Қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, Қазақстан Республикасы бүкіл дүние жүзілік тарихи және саяси үрдісте орны айқындалып жатқан кезде ХХ ғасыр бас кезіндегі саяси процес лидерлерінің қазақ халқының бостандығы жолында күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеуді қажет етіп отыр. Өйткені ХХ ғасыр басындағы саяси процес лидерлерінің саяси қызметі, әлеуметтік саяси көз қарастары, жетекшілік рөлі жүйелі әрі саралана зерттелмеуде. Президентіміз 1997 жылды «Татулық пен еске алу» жылы деп жариялауы ХХ ғасырдағы тарихымызды тың тұрғыдан қарастыруға жүріп өткен жолымызға жаңаша баға беруге мүмкіңндік жасады,ал 1998 жылы Ел басының жарлығымен халықтың тұтастығы мен ұлттық тарих жылы деп жарияланып «жинақталып тәжірибені ескере отырып, тұғырдан тайса да, санадан әрі сырыла қойылмаған тоталитаризм идеологиясын әшкерелеуді жалғастыра түсем», деп көрсетті34

1991 жылы тәуелсіздігіміз жариялап, Алаш қайраткерлері туралы зерттеулерге жол ашылғаннан кейін ұлттық мүдде тұрғысынан олардың өмірі мен қоғамдық саяси істерін қарастыра бастады. Олардың қызметін жаңаша көзқарас  тұрғысынан М.Қойгелдиевтің «Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры» еңбегінде Ә.Бөкейхановтың, М.Шоқайдың өмірі мен қызметі баяндалған35.[№16,110б.] М.Қозыбаевтің «Ақтаңдақтар ақиқаты» еңбегінде «Қазақ зиялыларының кейіннен Алаш партиясына топтасқандары саяси күресті буржуазиялық демократия шеңберінде жүргізді. Олар заңмен шектелген праволық қоғам, конституциялық жинақталған кейбір саяси бостандықтар ғылым мен мәдениет даму көлемінде күресін бақты.»36.[№30,17-20б.] Т.Омарбековтың, М.Қойгелдиевтің  «Тарих тағлымы не дейді?»,С.Өзбекұлының «Арыстары Алаштың: тарихи очерктер.» монагрфиялық зерттеулері, т.б. зерттеушілердің саяси лидерлер жөніндегі еңбектері баспасөз бетінде жарияланып тұрды37.[31,108б] М.Шоқай, М.Тынышпаев туралы тарихи-танымдық еңбектер де соңғы кезде жарық көрді. М.Шоқайдың таңдамалы шығармалары 3-томдық жинағыжәне Ә.Бөкейхановтың таңдамалы шығармалары 2-томдық  қазіргі кезде баспадан шыққан. А.Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған еңбектерден Р.Сыздықованың «Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітабын атауға болады38.[№33,52б] Е.Серікбаевтың «Бүкіл ресейлік құрылтай және «Алаш» зиялылары мақаласында құрылтайға депутаттар сайлау барысы мен оның жұмысына шолу жасаса жекелеген зерттеушілер Алаш қозғалысына баға беру үшін алдымен оның көш бастаушыларының кімдер болғандығын анықтау мәселесі осы тақырыпты ғылими тұрғыдан игеруге шешуші түрде ықпал жасайды деп есептейді. Ашкееваның  Н. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы саяси әлеуметтік процес лидерлерінің көзқарастары атты авторефераты ХХғасырдың басындағы саяси процестердің басында болған лидерлердің саяси қызметіне, шығармаларына талдау жасай келе ұлттық лидерлердің саяси-әлеуметтік көз-қарасын көрсеткен39.[№34,30б].

Қазақстан Республикасында 1997 жылды «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы», 1998 жылды «ұлттық тарих және халықтар бірлігі жылы» ретінде жариялануына орай саяси әлеуметтік процес лидерлерінің көзқарасын зерттеп зерделеуге арналған баспасөз бетінде «Жас Алаш» газеті40,[№35,4б.] Нүрпейісовтың «Жетісулық Алаш қайраткерлері» «Қазақ тарихы» жарияланған ғылыми публистикалық мақалалардың да маңызы ерекшке  болып табылады41.[№36,59б.]

http: www iie freent kz\ gazag tarih 8html сайтында «Алаш рухы асқақтады» атты Г.Сәдірқызының мақаласы жарық көрді42. [№37,сайт.] Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында Алаш партиясының 90 жылдығына орай әдеби тарихи кештің  мақсаты Алаш зиялыларынын еске алу, жастарды алаш рухында тәрбиелеу керектігін баса айтқан. М.Қойгелдиев «Алаш қозғалысы мен идеясының ұлт тағдырындағы орны» атты баяндамасын «-Кеңестік дәуір тұсында Алаш қозғалысы емес, Алаш қайраткерлерінің есімін де атай алмадық, ал атағандар құрдымға кеттік. Осы күнгі тәуелсіздіктің арқасында жеттік,- деп қорытты.»

Зерттеушілер Ғ.Ахмедов, Г.Сұлтанғалиева, В.Григорьев және М.Қойгелдиевтердің мәліметтеріне сүйенсек, ХІХ-ғасырдың 20-шы жылдарынан 1917 жылға дейінгі мерзімде Қазан университетінде 30-ға жуық қазақ жастары, ал XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндс Петербург университетінде 20-ға жуық қазақ студенттері оқыпты, олардың қатарында Б.Қаратаев, Б.Құлманов, Б.Сыртанов, А.Тұрлыбаев, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқаев, Ж.Ақбаев, т.б. болды. Москва мсн Псетер-бургтің басқа жоғарғы оқу орындарын Ә.Бөксйханов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, т.б. қазақ жастары бітірген. Қазақ жастары Россиядан тыс шетелдік шығыс оқу орындарында да оқыған. Ғалым Ахмедов жинақтаған мәліметтер бойынша 1917 жылға дейінгі кезенде Стамбул университетінде Ә.Ғайсин, С.Шанов, Д.Көлбаев, М.Тұрғанбаев және Ә.Машаев деген жастар білім алған. Толық емес мәліметтер бойынша 1917 жылға дейінгі уақытта 120-ға жуық қазақ жастары әр түрлі жоғарғы оқу орындарын аяқтағаны туралы диплом иемденсе, 700-дей қазақ жастары арнайы орта білім беретін оқу орындарын бітірген.

