. Оның айналасында дөңгеленіп келген, диаметрі 160 м, биіктігі 2,5 м, болатын төбе бар. Төбеден табылған керамика Отырардағы 8-10 ғғ.жататын керамикаға ұқсас.Жартытөбе мекен жұрты, 1- 8 ғғ. Қоғам ауылының оңтүстік шетінде. Географиялық координаттары 42 Т 442421  UTM 474 0852. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н. Бернштам), 1969-70 жж. Отырар археологиялық экспедициясы (К.А. Ақышов) зерттеген. Төбенің биіктігі 6,5 м. Төбенің Пышақшы төбенің қасынан Құйрық төбеге қарай тартылған арық кесіп өтеді. Арық 10-12 ғғ жататын ирригациялық құрылымның құрамына енеді. Жарты төбе бетінде керамика үлгілері аз.сырлы ыдыстардың көп кездеспеуі оны 1-8 ғ дейін өмір сүргендеп санауға негіз береді.

Қаламтөбе мекенжұрты 1-5 ғғ. Қоғам ауылының оңтүстік шығысында, 2,5 км жерде орналасқан. Географиялық координаттары 42 Т 443472  UTM 4740291. 1961-1970 жж. Отырар археологиялық экспедициясы (К.А. Ақышов) ашып, зерттеген. Екі төбеден тұрады. Біріншісі тікбұрышты, көлемі: етегінде 90х50 м, ьиіктігі 4,3м, жоғарғы жағының көлемі 30х20 м. Ең биік жағы оңтүстік-батыс бөлігі. Тікбұрышты төбенің солтүстік-шығыснда 30м жерде діңгеленіп келген төбе бар. Оның диаметрі 20м, биіктігі 0,4м. Төбе бетінен табылған керамика ішінде мата ізі қалған ыдыстардың табаны, қуқыл-сарғылт ангобты құмдар, жылтыратылған қызыл түсті ыдыстар сынықтары бар. Мекенжұрт «Бес Ақтөбе» деп аталатын ескеркіштер тобына кіреді. Қазба материалдары ҚР БҒМ  Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында сақтаулы.

Қамбартөбе мекен жұрты, 6-8 ғғ 2 км жерде Талапты ауылының  солтүстік шетінде. Географиялық координаттары 42 Т 442152 UTM 4747593. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі 2002 ж. (М.Б.Қожа, Ж.Өсербай), Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының отряды 2005ж (К.М. Байпақов, Д.А. Воякин) зерттеген.

Жоспарда дөңгелене келген төбе. Созыңқы жағының ұзындығы 60м, қысқалау жағы 40м. Оңтүстік бөлігінің биіктігі 3 м. Таға тәрізді болып келген бұл төбе солтүстікке қарай күрт төмендейді. Солтүстік жағынтда биік төбе 0,5м жал байқалады. Ескерткіш айналасында ескі арнаға ұласқан ор ізі байқалады. Табылған керамика негізінде елді мекентді 6-8 ғғ жатқызуға болады.

Құйрықтөбе қала жұрты, б.д бірінші ғасырлар-15 ғ. Қоғам ауыоының солтүстік -батысында, 4 км жерде Отырар төбенің оңтүстік-батысында 5 км жерде орналасқан. Географиялық координаттары 42 Т 439021 UTM 4744884. Отырар оазисінің ең ірі қалаларының бірі.

1951ж.Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам) 1981 ж. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (К.А. Ақышов) қазба жүргізіп зерттеген. Құйрықтөбе Орырар аймағының 10-11 ғғ. астанасы болған ортағасырлық қала Кедердің орны деп есептеледі. Бұл қала туралы парсы тіліндегі географиялық шығарма «Худуд әл-Әлемнің» аноним авторы баяндайды. Қала қалдығы жоспарда трапеция тәріздес төбе болып қалған. Оның көлемі: солтүстік-батыста -250 м, батысы-125м, оңтүстік-батысы-255м, оңтүстік-шығысы -185 м. Төбенің биіктігі 7,5м. Төбенің оңтүстік батысында диаметрі 30м, биіктігі-15м цитадель орналасқан. Цитадель қабырғаларның бұрыштарында мұнаралар орны сақталған. Төбенің қалған бөлігі шахристанға жатады, ол айнала мұнаралық қорғанымен қоршалған. Шахристанның айналасында құрылыс орындарының іздер байқалады. Бұл сауда- қолөнер орталығы- Рабадтың қалдықтары.

1981ж. басталған қазба жұмыстары қала жұртының барлық бөліктерінде жүргізілген. Шахристанды кең ауқымды 7-8 ғғ; 9-10 ғғ; 10-11ғғ және 12 ғ деңгейінде тұрғын жай құрылыстары аршылды; сонымен қатар, жұма мешіт қалдықтары да ашылды. Цитаделдегі қазба уақыттағы 3 құрылыс кезеңіне жататын құрылыс конструкцияларын ашты. 11-12ғғ. екінші жартысына жататын ең жоғарғы құрылыстар, құмырашылар орамы: 9-1 ғғ. екінші жартысына жататын ортасындағы қабат шағын қала орамын құрайды.

Төменгі гаризонттың конструкциялары цитаделдің сарай құрылысына қатысты болды. Құрлыс қолдан жасалған флатформаға салынған. Бұл пақсадан соғылған, бірнеше қатар қабырғалардан тұратан күрделі құрылым. Қабырғалар арасы кесектер соғылған қалқандармен бөлініп, іші топырақпен, құрылыс және шаруашылық қоқысымен толтырылған. Солтүстіктен оңтүстіке қарай жасалған цитадел кесіндісі, платформа ені 80м болғандығын анықтады. Сарай нашар сақталған, біріншіден, оның сыртқы қабырғаларын жаңбыр шайған, екіншіден барлық ішкі қабырғалар кейінгі құрылыстар кезінде кесіліп, ойылған. Өз қалпын сақтаған тек негізгі қабырғалар ғана. Олар пахсаблоктары мен көлемі 46-48х24-23х810 см келетін ұзынша кесектерден соғылған. Бұл кесектер кейінгі кезеңдердегі құрылыстарға қайта пайдаланылған. Төменгі құрылыстан бөлмелер тобы сақталған. Олардың ішінде басты орынды салтанат салы алып тұр. Оның 4 қабырғасы да сақталған. Зал еденінен санағантда биіктігі 10-20 см болатын оңтүстік қабырғасы шайылып кеткен. Жақсырақ сақталған солтүстік-батыс және шығыс қабырғалараның биіктігі 0,5 м-ден 2 м-ге дейін. Олар көлемі 0,9х1,1м және 0,85х0,8х0,7 м болатын пахса блоктарынан соғылған. Залдың көлемі 15х10,5 м (157,5 м кв).Зал көлемі 5,2х5,5 м келетін № 9 бөлмемен байланысқан. Оның қабырғалары бойында ені 1-1,2 м, биіктігі 0,5 м сыпалар жасалған. Ортасында дөңгелек диаметрі 2 м, ьиіктігі 0,4 м подиум болды. Бұл бөлменің бұрышында айналма дәлізге шығаратын тепкішектер болған. Салтанат залынан айналма галереяға шығатын тағы бір жол, ені 2,5м, ұзындығы 6 м келетін дәліз арқылы жүрді. Айналма галереяның шығыс бөлігі сақталып қалған. Айналма галереяның шығыс бөлігі сақталып қалаған. Оның ұзындығы 35 м ені 2 м. Ол арқылы бір қатарда орналасқан тар бөлмелерге кіретін болған. Бөлмелердің ішкі жағы нашар сақталған. Қабрғаларды бойлай сыпалар жасалған, едендерде ашық ошақтар болған. Бөлмелердің бірінде ошақ қасынан қой пішіндес ошақ тұғыры табылды. Бөлмелердің бұл қатарын кейіннен, платформалы шығысқа қарай кеңейткеннен кейін, қоып соққан.

Салтанат залын еден деңгейінде тазалау кезінде және бөлмелерді төменгі құрылыс горизонты деңгейінде қазу барысында керамика кешені жинақталды. Оның ішінде, Отырар оазисінде 6-7 ғғ 1 жартысында пайдаланылған ыдыс-аяқтар: мойнында сызықтары бар құмыралар, көзе тәрізді ыдыстар, тікбұрышты ернеулі құмдар болды. Керамиканың келесі тобыналмұрт тәрізді формалы, үшбұрышты ірі шүмегі бар құмырлар, жапсырмалы тұтқалары бар «қарынды» саптыаяқтар, толқындалған ернеулі саптыаяқтар мен тостағандар құрайды. Керамиканың үшінші тобына бір немесе екі тісті тұтқалары бар, қою қызыл, шие түстес және қара ангобпен көмкерілген және тор, үшбұрыш герлянда және жарты шеңберлер түріндегі геометриялық өрнекпен безендірілген мұралар мен саптыаяқтар жатады. Мұндай керамика 7-9 ғғ. ІІ жартысында қолданыста болған. Қазба кезінде фраваштардың қалыппен басылған екі терракоталық фигуралары табылды. Олардың мұрны қоңқа, қой көзді. Құлақтарында сырға тағылған, бастарына тәж киген. Үстіне халат және тана сауыт киген. Қолдары кеуде тұсында айқастырылған. Табылған заттар арасында сердоликтен жасалған, құсбасты ат ойылып бейнелеген мөр – инталия бар. Қамалды қазу барысында едендерде, құландылар арасында, қабырға сылақтарында табылған теңгелер- екі түрлі. Теңгелердің бірінші түрінде бір жағында арыстан, ал екінші жағында «нуш» деген руникалық монограмма түсірілген екіншісінде арыстан және «ат» монограммасы. Теңгелердің шыққан уақыты 7-8 ғғ. цитадельдегі алғашқы құрылыстың өмір сүрген уақыты 7ғ. ІІ жартысы -9 ғ. І жартысы екені анықталды.

Салтанат залын тазалау кезінде отқа күйген ағаш жабынының көптеген бөліктері, соның ішінде оймышталып безендірілген бөліктер табылды. Құлаған жабынның әсерінен ағаш жақсы сақталған. Бөлме төбесінің кейбір қарылары, консольдары сопақ шеңбер, ашамай, тор, дөңгелек және жүрек тәрізді жапырақты гүлдермен, оратылып өскен өсімдік түріндегі оймышпен безендірілген. Құйрық төье цитаделіндегі оймыш ағаштарға ең жақын ұқсастықты Соғды мен Усрушанадан табамыз. Жоғарыда аталған өрнек сарындары Пенджикет, Шахристан, Ортақорғаннан шыққан оймыш ағаштыра да кездескен.

Шахристанды қазу барысында қызықты нәтижелерге өол жетті. Қала құрылымы анықталды, 6 ғ-дан бастап 13-ғ дейінгі қала тұрғын жайының дамуын бақылау мүмкін болды.

7ғ.І жартысы – 9ғ. ІІ жартысында қала орамдардан тұрған. Орамдар орамішілік көше бойына не басты көшенің бір бөлігінің бойында топтасқан үйлер блогынан тұрған. Орамдардың бірі (оның орталық бөлігі ғана сақталған) 306 м кв аумақты ( 17х18м) алып жатты. Онда ошағы бар бөлмелер негізінде ажыратылған 4 үй болды. Үйлер 2 және 1 бөлмелі.1 бөлмелі үйдің аумағы 63,65 м кв ( 6,7х9,5м) болды. Кіретін есік бөлмеден қалқан-қабырғамен бөлінген. Бөлменің 3 қабырғасының бойлай биіктігі 0,4 м, ені 0,7 -1 м сыпалар жасалған. Батыс қабырдағы сыпа ортасында ұзындығы 2,4 м, ені 1,35 м шығыңқы жер бар. Нақ ортада бұзылған еден ошағының ошақ орны бар. Екі бөлмелі үйлерде екінші бөлмесі қойма болып келеді. 10ғ.-13ғ басында орамдар аймағының ұлғаюы мен ондағы үйлер санының артуы байқалады. Орам аумағы 1000 м.кв дейін кеңейіп үй саны 8-10 жетті. Орамдардың бірі цитадель резиденциясның орнында қалыптасқан.Ол алып жатқан аймақ көлемі 1050 м.кв ( 35х30м). Үйлер П-тәрізді көше бойында топтасқан. Шахристанның оңтүстік шығысында 11 ғ екінші жартысы -12 ғ басына жататын 3 орам ашылды. Олардың бірі ( «Д» орамы) қала қабырғасына жапсарласқан. Оның құрмында орталық көшеге қараған 8 үй бар. Орам оның бойымен 52 м ге созылып жатыр. Үйлердің жоспары мен ішкі көрінісі өзгеріп отырған. 11-12 ғ. 1-ші жартысында үйлер бұрынғыдай бір не екі бөлмелі. Соңғылары тұрғын бөлме мен қоймадан тұрады. Бөлмелер П және Г тәрізді сыпалар жасалынатын болған.Ортада еденде дөңгелек келген не жиегінде борты және аузында екі жапсырма шошақтары бар антропоморфтық ошақтар бар. Бұлармен қатар, каминдер, арнайы тұғырда орнатылған тандырлар да кең тараған. Ошақтың қасында бұрыштардың бірінде, шұқырлар мен диірмен тұғыры бар, шаруашылық зонасы болған. 11 ғ. анфиладтық, ашамайлық жобадағы және бір-бірімен паралель қатарға салынған бөлмелі үйлердің жаңа  түрлері пайда бола  бастайды. Тұрғын бөлмелерде сыпалардың аумағы ұлғайды, кейде олар бөлменің ширегін не жартысын алатын болды.Ошақтары шұқыр тәрізді еденде, және қабырғада не сыпа жанында орнатылған камин-ошақтар түрінде. 12ғ үйлерде ернеуіне дейін еденге отырғызылған, шеңбер не антропоморфтық табалар түріндегі сандал-ошақтар орнатыла бастады.Сандалдардың ішкі қабырғалары және табаны гүл, өсімдік, астральдық белгілер түріндегі баспа және оймыш өрнектермен безендірілген. Сандалдармен қатар, тасымалданатын манкал-ошақтар пайдаланылды. Манкалдар аяқты цилиндір және таға тәрізді ошақтар түрінде болды. 12 ғ санитарлық-гигиеналық қондырғы-ташнаулар тарай бастады. Алғашында бұлар көмілген ыдыстар мен жалғастыратын шүмегі бар керамикалық жам түрінде болып, кейіннен ортасында, еден асында кірдің суын жинайтын ыдыс орнатылған қыс төселген алаң түріне көшті.

