Әл-Фарабидің ақындығы туралы қазақша реферат

Әл-Фараби заманында талантты да білімді ақын болған. Өлеңдер жазып нағыз поэзияның үлгісін көрсетіп отырған. Фарабидің өз заманында аты әлгілі ақын болғандығы туралы пікір айтушылар болған. М. Райакули  Хаддолт өзінің 1878 жылы Тегеранда шыққан кітабында Фарабидің парсы тілінде шығарған өлеңдерінен мысалдар келтірген. Аталған парсыша үзінділерді өзбек ғалымдары өз тілдеріне аударып, 1959 жылы Ташкентте жариялады.

Мысыр әдебиетші ғалымы Махмуд Аббас әл Аккад «Әл-Фарабиани» (1944) кітабында Фарабидің ақындығы туралы мәліметер беріп, Фараби шығармаларының бірнеше шумақтарын келтіреді. Аян Нысаналы аудармасы бойынша 1971 жылы ғұламаның 4 жолы 10 шақты өлең шумақтары қазақ тілінде жарық көрді.

Әл-Фарабидің еске алған орта ғасырлық жазушылар, ақындар оның талантының жан-жақты, терең болғанын таңдана еске алған. Орта ғасыр  зерттеу еңбектеріне сайф ад-Даула сарайында өнер жарысы болып тұрғаны, оған көптеген ақындар қатысып жыр сайысы қыза түскен шақтарда Әл-Фарабидің жұрттың бәрінен озып шығып, жүлдегер атанғаны, сөйтіп, Сайф ад-Дауланың назарын ерекше аударып отырғаны жөнінде мәліметтер бар. Кейбір тұтас шайырлар Әл-Фарабидің араб-парсы ақындарының ең бастысы ең күштісі санаған.

Әл-Фарабидің ақындығы жөнінде замандасы атақты ақын Әбу-Фирастың мынадай сөзі бар: «Поэзия  — алтын түйе болса, оның басы Әбунасыр Мұхаммедке, өркеші -Әбу Нувасқа, иығы Омар Ибн Әбу Рабиға, кеудесі — Әбу Таммаға тиеді, қалғаны – ішек-қарыны, оны екеуіміз бөлісіп отырамыз»,-депті.

Мысалы:

Қашықтасан туған жер – қалың елім,

Не бір жүйрік болдырп жарау деген,

Шаршадым мен қанатым талды менің,

Шаңыт жолға сарылып қрауменен.

.

Тағы рефераттар