Осы тоталитаризм құрбаны болған ХХ ғасыр бас кезіндегі Қазақстандағы саяси процес лидерлері Ресей демократтарымен үзеңгілес болып, иық тірестіріп, еңбек еткен Әлихан Бөкейханов, Тұрар рұсқұлов, Халел Досмұхамедов, Смағұл Садуақасов, Сұлтанбек Қожанов, Мұхамеджан Тынышбаев, Мұстафа Шоқай, т.б. болды. ХХ ғасыр басындағы саяси процес лидерлері бүкіл қазақ халқы атынан іс-қимыл жасай отырып, отаршылдықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси-әлеуметтік процес лидерлерінің көзқарастарын тұжырымдайтындай арнайы зерттеу еңбектері жоқ. Көбінесе Алаш тарихына байланысты және сол кездегі саяси тұлғалардың шығармалар жинақтары шыққан. Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Тынышпаев, С.Сәдуақасов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Т.Рұсқұлов т.б. шығармалар жинақтары мен еңбектерінің жарық көруі біздің тәуелсіздігіміздің жемісі болып табылады.

Ахмет Байтұрсынұлы XX ғасырдың басында-ақ хальққа ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік, ақындық, журналистік қызметімен кеңінен таныс болды. Ол ғылым мен ілімнің, әдебиет пен жалпы мәдениеттің салаларында ондаған жылдар бойы ел игілігіне айналған және қазір де оған қызмет етіп келе жатқан асыл мұра қалдырды.

Ахмет Байтұрсьнұлы азамат больш қалыптасқан кезең Қазақстанньң Ресей империясының отарына түгелдей айналып болған уақытқа тұспа-тұс келді. Патша үкіметінің 1867-1868 жане 1886, 1891 жылдары Қазастанда жүзеге асырған көп салалық реформалары (әкімішілік, сот, салық, т. б. мәселелерге байланысты) өлкеміздің империяньң отарлы аймағы, ал халқымыздың отаршылдардың боданына айналғандығын заңдастырды. Осыған орай патшаның жергілікті әкімшіліктері тарапынан әлеуметтік-саяси тұрғыдан езу, оның жекелеген намысқой өкілдерін жәбірлеу мен қорлау жаппай орын алды. Мұны Байтұрсыновтар әулеті де бастан кешірді. XIX ғасырдың сексенінші жылдарында өз ауылында жәбірлеп, қорлағаны үшін Торғай уезінің бастығы Яковлевті Ахметтің әкесі Байтұрсын соққыға жывққан. Сол үшін ол ұзақ мерзімге Сібірге жер аударылған. Бала Ахмет осындай озбырлықтың талайын көріп, тез есейген43.[№15,28-29б.]. XX ғасыр басында өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси қозғалыс өз алдына әуел баста жалпы ұлттық-демократиялық мақсат-міндеттерді қойды. Бұл істің басы-қасында екі ғасыр тоғысында қалыптасқан қазақ зиялылары болды. Әлихан Бөкейханов төңірегіне топтасқан зиялылар, ең алдымен, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатов, өздерінің әдеби шығармаларының беттерінде демократиялық мәндегі ұлттың тең құықтылық, халықтың мәдениетін көтеру, отаршылдардың жер мен суды тартып алуына наразылық білдіру сияқты әлеуметтік-саяси мәні бар мәселелерді көтерді. Бұған Ахмет Байтұрсынұлыньщ «Масасы» (1911 ж.), Міржақып Дулатовтың «Оян, қазағы» (1909 ж.) дәлел бола алады және олардың авторларының сол кездің өзінде-ақ коғамдық-саяси мәні үлкен әрекеттерге барғанын көрсетеді.

Әлихан Бөкейхановтың бағыт беруімен Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен, Міржақып Дулатовтың қосшылығымен, озық ойлы, халық қамын ойлаған жекелеген дәулетті адамдардың демеушілігімен 1913 жылдан бастап Орынборда жалпы ұлттық биресми «Қазақ» газеті шыға бастады. Оның бірінші санында жарияланған оқырмандарға арнаған мақаласында Ахмет Байтұрсынұлы газетті «халықтьң көзі, құлағы һәм тілі» деп анықтай келіп, оның «жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады», — деген тұжырымы арқылы газеттің қоғамда алатын орнын, оның саяси маңызын барынша айқындап берді. Газет 1917 жылы шілде айында дүниеге келген ұлттық-демократиялық партияны дайындауда сан қырлы, салиқалы жұмыстар атқарды. Партия Россияда 1917 жылы ақпан революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі елде орын алған саяси хал-ахуал берген мүмкіндіктер жағдайында 1917 жылы 12—26 шілдеде Орынбор қаласында өткен бірінші бүкілқазақтық сиезде құрылды. Бұл партияға «Алаш» деген ат беріледі. Сиезді шақыру мен оны өткізуде Ахмет Байтұрсынұлы үлкен белсенділік көрсетгі. Ол сиездің хатшылар тобын (құрамында М. Дулатов, Ә. Көтібаров, А. Сейітов бар) басқарып, оның маңызды құжаттарын жасауға жетекшілік етті. Сьезд өткеннен кейінгі екі-үш ай бойы оның шешімдеріне сәйкес Ахмет Байтұрсынұлы «Алаш» партиясы бағдарламасыньң жобасын жасау ісіне қатынасты. Партия бағдарламасыньң жобасын жасауға, Ахаңмен бірге Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғүмаров, Есенғали Тұрмұхамбетов, Ғабдулхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов қатынасты. Петроградта қазан революциясы жеңіске жетіп, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнау процесі жүріп жатқан кезде Ахмет Байтұрсынұлының белсенді араласуымен дайындалған «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы «Қазақ» газетінің 1917 жылы 21-қарашадағы санында жарияланды.

Ахмет Байтұрсынұлы 1917 жылы 5—17-желтоқсанда Орынбор қаласында өткен Бүкілқазақтық екінші сиез жұмысына да белсенді түрде атсалысты. Сиез күн тәртібі Алаш партиясы бағдарламасы жобасының талаптарынан және орталықта социалистік революцияның жеңіске жетуіне байланысты орын алған қоғамдық-саяси өзгерістерден туындады. Сиез талқылап, шешім қабылдаған 10 мәселенің ішіндегі ең маңыздылары бүкіл қазақ жерлерін біріктіретін Алаш автономиясын (қазақ мемлекеттігін) құру оны басқаратын үкімет — Әлихан Бөкейханов басқарған — Алаштың Ордасы (Алашорданы сайлау) және «халықтық милиция» аталған Алаш автономнясының қарулы күштерін жасақтау жөнінде қабылданған шешімдер болды.

Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуын қазан төңкерісі мен большевиктік билік әкелген анархияға қарсы тосқауыл ретінде түсінген А, Байтұрсынұлы большевиктік үстемдіктің Казақстандағы алғашқы адамдарына мынандай баға берді; «Россияның орталық аудандарында большевиктік қозғалыстың қалай өткендігі қазақтарға белгісіз, шет аймақтарда ол барлық жерде зорлау, қиянат жасау және ерекше диктаторлық үкімет билігімен қатар жүргізіледі. Егер бұрын патша чиновниктері аталған адамдар тобы халақтарды ешбір шектеусіз езіп-жаншыған болса, енді мұндай әрекеттерді большевиктер — коммунистердің тобы жүргізіп отыр».

Сондықтан да Алашорда Кеңес өкіметін мойындамай, 1918 жылы жазда басталған азамат соғысы жағдайында оған қарсы ашық күреске шыққан күштермен (атаман Дутов басқарған Орынбор казачествосымен, адмирал Колчак басқарған Сібір үкіметімен, Орал казачествосымен, т. б.) одақтасты.

Жауласушы күштердің (Қазақстандағы) ара салмағы 1919 жылдың басынан Кеңес өкіметі мен Қызыл Армия жағына ауысуы Алашорданың жағдайын қиындатып жіберді. Сондықтан 1919 жылы көктемде Алашорда, бір жағынан Колчак үкіметімен байланысты түгелдей үзбей отырып, екінші жағынан, Кеңес өкіметімен байланысын жандандыруға мәжбүр болды. Бүл жолы Алаш басшылыгы (1918 жылы көктемдегі жағдаймен салыстырғанда) Кеңес өкіметімен байланыс орнату бүкіл Алашорда атынан емес, оның торғайлық тобының атынан жүргізілген жөн деп шешеді. Сондықтан да Ахмет Байтұрсынұлы, алдымен, Казақстанның Далалық өлкесіндегі Кеңес өкіметінің комиссары Әліби Жанкелдинмен байланыс орнатып, одан кейін Москваға барып, Ресей Федерациясының ұлт істері жөніндегі халық комиссары (министрі) И. Сталинмен келіссөздер жүргізеді.

1919 жылы сәуір айында Торғай қаласында азамат соғысы жағдайьнда қоғамнвң бір-біріне қарсы екіге бөлінуінің нәтижесінде Аманкелді Имановтың опат болуы Алашорданың торғайлық тобының Кеңес өкіметімен ымыраға келіп жақындасуын күрделілендіріп жіберді. Саяси хал-ахуалдың дамуындағы осындай өзгерістер келіспей жүргізу ушін Москваға барған А. Байтұрсынұлының жағдайын айтарлықтай қиындатты. Осыған қарамастан А. Байтұрсынұлы большевиктердің Алашордамен байланысқа барып, қазақ халқының тағдыры жөнінде келіссөздер жүргізу қажеттігін дәлелдеуге көп күш жұмсады. А. Байтұрсынұлының табандылығы аяқсыз қалған жоқ. Кеңес үкіметі қазақ халқының Ресей Федерациясы құрамындағы автономиялық мемлекеттік үйымдастыру ісін басқаратын орган құру туралы шешімге келді. 1919 жылы шілденің 10-ы күні В. И. Ленин «Қырғыз (қазақ — Н. К.) өлкесін басқаратын революциялық комитет жөніндегі уақытша ережеге» қол қойды. Казревкомның мүшелігне алғашында А. Байтұрсынов, С. Меңдешев, С. Пестковский (төрага) енгізіліп, кейін әр кезде оның құрамында Б. Қаратаев, М. Тұңғаншин, Б. Каралдин, Т. Седельников Т. Әлібеков, т. б. болды.

Ахмет Байтұрсынұлының Кеңес өкіметі жағына шығуын және оньң Қазревкомның мүшелігіне тағайындалуын большевиктер айтарлықтай саяси науқанға айналдырып жіберді. Көп кешікпей (1920 жылғы сәуірде) ол Кеңес мемлекетінің сол кездегі белгілі әскери және саяси қызметкері М. Фрунзенің ұсьнысымен Ресей коммунистік (большевиктер) партиясының мүшелігіне қабылданды. Осыған орай Орынборда шығып тұрған «Известия Киргизского (Казахского — Н. К.) края» атты большевиктік газеттің сол жылы сәуірдің 15-і күнгі санында арнайы мақала жарияланып, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты аса ірі «қайраткер және әдебиетшінің бейбіт үлттық либералзмнен Казан революциясын және Совет өкіметін тануға дейін кезеңдерден өтіп халықаралық коммунизмге келуін партияның ірі жеңісі және оның казақтар арасындағы ықпалының өсуінің жақсы көрінісі» — деп бағалады. Ал Ахмет Байтұрсынұлы болса коммунистік партияға бір жылдан ғана мүше болған болатын.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде сақталған Ахмет Байтұрсынұлының 1929 жылы маусымның 2-і күні ОГПУ тергеушісіне берген жауабында осы жөнінде былай делінген: «Мен, — дейді ол, — партиядан 1921 жылғы тазалау барысында енжарлығым (пассивность) үшін шығып қалдым. Менің енжарлығым ғылыми жұмысқа тереңдей берілгендіктен және жалпы алғанда саясатқа аз көңіл аударғандығымнан көрінді» (КР ҰҚК-нің архиві, іс-124, том-2, парақ-159)44.[№38,79б.]

Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен 1919 жылы жаз бен күзде Қазревкомның мәжілістерінде Алашорданың Кеңес өкіметі жағына шықпаған басқа топтарымен, ең алдымен, оның Батыс бөлімімен байланыс жасау және оларға белгілі шарттармен кешірім (амнистия) жасау мәселелері сан рет көтерілді.