Тұрғын жайлары мен қатар, қаланың қоғамыдық құрылыстары да зерттелді олардың ішінде ең ерте қалалық жұма мешіт те бар. Мешіт қайта салынған. Ертеректегі құрылыстан, көлемі 22х22х4 -5 см шаршы  қыштан қаланған қабырға қалдықтары сақталған. Кейінгі мешіт қыштары негізінен 13-15 ғғ. мұсылман зираттарына пайдаланылып кеткен. Алайда, сақталған қалдықтары бойынша оның келбеті туралы мәлімет алуға мүмкіндік туды. Мешіт хабырғалары қыш пен кесектен араластырылып қаланған. Қабырғалар қалыңдығы 1,5 м. Сыртынан есептегенде мешіт көлемі 36,5х20,5 м. Ол оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа созылып жатыр. Едені тек жекелеген бөліктерде ғана сақталған. Жақсырақ сақталған солтүстік-батыс бөлігінде, еден бетінде ағаш тіреулерге арналған, қыштан қаланған 16 базаның негізі аршылды. Олар жоспарда тікбұрышты, көлемдері 75х100см. Олардың барлық саны қысқа қатарда 50,5 және ұзын қатарда 10 болды. Тіреулер арасы 3 м-ден 3,2 м-ге дейін. Шеткі базалар мен қабырғалар арақашықтығы 1,5 м. Қазба кезінде жинақталған керамика, кейінгі мешітті 11-12 ғғ. жатқызады. Құйрық мешіті бағаналы немесе тіреулі құрылыстарға жатады. Мұндай мешіттің көлемі тіреулер арасындағы, көлемі 3,5 м-ден 4,6 м-ге дейін келетін шаршылар санына байланысты. Құйрықтөбеде қазылған қоғамдық құрылыстар қатарында 11 ғ ІІ жартысына жататын сауда нүктелері бар. Олар тұрғын жайдан бөлшектенген, көшеге ені 1,45 м терезелер арқылы қараған құрылыстар түрінде. Едендерінде ашық ошақтар бар. Көміліп орнатылған құм-ыдыстары бар кішігірім қамбалар да осы сауда нүктелерімен байланысты.

Қазба нәтижесінде анықталғандай, қала монғол шапқыншылығынан кейін де өмір сүрген. Қала жұртында 13-14ғғ. жататын бөліктер сақталған. Бұл уақытта рабад белсенді түрде дами бастады. Оның батыс бөлігінде,шахристанға жақын маңда, темір балқытатын шеберхана болған. Қазба барысында шеберхананың жоспары анықталды. Онда тұрғын жайлар өндірістік бөлікпен біріктірілген. Өндірістік бөлікте темір балқытатын ошақтар қалдықтары табылды ( көрік). Шеберхананы тазалау кезінде көптеген жарамсыз крицалар, шлактар табылды. Темірі рудалар бөлшектері табылды. Шеберханалар кешені 13 ғ. соңғы ширегі -15ғ. І жартысына жатады. Шеберханалар тұрған жердің аумағы, Құйрықтөбенің аталған уақытта Отырар оазисіндегі темір өндіретін ірі орталық болғандығын көрсетеді.

Қала жұртын қазу барысында керамиканың, металл, сүйек, шыны, зергерлік бұйымдардың ірі коллекциялары жинақталды. 10-11 ғғ. жататын сырлы ыдыстардың тобы қызықты. Онда тостағандар, жайпақ тостағандар, табақтар, саптыаяқтар, шам-шырақтар бар. Фонға ақ ангоб жағылып, бетінен мөлдір қорғасын сыры жағылған керамика тарала бастайды. Өрнектер қара, қызыл қоңыр бояумен салынған. Кейде «пропеллер» түріндегі шекпе араласқан нүктелі өрнекті керамика,  сонымен қатар, жайқалған өсімдік түріндегі өрнектер кездестірілді. Ерекше топты қызыл фонды мөлдір сырлы, геометриялық оюмен қатар өсімдік, гүл өрнегі ақ бояумен түсірілген керамика құрайды. Жасыл және қоңыр түсті сырмен көмкерілген керамика тобы да бар. Сырсыз керамика ішінде құмдар, көзелер, су таситын құмыралар, саптыаяқтар, саз үстелдер- дастархандар бар. 11ғ. асханалық және ас ішетін ыдыстар қызықты. Олар жартышеңбер,гирлянда,өсімдік сарынындағы оймыш және баспа оюлармен безендірілген. 10-11ғғ. шыны өндірісі кең тарады. Құйрықтөбе өазбасынан шыны тостағандар, графиндер,құмыралар,флакондар табылды. Қазбадан табылған металл бұымдар арасында 11-12ғғ. қола құмыралары, саптыаяқтар, әрлі белдіктің бөлшектері бар. Жартылай асыл тастардан жасалған моншақтар, зергерлік бұйымдар, сырғалар, жүзіктер,білезіктер коллекциясы жинақталды.

Табылған айрықша заттар арасында цитадельдің салтанат залына көрік беріп тұрған фриз тақталарын атауға болды. Залға кіретін орталық есіктің қасындағы қабырға жағынан тақтаның 9 бөлігі аршылып, концервацияланып, алынды. Бәрінен де зооморфтың тақта отырған құдайлар бейнеленген тақта сақталынған. Оның ұзындығы 122 см, ені 25 см. Арқа астында тақта отырған құдайлар бейнеленген. Сол жағында қанатты екі түйе түріндегі тақа  ер текті құдай отыр. Түйелердің бірінің тұмсығы сақталған. Құдай қас беттен көрсетілген. Оң қолында, кеуде тұсынында үш иілген садағы бар зат ұстап тұр. Сол қолында ернеуінде тістері бар тостаған ұстаған. Басында тісті тәжі бар. Оң жағындағы құдай, жұбайына ұқсайды. Ол екі тау қошқары түріндегі тақта отыр. Кілемдер төселген тақ етегінің бейнесі сақталған. Тау қошқары түріндегі тақ етегінде тізерлеп тұрған екі адоранттың кішкентай фигуралары бейнеленген. Бұлар құйрық қамалының иелерінің бейнесі болуы мүмкін. Арқалардың іші төртжапырақа гүлге толытырылған. Арқа арасындағы кеңістіктерден отырған  персонаждар бейнесі бар. «Қамал қоршауы» көрінісі бейнеленген фриз тақтасының бөлшегі ғана сақталған, оның ұзындығы 98 см, ені 23 см. Тақтаның орталық бөлігінде қамалдың не қаланың тұсты қабырғасындағы екі садақшы бейнеленген. Алдыңғы көріністе – домалақ зат ұстаған қолын көтерген құдай бейнеленген. Құдай басында қанатты тәж бар. Арқа арасындағы кеңістік, тұрған персонаждардың өте нашар сақталған бейнелерімен толтырылған. Сақталған бөлшектерінен құдайдың төрт қолы болғандығы белгілі, оның екеуі жоғары көтерілген, екеуі төмен түсірілген. Қамал не қаланы қоршау көрінісін, жаулар қоршаған қаланың құлауы туралы айтылатын соғдыманихейлік мәтінмен салыстыруға болады. Онда «Нана-ханым» туралы айтылады. Шығыс танушы В.Б. Хенингтің пікірі бойынша бұл Анахита құдайдың аты. Н.В. Дьяконова пен О.И.Смирнова жасаған Соғдыдағы Нана ( Анахита) культін сараптау, зерттеушілерді Нана-Анахита Соғдыда негізгі құдайлардың бірі болған деген тұжырымға әкелді, ал Пенджикентте қала қамқоршысы – Нана құдай – ананың культі басты болған сияқты. Құйрықтөбедегі тақтадығы бейнеге қарағанда Ортасырдарияда да бұл бейнені қадір тұтқанға ұқсайды.

Тікбұрышты, көлемі 125х30 см келетін ағаш тақта да қызықты. Онда арқалар ішінде топталған және жекелеген бейнелер бедері бейнеленген. Орталық арқадан бір-біріне жартылай қырынан қараған, лауазымды еркек пен әйел бейнеленген. Әйел (ол сол жағында  тұр) үстінде желбегей бар, оның беті дөңгелекше келген, мұрны жалпақ, көздері миндаль тәрізді. Басында жайпақ қалпақ, маңдайында диадема бар. Қалпақ астынан оң иығын, бірнеше жерден байланған бұрым түсіп тұр. Оң құлағында ілгекке ілінген дөңгелек шар тәрізді сырға, мойнында ірі моншақты алқа бар. Еркектің беті нашар сақталған. Оның басында қалпақ бар,солға қарай жабылатын халат киген. Халат астынан тік жағалы көйлек көрініп тұр. Оң қолымен еркек әйелді құшақтап тұр, оның қолы әйелдің иығында, сол қолы болса алақаны мен жоғары қаратып, әйелдің бетіне тақаған. Алақанда ірі зат бар. Әйел оң қолымен еркектің сол шынтағын қысып тұр. Екеуінің сол жағында тұрған персонаж, қас бетімен бейнеленген. Оның беті дөңгелек келген, жалпақ мұрынды, басында сәлде сияқты киім маңдайына орамал енсіз етіп байланған. Құлағында ілгекті сопақ шар түріндегі сырға, кеудесіне тана тағылған. Ол халат киген, кеудесінде гүлден өрнек бар. Халат астынан  тік жағалы көйлек көрініп тұр. Бүктелген сол қолында ол белгісіз зат ұстап тұр. Лауазымды жұбайлардың оң жағындағы фигурада қас бетімен тұр ( басы сақталмаған). Персонаж халат киген, оның астынан тік жағалы көйлек киген. Қолында табақ сияқты зат ұстап тұр.

Оң жақтағы арқада тағы екі фигуралар бейнесі бар, бірақ, оларың тек сұлбасы ғана қалған. Сол жақтағы арқада жекелеген фигураның сұлбасы көрінеді. Арка арасындағы кеңістік төртжапырақты гүлдермен толтырылған. Орта Азия мен Қазақстан ескерткіштерінен табылған оймышталған ағаштар арасында адамдар бейнеленген композиция кездеспеген. Афрасиабтағы 1 залдың солтүстік қабырғасындағы көріністегі бейнелермен кейбір ұқсастықтар ғана бар. Қайықтағы үш әйел композициясында олардың бірі қасындағы әйелдің оң қолын ұстаған, өз кезегінде ол сол қолын біріншісінің иығына қойған. Мұндай көрініс Балалықтөбе живописінде де кездеседі. Онда екі еркек және арт жағында отырған әйел бейнеленген. Қенес археологы Л. И. Альбаумның пікірінше, мұндай «қол қимылы» көрсетілген сюжеттер қалындық айттыру көрінісін береді. Құйрықтөбедегі тақталардағы да осындай көрініс болуы мүмкін.

Қазба материалдары ҚР БҒМ Ә. X. Марғұлан атындағы Археология институтының Археология музейі мен Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы.

ҚҰЙРЫҚТӨБЕ ҚАЛАЖҰРТЫНЫҢ МАЗАРАТЫ, 10—12 ғғ. (археол.). Қоғам ауылының солтүстік-батысында, 2 км жерде, Құйрықтөбенің оңтүстігінде 1 км жерде орналасқан. Арыс өзенінен Алтынтөбе мен Жалпақтөбеге қарай тартылған арықтың жағасын алып жатыр. Мазараттың шекарасын анықтау мүмкін болмады. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы 1974 (Б. Н. Нұрмұханбетов) және 1985 жылдары (К. М. Байпақов қазба жұмыстарын жүргізген. Мүрделер тікбұрышты кесектерден салынып, осы кесектермен «шырша» тәрізді қырынан қалап жабылған көрлерде жерленген. Қайтыс болған адамдар шалқасынан немесе оң жамбастап қойылып, басы солтүстік-батысқа, беті оңтүстікке не жоғары қаратылған. Қолдарының жатысы әртүрлі—дене бойлай және қарын тұсында қойылған. Сонымен қатар, құмдарға жамбастап салынған бала мүрделері кездеседі. Қабірлердің бірінде 10 ғ. саманилер теңгесі табылды. Қабірлер бірнеше деңгейде жерленгеніне қарап, мазарат кем дегенде 10 ғ-дан 12 ғ-ға дейін пайдаланылған деуге болады. Мазарат Қазақстанның оңтүстігіндегі ең алғашқы мұсылман мазараттарының бірі. Мұнда ислам 9—10 ғғ. тарай бастаған, әсіресе, 9 ғ. ортасында саманилер Испиджаб, Фараб және Шауғар округтарын жаулап алғаннан кейін бұл үрдіс жылдам жүре батаған. Фараб округының астанасы болған ортағасырлық Кедер қаласымен сәйкестендірілген Құйрықтөбеде 9—11 ғғ. мұсылман отрядтары тұрғаны жазба деректерден белгілі, ал 10 ғ. мұнда жұма мешіт болған, оның қалдықтары қазба барысында табылды.

Қазба материалдары ҚР БҒМ Ә. X. Марғұлан атыидагы Археология институтында сақтаулы.

ҚҰЙРЫҚТӨБЕ ҚАЛАЖҰРТЫНЫҢ МАЗАРАТЫ, 13—15 ғғ. (археол.). Құйрықтөбе   шахристанның  оңтүстік  -батыс  бөлігінде  және   оңтүстік   рабадтың  территориясында   орналасқан. 1986 жылы   Қазақ  ССР  ҒА  Тарих,  археология  және   этнография институтының   Тарих   және  мәдениет   ескерткіштерінің  жинағының  экспедициясы   (К.М.Байпақовы)  қазба   жүргізді.   Рабад   территориясының  1000 м2  аумағын  бір –біріне  тығыз  орналасқан, сағаналар мен іші кесекпен бекітілген шұңқырларда жерленген мүрделер алып жатыр. Мүрделердің жоғарғы қабатының топырағын жел суырған, сүйектер жер бетінде жатыр. Мүрделердің басы солтүстікке және солтүстік-батысқа қаратылған. Шахристан территориясында мазарат 13 ғасырдың аяғынан бастап, тұрғын жайлар тасталғаннан кейін пайда болған. Көбінесе үйлердің қабырғалары отбасылық кесене қоршауы ретінде пайдаланылған. 11 —12 ғғ. деңгейіндегі бөлмелер еденінде, осындағы тасталған құрылыстардың кесегінен қаланған сағаналар тұр. Кейінгі уақытта, үйлердің орны көрінбей қалған кезде, бос бөлмелердің бар-жоғына қарамай жерлей берген. Сондықтан іші кесекпен бекітілген көрлер мен сағаналар үй қабырғаларын кесіп кеткен. Шахристан мазаратының қабірлері 12 ғасырда бұзылып кеткен мешіт маңындағы территорияда тығыз шоғырланған. Мешіттің қыштары кесене тұрғызуға пайдаланылған. Балалар қабірлері негізінен, цитадельдің оңтүстік баурайын алып жатыр. Мұнда көрдің бетіне тақтайлар, бөренелер пайдаланылған. Қабірлерде заттар жоқ. 2 мүрде үстінен ұсақ мыс моншақтардан Құраннан үзінділер тігілген мақта-мата кебіндер табылды. Қазба материалдары ҚР БҒМ Ә. X. Марғұлан атындағы Археология институтында сақтаулы.

