Әлеуметтік қорғаудың қағидалары мен атқаратын қызметі туралы қазақша реферат

Әлеуметтік қорғау жүйесі белгілі бір қағидаларға негізделеді. Оларға мыналар жатады:

1)    Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі экономика және саясат арасындағы байланыс қағидасы. Кедейлікпен күрестің қаруы болып тұтындың орташа деңгейін көтеретін экономикалық өсу табылады. Саясатшылар кедейлерге әлеуметтік көмекті көрсету шаралар жиынтығын анықтайды.

2)    “Жалпы тәуекелділікті сақтандыру” қағидасын  “ынтымақтастық жауапкершілік” қағидасымен үйлестіру. Адамның қолынан келетіннің бәрін қоғам орындамайды. әр адам өзі үшін өмір сүреді, бірақ әртүрлі жағдайдың себебінен ол жеке тұлғаны сақтандыруда осы қағиданы ұстанады.

3)    Әлеуметтік қорғау жүйесін құрудағы альтернативтілік қағидасы. Әлеуметтік қорғау жүйесін құруда оның негізі болып табылатын: қаржыландыру, ұйымдық құрылым, көлемі және формасы бір-бірімен тығыз байланыста, оларды жеке өз алдына бөлуге болмайды.

4)    Жалпы әлеуметтік кеңістік қағидасы. Мемлекет халықты әлеуметтік қорғаудың жалпы стандарттарын құрады, еңбекақысы, зейнетақымен қамтамасыз ету, жәрдемақы, стипендиямен, медициналық қызмет көрсету, біліммен қамтамасыз ету саласында сәйкес құқықтық база құру арқылы минималды кепілдеме береді.

5)    Өкілдікке шек қою қағидасы. Әлеуметтік көмек мемлеккеттік, аймақтық, жергілікті және кәсіпорын деңгейінде көрсетіледі.

6)    Әлеуметтік көмек динамизациясы жағдайдың өзгеруімен байланысты жүру қағидасы.

7)    Өзін-өзі басқару қағидасы. Ол мемлекеттік басқармалардан өзін-өзі басқару органдарын бөлуден тұрады. Ол әлеуметтік қорғау жұмысын толық істелуін қамтамасыз етеді.

8)    Сақтандыру қағидасы. Сақтандыру – халықты әлеуметтік қорғаудың ең тиімді құралы. Адамдар көбіне ауру, жұмыссыздық, сәтсәз оқиғаларға көбіне алдын ала дайын жүрмейді. Сол себептен адамдар сақтандыру қорына төлеп тұрады. Сол арқылы төлем көлеміне байланысты әлеуметті көмек көрсетіледі.

9)    Шығындарға қатысу қағидасы. Белгілі әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру азаматтардың өз қаржыларының қатысуы арқылы жүзеге асады.

10)   Қамтамасыз ету қағидасы. Салық есебінен әлеуметтік көмекті қаржыландыру.

11)   Ескерту қағидасы. Апаттық әлеуметтік жағдайлардың болуын ескерту.

Әлеуметтік қорғау жүйесінің объектісі мен субектісі өзара атқаратын қызметтері арқылы байланысқан. Егер әлеуметтік қорғау қызметтерін қарастыратын болсақ, онда ол кең немесе тар мағынада қарастырылатынын нақтылап алуымыз керек.

Кең мағынадағы әлеуметтік қорғау атқаратын қызметтері келесідей: экономикалық, еңбектік, технологиялық.

Тар мағынадағы әлеуметтік қорғау келесі қызметтерді орындайды: бағалық, орнын толтыру, жағдай жасау, бейімдеу.

Экономикалық қызмет халықтық өмірлік деңгейін көтеру үшін экономикалық өсудің тұрақты тәсіліне бағытталған, өндіріс көлемінің өсуіне бағытталған және еңбекақының өсуін қарастырады.

Әлеуметтік қызмет әлеуметтік қорғауда адамның өмірлік деңгейін және жағдайын жақсартуға халықтың әлеуметтік осал топтарына өмір сүруіне кепілдемені қамтамасыз етуге ыңғайландырады.

Ақпараттық қызмет азаматтарға Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы туралы толық ақпарат беру үшін кепілдеме жүйесін құруға бағытталған.

Аналитикалық қызметі халықтық өмірлік деңгейін жүйелік талдауға арналған.

Еңбектік қызмет. Әлеуметтік қорғау – бұл нақты мақсаты, заты және еңбек құралы бар нағыз еңбек. Әлеуметтік қорғау қызметін орындайтын әлеуметтік институттар жоғары квалификациядағы саясатшы, әлеуметші, экономист, әлеуметтік психолог, менеджер сияқты еңбек ресурстарымен қамтылу керек.

Технологиялық қызмет. Барлық еңбек сияқты әлеуметтік қорғау өзінің технологиясы болуы керек. Ол белгілі этаптар мен операциялардан тұрады, орындау спецификасы әлеуметтік жұмысшылар квалификациясы деңгеімен анықталады.

Үлкен рөльді орнын толтыру қызметі ойнайды. Ол халыққа қалыптасқан жағдайлардағы ауыртпалықты азайтуға жағдай жасайды.

Жағдай жасау барлық әлеуметтік топтарға өзінің экономикалық жағдайын өздері басқаруға жағдай жасайды.

Бейімдеу қызметі әртүрлі категориядағы халықты жаңа қоғамға бейімдеумен айналысады, біріншіден, балаларды, орта жастағы жұмысқа жарамды адамдарды, жұмыссыздарды. Бұл қызмет білім институты, еңбек нарығы инфраструктурасы, әлеуметтік-психологиялық орталықтар арқылы іске асады
Тағы рефераттар