1919 жылы қазанның 27-сі Қазревкомның кеңейтілген мәжілісі болып (оған РКП(б) Орталық Комитетінің Бүкіл россиялық Орталық Атқару комитетінің осы екі орталық органының Түркістан істері жөніндегі Комиссиясының Түркістан майданының революциялың соғыс кеңесінің мүшелері қатысты), онда «қазақ халқын біріктіру және оны кеңес өкіметі жағына шығару» туралы мәселе талқыланды. Мәжілісте А. Байтұрсынұлы мынадан ұсыныстар жасады: «1) Кеңес өкіметі қазақ халқына жалған емес, іс жүзіндегі өзін-өзі билейтін автономия беретіндігіне оның көзін жеткізсін. 2) …Ақтардың жағында қызылдарға күресіп жатқан Алашорданың Торғайлық және Оралдық тобына олардың кеңес екіметі жағына шығатын жағдайда кешіріп жасалатындығы жариялансын». (Протоколы Казревкома (1919-1920 гг.) Сб. документов А., 1993. с. 32-33.) Осы мәселелердегі А. Байтұрсынұлының табандылығы көп кешікпей өз нәтижесін берді. 1919 ж. қарашаның 4-інде Түркістан майданының революциялық соғыс Кеңесі «Совет өкіметіне тікелей және жанама түрде күрес жүргізіп келген барлық қазаіқтарға (алашордашыларға — авт.) толық кешірім жасау туралы қаулы қабылдады.

Ахмет Байтұрсынұлы Қазревком төрағасының орынбасары әрі оның ішкі істер бөлімінің меңгерушісі ретінде 1920 жылы 4—12-қараша күндері Орынбор қаласында өткен Кеңестердің бүкілқазақстандың құрылтай сиезін шақыру және оның басты саяси құжаты «Қазақ АССР еңбекшілері праволарының Декларациясын» дайындауға үлкен үлес қосты. Бүл сиезде Ресей Федерациясының құрамындағы Казақ Кеңестік социалистік автономиялың республикасы құрылғаны белгілі. А. Байтұрсынұлы осы республиканың үкіметі — Халық коииссарлар Кеңесінің құрамына өтіп, оқу-ағарту комиссары (иинистрі) болып саяланды, ол 1922 жылдан оқу-ағарту комиссараты жанындағы ғылыми орталықты басқарды. Сонымен қатар ол Бүкіл россиялық Орталық Атыару комитеті мен Қазақ Республикасы Орталық Атқару комнтетіне мүше болды.

20-жылдардың басында (1920—1923 жж.) А. Байтұрсынұлы жоғарыда айтылғандай, Казақстанның оқу-ағарту комиссары, Мухтар Әуезов Қазақ автономиялы Республикасының Орталық Атқару комитетінің саяси хатшысы, жекелеген алаш-шыл азаматтар Қазақстан мен Тұркістан АССР-нің мемлекеттік басқару жүйелерінде жауапты қызметтер атқарды. Осындай адамдардың ықпалымен Алаш қозгалысының мүшелері баспасөз, оқу-ақарту, ғылым, өнер жүйелерінде басшылық етіп, айтарлықтай лауазым иелері болды. Сонымен қатар олар ғылым, әдебиет, өнер салаларьнда шығармашылық жұмыспен шұғылданды.

Әлихан Бөкейхановтың Қазақстанда түрып, қызмет атқаруына мүмкіндік болмай, Москваға ауып кеткен жағдайында Қазақстандағы күннен-күнге бел алып келе жатқан әкімшіл-әміршіл мемлекеттік билікке қарсы рухани күрестің көсемінің рөлін Ахмет Байтұрсынұлы атқарды. Осының нәтижесінде 1921—1928 жылдар аралығында А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы», «23 жоқтауы» (құрастырушы), Телжан Шонановтың «Қазақ жер мәселесі тарихы», Көшке Кемеңгеровтың «Қазақ халқының тарихы», К. Сатбаев құрастырып, өзінің алғысөзімен шығарған «Ер Едігенің» нұсқасы, М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы», «Қилы заман» мен «Караш-қарашы»,  Досмұхамедовтың «Аламаны» мен «Исатай-Махамбеті», Мұхаметжан Тынышбаевтьң тарихи зерттеулері, т. б. жарық көріп, халық игілігіне айналды. Бұл еңбектердің басым көпшілігі 20-жылдардың ортасынан бастап елде тоталитарлық жүйенің күшеюіне орай ресми саясатта және әлеуметтік (коммунистік) тапсырысымен жазылған зерттесымақтарда қазақтардың арығ-бергі тарихы мен мәдениетінің өзекті мәселелері, ең алдымен, Қазақстанның Россияға қосылу тарихы, ұлт-азаттық қозғалыстар мәселесі, жер-су мен үлттық мәдениет тарихы өрескел бұрмалануына қарсы бағытталған рухани күрестің жарқын көрінісі болды.

Егер 1917 — 1920 жылдар аралығында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мүстафа Шоқай және олардың сенімді серіктері Кеңес өкіметіне сөзбен де, қараумен де қарсы шықса, 20-жылдары ұлттың демократиялық қазақ зиялыларының Ахмет Байтұрсынұлы бастаған серкелері тоталитарлық жүйеге қарсы рухани майданда бетпе-бет келді.

Енді сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйе көш басында Ахмет Байтұрсынұлы бар бұрынғы Алаш қозғалысының жетекшілерін, белсенді мүшелері мен жақтастарын «Кеңес өкіметіне жау», «буржуазияшыл ұлтшылдар», «Террорлық әрекеттерді дайындаушылар» деген айыптар тағып, 1928 жылдан бастап түрмелерге жапты, 1930 және 1932 жылы екі сот процесінің үкімімен олар ұзақ мерзімдерге концлагерьлерге айдалды, басқа өлкелерге жер аударылды. Одан елге оралғандар 1937-1938 жылдары «үлкен террордың» құрбандары болды. Ахмет Байтұрсынұлы да алғашында ОГПУ, кейін НКВД жендеттерінің құрығына ілігіп, 1929 жылы тұтқындалып, 1930 жылы он жыл мерзімге концлагерьге кесіліп, ол жаза Солтүстік өлкеге (Архаигельск облысына) жер аударылуға өзгертілді. Одан 1934 жылы қазан айында елге оралған Ахаң үш жыл өткен соң 1937 жылы сегізінші қазан күні қайта ұсталды  «халық жауы» деген жалған жазамен ату жазасына кесілді.