МЫҢШҰҢҚЫР МЕКЕНЖҰРТЫ, 13 ғ.екінші жартысы—14 ғ. бірінші жартысы. (археол.). Отырар қалажұртынан оңтүстікке қарай 5 км жерде, Мыңшұңқыр елді мекенінде орналасқан. Географиялық координаттары 42Т 442716 ІІТМ 4739678. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі (М. Б. Қожа) зерттеуді бастап, 1989 — 91 жж, 1995 ж. қазба жүргізді.

Құмырашылар мекенінің қалдықтары көлемі 90×70 м келетін дөңестік түрінде сақталған. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа созылып жатыр. Оңтүстік-батыс бөлігін шаруашылық мақсатта қазылған ұзындығы 80 м, ені 4 м, траншея кескен. 1989 ж. қазба барысында 1 тұрғын үй шеберхана орнын, 8 құмдан және 3 қосалқы пеш орындары аршылды. Құрылыс — жайдың аумағы 80 шаршы м асады, ол бес бөлмеден тұрады. Қабырғалары кесектен, басқадан тұрғызылған. Үйдің бір қанаты жатақ орны, онда сыпа және тандыр бар. Үйдің екінші қанатында өндірістік орны орналаскан. Онда шебердің құмыра жасайтын  шарқы тұрған.

Үйдің оңтүстік-батыс қабырғасына сыртынан жапсарлас екі құмдан орналастырылған. Үйден  шығысқа  карай көлемі 80 шаршы м алаңда екі керамика күйдіретін және сілтілік сыр жасауға шикізат дайындайтын пеш орындары табылды. Екінші көлемі 70 шаршы м өндірістік алаң үйдің  батысқа қарай орналасқан. Онда керамика күйдіретін төрт құмдан, сыр компоненттерін дайындайтын бір ошақ орналасқан.

Екінші үй 1990—1991 жж. қазбалар барысында аршылды. Бұл үйдің қабырғалары нашар сақталған. Оның аршылған бөлігінің ауданы 30 шаршы м асады. Екі бөлме жайлары анықталды. Ауыз бөлмесі шикізат қоятын қойма ретінде пайдаланылған. Үйдегі екінші бөлме тұрғынжай болған. Онда П-үлгісіндегі сыпа, пеші жоқ тандыр ошақ орындары бар. Ертеде бұл бөлме орнында құмдан болыпты. Екінші үйдің оңтүстік-батыс қабырғасының іргесінде ауданы 42 шаршы м. өндіріс алаңы орналасқан. Алаңның солтүстік бұрышында 3 құмдан орналасқан. Олардың отхана ауыздары бір шұңқырға шығады, П-І5 деп белгіленген құмдан қалдығы оңаша алаңның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. П-12 құмданның сырт қабырғасындағы сөреде кейінгі қарахандық (13 ғ. басы) теңге табылды. Үйдің шығыс жағында тағы бір өндірістік алаң орналасқан. Онда П-18 құмдан орналасқан.

Бір күйдіруден өтіп сыр жағуға дайындалып қойған ыдыстардың табылуы құмырашылар мекенінде тіршілік кенеттен тоқтағандығын көрсетеді.

Қазба барысында, құмыра күйдіретін әртүрлі үлгідегі пештер, құмдандар, көптеген шаруашылық шұңқырлар аршылды. Керамика күйдіруде ішкі құрылысы 7 топқа жататын құмдандар пайдаланылды.

Қолөнершілер мекені көмбе мен жеке-дара теңгелер негізінде  13 ғ, екінші—14 ғ. Бірінші  жартысына жатқызылды. Мекенде табылған керамика арасында 14 ғ. екінші жартысы—15 ғ. басына жататын, ак ангоб бетіне өрнек салынған, сары сырлы ыдыс жоқ. Шеберханаларда шығарылған өнім әр алуан: сырлы және қалыппен жасалған керамика, сәулеткерлік керамика. Соңғылардың қатарында күмбездің куббалары, сырлы қаптамалар, панджара — өрнекті терезе торлары, сырлы және сырсыз терракота, майолика бар.

Өнімді пеште күйдіруге арналған құралдар ішінде үшаяқты 5 — 16 см дейінгі «сепаи», түбек тәрізді бірак, түбінде және қабырғаларында ойықтары бар «сари». Бұлардың арасында ыдыстарды пеш ішінде іліп қоятын керамикалық таяқшалар жоқ.

Құмырашылардың құрал-саймандары: төсшелер, қалыптар табылды. Құмырашылар мекені ыдыс-аяқтың барлық түрі, құрылыстардың қаптама тақталары мен бөлшектері дайындалған.

Мыңшұңқырдағы құмырашылар мекені осы уақытқа дейін Отырарда қазылған керамикалық шеберханалардан өзгеше. Бұл шеберханада алуан түрлі құмдандар қолданылған. Аталған шеберханалардың ерекшеліктерін ескере отырып бұл мекен құлдық дәрежедегі шеберлер қызмет еткен мемлекеттік, не ірі феодал меншігіндегі кархана-фабрика болды деуге толық негіз бар.

0ТЫРАР ҚАЛАЖҰРТЫ, б.д. бірінші ғғ.— 18 ғ. (тарихи, археол.). Талапты ауылының оңтүстік шетінде, Темір теміржол стансасынан батысқа қарай 11,5 км жерде, Арыс өзенінің Сырдарияға құяр тұсына жақын маңда орналасқан. Географиялық координаттары 42Т 443072 UТМ 4744699. Алғашқы қазба жұмыстарын төбеде 1884 жылы шығыстанушы Н. И.Веселовский, Археология әуесқойлары   Түркістан   үйірмесінің   мүшелері

А. К. Кларе мен А. А. Черкасов 1904 жылы жүргізген. Қазылған траншеяларда мүрделер анықталды, керамика, қыштар коллекциясы жинақталып, бірнеше ондаған мыс теңгелер табылды. Қазба жұмыстары осымен тоқтатылды. 40-шы жылдардың аяғында А. Н. Бернштам бастаған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы мұнда аздаған үйлестіру жұмыстарын жүргізді. Алынған материалдар негізінде қаланың хронологиясы ұсынылып, керамиканың алдын ала классификациясы жасалды. 1969 жылдан бастап төбеде Отырар археологиялық экспедициясы (К. А. Ақышев), 1971 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (К. А. Ақышев, К. М. Байпақов) қазба жүргізе бастады. Ол 1993— 1996 жылдардағы үзілістен соң, қазірге дейін жұмысын жалғастырып келеді. 1969 — 70 жж. төбенің инструменталды топографиясы түсіріліп, оның жоспарлық және перспективалық аэрофотосуреттері түсірілді. Барлық мәдени қабаттарды кесіп өткен стратиграфиялық қазба, қаланың пайда болу мерзімін анықтауға, оның өмірінің негізгі кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік берді. 1971 жылдан бастап төбеде Отырардың түрлі кезеңдердегі қабаттарын, жекелеген орамдарын, монументалды қоғамдық құрылыстарын, шеберханаларын кең түрде қазу жүргізілді. Бұл қазбалар бай археологиялық материалдар берді. Тарихи мәліметтермен бірге олар Оңтүстік Казақстандағы ірі саяси, шаруашылық және мәдени орталығының тарихын білуге мүмкіндік берді.

Отырар мен оазис ескерткіштерін зерттеуде, сонымен қатар, қазылған нысандарды консервациялау жұмыстарының маңызды кезеңі 2001—2004 жылдардағы ЮНЕСКО-Қазақстан-Жапонияның «Көне Отырардың қалажұртын сақтау мен реставрациялау» жобасымен байланысты. Бұл жобаға Қазақстан, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Бельгия мамандары қатысты.

Егерде бұрындары консервацияға көңіл аз бөлініп келсе, бұл кезде зерттелетін және бұрын аршылған нысандарды консервациялау, реставрациялау және музейлендіру мәселесі туындады. Жоба жұмыс істеген жылдары Отырардың өзін, оазис ескерткіштерін және аршылған нысандарды құжаттау бойынша үлкен іс атқарылды.

Консервацияның негізгі нысандары Отырардағы XIV г. аяғы — XV ғ. басындағы мешіт, XIII — XV ғғ.   моншасы,   сонымен   қатар,   құмырашы
шеберханалары, XVI — VIII ғғ. орамы, қала қамалының бір бөлігі болды.

Бұл жоба мен бұрынғы зерттеулер, 2004 жылы басталған «Қазақстанның мәдени мұрасы» Мемлекеттік бағдарламасының аясындағы «Көне Отырарды жаңғырту» жобасында жалғасын тапты.

Оның басты мақсаты оазисті археологиялық тұрғыдан зерттеу, сонымен қатар, ескерткіштерді консервациялау, оларды музейлендіру және жергілікті және халықаралық туристік маршруттар жүйесіне енгізу.

Жоғарыда аталған жобалар аясында Отырардың  XIV  ғ.   аяғы — XV ғ.   басындағы   мешіт, XVI-XVII ғғ., XI — XII ғғ. орамдары, қамалдың консервациясы жалғастырылды, сонымен қатар, Кұйрықтөбе  мен Мардан-Күйікте  консервациялық жұмыстар жүргізілді.

Оазис ескерткіштерін насихаттауға бағытталған жұмыс атқарылды, Осы маұсатта бірұатар монографиялар мен альбомдар шығарылды.

2002 — 2007 жж. электронды тахеометрмен қала жұртын түсіру арқылы үшөлшемді моделі жасалды; аэрофотосуреттер мәліметтер базасын толықтыру бағдарламасы жүзеге асырылды.

Фортификациялық құрылымдарды. XI — XVII ғғ. тұрғын жайларын және Отырардың ерте қабаттарын зерттеу жалғастырылуда.

Төбе атақты ортағасырлық Отырар қаласының жұрты. Ол барлық ортағасырлық авторлардың географиялық және тарихи шығармаларында Жетісу мен Испиджаб қалаларының тізімінде аталады. Қала әркелкі географиялық ландшафттардың тоғысқан жерінде тұрған, керуен жолдарының қиылысқан жері болған. Отырар — ірі егіншілік аймағының орталығы, көшпелілердің тірек қамалдарының бірі. Отырардан жол Арыс бойымен Тараз, Баласағұнға, одан әрі Шығыс Түркістанға апаратын; Сырдариямен жоғары қарай ежелгі жол Шаш, Соғдыға, одан әрі Мерв пен Нишапурға жеткізетін; өзен бойымен төмен  қарай Арал бойы мен Оралға; батысқа қарай жол Қызылқұм арқылы Хорезмге, одан әрі Еділ бойына, Қаратеңізге және Қап тауына апаратын.

Төбе келбеті Қазақстан мен Орта Азияның ортағасырлық ескерткіштерінің көпшілігіне тән. Цитадель мен шахристан биіктігі 18 м келетін бес бұрышты төбе түрінде. Төбенің аумағы —20 га, жандарының көлемі: оңтүстігі 380 м, оңтүстік-батысы—145 м. батысы — 400 м, солтүстік-шығысы —350 м, Төбе айналдыра қабырғамен қоршалған. Оның кей тұстары қазірдін өзінде 75 — 80° тік. Қабырғада мұнаралар болған, олар қабырғаның сыртына шығып тұрған дөңгелекше келген төбешіктер түрінде сақталған. Қабырғаның сыртында жайпақ сай түріндегі ор көрінеді, оның тереңдігі 2 — 3 м, ені 10— 15 м. Қалаға үш қақпа  арқылы кіретін болған. Екеуі бір-біріне қарама-қарсы, оңтүстік және солтүстік-шығыс қабырғада, үшіншісі батыс қабырғаның ортасында орналасқан. Орталық көше, оңтүстік, орталық қақпаны солтустік қақпамен байланыстырып, қаланы екі бөлікке бөліп тұр. Көше ені 5 — 8 м сай түрінде. Одан көптеген кіші және тұйық көшелер шыққан. Отырар топографиясының негізгі келбеті кейінгі орта ғасырда (15—18 ғғ.) қалыптаскан, сондықтан цитадельден қазіргі уақытта ешқандай белгі жоқ. Цитадельді орналастыру мәселесі бойынша үш жорамал бар. Біріншісі аэрофото мәліметтеріне сүйенеді. Бұл жорамал бойынша цитадель төбенің ортасында орналасқан, ол үшбұрышты, жандарының көлемі 220, 230 және 220 м. Айналасындағы қара жолақты ежелгі ордың орны деп болжауға болады. Екінші жорамал Отырар шахристанының оңтүстік ширегінде жүргізілген қазба деректеріне негізделген. Мұнда XIV — XV ғг. жататын жұма мешіт аршылған болатын. Қазба нәтижесінде зерттеушілер цитадель де осында орналасқан деген тоқтамға келген. Үшінші жорамал соңғы жылдардағы аэрофотоматериалдарына сүйене отырып, көше сызықтары және ойпаттар мен шектелген сұлбаға қарап, цитадельді төбенің солтүстік ширегіне орналастырады.

Қалаға үш қақпа аркылы кірген. Екеуі бір-біріне қарама-қарсы орналасқан: бірі — оңтүстік, екіншісі — солтүстік-шығыс қабырғада және үшіншісі — батыс жағынын ортасында. Оңтүстіктегісі орталық қақпа болды. Ол оңтүстік бұрыштан 125 м жерде орналасқан, Қақпаның екі мұнарасы болған, олардың алдынан XV — XVI ғғ. қақпаның қорғаныс қабілетін арттыру мақсатында тікбұрышты, қалың қабырғалы құрылыс тұрғызылған. Қазіргі кезде қақпа орны ені 20 м ойпат болып жатыр.

Солтүстік-шығыс қақпа қабырғаның ішке тартылған тұсында орналасқан. Бұл қорғанысты күшейту үшін жасалған болуы: керек. Шығыңқы тұсы қақпа алдындағы ауқымды жерді бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

Үшінші, батыс қақпа қалажұртының топографиясында байқала бермейді, оның ені алғашқы екеуден енсіз, 7—10 м. Бұл қақпа моңғол шапқыншылығынан соң-ақ бұзылып кеткен, орнына тұтас қабырға салынған. Алайда, бұл ойпаттың алдында ауқымды сайдың болуы мұнда ертеректе қақпа мен көше болғандығына куә бола алады.

Орталық, бас көше, қаланы кесіп өтіп, оңтүстік және солтүстік-шығыс қақпаларды байланыстырған. Ол тіктеу келген, ескерткіш топографиясында ені 12 м келетін сай түрінде анық көрінеді. Одан жан-жаққа көшелер тарап, қабырғаларға тіреледі. Өз кезегінде олардан ұсақ көшелер мен тұйықтар тарап, қала территориясын түрлі көлемдегі орамдарға бөледі.

Цитадель мен шахристан тұрған төбеге бекіністі рабад территориясы жапсарласады. Оның қабырғалары тек жекелеген учаскілерде сақталған. Рабадтың сыртқы қабырғаларының жерден жекелеген тұстары ғана байқалса, аэрофото-суреттерде сұлбасы анық көрінеді. Солтүстік-батыс жағынан қазір ауыл жапсарласады. Ол қалажұртынан төмендеу орналасқан. Мұнда қабырғаның екі тікбұрышты шығыңқы тұсы бар, бұл жердің табиғи бедеріне байланысты болса керек. Қабырғаның, қалажұртының солтүстік бұрышынан ең ұзақ кашықтығы — 520 м. Қабырға біршама жақсы сақталған, ол ені 20 — 25 м және биіктігі 3 — 5 м жал түрінде көрінеді. Сыртындағы ордың кей тұстары батпақты. Оның тереңдігі 2 м-ге дейін, ені 10—15 м. Қабырғаның үзілген тұсында (ені 10 м) қақпа болған, бұл жерден қазіргі уақытта да Шәуілдірге апаратын кара жол өтеді. Қакпаның қасында тікбұрышты төбе (150x120x2 — 2,5 м) түрінде сақталған құрылыс қалдықтары бар. Өз кезегінде ол бұрынғы  көшелерден қалған енсіз сайлармен бірнеше төбешіктерге бөлінген.

Қабырғаның шығыс бөлігі жақсы сақталған. Ішкі жағынан оған қиылысқан екі көшемен бөлінген құрылыс орамдары жапсарласады. Негізгі төбенің шығыс қабырғасының ортасынан есептегенде, қабырғаның ең ұзақ қашықтығы — 750 м.

Жалдың оңтүстік бөлігі нашар сақталған. Мұнда қалажұртының территориясы жыртылған. Аэрофотосуретте жалдың бағыты ашық түспен айқындалады. Қақпадан есептегенде оңтүстікке қарай қалажұрты 500 м-ге дейін созылған.

Батыс тұсында сыртқы қабырға бұзылмаған десе де болады. Құрылыстардан, түрлі конфигурация мен көлемдегі, бірнеше жайпақ,. төбелер қалған.

Рабад құрылыстарының қалдықтары түрлі сипаттағы төбелер болып қалған. Негізгі төбенің оңтүстік қабырғасының тұсында, 80— 100 м қашықтықта, сегізге ұқсаған сай сақталған. Қазір оны шөп басқан. Бұл бұрынғы су қоймасы. Ол суға магистральды арықтан толтырылатын болған.

Пайда болу мен құлдырауы арасындағы ескерткіштің өмірінің кезеңдерін анықтауға қазбалар мәліметімен қатар, стратиграфиялық қазба (шурф) да мүмкіндік береді. Шурф 1969 жылы, қалажұртының орталық төбесінің солтүстік бөлігінде, шеткі бектеріне таман салынды. Оның солтүстік-батыс шеті төбенің үстінен етегіне дейін кесіп өткен орға жапсарласқан, ал оңтүстік-шығыс жағы құрылыс қалдықтары бар төбе бөктерін қамтыды. Қалажұртының бұл тұсы солтүстікке қарай еңіс тартқан, жайдақ келген. Алғашқыда қазба көлемі 24×8 м болды, ол солтүсгік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылып жатты. Отыз жеті жылдан бері көлемді қазбаның әлпеті катты өзгерді — қабырғалары шайылды, жартылай құлады, қазбаның тік бұрыштары домалақталды; шурфтың қазіргі көлемі шамамен 40 — 50х 15 — 20 м-дей болды.

Бұл шурфтың құндылығы оның мәдени қабаттардың бәрін кесіп өтіп, келушілердің көз алдына маман-археологтар таратып айтып бере алатын екі мың жылдық тарихты әкелетінінде. Бұл Отырардың ерте кезеңдерін зерттеуде маңызды дереккөз.

Қазба барысында тоғыз негізгі хронологиялық қабаттар анықталды. Стратиграфиялық шурфтың көмегімен біз екі мыңжылдық тарих арқылы өтеміз: бірінші ғасырларда алғашқы құрылыстар пайда бола бастайды; монументалды құрылыс қалдықтары бар VII — VIII ғғ. қабаты ерте ортағасырлық кезеңді сипаттайды; IX—XII ғғ. қабатынан табылған керамика жиынтықтары мен шыны жиынтықтары Отырардың гүлденгенінің куәсі бола алады; моңғол шапқыншылығынан кейін және темірліктер кезеңінде (XIII — XV ғғ.) қаланың одан әрі жетіле түскенін көрсетеді, гүлдену кезеңі XV — XVI ғғ. жалғасады, және соңында қаланың қатты құлдырағанын біз XVII ғ. қабатынан көреміз.

Отырар орнындағы елді мекен б.д. бірінші ғасырларында, алғаш араб деректерінде Отырар (Фараб) аты атала бастаған 8 ғ-дан едәуір бұрын пайда болған. Отырар өмірінің ең ерте кезеңі әлі аз зерттелген. Стратиграфилық шурфтағы төменгі қабаттар, б.д. бірінші ғасырларына жататын керамика сынықтары бар құл қабаты болды. Орталык төбенің солтүстік-батыс және оңтүстік бөліктерінде 18 м-ге дейін бұрғыланған геологиялық скважиналардан керамикалық материал алынды. Бұл алынған мәліметтер Отырардың ертедегі мекенжұртының көлемі 15 — 20 гектарға дейін болуы мүмкін екендігін көрсетті.

Отырар қалажұртының ерте кезең қабаттарынан ең көп зерттелгені IV — VI ғғ. қабаты. Қабат керамикасы қолдан жасалған бұйымдардың басымдығымен көзге түседі. Шаруашылық-тұрмыстық сипаттағы керамика арасынан ірі ыдыстар: құмдар мен құмшалар, тағаралар ерекшеленеді.

Құмдар мен құмшалар құм мен әк қоспалары бар қамырдан таспа әдісімен жасалған. Олардың сырты сұр, қызыл және қоңыр түсті ангобпен көмкерілген. Кей ыдыстардың бүйірі таяз каннелюралармен безендірілген. Ауыз диаметрлері 20 — 38 см аралығында. Құмдар мен құмшалардың қомақты ернеулері көлденең науалы, кесіндісінде үшбұрышты және тікбұрышты болып келеді. Сонымен қатар, шамалы қалыңдатылған тік ернеулі фрагменттер де кездеседі.

Тағаралар қолдан жасалған, қамырында құм қоспасы бар және ашық ангобпен көмкерілген. Олардың қабырғалары қалың, кейде тік, кейде дөңгелене ішке майысқан. Ернеуі әдетте, қарапайым, бірақ, ернеуі сыртқа қайырылған, кесіндісінде сопақ келген, қабырғадан әлсіз кертікпен ерекшеленіп тұратын фрагменттер де кездеседі.

Асханалық ыдыстардан қолдан жасалған табалар және көзе түріндегі ыдыстар ерекшеленеді. Табалардың ерекшелігі олардың қамырында дресва көп көлемде кездеседі. Олардың табаны қалың және борттары қысқа. Табаның екі түрі кездеседі: ашық және жабық формалы. Ашық табалардың тіке борттары табанына қиғаш орналасқан. Жабық типтегі табалардың борттары табанынан кертікпен бөлінген. Олардың пішіні дөңгелекше келген және ішке қайырылған қарапайым ернеуі бар.

Көзе тәрізді ыдыстар қолмен жасалған: кейбірі дресва мен шамот көптеп қосылған борпық қамырдан  жасалып,   әлсіз  күйдірілген;   кейбірі   құм қосылып жақсы иленген бекем қамырдан    жасалған,   Ыдыстардың  бір  бөлігі  ашық түсті ангобпен көмкерілген. Әдетте,  олардың бүйірі  сопақша   келеді,   мойны   қысқа,   ернеуге  қарай кеңейе түседі. Көзелердің  тұтқалары   әртүрлі болып келеді. Олардың ішінде тігінен қойылған сақина тәрізді, кесіндісінде сопақша және  үшбұрыш тәрізді формалы, сонымен қатар, тігінен қойылған, өне бойында сайы бар тұтқалар бар. Тұтқасы   көлденеңінен   қойылған,   кесіндісінде  науалы не домалақ келген, беті жылтыратылған қызыл ангобты көзелердің де фрагменттері бар, бүйірі тік және тұтқалары құлақ тәрізді көлденеңінен шығарылған ыдыстар да кездеседі.

Асүйлік ыдыс саптыаяқтар мен құмыралардан тұрады.

Табылған саптыаяқтар ішінде қолмен жасалғаны да, шарықта жасалғаны да кездеседі. Қол саптыаяқтары шамот және дресва қосылған қамырдан жасалған. Олар сопақша келген бүйірлі, жайдақ иықты, қысқа мойынды, қарапайым, сыртқа қайырылған ернеулі болып келеді. Дөңгелек тұтқасының жоғарғы жағы ернеуге, ал астыңғы жағы бүйір ортасына бекітілген. Құмыра шарығында жасалған саптыаяқтардың қамыры жақсы иленген, аздаған құм қосылған. Олар қызыл-қоңыр ангобпен қалың етіп көмкеріліп, беті ысқылап, тегістелген. Пішіні жағынан бұл саптыаяқтар қолмен жасалғандармен бірдей. Олардың ернеулері мен түптерінің диаметрі жобамен бірдей — 8 — 10 см. Саптыаяқ бүйірлерінің орта тұсына сақина тәрізді тұтқа бекітілген. Тұтқалар кесіндісінде үшбұрышты не домалақ болып келеді.

Құмыралар керамика ішінде басым. Олардың басым бөлігі қолмен жасалған, алайда, құмыра шарығында жасалған фрагменттер де кездеседі. Олар аздаған құм мен дресва, кейде әк қосылған қамырдан жасалған. Құмыралардың беті, әдетте, ақ не қызыл-қоныр ангобпен көмкерілген. Ангобпен кейде ыдыстың ішкі бөлігі де көмкерілетін болған. Кесіндісінде домалақ құрық тәрізді шие түсті ангобпен көмкеріліп, ысқыланған құмыра тұтқасының бөлігі бар,  құмыраларға сопақ, биік бүйір мен жайдақ иықтар тән. Мойны тар құмыралардың мойны биік, диаметрі 14—18 см цилиндр тәрізді болып келеді де, тік ернеуге қарай кенейе түседі. Көзе тәрізді құмыралардың мойны қысқа, кең болады да сыртқа қайырылған, кесіндісінде   тік,    кейде   үшбұрышты   ернеуге жалғасады. Табылған құмыралардың бір бөлігінде құрық тәрізді кішігірім тұтқалары сақталған. Кесіндісінде сопақ келген бұл тұтқалардың жоғарғы жағы мойынның ортасына не ернеу астына қатырылса, астыңғы жағы иыққа жапсырылатын болған. Мұндай тұтқалар құмыралардың көпшілігінде болғанға ұқсайды. Кейбір ірі құмыралардың тұтқасында науалар мен саусақпен басылған ойықтар бар. Табылған бірнеше фрагменттерден кей құмыралардың суағар шүмектері болған деуге болады.

Кездескен  ыдыстың басым  бөлігінде  өрнек жоқ. Безендірілген тек бірнеше фрагмент табылды. Олардың бірінде әлсіз бедер мен тұтқа астында екі шошақ тәрізді жапсырма өрнек бар; екіншісінде — тұтқаның мойынға жапсырылған тұсында, ернеуде үшбұрышты шығыңқы өрнек бар. олжалардың ішінде қызықтысы қара ангобты құмыраның сынығы болды. Ол жақсы иленген, арасында майда құмның табиғи қоспасы бар. Қоңыр түсті қамырдан таспа тәсілімен жасалған. Құмыраның сыртына, сонымен қатар, ернеу мен мойынның ішкі бетіне ақшыл-сұр ангоб жұқалап жағылып, оның үстінен қалың етіп қара ангоб жағылған. Қара ангоб сақталған тұсында оның мұқият ысқыланғаны көрініп тұр. Қара ангобтың түсі әр жерде әртүрлі, ол қоңыр, сұрқай-коңырдан қараға дейін өзгереді.

Құмыраның иығы жайдақ, біртіндеп ұзын (һ-б см), бірақ тар емес, цилиндр тәрізді мойынға (d-9,5 см), ұласады. Мойынға бір-біріне жақын орналасқан сызықтардан тұтас белдеу берілген. Ыдыстың мойны штамптарақты пайдалана отырып, айналатын тұғырда қосымша өңделгенге ұқсалды. Мойынның жоғарғы жағы бірден кеңейіп, сыртқа қайырған ернеуге ұласады. Ернеудің бедері күрделі болып келген. Ернеудің төменгі жағында мойынның ернеуге өткенін айқындап тұрған үшбұрышты жал бар. Жалдың үсті мен жоғарғы жағында терең ойылған сызық жүргізілген. Осындай сызық ернеу аузын да айқындап тұр.

Иығында, ыдыстың сынған тұсында шүмектің тесігі байқалады, тесіктің айналасындағы іздерден шүмек ірі болғанға ұксайды.