Кеңестік шығыстағы түркі халықтарының қатарындағы ең озық ойлы қазақ зиялыларына, халқымыздың ақыл-ойының қаймағына келген сүргін зауал аса ауыр да қайғылы болды. «Әділет» қоғамы халыққа қазақ зиялыларының шындық ақиқатын ашып беруде зор істер атқаруда. С.Жандосовтың атына жіберілген құжат (түпнұсқа) КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының Алматы қаласында 1938 жылдың ақпан-наурыз айларында өткен көшпелі сессияның үкімі бойынша аталған азаматтардың тізімі табылды. Азалы сыр шертетін қаралы тізімді  жүйелей келгенде аталып отырған жылдың 25 ақпанынан 13 наурызына дейінгі аралықта 631 адамның атылғаны анықталды. Жендеттер күн сайын орта есеппен 43 адамды атып отырған45.[№39,128-130б.]. Шамамен 1914-жылдан бастап Мұсылман фракциясының қызметіне тартыла бастап, ал 1916-жылдан оның хатшысы міндеті атқарған Мұстафа Шоқай, белгілі дәрежеде, бүкіл ресейлік ұлт азаттық, мұсылмандық қозғалыстың эпицентрінен бір-ақ шықты. Мұстафа Шоқай Мемлекеттік Дума жанындағы фракция жұмысына 1916-жылғы Түркістандағы қайғылы оқиғаларға байланысты Дума және үкіметтің тыңдауына арнайы баяндама дайындау барысында белсенді түрде қатысты. Баяндама дайындау А.Ф.Керенскийге жүктелген болатын. Қажет материалдар жинап қайту мақсатында А.Ф.Керенский 1916-жылдың күзіне қарай Ташкентке келіп қайтады. Онымен бірге келген Дума депутаттарының арасында М.Шоқайұлы да болды. Сол жылдың соңына қарай жоғарғы билік орындарының назарына ұсынылған бұл өткір баяндаманы дайындауда М.Шоқайұлының да үлесі бар-тын. Ақпан төңкерісін М.Шоқай Петербургте қарсы алды. М.Шоқай басқа түркістандық зиялылар сияқты ақпан төңкерісі нәтижесін үлкен ынтамен қолдап, уақытша үкімет билігі тұсындағы Түркістанда болып жатқан саяси оқиғаларға қызу араласады. 1917-жылдың сәуірінде бір жеті бойы Ташкентте өткен өлкелік мұсылмандар съезі Түркістан Өлкелік Орталық Мұсылман Кеңесін құрып, оның төрағасы етіп Мұстафа Шоқайұлын сайлайды. Бұл факті оған түркістандық зиялылар тарапынан корсетілген ең жоғарғы сенімнің көрінісі болатын.

Бұл қызметке қоса М.Шоқай осы жылы Ташкенде Сырдария губерниялық басқармасының бөлім бастығы, Түркістан Комитеті жанындағы Өлкелік Кеңес мүшесі және баска қызметтерді атқарады46.[№32,222б.] Осы жылдың 26-қарашасында Қоқан қаласында өз жұмысын бастаған Төтенше өлкелік мұсылмандар съезі «Түркістан халықтарының өзін-өзі билеуіне ықылас білдіре отырып, Түркістанды Ресей Федеративтік Республикасымен ынтымағы бір территориялық автономия» деп жариялап, Түркістан Уақытша Кеңесі үкіметін құрды. М.Шокай әуелде бұл үкімст құрамына Сыртқы істер министрі есебіндс еніп, екі жеті өткен соң оның төрағасы болып сайланды.

Түркістан автономиясын жариялай отырып, М.Шокай мен оның серіктері бүл мақсатты іске асырудың қаншалыкты азапты, күрделі екендігін жақсы түсінді.

Ал осы 1917-жылдың 11-ақпанында большевиктер күшпен Қоқан ойранын жасап, таратып жіберген Түркістан (Қоқан) автономиялық үкіметі нені көздеді? 1917-жылдың желтоқсан айында М.Шоқай Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезіне қатынасып, съезд сайлаған Алашорда үкіметінің құрамына енді. Сөйтіп, ол жаңа құрылған екі үкіметтің де мүшесі болды. Оқиғалар ағымы бүл екі автономияның да ғұмырын ұзақ еткен жоқ. Құрамындағы халықтардың өзін-өзі басқару құқығын мансұқ еткен түрлі саяси топтардың өзара арпалыс күресі жағдайында мәселенің басқаша шешілуін күту қисынсыз еді. Бірақ бізге мәлім басы ашық жағдай сол, М.Шокайұлы өмірінің соңғы сәтіне шейін Түркістан халықтарының тәуелсіздігі олардың мемлекеттік тұтастығына байланысты деген ойда болды. Осы ойдың жалынды насихатшысы болып өмірден өтті.

Сонымен, Ресей империясы көлеміндегі азаматтық карсылықтың шиеленісуі барысында М.Шоқайұлы алдымен 1920-жылы Маңғыстау арқылы Грузия асады да, соңынан, яғни 1921-жылдын ақпанында Ыстамбулға аттанады.

Өз отанында қалған Алаш зиялыларына тиеселі басқа үлес жоқ-тын. Мұны Мұстафа Шоқайұлы жақсы түсінді. Түсінгендіктен де саналы түрде эмигрант тағдырын таңдап алды. Оның мұндай қадамға баруы, белгілі дәрежеде, азаматтық ерлікпен бірдей болатын. Бірақ Мұстафа Шоқай басқа отандастары сиякты Ыстамбулда ұзақ кідірместен ресейлік саяси эмиграцияның астанасы Парижге тартты. Оған Түркістандағы большевиктік диктатурамен күресу үшін европалық күрес құралы, тәжірибе және әдіс қажет еді. Керенскийдің «Дни» және Милюковтың «Последние новости» газеттеріне қызметке тұрғанда оның осы мақсаттарды көздегені анық47. [№32,232б.]. Бірақ Мұстафаның тұтас және еркін Түркістан идеясы большевиктерге қалай ұнамаса, париждік орыс демократиясына солай ұнай қойған жоқ-тын. Сондықнан да ол көп ұзамай-ақ (1923) орыс баспасөзімен байланысын үзіп, Керенский жөнс Милюковтардан іргесін алыс сала бастайды. Мұстафа Шоқайдың Парижге келудегі түпкі мақсаты, әрине, отаны Түркістанның азаттығы үшін күреске атсалысу еді.

Түркістандағы кеңестік билікті сынауды өзінің тікелей ұйымдастыруьмен 1927-жылдан бастап Ыстамбулда шыға бастаған, белгілі қайраткер және ғалым Заки Валиди редакторлық етуші «Жаңа Түркістан» журналы атқаруға тиіс еді. Кейіннен бұл басылымды 1929-1939-жылдар аралығында үзіліссіз шығып тұрған «Жас Түркістан» журналы ауыстырды. Оған өзі бас редакторлық жасады. Журналдың алдына қойған міндетін түсіндіруге арналған «Біздің жол» атты кіріспе сөзінде М.Шоқай «егер біз халқымыздың ұлттық тәуелсіздік жолындағы талаптарының мән-мағынасын сол күйінде күшін әлсіретпей «Яш Түркістан» беттеріңде бере алсақ, онда бәріміз үшін қасиетті жене аса ауыр жауапкершілік артқан міндеттердің бір бөлігін өтеген болар едік.