Шүмекке қарсы бетте құрық тәрізді түтка тігінен қапсырылған. Тұтқаның тұлғасы жануардың схематикалық бейнесін береді. Бір-бірінен 2,5 см қашықтықта орналасқан екі шошақ-құлақтар ауыздан жоғары шығып тұр. Құмыраның аузына жапсырылған тұсы тұмсыққа ұқсас етіп жасалған, онда бадам пішінді көздерді байқауға болады. Одан әрі жануардың денесін бейнелейтін тұтқа иіліп келіп құмыраның иығына жабысқан. Кесіндісінде тұтқа пішіні сопақша келген. Оның сыртқы жағында терең науа тәрізді болып қалған. Бұл оның жасалу техникасынан хабар береді. Тұтқа жасаудың мұндай техникасын Қауыншы мәдениетінің ескерткіштеріне (атап айтқанда Жаушықұмтөбеге) тән екендігін «Древности Чардары» кітабының авторлары атап еткен: «Саз қамырдың иленген таспасын бірінші ыдыстың бүйіріне, сосын сыртқа қайырып әкеліп біріктірген. Біріккен кезде орталық бөлігінде терең не саяз сай пайда болады.» Тұтқаның төменгі жағында науа   үшбұрышты терең ой патпен аяқталады. Одан әрі науа екі бөлініп, жартышеңбер түрінде екі жаққа кеткен. Оларға қарама-қарсы, төменірек жартышеңбер түрінде сызықтар орналасқан. Сызықтардың бәрі бірігіп жандары ішке иілген ромб тәрізді фигура түзеді. Бұл жануардың схематикалық, бейнесінің төменгі бөлігі болып табылады.

Құмыраға ұқсас тікелей аналогиялар табылмады. Бірақ ыдыстың кей элементтері, сонымен қатар, олардың үйлесімі Отырар оазисінің керамикасында, Қауыншы мәдениетінің мекен-жұрттарында кездеседі.

Мойыннан жал және ойық арқылы бөлінген, ірі, ұзын ернеулі; мойын өрнегі бедерге ұқсатылған; жоғарғы жағы ыдыстың аузына жапсырылған, құрық тәрізді науалы тұтқасы бар; және ауыз астында ойылған белдеулі мұндай ыдыстар Жаушықұмтөбенің төменгі қабаттарында (б. д. III — V ғғ.) табылған. Бірақ бұл ыдыстардың сыртқы безендірілуі мүмдем өзгеше. Жаушықұмдық ыдыстардың басым бөлігі сұйық ақшыл, кейбірі — қоюлау қызғыш ангобпен көмкерілген, олардың үстінен қара-қоңыр не қара ангоб жағылады, тамшылар мен ақпалары түсіріледі. Жаушықұмтөбе қалажұрты құмыраларының жекелеген фрагменттерінің иықтарында тұтқаның қарама-қарсы: тұсында цилиндр пішінді шүмектер бар. Мұндай шүмектер Қауыншытөбе, Ақтөбе құмыраларына да тән. Бұл ыдыстардың аздаған бөлігі қара ангобпен көмкерілген.

Осыған ұқсас, ұзын мойны бедерленген және шүмегі бар, ыдыстар Қоңыртөбе б. д. III — V ғғ. обасының материалдарында да кездеседі (отырар-қаратау мәдениеті).

Тұтқалардағы зооморфтық жапсырмалар, жануардың сызылған бейнесі сияқты безендіру элементтері, сонымен қатар, қара ангобты ысқылап жылтырату арқылы әрлеу тәсілі Отырар оазисінің б. д. III — VI ғғ. жатқызылған асханалық ыдыстарында кездеседі.

Отырардың 7 — 8 ғғ. қабаттарындағы қазба, оның бұл кезде қала болып қалыптасып қойғанын көрсетті. Көлемі 45x25x10 см келетін кесектерден қаланған құрылыс қалдықтары табылды, ыдыс-аяқтың коллекциясы жиналды. Коллекция ішінде шүмегі бар тар мойынды құмыралар, тісті тұтқалы қызыл жылтыратылған саптыаяқтар, аяқты шырағдандар бар. Отырар мен оның оазисінде табылған анэпиграфтық теңгелер тобы да осы уақытқа жатады. Теңгелердің беткі жағында садақ не амитарь түріндегі түріктердің рулық таңбасы, ал артқы жағында — арыстан бейнеленген. Ерте ортағасырлық Жетісу, Шаш және Соғды теңгелерімен салыстыра отырып, олардың жергілікті билеушінің соқтырған жаңа түрдегі теңгелері екені анықталды. Бұл Отырар иелігінің саяси және экономикалық дербестігінің жарқын куәсі және 7 — 8 г. бірінші жартысындағы саяси оқиғалардағы Отырардың ерекше рөлі туралы жазба деректердің мәліметтерін толықтыра түседі.

9—11 ғғ. кезеңі Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалық өмірдің өрлеу кезеңі болды. Жаңа қалалар пайда болып, бұрынғы қалалар дамыды. Қалалар аумағының өсуі, саудагер мен қолөнершілер мекені — рабадтардың есебінен жүрді. Отырар бұл кезде 200 га жерді алып жатты. Қазба нәтижесінде белгілі болғандай, 11 — 12 ғғ. қала территориясы орамдарға біріктірілген, тығыз салынған үйлерге толы болған.

Көп жылғы қазба барысында Отырар территориясында (қала жұртының шахристанында) орасан зор аумақ аршылды (бетінің 90 пайызы аршылып 16, 17, 18 ғғ. қала орамдары айқындалды). Ерте заманғы құрылыстар аз ауқымда көрсетілген. Зерттеу барысында түрлі кезеңдегі қала құрылымдарының ерекшеліктері: 18 ғ. құлдыраған құрылыстары, қазақ хандығының кезеңі — оның құрылған уақытынан Ресей империясының құрамына кіргенге дейін; Темір дәуірінің интенсивті құрылыстары; «Отырар катастрофасы»-нан кейінгі қайта өрлеу уақыты; гүлдену дәуірі (мұсылман ренессансы); араб басқыншылығы мен ерте ортағасырлық Отырар уақыты; қаланың қазіргі орнында мекеннің қалыптасу кезеңі айқындалды.

Отырар мәдениетінің гүлдену толқындарының бірі қарахандықтар дәуіріне— 11 — 12 ғғ. сәйкес келеді. Қазылған орам дәл осы уақытқа жатады. Аршылған мәдени қабаттың ауқымының аздығын ескерсек (12 ғасыр құрылыстары кейінгі алты ғасырлық қабаттың астында қалған), осы Соғды теңгелерімен салыстыра отырып, олардың жергілікті билеушінің соқтырған жаңа түрдегі тенгелері екені анықталды. Бұл Отырар иелігінің саяси және экономикалық дербестігінің жарқын куәсі және 7 — 8 ғ. бірінші жартысындағы саяси оқиғалардағы Отырардың ерекше рөлі туралы жазба деректердің мәліметтерін толыктыра түседі.

9— 11 ғғ. кезеңі Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалық өмірдің өрлеу кезеңі болды. Жаңа қалалар пайда болып, бұрынғы қалалар дамыды. Қалалар аумағының өсуі, саудагер мен қолөнершілер мекені — рабадтардың есебінен жүрді. Отырар бұл кезде 200 га жерді алып жатты. Қазба нәтижесінде белгілі болғандай, 11 —12 ғғ. қала территориясы орамдарға біріктірілген, тығыз салынған үйлерге толы болған.

Көп жылғы қазба барысында Отырар территориясында (қала жұртының шахристанында) орасан зор аумақ аршылды (бетінің 90 пайызы аршылып 16, 17, 18 ғғ. қала орамдары айқындалды). Ерте заманғы құрылыстар аз ауқымда көрсетілген. Зерттеу барысында түрлі кезеңдегі қала құрылымдарының ерекшеліктері: 18 ғ. құлдыраған құрылыстары, қазақ хандығының кезеңі — оның құрылған уақытынан Ресей империясының құрамына кіргенге дейін; Темір дәуірінің интенсивті құрылыстары; «Отырар катастрофасы»-нан кейінгі қайта өрлеу уақыты; гүлдену дәуірі (мұсылман ренессансы); араб басқыншылығы мен ерте ортағасырлық Отырар уақыты; қаланың қазіргі орнында мекеннің қалыптасу кезеңі айқындалды.

Отырар мәдениетінің гүлдену толқындарының бірі қарахандықтар дәуіріне— 11 — 12 ғғ. сәйкес келеді. Қазылған орам дәл осы уақытқа жатады. Аршылған мәдени қабаттың ауқымының аздығын ескерсек (12 ғасыр құрылыстары кейінгі алты ғасырлық қабаттың астында қалған), осы уақыт орамының құрылыстары, сонымен қатар, бөлмелердің интерьері қалалықтардың сол бағзы заманғы тұрмысы мен өмір сүру деңгейінен хабар беретін бірегей дерек.

1987 жылы Отырардың 11 —12 ғғ. деңгейі 3-қазбаның бар аумағында аршылған болатын. Үйлерге бірігетін жиырмадан астам бөлмелердің жосыны аршылған болатын. Үйлер, әдетте, бірнеше (2 — 5) бөлмелерден тұратын. Олар шаруашылық және тұрғын жайлар қызметін атқарған. Бірқатар бөлмелерде, отқа табынушылық ғұрпында пайдаланылған, домалақ не антропоморфтық пішінде еденге орналастырылған ошақтар табылды. Үйлер сыпа ішіне орналастырылған тандырлармен жылытылатын болған. Отырардың кейінгі 13—17 гғ. кезеңіндегі тандырлардан ерекшелігі 11 —12 ғғ. тандырларында мұржалар болмаған. Шаруашылық бөлмелерінде бір қатар кесектен не саз таспаларынан жасалған қамбалар табылды. Аула, тұрғын және шаруашылық жайлардың еденінде бадраб (қоқыс және ретирадтық) ауыздары (мусорных и ретирадных) кездеседі. Бадрабтар құрылыс қоқыстарымен, керамика сынықтарымен, үй жануарларының сүйектері, күлмен толтырылған. Үйлерді қазу барысында сырлы және сырсыз керамика, шыны, металл және сүйек бұйымдарының бай коллекциясы жиналды.

1989 жылы жоғарыда сипатталған қазба орны қайта тазаланды. Сол кезде-ақ құрылыстардың қатты бұзылғаны тіркелді.

2005 жылы қазбаның бір бөлігі тазаланып, консервацияланды және жасалған шаралар негізінде нысанды экспозициялау жүйесі дайындалды.

9—12 ғғ. қала құрылысында монша сияқты қоғамдық орындар пайда бола бастады. Отырар рабадының территориясында қазба барысында 2 қоғамдық монша табылды. Нашар сақталғанына қарамастан олардың бірінің жобасын анықтау мүмкін болды. Монша тегістелген, саз қабаты төселген алаңға салынған. Оның көлемі солтүстік тел оңтүстікке қарай 11,5 м, шығыстан батысқа қарай 16,5 м. Қабырғалары көлемі 22 — 23×22 — 23×5 см қыштардан, фундаментсіз қаланған. Кабырғалардың қалыңдығы 0,7 — 0,9 м. Монша жосынының негізі ашамай тәрізді фигура. Орталық бөлме қиысқан остер бойында орналасқан 4 бөлмемен байланысқан. Моншаның құрамында массаж жасайтын орындары бар орталық бөлмеден басқа, жуынатын бөлмелер болған. Батыс бөлігіндегі 3 бөлме шешіну, демалу үшін арналған және бірі намаз оқуға арналған болуы керек. Шығыс жағында от жағатын орын мен су цистерналары тұрған бөлмелер орналасқан. Мұнда   қабырғалары   қыштан   қаланған   құдық  аузы аршылды. Моншаның ағын суы құбырлар арқылы бөлмелердің сыртына, су сіңіретін шұқырға шығарылған. Монша жылу каналдары (гиппокаусттар) арқылы жылытылған. Жылыту жүйесінің бағыттаушы қабырғаларының тіреулер қалдықтары анықталды. Моншаның жосынын Орта Азия, Кавказ, Таяу және Орта Шығыс моншаларымен салыстыруға келеді. Моншаның оңтүстігінде қосымша құрылыс орны болды, оны кір жуатын орын деуге болады. Бұл тікбұрышты, екі бөлмелі, көлемі 4×4,5 м келетін ғимарат. Екінші монша да рабад территориясында, оңтүстік қақпадан батысқа қарай 200 м жерде. От жағатын орны мен ыстық суға арналған цистерналар аршылып, ыстық су дайындау процесін анықтауға мүмкіндік берді. Нумизматикалық материал, керамикасы, метал бұйымдар моншаны 11 — 12 ғғ. жатқызуга мүмкіндік береді. Қазба барысында жинақталған сфероконустар мен олардың 70-ке жуық сынықтарының коллекциясы қызығушылық тудырады. Сынаптан жасалған емдік дәрілерге арналған сфероконустардың табылуы, ибн Сина (Авиценна) жазғандай моншаларды ем үшін де қолданғанын дәлелдей түседі.

Отырардағы стратиграфиялық шурфта 9—12ғғ. қабаттары материалдарға бай. Сырлы және сырсыз керамиканың коллекциялары жиналды. Отырар рабадындағы құмырашылардың 2 ошағынан алынған материалдар қызықты. Олардың 9—10 ғғ.  жататын  бірінде  шүмекті  құмыралар, тостағандар және  ойылып жасалған бай өрнекті ірі тұғыр табылды. Тура осындай өрнекпен, осы стильде стратиграфиялық шурфтан табылған құмыра да безендірілген. Мойнында ромбтан тор салынған. Ою кей жерлерде ыдысты тесіп кеткен, бұл тек әсемдік үшін жасалған. 12—13 ғ. басына жатқызылған екінші ошақтан шыққан, қалыпта жасалган,    қоңыр    шыңылтырмен  көмкерілген ыдыстың сынығы назар аударарлық. Оның ошақ ішінде   табылуы    Отырар    қалыпта    жасалатын ыдыс дайындау орталықтарының бірі болған деуге мүмкіндік береді. Табылған бірегей заттардың ішінен саздан жасалған суқұярды атауға болады. Ол әйел басты түйе формасында жасалған. Түйенің арқасында бесік бар. Графиндер, тостағандар, бокалдар, флакондар сынықтарынан тұратын шыны бұйымдарының   бай    коллекциясы   жинақталды. Шынылар   жұқа,   ауа   қалдықтары   бар,   мөлдір және түрлі түстерге боялған —қою көк, жасыл, сары, қызғылт және қоңырқай. Ыдыстар сыртынан жабыстырылған   манжеттермен,   оратылған арқан мен жіп түрінде әрленген, ромб, дөңгелек және  «ара палы»   сияқты   бедерлі  өрнектер  де кеңінен қолданылған. Зергерлік бұйымдар да көп. Бұлар гранаттан, сердоликтен, шыныдан жасалған моншақтар, қола сақиналар мен білезіктер. Геральдикалық тақта түрінде жасалған, «Дәреже Алладан» деген жазуы бар белдіктің құйма танасы өте шебер жасалған.

Қаланың гүлденуі моңғол шапқыншылығынан үзіліп қалды. Шыңғысхан   өлімінен   кейінгі   өзара   соғыс жылдары, қала қайтадан Сырдариядағы маңызды саяси және экономикалық орталыққа айналды. 13-ші ғасырдың ортасына қарай Отырар Батыс пен Шығыс арасындағы жолдағы ірі сауда орталығына айналды. Оның үстінен Үргеніштен Алмалыққа және одан  әрі апаратын жол өтетін. Отырар теңге соғу   орталығы   ретінде   де   танымал. Оның теңгелері Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігінде кеңінен таралған. Отырар соқпалары Талас және Қарауылтөбеден табылған ірі көмбелердің ішінде де бар.  1972 жылы Отырар  маңынан  350 данадан  тұратын  теңгелер көмбесі табылды.  13 —14 ғғ. қалада ірі қоғамдық  ғимараттар   құрылысы   жүргізілді.   Ерзен хан тұсында мұнда медресе, ханака және мешіт салынған. Отырардың ірі сауда орталығы болғандығына 1947 жылы табылған күміс көмбе куә бола алады. Көмбе табылған жерді зерттеп қарағанда, оның ортағасырлық Отырар округіндегі 12 —14 ғғ. үй-жай тобына кіретін жеке үй-жаймен  байланысты  екені  анықталды.  Үй-жай түгелдей  қираған.   Бетінен   көлемі   24х24х4см және 25x25x5 см шаршы қыштар, сырлы және сырсыз керамика сынықтары табылды. Көмбеде зергерлік бұйымдар, белдік бөлшектері, тостаған сынықтары, белгісіз бұйымдар бөлшектері, 224 бүтін құймалар мен теңгелер, 9 бүлінген (1/4 аз бөлігі жоғалған) теңге, 6 майда сынықтары мен соқпа ізі жоқ 2 тиынның бөлігі болды. Зергерлік бұйымдар арасында ең көбі білезіктер. Олардың бірнеше түрі: ортасы қалың, беті тегісі— 15 дана; 2 «өрілген» білезік; 2 серіппе тәріздес білезік, ширатпамен әрленген 3 орама білезік, шекпе және соқпамен  безендірілген  бірнеше  таспа  білезіктер бар. Көмбеде сақинаның 3 алты қырлы беті мен бір бүтін сақина бар. Ол ширатпамен безендірілген. Сырғалардың 3 түрі бар. Сұрақ белгісі түрінде, моншақты сырға және басы көпқырлы болып келетін дөңгелек сырғалар. Шолпылардың (6 дана) формасы 8 тәрізді. Көмбеде 2 жартыдан тұратын іші қуыс моншақтар, алқалар және жарты шар тәрізді таналар болды. Әшекейлі белдіктен 2 жапсырма сақталған. Олардағы өрнек пен жазу штамппен басылған. Құйма тана мен құйма жүзік те белдіктің бөлшегіне жатады. Формасын сақтамаған сынықтардың арасынан оймыш және шекпемен безендірілген тостағандар бөліктерін, және алтын жалатылған бұйымдар сынықтарын бөліп қарауға болады. Күміс құймалардың екі түрі бар: кесіндісінде сопақша келген таяқшалар және сопақша келген ірі кұйма. Барлық теңгелер күмістен жасалған. Олардың түрлерінің әркелкілігін, соғылған жері мен уақытының әртүрлілігін атап кету керек. Тенгелердің көбі белгісіз болып келген. Көмбе теңгелерінің жартысынан көбін Алмалықта 638/1240 — 41 мен 662/1263 — 64 жылдар аралығында соғылған анонимді күміс дирхемдер құрайды. Қалған теңгелер 13 ғ. 40 — 60 жылдарға, моңғолдар кезеңіндегі Еміл, Пулад, Жент, Қырым, Тебриз соқпаларына жатады.

Қала құрылымы, қала орамдары, қоғамдық ғимараттар сипаты мен тұрғын жайлардың жаңа түрлерінің қалыптасуы жайында Отырардағы кең түрде жүргізілген қазба нәтижесінде белгілі болды. 13—14 ғғ. орамдарының бірі 2300 шаршы м аумақта аршылды. Ол аумағы 30 — 40-тан 250 ш.м-ге дейін жететін 12 жекелеген үйлерді біріктіріп тұрған. Орам, 11 —12 ғғ.-дың монументалды құрылысының қалдықтары маңында қалыптасқандығы анықталды. 11 — 12 ғғ. құрылысының кей қабырғалары жаңа конструкциялар   жоспарына   енгізілген.   Дегенмен, жалпы алғанда 13—14 ғғ. орамы жаңа жоба бойынша салынғаны анық. Орам ішіндегі көшелер бағыты да өзгерген. Осы жерде орналасқан 15 ғ. орамы, 13—14 ғғ. орамының жобасында салынған. Жекелеген үйлер мен ішкі бөлмелердің жосындары өзгеріп отырған. Ал, орамның жалпы жобасы, қала құрылымының бірлігі ретінде, қазіргі уақытқа дейін сақталған. 13—15 ғ. бірінші жартысындағы қазақстандық қалалардың дәстүрлі құрылымының санатында моншалар да болды. Отырарда 13 ғ. соңғы ширегі —15 ғ. басына жататын монша аршылды. Ол оңтүстік қақпадан батысқа қарай 200 м жерде, су қоймасының жағасында, 11 — 12 ғғ. моншасының орнында орналасқан.

Монша, тікбұрышты, жосынында аша фигурасы анық байқалатын құрылыс. Екі құрылыс қабаты анықталды. Алғашқы моншаның сыртқы қабырғасының көлемі 13,5×16,5 м болған. Орталық зал ауқымы бұл кезде 22 м2 болды, ал су цистерналары тұрған бөлмеден басқа, қалған бөлмелердің көлемі 7.2 м2 болды.

Екінші кезең моншаның кеңеюімен сипатталады. Оңтүстік-шығыс қабырға 2 метрге, ал оңтүстік-батыс қабырға 1,5 метрге жылжытылған. Моншаның жалпы көлемі 163,3 м2-ге дейін ұлғайды (17×15,5 м).

Моншаның 10 бөлмесі, олардың ішінде шешінетін орын (лүнгіхана), булық пен уқалау бөлмесінің кызметін атқарған қосымша екі бөлмесі бар орталық зал болған. Залдан жуынатын бөлмелерге — ыстықхана мен суықханаға кіретін болған.

Алғашқыда отырар моншасында екі ыстық бөлме болған: бірі- батыс, екіншісі — шығыс бұрышта орналасқан. Демалыс бөлмесінде диаметрі 2 м-ге дейін ыдыс түрінде хауыз болған. Оның едені көк түсті шыңылтырлы,  әртүрлі форматтағы қышпен төселген.

Моншаны сумен қамтамасыз ету су құбырлары арқылы су қоймасынан жүзеге асырылған. Құбыр қатарлары жерасты галереясымен жүргізілген.

Су құбыры суық және ыстық суға арналған цистерналар тұрған бөлмеге тартылған. Осы бөлмеде төрт бөлікке бөлінген ұзын цистерна түріндегі төрт ыдыс табылды. Олардың қызметін анықтауға моншада шомылу кезінде пайдаланатын бірнеше қоспалардың қасиетін сипаттаған ибн Сина жазбалары көмектеседі. Олардың кейбірі өсімдіктерді, сера, күлді қайнату арқылы алынған, басқаларын «темір, тұз, кварц, купорос қоспалары» деп атаған. Пайдаланған су науалар арқылы арықтарға, сосын моншаның сыртындағы су сіңіретін құдықтарға құйылған. Отырар моншасы ошақпен жылытылған, одан ыстық жүретін каналдар шығып, тіреулер мен бағыттаушы қабырғалар арқылы барлық бөлмелердің еденін жылытатын болған. Түтін қабырғалардағы мұржалар арқылы шығарылған. Осы мұржалардың көмегімен моншадағы температура реттеліп отырған.

Моншаның қабырғалары шаршы қыштан соғылған (24x24x5 см), еденге көлемі 40x40x10 см қыштар мен тақталар қолданылған. Бірқатар бөлмелерде еденге төсеуге шыңылтырлы қыштар мен тақталар қолданылған.

Моншаның сақталуы қанағаттанарлықтай. Оған екі нәрсе себеп болған. Бірі оның қыштан тұрғызылғандығы, екіншісі 2002 — 2004 жж. ЮНЕСКО-Казақстан-Жапонияның «Көне Отырарды сақтау және реставрациялау» жобасының аясында жүргізілген консервациялық шаралар.

13 ғ екінші жартысында— 14 ғ. бірінші жартысында тұрғын жайлардың жаңа түрлері пайда бола бастады. Бірінші түрге ауласы бар, бір сызықтың бойында орналасқан 2 не 3 бөлмелі үйлер жатады. Үйдің анфиладты жобасының үлгісі ретінде №1 шеберханадағы құмырашының үйін сипаттауға болады. Ол 3 тұрғын бөлме мен ашық ауладан тұрады. Аула орамішілік тұйық көшеге шығады.

Бөлмелердің ішкі көрінісін сипаттауға мүмкіндік беретін мәліметтер, Отырардың орталық төбесіндегі, 14 ғ. екінші жартысы— 15 ғ. басына жататын тұрғын үйді қазу барысында алынды. Үй өрт салдарынан қираған, ортаға түскен төбесі сыпада жатқан ши төсенішін басып қалып, сақтап қалған. Төсеніш үстінде текемет пен мақта көрпелердің көлемді бөліктері сақталып қалған.

Тұрғын жайлардың екінші түріне, қиылысқан остерде орналасқан 4 бөлмелері үйлер жатады. Бұл ашамай тәрізді немесе 4 бөлікті схема. Мұндай үйлердің жобасы шаршы тәрізді, ал, қоймалары айванның, ауланың немесе тандыры бар тұрғын бөлменің оң және сол жақтарында орналасады. Бұл схеманың бірнеше нұсқалары бар: тандырлы тұрғын бөлмесі көшеден есептегенде бөлмелердің екінші қатарында орналасқан үйлер; үй құрамында бір тұрғын бөлме; екі тұрғын бөлмелі үйлер; тұрғын бөлмеде бір тандыр; тұрғын бөлмеде екі тандыр. Мұндай үйлердегі бөлмелер саны 4, 5 және 6-дан да көп болуы мүмкін.

Үшінші түріне 2 немесе одан да көп секциялардан тұратын үйлер жатады. Үйдің әр секциясы 2 не 3 бөлмеден тұрады. Оның бірі міндетті түрде тұрғын бөлме болып келеді.

Көрсетілген хронологиялық кезеңдегі үйлердің жобасына ертеде (11 ғ.) тұрғын жайдың екі түрінің сақталуы мен дамуы тән. Үйдің жаңа түріне көпсекциялы түрі жатады.

Бөлмелердің интерьерінде айтарлықтай өзгерістер байқалады. Г — немесе П — тәрізді жіңішке сыпаларды, үйдің көп бөлігін алып тұрған сыпалар ауыстырған. Егерде 11 ғ. анфиладтық, ашамайлық жобасында сыпа бөлменің бұрышын не жартысын алып тұрса, енді ол бөлменің 3/4-ің алатын болды. Тандыр алдындағы қыш төселген кішігірім алаң, еденнің деңгейін көрсетеді. Бөлме ортасында, сыпаның шетіне орнатылған тақтайдың, бөрененің, қыш төсеніштің не тас тақтаның болуы, бөлменің жабыны ортадағы ағаш тіреуге сүйенгенін көрсетеді. Алдындағы уақыттарда таралған төрттіреулі жабын жоғалған. Осу уақытта қабырға ошақтары да кездеспейді. Бірақ, бұрынғысынша тікбұрышты, ашық ошақтар әлі де кездеседі. Тандыр әмбебап ошаққа айналады. Ол жылыту құралы, тамақ пен нан пісіретін ошақ қызметін атқарады.

Тарихи деректер бойынша, моңғолдар қаланы басып алғаннан кейін бірінші кезекте оның бекіністерін бұзған. Осылайша Отырардың қабырғалары мен цитаделі толық бұзылған. Тек кейіннен бірте-бірте қалалар қабырғалармен қайта қоршала бастады. Монғолдар басып алған аймақтарда бұл процесс саяси жағдайға байланысты жүрген болуы керек. Отырарда жаңа қала қабырғасы 13 ғ. аяғында—14 ғ. басында тұрғызылды. Қабырға кесіндісінде, оның 11 — 12 ғғ. материалдары сақталған мәдени қабаттан тұратынын, сыртынан көлемі 30 — 32×20 — 22×8 — 10 см кесектермен қапталғандығын көрсетті. Қабырға етегінің ені 4,8 м, сақталған биіктігі сыртынан есептегенде 2 м, ішінен 3,2 м.

Қабырғаның сыртқы беті 400 м бойына тазаланды. Ол төбе басына бір көтеріліп, төменге бір түскен бұралаңдаған сызық түрінде сақталған. Оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бұрышында жартылай шеңбер түрінде біртұтас, сыртқа шығып тұрған мұнаралар болған. Олардың ені 5 м, сыртқа 3 м шығып тұр. Бірқатар бөліктерінде жөндеу іздері байқалады. Сынған кесектері ауыстырылып, қалыңдатылған. «Дарваза-и Суфи» қақпасы маңындағы қабырға бөлігі жақсы сақталған. Бұл тұстағы қабырға тұтас кесектен соғылған. Қабырғаның етегінен брустверге дейінгі биіктігі — 6,1 м. Қабырға 9—11 ғғ. қабырғасы мен оның үстінен төселген күл-қоқысқа негізделген. Кесіндісінде қабырға трапеция тәріздес. Етегінің ені 4,5 м, жоғарғы жағында — 2,6 м. Ол көлемі 32x20x10 см келетін кесектен соғылған. Брустверде тура қабырғадағыдай көлемдегі кесектен қаланған. Отырар айналасындағы қабырғаның тұрғызылу уақытын, 13 ғасырдағы жошылықтар мен шағатайлықтар арасындағы Сырдария бойындағы қалалар үшін тартыстың күшеюімен байланыстыруға болады.

Қалаларда бекінген шағатайлықтар олардың қорғанысын қамтамасыз ете бастады. Отырар қабырғаларының тұрғызылуын нақ осы шағатайлықтармен байланыстыруға болады. Бұл қаланың экономикалық өрлеу кезеңімен де сәйкес келеді.