М.Шоқайдың «Кеңестер билігіндегі Түркістан» атты еңбегі мәселемен тек сырттай ғана таныс батыстық интеллигенттің еңбегі емес, Түркістанда атқарылып жатқан істердің түп-төркінінен, терең астарынан, мұндағы түрлі мүдделер қақтығысынан жан-жақты хабардар, мәселенің тарихын жақсы білетін осы өлкеден шыққан зерттеушініц талдауы болатын.Міне, сондықтан да жаңа күш ала бастаған тоталитарлық режим мен Сталинге Мұстафа Шоқайдың сыны өте жайсыз тиді, олар бүл сын батыста және Кеңестер Одағының өзінде социалистік құрылыс туралы өздеріне тиімсіз пікір туғызуы мүмкін деген қауіпте болды.

Мұстафа Шоқай сынының ұтымдылығы оның аргументтілігінде, пайдаланған фактілерінің бұлтартпас дәлдігінде еді. Ал ол фактілерді М.Шоқай негізінен түркістандық орыс және қазақ тіліндегі басылымдардан алып отырды. Сол басылымдардың бірі Ташкентте 1920-1928-жыддары шығып түрған ресми басылым «Ақ жол» газеті болатын.

М.Шоқай өзінің сынын Қазан төңкерісін Түркістан халықтарының «үлкен қуанышпен» қабылдағандығы туралы кеңестік тарихнамадағы пікірдің тарихи шындыққа сәйкестігін анықтаудан бастайды. Ол Түркістан халықтарының, соның ішінде қазақ жұртының да Қазан төңкерісіне ешқандай да қатысы болмағандығын, большевиктердің өз бағдарламасын түсіңдіру мақсатында қазақ жұрты арасында үгіт-насихат жұмысын тек саяси билікке келген соң ғана бастағанын, ал олардың сөзі мен ісі арасындағы алшақтық кеңес билігінің алғашқы күндерінен-ақ байқалғандығын нақты фактілік негізде талдайды.

М.Шоқай Отанға қызмет жасаудың жолдары көп деп түсінген. Мария Шоқай естелігінде  мынадай пікірді айтады: «Өмірінің соңғы сәттерінде, 1940-жылы соғыс тұсында ол үнемі Түркістанның большевиктерден , құтылуын армандайтын. «Алла елімнің тәуелсіздікке қол жеткізгенін көруді нәсіп етсе, мен тек үгіт-насихат ісімен ғана айналысар едім. Жастар үкімет құрса, мен елімнің тарихы және баска өлке халықтары туралы тамаша кітаптар, жазумен шүғылданар едім», — дейтін Мұстафа Шоқай. Бұл ретте ең беделді дерек — М.Шоқайұлының жары Мария Шоқайдың естелігі48.[40,389б.] Міне, осы естелігінде Мария Яковлевна Берлин қаласының «Виктория» ауруханасында 1941-жылы 27-желтоқсанда өмірден қайтқан жары , Мұстафаның бейнесімен соңғы рет қоштасқандығы туралы  мынадай деп жазады: «Шыны қабырғаның ар жағында,  ағаш табыттың ішінде Мұстафа үстінде жібек пижамасы бар жатыр екен. Бетін ақ салфеткамен жауып қойыпты, қолдары қарнының тұсында айкасқан, ұйықтап жатканға ұқсайды, жүзі жасарып кеткендей көрінді. Өлген емес, қатты ұйықтап кеткен секілді. Қарсы қабырғаға табыттың қақпағын сүйеп қойыпты. Мен Парижден кұран мен сәлде әкелген болатынмын. Қолының үстіне құранды қойдық, тақия мен сәлдені мұсылмандардың әдетіндей басына кигіздік»49.[40,407б.]

Сонымен, «Мұстафа Шоқай кім?» деген сауалға қайта,оралайық. Мұстафа Шоқай — өз заманында Түркістанда, орнаған кеңестік биліктің отаршыл сипатын қатесіз тани білген және онымен ымырасыз күреске ғұмырын арнаған ұлы қайраткер.Оның омір жолы Ұлы Отаны — Түркістан — үшін от кешкен Ұлы Азаматтың жолы болатын.

М.Тынышбаев туралы революцияға дейін Орынборда шығьп тұрған А. Байтұрсыновтың «Қазақ» газеті былай деп жазды: «Мұхаметжан Тынышбаев — IІ Государственный Дума ағзасы, инженер. Саясат ісіне жетік, халыққа тазажол мен қашаннан қызмет етіп жұрген алдыңғы қатар зиялы азамат. 25-июнь жарлығы тақырыпты Жетісуда бүліншілік болғаннан бері Мұхаметжан көзге көрінерлік көп пайда келтіріп жүр. Былтыр Түркістан уалаятында Куропаткин генерал-губернатор больп тұрған кезде, Жетісудағы бүліншіліктің не себепті болғандығьн, мәселенің бәрі Жетісу қырғыз-қазағьнда емес, жергілікті хакімдердің жауыздығънан болғаңдығын Куропаткинге жете түсіндіруші Мұхаметжан. Түркістан уалаятындағы қазақ, қырғыздардың жерін Жетісу Переселен мекемесінің зиянды саясаты бойынша мұжыққа алынғандығын, жергілікті халықтардың тау мен тасқа қамальп қалғандығын һәм мұнан былай да жер алынатын болса, қазақ пен қырғыз аса таршылықта қалатындығьн дәлелдеп доклад жазған Мұхаметжан»50.[№41,.85-89б.]