Отырардағы қазба 13—15 ғғ. құмырашылық қолөнердің қала орталығында да, рабадта да шоғырланғанын анықтап, зерттеуге мүмкіндік берді. Құмырашылар мекені Отырарда 2 га аумақты алып жатқан. Екі құрылыс горизонты анықталды. Олардың төменгісі (екіншісі) 13 ғ, екінші жартысы—14 ғ. бірінші жартысына жатады. Осы горизонттың құрылыстарына қатысты теңгелер жиынтығы негізінен 13 ғ. екінші жартысы—14 ғ. бірінші жартысына жататын шағатайлық дирхемдерден тұрады. Жоғарғы (бірінші) құрылыс қабатының уақыты Темір династиясы мен темірліктер теңгелері арқылы анықталады.

Төменгі құрылыс қабаты деңгейімен 6 шеберхана аршылды. Олардың бірінін аумағы 157 м2, оның 89 м2 өндірістік бөлік, қалғаны— тұрғын жай. Өндірістік бөлігі 2 бөлмеден тұрады. Біріншісі ағаш тіреуге сүйенген бастырмамен жабылған. Тіреу тұрған тас бөлменің ортасынан табылды. Бөлменің ішінде қыштан соғылған, сазға арналған қамба, құдық және суға арналған керамикалық ыдыс болды. Шығыс бұрышына түгелдей, көлемі 45x45x5 см келетін, қыш төселген. Мұнда саз илеп дайындайтын болғанға ұқсайды. Екінші бөлме аумағы 40 м2. Оның бір бөлігінің төбесі жабылып, екіншісі ашық болған. Бастырма бөлігінің еденіне қыш төселген. Шығыс бұрышында қыштан жасалған, сазға арналған жәшік болған, батыс бұрышында құмырашы станогы тұрған орын бар. Оның оң жағында, бұйым жасау кезінде қолды сулап отыру үшін, кең ернеулі ыдыс жерге қазылып орнатылған. Қарсы бетте дайындалған өнім жинайтын, ені 2 м, ұзындығы 2 м, биіктігі 0,3 м, тек орналасқан.

Керамика күйдіруге арналған ошақ екі қабатты, ол бөлменің солтүстік-шығыс бұрышында орналаскан. От жанатын бөлігінің формасы сфера тәрізді. Оның диаметрі 1,6 м, тереңдігі 1,6 м. Оның төбесі күйдіретін камераның едені болып келеді. Еденде екі шеңбер бойында орналасқан 12 тесік бар. От жанатын бөліктің аузы кесіндісінде арка тәрізді, диаметрі 45 см. Ұзындығы  1    м мұржасы аула қабырғасына шығарылған. Ауа тартуын күшейту үшін онда қыштан жасалған құбыр болғанға ұқсайды. Оның тікбұрышты қыштардан соғылған тұғыры сақталған.

Шеберхананың тұрғын бөлігі — бқл анфиладтық жосында салынған 2 бөлмелі үй.

Шеберханаларға тән ерекшеліктерді атасақ, олардың 6-да құмыра ошағы болмады, олардың орнында керамиканы белсенді түрде кептіруге арналған алаңдар бар. Олардың астынан айналдыра ыстық ауа жүретін тесіктер тартылған. 4-ші шеберханамен оны ортақ тұйық көше біріктіріп тұр.

Бірінші қабаттың құрылыстары, жел суырып, жаңбыр шайынғандықтан, нашар сақталған. Керамика күйдіретін ошақтар, қыш төсеніштер, тұрғын жайлар қалдықтары аршылды. Бір-бір ошағы бар 2 шеберхананың қалдықтарын анықтауға мүмкін болды. Олар от жанатын бөліктері ғана сақталған. Олардың диаметрі 155 — 160 см, тереңдігі 80-90 см. Шеберханаға қатысты тұрғын үйлер екі бөлмелі. Осы уақытқа тән   шеберханалардың толық сипатын ашатын қазба Отырардың орталық
төбесінде жүргізілді. Мұнда,   қала   маңындағы шеберханалардың құрылым сипатын толықтыра түсетін детальдары сақталған, құмырашы шеберханасы жартылай аршылды.

Екі өндірістік бөлмені (олар одан көп да болды) төмендегіше сипаттауға болады. №7 бөлмеде жерошақ болған. Ол ұзындығы 2 м, ені 0,4 м, тереңдігі 0,4 м келетін шұқыр түрінде сақталған. Ошақ іші тростник өртеу кезінде алынатын, ақ түсті кристалл ұнтағына толы болды. Ұнтақ шыңылтыр жасауға қажетті компонент. Батыс қабырғаның қасында, бастырма астында жасыл, сұр, қызғылт және ақ түсті ұнтақ түріндегі минерал бояуыштары бар 2 қамба тұрды. Көлемі 3,5×4,2 м келетін №6 бөлмеде тандыр болды. Бөлме өрт кезінде қираған. Өртенген қамыс пен күйген топырақтың астынан, құлаған жабыннан қираған, сыпа үстінде тұрған ыдыстар аршылды. Олардың арасында сырлы тостағандар, құмыралар болды. Белмеде күйдірер алдында ыдыстарды кептірген-ау деген ой келеді. Шеберхананы қазу кезінде көптеген керамика үлгілері, негізінен сырлы ыдыстар табылды. Керамиканы сараптау арқылы мұнда жұмыс істеген шебер, аса көркем керамика жасауға маманданғандығы анықталды. Шеберхана уақыты Темір дәуірінің теңгелері мен қағаз бетіндегі қолжазба фрагменті арқылы анықталды. Мамандардың пікірі бойынша қолжазбадағы жазу үлгісін 14 ғ. аяғына —15 ғ. басына жатқызуға болады.

13 ғ.— 14 ғ. бірінші жартысындағы керамика, алдағы кезеңге қарағанда, едәуір өзгеріске ұшыраған. Сфера түріндегі, баспа, жапсырма, оймышпен безендірілген, қақпақтарды өндіру азаяды. Дастархандармен қатар 3 аяқты үстелдер тарала бастады. Барлық керамика құмырашы шарығында, сұр, сары, ашық қоңыр не қызғыш тығыз қамырдан жасалып, ашық түсті ангобпен көмкерілген. Қызыл ангобпен әдетте, тостағандар, жайпақ тостақтар, тағаралар, кейде құмыралар көмкерілген. Қара және қызыл ангобты ағызу не жағу арқылы безендіру кеңінен қолданылған.

Асханалық керамика жасауда көзелердің дәстүрлі формалары сақталды. Оларда манжет түріндегі жапсырмалар, жайпақ тұтқалар сақталды. Сырсыз керамиканың негізгі түрлері құмдар, құмшалар, дәстүрлі тағаралар, кең және тар ауызды, асқа және су тасуға арналған құмыралар, құмандар, суқұйғыштар болды. Құмыралардың өрнектері толқылдалған оймыш сызықтар түрінде келеді. Кей су таситын құмыралар көлденең, толқындалған және сегіз саны түріндегі сызықтар түсірілген күрделі оймыш өрнекпен безендірілген. Құмыралар, құмандардың бір бөлігінің бүйірлері мен иықтары қою қоңыр сырмен солярлық белгілер, өсімдік гүлдері, серіппелер, зигзагтар, толқындалған сызықтар, эпиграфиялық өрнектер салынған.

Мойны қысқа екі тұтқалы, бүйірі томпақ құтылар табылды. Құтыларға геометриялық және өсімдік сипатындағы, S-түріндегі ширатпалар, жұлдызшалар, серіппелер түріндегі оюлар басылған.

Қалыпта жасалған аса көркем керамика тобы айрықша байқалады. Бұлар кең ауызды, көлденең иықты құмыралар  мен  құмандар. Олардың жоғарғы бөлігі эпиграфиялық, тек бір жағдайда зооморфтық  өрнекпен  безендірілген.   Жоғарғы жағында, рамка ішінде жүріп келе жатқан ат пен сілеусін  бейнеленген.   Ат  жүгенделген,  жүген тартпасы қыран отырған ерге тартылған.   Аттың жалы толқындалған сызықтармен  құйрығы шырша түрінде берілген. Ат қоңқа мұрынды, денесі созылыңқы келген.   Сілеусіннің  айрықша   белгілері — ұзын аяқтар,  кішкентай  басы, жинақы денесі, оратылған   құйрығы  бар.   Төменірек ат еріндегі құсқа ұқсаған құстар қатары салынған. Құмыра фоны шошақтар мен нүктелер, үш жапырақты оюлармен безендірілген.

Шамдар 2 түрлі- биік тұғырдағы тостаған мен дәстүрлі шырақ түрінде.

Керамиканы әрлеуде ангобпен көмкеру мен түсті сырды бірге қолдану тән. Ангобтар — қызыл, сары, қызғылт түсті. Сырлар түссіз және сары, жасыл, қызғылт, көк, қою көкке боялған. Өрнектер өсімдік тәрізді, геометриялық, эпиграфиялық болып келеді.

14 ғ. екінші жартысы—15 ғ. бірінші жартысындағы керамика темірлік керамикамен ұқсас. Керамиканың ақ фоны түссіз сырмен көмкеріліп, суреті кобальтпен, марганецпен салынған. Бұйымның екі беті де безендірілген, бірақ ішкі жағына көбірек көңіл бөлінеді. Суреттер композициясының негізі шеңбер, сопақ шеңбер және орама болып келеді. Өрнекте негізінен өсімдіктер қолданылады. Сары сырмен көмкеріліп, қоңыр, жасыл, қызылмен өрнектелген керамика; қызыл ангоб үстінен сары сыр көмкерген керамика; көк не қою көк сырмен көмкерілген, қарамен өрнектелген керамика кең тараған. 14 ғ. соңы—15 г. басына жататын құмырашы шеберханасынан табылған керамиканың үлкен тобы, бұйымдардың формасы туралы, шыңылтыр мен өрнектердің түсі, өрнек композициялары туралы түсінік береді. Осы кезеңнің керамикасын технологиялық тұрғыдан зерттеу, қорғасын сырлар мен «ескі» бояуыштар қолданғанын, таза қорғасын-кремнезем сырлары жоқ екенін көрсетті. Әк қосылған қорғасын сырлары жиі кездеседі. Дайындау технологиясы күрделі болғанымен бұлар сапалы шыңылтыр береді. Бояуыш ретінде мыс, хром, никель, темір, сүрме тотықтары пайдаланылған.

Керамикалық өндірістегі жаңалықтармен қатар. 13—15 ғғ. керамикасымен моңғол дәуіріне дейінгі керамика арасындағы дәстүрдің жалғастығын да атап кету керек. Бұл өрнектегі дәстүрлі элементтерді пайдалануда байқалады: «құйын» түріндегі гүл, орамалар, геометриялық суреттер. Оңтүстік Казақстанда ерте орта ғасырдан бері кеңінен қолданылып келе жатқан қызыл ангобтың пайдаланылғанын атап кету қажет.

Сырдария бойының дәстүрлі образы — қой бейнеленген керамика бұрынғысынша кең тараған. Әдетте, оның бейнесі сырлы және сырсыз қақпақ тұтқаларда, суқұярлардың шүмегінде кездеседі. Фигуралар өрнек салынған қоңыр және жасыл ангобпен көмкерілетін болған. Керамикада құстың бейнесі жиі кездеседі.

Ортасында ошағы бар қыш күйдіретін шеберхана зерттелді, оның айналасында өндірістік және тұрғын бөлмелер топтасқан. Шеберхана өмірінде, 13 ғ. 2-ші жартысынан 14 ғ. ортасына дейін, 3 құрылыс кезеңі болғаны анықталды. Қыш күйдіретін ошақ осы уақытта үздіксіз (жөндеуден өткізіліп тұрған) қызмет етіп тұрған. Ошақ екі қабатты, жосында тікбұрышты. Сыртынан есептегенде оның көлемі 5,7×7,7 м. От жанатын бөлігі көлемі 24x24x5, 26x26x5 және 36x36x8 см келетін қыштардан қаланған. Оның көлемі 2,9×4.7 м. От жанатын бөлік бес аркамен жабылған. Биіктігі 2 м. Аркалар арасында, қарымен бөлінген ыстық ауа өткізетін тесіктер бар. От камерасының ұзын жағынын ортасымен, қыштан қаланған мұржа өткізілген. Ол тігінен тұрған 4 мұржаға жалғанған. Бұл мұржалар сонымен қатар, ошақтағы температураны реттеп тұруға да арналған. Мұржалардың жоғарғы жағы отқа жиі күйіп, бұзылатын болғандықтан ескі каналдар жаңамен ауыстырылып отырған. Күйдіретін камераның көлемі 5,5×4 м. Күйдіретін камералардың биіктігі 3,5 м-ге дейін болған деген болжам бар. Ошақтың батыс жағынан екі қатар бөлмелер бар. Ошаққа жақын қатар, бір-бірімен байланысқан 3 бөлмеден тұрады. Олардың бірінде жерошақ болды, қалған екеуінде еденге шаршы қыш төселген. Оның ортасында ортасы тесілген қышпен жабылған, ташнау-суағар орнатылған. Бөлмелердің келесі қатары (оларда үшеу) нашар сақталған. Оның екеуінде тандыр орнатылған сыпалар болды. Тандырдың бірінде қазан қойылған. Бұл құрылыстар өндіріспен байланысты болған. Ошақтың сол жағында екі бөлмелі үй болды. Оның тандыры бар бөлмесі тұрғын жай болып келеді, екіншісінде қамба болды.

Қазба кезінде табылған теңгелердің көнесі 13 ғ. 2-ші жартысына, кейінгісі 14 ғ. соңына жатады. Теңгелердің көбісі 13 ғ. 3-ші ширегінде соғылған. Мұнда табылған керамика, жылдың он екі айын білдіретін жануарлар бейнеленген қытайдың қола айналары, таналар 13—14 ғғ. жатады. Қыш күйдіретін шеберхана кешені — Орта Азия мен Қазақстанда толық аршылған бірінші нысан. Отырар рабадының әр жерінде тағы басқа үш қыш күйдіретін шеберхана қазылды. Олар 13— 15 ғғ. жатады.

Қола айналардың көптеп табылуына қарағанда, Отырар бұйымдардың осы түрін өндіретін орталық болғанға ұқсайды. Зергерлік қолөнердің дамығандығына, қазба кезінде жинақталған зергерлік бұйымдар коллекциясы куә бола алады. Оның ішінде 13 ғ. 70-ші жылдарына жататын, жоғарыда аталған күміс көмбе де бар.