М. Тынышбаев Уақытша үкіметтің Жетісу облысы бойынша комиссары қызметінде жүріп те бауырлас қазақ және қырғыз елдері алдындағы өзінің перзенттік борышынан бас тартқан емес, қайта оны нақты істерімен дәлелдеп берді. Жаңа қызметке бекітіле салысымен (1917 ж. көкектің соңы) ол қырғыз-қазак ауылдарын аралап, жергілікті ауыр жағдаймен танысып, нақты істерге көшеді. Осы сапарында бай-манапттардың, келімсектер мен солдаттардың зорлығына қарсы біраз шараларды іске асыра отырьп, ол Верныйға келген бет-те Петроградтағы 11 мекемеге, атап айтқанда, азық-түлік, егіншілік, юстиция, оқу-ағарту министрліктеріне, Түркістан Комитетінің төрағасы Шепкинге, Мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясына және беделді газет редакцияла-рына жергілікті жағдайды баяндай отырып, нақты көмек көрсетуді өтінген те-леграммалар жолдайды. Телеграммада: «Ел ішіндегі жағдай өте ауыр. Бірінші июньде уездік комитеттердің және комиссарлардың өкілдерімен бірге Кытай-дан қайтып оралған Түптегі қырғыздзрды аралап қайттық. Олардың ауыр тұрмысы біздің жанымызға қатты батты. Елдің үстіне ілген киімдері әбден тозған, балалар өте аз, басым көпшілігі тамақтың жетіспеуінен рахит ауруына шалдыққан. Бойжеткен қыздар мен жас келіншектер жоқтың қасы, оларды Қытай Түркістанында нанға айырбастаған көрінеді. Киіз үй дегенміз — таяққа қыстырылған ескі киздің қиыңдылары, мал басы өте аз, оны да Қытай жерінде тонап алған көрінеді… Ең қорқыныштысы кырғыздардың жаппай аштықтан қырыла бастауы…»— деп көрсетіліп, елге ауыр тиіп тұрған жағдайдың бірі заңсыздық, отаршылдық  пиғылдағы қазқ-орыстар мен солдаттардың онсыз да әлсіз халыкқа зорлық, қиянат жасап отырғандығы баяндалады.

1917 жылы иілде айында Орынбор қаласында бірінші Жалпы қазақ, съезі өтеді. Съезде Жетісу облысындағы жағдай жеке мәселе ретінде арнайы қаралып, сьезд біріншіден соғыс және Ішкі істер министрлігіне жедел телеграм-ма жолдап «Жетісудағы қазақ-қырғызды атып, жаншьп жатқан мұжықтардың һәм соғыстан қайтқан солдаттардың қолынан қару-жарағын сыпырып алып, халықты зорлықтан қорғауларын талап етеді; екіншіден, «Жетісу облысындағы ашаршылықтан қырылып жатқан қазақ-қырғызга Алаш баласы  жәрдем беруін» өтінеді «Қазақ», 1917, № 238. Бұл шараны іске асыруда да М. Тынышбаевтың шешуші роль атқарғандығы даусыз51.[№24,115б.]

Уақытша үкімет комиссарлары Шкапский мен Тыньшбаевтың жігерлі талабының нәтижесінде көп ұзамай Жетісу облысында астьққа монополия енгізілді. Оны іске асыру уездік азық-түлік комитеттеріне жүктеліп, ал оларға көмек ретінде 12 адамнан тұрған уездік Реквизиция комитеттері құрылады.

Көңіл аударуға лайық тағы бір факті — М. Тынышбаевтың тікелей араласуымен Қытайдан оралған қырғыз бен қазақтар үшін шекаралық уездерде халықты тегін тамақтандыратын асхана-пункттердің ашылуы еді. Бұл асханаларды азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етіп тұру уезд комиссарларьна тапсырылады. Мәселен, 1917 жылғы 27 қазаңда Тоқмақта өткен селолық жиналыстың протоколында босқындар үшін бірнеше тамақтандыру пункттерін ашу, осы пункттер үшін 500—600 пұт күріш, орыс шаруаларынан астық сатьп алу туралы шешім қабылдағандығы баяндалады52 [№42]. Әрине, М. Тьнышбаев қазақ және қырғьіз босқындарының тұрмыс жағ-дайына байланысты өзі ойлаған істерінің бәрін іске асыра алмаған еді. Оған уақыттың тарлығы және басқа объективті себептер кедергі жасады. Ол Уақытша үкіметтің комиссары қызметін бар болғаны 7-ақ ай атқарды.

Жекелеген әдеби еңбектерді дайындау белгілі бір тәртіп бойынша жүргізіліп, ұйым мүшелеріне өзара бөлініп беріледі. «Алқа» атты астыртын әдеби үйірменің өмір сүруі әдеби еңбектерді белгілі бір тәртіп бойынша бөлісіп дайындауға ұйытқы болды, оның бағыт-бағдарын («Табалдырықтың») анықтауға Жұмабаев М., және айыпталушылар Ысқақов Даниял, Досмұхамедов X., Әуезов Мұхтар мен Кемеңгеров Қошмұхамед қатысты53.[№43,19б.] «Осы кезде әдебиет майданындағы жұмыстарымыз жандана түсті… Әуелі Аймауытов, содан кейін Кемеңгеров келіп қосылып, біздің ісімізді жүргізіп отырды. Өзіміздің ықпалымызды баспасөз арқылы кеңінен тарату үшін біз барлық күшіміз бен жағдайды пайдаланып қалуға тырыстық… «Алқа» үйірмесінің пайда болуы да соның нәтижесі. Бұл істі тікелей жүзеге асырған Ысқақов, Кемеңгеров және Байтасов маған жұмыс бабы бойынша кеңес алу үшін келіп тұрды, мен оларға өзімнің нұсқауларымды бердім» (Х.Досмұхамедов, № 2370 — іс, 1 т., 221 — парақ).

«Бұдан кейінгі жылдарда кеңес өкіметіне қарсы ашық пікір білдіре алмадық, оны жүзеге асыра» қоятындай күш болмады, сондықтанда барлық күшті кеңес мекемелеріндегі қызметке ие болып, сол арқылы кеңес өкіметінің науқандары мен шараларына бөгет жасауға тырыстық» (Тынышбаев, № 2370-іс, 1 т., 131 -парақ).

«…біздің ойлаған мақсаттарымыз кеңес өкіметінің мемлекеттік басқару аппараты арқылы жүргізіліп, іске асты. Басқа салаларға қарағанда мәдениет майданында біз көп іс тындырдық.