14—15 ғасырлардағы Отырар туралы айтқанда, археологтар анықтаған, жұма мешіт құрылысы туралы айтпай кету мүмкін емес.

Мешіт орталық төбенің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Мешіт салынатын құрылыс орны мұқият тегістелген. Мешіт едені тығыз сыланған. Көлемі 60×22 м құрылыс шығыстан батысқа созылып жатыр. Кірісі солтүстік фасадтың ортасында, көлемі 2,7×1,35 м пилондары бар портал қабырға сызығынан шығыңқы орналасқан. Портал тіреулерінің арасы 6 м-дей. Батыс пилон 1,7 м биіктікте сақталған, шығыс пилон толығымен бұзылып алынған. Порталдың бұрышында етегі домалақ мұнаралар орнатылған. Олардың диаметрі 2 м. Мұнара ішінде айналма сатылар болған. Оларға порталдың ішкі жағындағы ені 1 м есік арқылы кіретін болған. Порталдың батыс жағында, айналма сатының алғашқы төрт тепкішегі сақталған. Ғимараттың қасбеттік композициясын, үш қатарға тұрғызылған отыз тіреуден тұратын төрт ашық галерея айқындайды. Тіреулер кесіндісінде шаршы тәрізді (1,35×1,35 м). Тіреулер арақашықтығы 3,7 м.

Кірістің осінде екі зал болған. Төбежабын тіреулері толық бұзылған десе болады. Кесіндісінде тікбұрышты, көлемі 3,3×1,65 м тіреу бірінші залдың батыс жағында сақталған. Михрабты бас залдың алдыңғы екі тіреуі жартылай сақталған. Тіреулер кесіндісінде көпқырлы болған деуге негіз бар. Артқы тіреулер михрабтың екі жанындағы шаршы пилон тәрізді көрінеді.

Михраб орнатылған қабырғада биік табалдырықты есік бар. Ол қала қамаланың маңында орналасқан тұрғын  жайларға баратын көшеге шығады. Мешіт қабырғасының қалыңдығы 1,35 м, бас фасадтың бұрыштары пилястр тәрізді жасалған.

Тіреулер, ойпатты таспа тәсілімен толтырған пахсаға 15 — 20 см тереңдікке отырғызылған. Пахсаға, топырақ тұзынан қорғау үшін, күйген ағаш түйірлері қосылған. Топырақтан жасалған фундаменттің жалпы қалыңдығы 1,1 м. Бұл — монументалды құрылыстардың отырудан сақтауда Орта Азия мен Қазақстанның ортағасырлық архитектурасында кеңінен қолданылатын тәсіл.

Негізгі конструкииялар — қабырғалар, тіреулер, портал пилондары сапалы қыштардан тұрғызылған. Қыш шаршы пішінді, көлемі 25—;28 см. Қыштар тұрақты байламмен, ганч қоспасымен қаланған. Қабырғалардың кей жерлерінде ганч сылағының алғашқы қабаттары сақталған.

Мешіттің архитектуралық безендіруі қызықты. Олар жайында мешітті жапқан қабаттағы тұрғын жайлардан табылған керамикалық беттемелерден білуге болады. Олардың ішінде түрлі-түсті шыңылтырлы қыштар, қою көк және көк түсті  қаптамалар, ою-өрнекті және зооморфты сюжеттер салынған шаршы және тікбұрышты тақталардағы көптүсті майоликалар бар, Шыңылтырлы қаптамалардың басым бөлігі михрабты қабырға мен залдың орнындағы бөлмелерден табылды. Терезедегі керамикалық торлар — панжараның бөліктері табылды.

Отырардың жұма мешіті, Орта Азия ортағасырлық архитектурасында жақсы мәлім, бағаналы-күмбезді құрылыстар түріне жатады. Бағаналы конструкциялары Отырар мешітін Құйрықтөбе мешітімен жақындастырады. Құйрықтөбе мешіті анағұрлым ерте, 10 ғ. тұрғызылған, бағаналы мешіттерінің типологиясының  дамуының ерте кезеңіне жатады.

Мешіттің фасадтық қабырғасымен кешеннің солтүстік құрылысының арасындағы ауланың көлемі 40×22 м. Мешіт пен аула және солтүстік құрылыстың жалпы көлемі 72×22 м.

Мешіт ауласының едені, сақталып қалған бөліктер мен ганч қоспасының қиыршыктарына қарап, құрылыс қабырғалары сияқты, көлемі 25x25x5 см шаршы қышпен төселген деуге болады.

Кешеннің солтүстігіндегі құрылыс архитектуралық пассаж түрінде. Ол екі жағында бөлмелер орналасқан, ені 3,47 м орталық дәлізден құралған. Оңтүстік бөлігінің бөлмелері көлемі жағынан кішігірім: 3,41×1,42 м. Бұлар ішкі жағы дәлізден бір қатар қыштан қаланған табалдырықпен бөлінген айвандар болуы мүмкін. Мұндай бөлмелердің бесеуі толық, солтүстік-батыстағы алтыншысы жартылай аршылды.

Дәліздің солтүстігінде орналасқан бөлмелер айван-бөлмелерге қарама-қарсы орналасқан. Бұл жақтың бөлмелері де бір осте параллель орналасқан. Бес бөлме толық, бірі жартылай аршылды. Құрылымы жағынан бұл бөлмелер екіге бөлінген. Біріншісі — дәлізге шығатын, көлемі 3,5×1.4 м, тамбур айван, оның солтүстік-батыс жағында, ені 1,1 м бөлменің екінші бөлігіне өтетін есік бар. Бүкіл кешеннің сыртқы қабырғасы болып табылатын, бөлмелердің артқы, солтүстік қабырғалары зерттелмеді. Сондықтан, бөлмелердің ұзындығын анықтау мұмкін болмай тұр. Бөлмелердің ені — 3,7 м. Бұл бөлмелердің қабырғалары қыш пен кесекті аралас кезек қолдану арқылы қаланған. Екінші құрылыс қабатының бар екендігі анықталды. Оның барысында кей бөлмелер қайта салынып, оларда сыпалар орнатылған. Алтыншы бөлме зерттелген бес бөлмеден көлемімен ерекшеленеді. Құрылыстың қосымша ерекшеліктерін зерттеу мүмкін емес, оған кейінгі уақыт қабаттары кедергі келтіреді.

Оңтүстік остің айвандары мен солтүстік тамбур-айвандарының негізгі қабырғалары күмбезделген төбежабынмен аяқталғанға ұқсайды, олар дәліздің күмбезімен қосыла отырып аша күмбез деп аталатын конструкцияны құрайды.

Алғашқыда солтүстік-шығыс қабырға жанындағы құрылысты цитадель сарайының бір бөлігі деген болжам айтылған болатын. Бірақ, бұл құрылыс мешіт кешеніне кірген болса керек.

Мешіттің бірден Темір өлгеннен соңғы кезеңде қирау себептері туралы сұрақ туындайды. Бұған мешіттің бітпей қалғандығы себеп болса керек. Мешіт сол құрылыс күйінде қалып, онда намаз оқылмаса керек. Сондықтан, Отырар тұрғындары оны тұрғын жайға айналдырған.

Мешіт қирандылары жақсы сақталған. Бұған екі жағдай: құрылыс кезінде пайдаланылған негізгі материал қыш болған; екіншісі — үш кезеңде жүргізілген консервациялық шаралар—1993 жылы, 2002 — 2004 — ЮНЕСКО-Қазақстан-Жапонияның «Көне Отырарды сақтау мен реставрациялау» жобасының аясында, 2005 -ММЕ ҒЗЖИ жүргізген қосымша консервациялық шаралар себеп болған.

Мешіт ауласының территориясындағы қазба барысында теңгелер көмбесі табылды. 172 дана  мыс теңгелерден тұратын көмбе, тар хронологиялық мерзімге, XV ғ. аяғы-ХVІ ғ. басына жататындығымен қызықты. Әдетте, 1986 жылы Отырарда және Түркістан маңында (Отырар және Қараша көмбелері) табылған көмбелерде XVI ғ. басынан-XVIII ғ. басына дейінгі мерзімді қамтып, түрлі қалаларда: Иассы-Түркістан, Сайрам, Ташкент және басқаларда соғылған теңгелерден тұратын болатын. Орта-азиялық қалалардың теңгелері өте сирек кездесетін. Әзірше, зерттеліп жатқан көмбе Отырар оазисінің территориясында жалғыз, бірак мұндай көмбелер орталық Мауераннахрда кеңінен белгілі.

Отырар қазбасының материалдары 16— 18 ғғ. қала өмірі туралы айқын мәлімет береді.

16 ғ. шахристанның бос аумақтарында қайта құрылыс салына бастады. Орталық төбенің оңтүстік бөлігінде орналасқан, қыштан тұрғызылған монументалды мешіт құрылысы да осы уақытқа жатады. Бағаналы-күмбезді құрылыс, 0,4 м тереңдікке отырғызылған фундаментте салынған. Мешіттің жалпы ұзындығы белгісіз. Мешіт ені 15,5 м. Мешіт ғимараты орталық зал мен оған жапсарласқан қос қанаттан тұрады. Михрабты залға кіретін есік порталмен ерекшеленген. Ол фундаментпен қоса есептегенде 1,5 м-ге сақталған. Орталық залдың көлемі 7×7 м. Залдың ортасында құлаған күмбездің қалдықтары болды. Мешіттің қирауына оң жақтағы порталдың отыруы себеп болған. Отырған қабырғаларды қалындатқан жөндеу жұмыстарының іздері сақталған. Михраб пен михраб алдындағы қуыстың қабырғасы жұқа ганч сылағымен сыланған.

Отырарда 17 ғасыр мешіті, алдында ауқымды алаңы бар, жұма-мешіт болған. Мешіт қирандыларының сақталуы жақсы. Құрылыс қыштан (25x25x5 см) тұрғызылған. Михраб пен михраб алдындағы қуыстың қабырғаларындағы сылақ түсіп қалды. Нысан бірнеше рет консервациядан өткен: 2002- 2004 — ЮНЕСКО-Қазакстан-Жапонияның «Көне Отырарды сақтау мен реставрациялау» жобасының аясында, 2005 — архитектор-реставратор Репинская Е.Н. жүргізген қосымша консервациялық шаралар жүргізді.

Отырар өмірінің 2 кезеңіне сәйкес келетін 2 негізгі құрылыс қабаттарын жіктеу мүмкін болды. Төменгісі 16—17 ғ. 1-ші жартысына, жоғарғысы 17—18 ғғ. 2-ші жартысына жатады. Қала жоспары, көшелер бағыты, орамдар шекарасы мен құрылымы 3 ғасыр бойы өзгермеген деуге болады. Қайта салу кезіндегі өзгерістер тек жекелеген үйлерге ғана қатысты болды (бірқатар жағдайда осылай болды), үй бөлмелерінің қызметі өзгергені, жөндеу іздері мен қосымша құрылыстар байқалады.

Архитектураны сараптау, кейінгі орта ғасырдағы Отырар тұрғын жайлары туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік берді. Ол өзінің дәстүрлілігін сақтаған. Үйдегі бөлмелер саны әркелкі: айваны бар бір бөлмеден 5 — 6 бөлмеге дейін болған. Тұрғын жайдың екі түрі ерекшеленеді. Біріншісіне бөлмелері сызық бойына орналасқан үйлер жатады. Екіншісінде 4 бөлме ашамай тәрізді орналасқан, әрбір екі бөлмесі бір-бірімен байланысқан. Үйдің бәрін байланыстырып тұрған орталық компоненті ошақ-тандыры бар тұрғын бөлме. Жылдың суық мезгілінде ол асхана, отыратын және жатын бөлменің қызметін атқарған. Бөлменің аумағы 10-нан 45 м2 аралығында. Ошақ-тандыр, әдетте, кіреберіс есік қасында орналасқан. Ол сыпа ішіне орнатылатын. Тандыр алдында тікбұрышты, аумағы 6 м2, еңіс жер жасалатын. Оның қабырғалары мен едені қышпен төселіп, ортасында тесік қышпен жабылған канализациялық суағар — ташнау орнатылған. Бұрыштардың бірінде, үстінде көмір сақтайтын тікбұрышты тек болған. Тандыр қабырғасында, аузына қарама-қарсы жерде, мұржамен жалғасатын тесік болады. Мұржа әдетте үй қабырғасына бұрыш тұсынан шығарылатын. Тандырдың саздан жасалған, тұтқасында бу шығатын тесігі бар қақпағы болады. Ошақ-тандырдың қызметі әртүрлі болды — олар бөлмені жылытуға, ас дайындауға және нан пісіруге пайдаланылған. Нан пісіру үшін тандыр қабырғаларына оймыштар түсірілген. Бірқатар үйлердін бастырмалы жазғы аулалары болған. Бай үйлерде оның едені қышпен төселген. Ауланың көлеміне қарай онда 1 не 2 жаңбыр суы сіңетін ташнаулар орнатылған. Аулада 1 не 2 жерден  қазылған,  алмұрт  формасындағы  ошақтар болған. Үйлерде 1-ден 3-ке дейін қойма қызметін атқарған бөлмелер болған. Оларда астық, ұн, кепкен жеміс және жүзім сақтайтын, саздан жасалған жәшік-кебежелер тұрған. Қойма еденінде құмыралар мен құмдар тұрған, кей үйлерде ұралар табылды. Тұрғын және қойма бөлмелерден басқа, мал ұстайтын бөлмелер де бар. Әдетте, олардың еденінде қалың көң жатады. Ортақ аула арқылы байланыстырылған, бірнеше тұрғын бөліктерден тұратын үйлер қызықты. Қаланың негізгі құрылымы, бұрынғысынша орам болып қала берген. Бұл тік не Г-тәрізді орамішілік көшенің, бір не екі жағында топтасқан үйлер кешені. Орталық көшелерге бітеу қабырғаларымен  бүдірлі ернеулері кесіндісінде тікбұрышты болып келген су таситын құмыралар, науалы тұтқасы мен мойнында білігі бар ас ішетін құмыралар, сонымен қатар, жылтыратылған қызыл ангобты саптыаяқтар сынықтары бар. Ыдыстардың кешені тұтастай, жоғарғы еден материалдарын қопарғанда, Қостөбенің (онтүстік) жоғарғы қабатының материалдарымен бірдей. Мекенжұрт «Бес Ақтөбе» деп аталатын ескерткіштер тобына кіреді.


Тағы рефераттар