Оқу-ағарту комиссариатының ғылыми комиссиясында Байтұрсынов, Досмұхамедов жэне Ысқақов қызмет істеді. 22-жылға дейін Оқу-ағарту комиссариатын Байтұрсынов басқарды, одан кейін Сүлеев Оқу-ағарту комиссариатының орынбасары болды, одан кейін Сәдуақасов келді, ОАК-ға Дулатов та жақын жүрді, бір кезде Ташкенттегі институттың директорлығының міндетін Әділов те атқарды. Қазақ мәдениеті мен ағарту ісінің жанашырларының қоғамы құрылды. Басқарма мүшелерінің құрамында: Х.Досмұхамедов төраға, Есболов орынбасар, Әуезов, Тынышбаев жэне Ж.Досмұхамедов пен Қашқынбаев болды. Қазақтың мемлекеттік баспаларында — Досмұхамедов пен Ысқақов Даниал (Ташкентте), Дулатов (Қызылордада), Бөкейханов пен Әуезов (Мәскеуде) қызмет істеді. Оқулықтарды — Байтұрсынов, Дулатов, Омаров Елдес, Досмұхамедов X. және («Алашорданың» кезіндегі идеологиялық бағыт-бағдар бойынша) жазды. Аударма әдебиеттерімен — Бөкейханов, Дулатов, Жұмабаев, Байтасов ж). Қазақ тілінде мыналар: X. Досмұхамедов (қазақтардың тәуелсіз кезіндегі өмірін жырлаған, батырлар мен қазақ даласының құдіретін баяндайтын ежелгі әндер мен халық аңыздары), Әуезов (өткен кездің табиғаты мен ауыл өмірін үлгі ете эпикалық сарында суреттеді, оларды үлгі етіп корсетті), Жұмабаев, Тынышбаев (орыс тілінде — кең байтақ кең далаға қоныстанған бұрынғы тәуелсіз өмірдің, өзге халықгарға тәуелсіз күн кешкен тарихын) кітап етіп бастырып шығарды. Ескі араб әліпбиін жақтап қорғағандар: Байтұрсынов, Е.Омаров, Байсейітов Әзіз. Тілдің тазалығы үшін күрескендер: (бұрынғы атаулар мен ұғымдарды): Байтұрсынов, Жұмабаев, Х.Досмұхамедов. Маркстік қондырғысыз, бұрынғы «Алашорданың» идеология-сының негізівде мектепке: Байтү.рсынов, Аймауытов, Жү-мабаев, Байтасов, Жэленов, Омаров Е., Омаров А.С., Байсейітов Әзіз, Әділев, Әуезов, X. Досмрсамедов, М. Тынышбаев оқулық жазды. Университетте (Алматыдағы) сабақ бергендер: Байтұрсынов, Ермеков, Досмұхамедов X., (университетгің ашылу кезінде Байтұр-сынов «Алашорданың» идеологиясы тұрғысынан сөйледі).

Осы кезде шыққан кітаптардың көпшілігі «Алашорданың» идео-логиясы тұрғысынан жазылды, оқу орындарының түлектері сол идеямен қаруланып шықты (Тынышбаевтың 3. X. 30 ж. жауабынан. № 2370-іс, 1 т., 277-278 –парақгар.

Қазақ ұлты рухани парасаттың даму баспалдағына неғұрлым биіктеп көтерілген сайын, өзі үшін құрбан болған алаш ғұламаларын соғұрлым құрметтеп, тағзым етуі тиіс. Өйткені, ұлттың рухани тәуелсіздігін сақтап қалғандар да, мәңгүрттіктен құтқарып кеткендер де, болашақтағы тәуелсіздіктің қасиетті ұлы жолын анықгап берген де солар.

Таланттың тағдырын талқыға салған, тұлғаларды тұқыртқан жазалау науқанының кезекті бір науқаны былай аяқталды: «Қазақстандағы біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарманың » төтенше өкілеттігінің жанындағы үштіктің мәжілісінің № ІІІ/к мәжіліс-хатының көшірмесі. 1932 жыл. 20 көкек54.[№43,23б.]

Тыңдалды: № 2370-іс бойынша : Тынышбаев Мұхамеджанды, Досмұхамедов Халелді, Досмұхамедов Жаһаншаны қылмыс кодексінің 58/10, 57/7, 58/11 жэне 58/3-статьялары бойынша; 2. Үмбетбаев Алдабергенді, Мурзин Мұхтарды ҚК 58/7, 58/11-ста-тьялары бойынша; 3. Мұңайтбасов Әбдірахманды ҚК 58/4, 58/11-статьялары бойынша; Кемеңгеров Қошмұхамедті, Бұралқиев Мұстафаны ҚК 58/10, 11-статьялары бойынша; Күдерин Жұмақанды, Қожамқұлов Нашимді ҚК 58/11-статьялары бойынша; Ақбаев Әбдұлхамитті ҚК 58/11 жэне 16-статья бойьшша; Ақбаев Жақыпты ҚК 58/10, 59/3-статьялары бойынша; Қадырбаев Сейтазымды ҚК 58/7, 11-ст. бойынша; Омаров Әшімді ҚК 58/10, 7, 11-ст. бойынша; Тілеулин Жұмағалиды ҚК 58/2-ст. бойынша; Ермеков Әлімханды, Әуезов Мұхтарды ҚК 58/7, 10, 11 -ст. бойынша Омаров Уәлиханды, Сүлеев Біләлді 58/2-статьясы бойынша; Ысқақов Даниалды ҚК 58/10, 11-статьялары бойынша жауапқа тартты. Шешім:

1. Тынышбаев Мұхамеджанды. 2. Досмұхамедов Халелді. 3. Досмұхамедов Жаһаншаны. 4. Үмбетбаев Алдабергенді. 5. Мұрзин Мұлтарды. 6 Мұңайтбасов Әбдірахманды. 7. Буралқиев Мұстафаны. 8. Кемеңгеров Қошмүхамедті. 9. Күдерин Жұмақанды. 10. Қожамқұлов Нашимді. 11. Ақбаев Әбдүлхамитті. 12. Ақбаев Жақыпты. 13. Қыдырбаев Сейтазымды. 14. Омаров Әшімді. 15.  Тілеулин Жұмағалиды — бес жыл мерзімге концлагерые жіберуге, оны сонша мерзімге жер аударумен ауыстыруға… шешім қабылдады. 16. Ермеков Әлімхан. 17. Әуезов Мұхтар — үш жыл концлагерьге қамалсын, уақыттары 8/Х — 30 ж. бастап есептелсін. Ермеков пен Әуезовтің үкімі шартты түрде есептелсін. 18. Омаров Уәлиханды. 19. Сүлеев Біләлді. 20. Ысқақов Даниалды қамаудан босатсын, тергеу кезіндегі отырғаны еске алынсын».

Қазақ ұлтшылдарының контрреволюциялық астыртын ұйымын әшкерелеуге арналған бес жылға созылған тергеу ісінің  нәтижесі осындай үкіммен тәмамдалды.

.

Тағы рефераттар