Мектеп оқушысының қоршаған ортамен байланыстарының сипаты өзгеруі үшін оқу орындарының барлық түрлері шын мәнінде әлеуметтік және мәдени тәрбие орындары ретінде танылып, оларда әлеуметтік педагогикаға лайықты орын алуы қажет.
Ал енді қоғамға,әрбір оқушы мен оның отбасысына қажет болып отырған әлеуметтік педагог дегеніміз кім, ол қандай болуы керек?
Әлеуметтік педагог —- өзінің негізгі жұмыс бағытын оққушылардың сабақтан бос уақытын тиімді пайдалану мәселесімен айналысады. Олар ата-аналармен бірлесе отырып, мектептен тыс көптеген қызықты жұмыстар жүргізе алады. Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттері әлеуметтік педагогтың үлесіне тиеді.
Алдымен әлеуметтік педагог әрбір өскелең жас адамға ақылшы, ұстаз, ұйымдастырушы, психолог, тәрбиеші, үлестіруші-әдіскер, олардыың әлеуметтік құқықтарын қорғаушы болуға тиіс. Әлеуметтік педагог кәсіби психологиялық жағынан дербес жасампаз адамдарға, жоғары оқу орнында алған білімі мен машығы негізінде оқушы жастар мен олардың отбасыларының құқықтарын әлеуметтік жағынан қорғай алатын, жеке адамның әлеуметтік ортада,оқу барысында, еңбек қызметінде және бос уақытында жан-жақты жарасымды дамуының мәселелерін пайымдап, іске асыра алатын әлеуметтік педагогтарға ғана тиесілі. Әлеуметтік педагогтың жұмыс объектілері оқушылар мен ата-аналар ғана емес, сонымен қатар, әртүрлі жастағы адамдар, клубтар, секциялар, топтар және қоғамдық бірлестіктер.Мұндай ортада барлығы өздерін еркін ұстайды, тәуелсіз сезінеді. Сондықтан да бұл ортада жұмыс істеп, оқушының бос уақыттағы тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру қиын да күрделі жұмыс.
Әлбетте, бұл міндеттерді іске асыру үшін әлеуметтік педагогтар мемлекеттік, кооперативтік, мәдениет мекемелері, спорт ұйымдары мен кітапханалар ұйымдарының, балаларды қорғаушы және оларға қамқоршы ұйымдардың, бірлестіктердің т.б. көмегін пайдаланады.
Біліктілігі жоғары маман ретінде әлеуметтік педагогтар, сондай-ақ баланы әлеуметке бейімдеудің жалпы, ауқымды мәселелерімен қатар тиісті мекемелерде балалар тамағына бөлінген қаржының дұрыс жұмсалуын бақылау, интернат типті тәрбие орындарында гуманитарлық көмекте әділ болуы, т.б. сияқты жеке мәселелерді де шешеді.
Қазіргі әлеуметтік педагогтың ең алдымен әлеуметтік педагогика, әлеуметтік психология, педагогикалық социология, жас шамасының психологиясы мен педагогиикасы, акмеология, жастар мәдениеті, отбасын тану, құқық тану, ортаны педагогикаландыру сияқты салалардан арнайы білімі болуы тиіс.
Бүгінгі таңда ауыл мектептерінде әлеуметтік педагогтардың аса қажеттілігі туындап отырғандығы мәлім. Әлеуметтік педагог ауыл мектепптерінде тек мектеп оқушыларымен ғана емес, білім процесіндегі ересектерге де дағдарыс жағдайынан және қиын ситуациялардан (бақытсыз жағдай, ұжым мен ата-аналармен, әкімшілікпен конфликт, аурулар және т.б.) шығу жолдарын көрсетеді.
Әлеуметтік педагог жұмысындағы жасөспірімдермен жұмысының өзіндік ерекшелігі бар. Біріншіден, ол жасөспірімдермен жұмыста, олардың іс-әрекет мәселелерін нақтылауда оқушының оқу және тәрбие жетістігі мәселесіне ден қояды, жасөспірімдердің өмірсүйгіштік, оптимистік, отансүйгіштік бағытта бола білу, әртүрлі сәтсіздіктерді алдын-ала білу қасиеттерін қалыптастыруға ата-аналармен бірлесе отырып жұыс жүргізеді.
Әлеуметтік педагогтың жұмысының негізгі мақсаты — оқушылардың дамуын, тәрбиесін, білім алуын әлеуметтік тұрғыдан қорғау. Әлеуметтік педагогтың негізгі жұмысының басы алға мақсат қоюдан басталады. Өскелең ұрпаққа заман талабына сай тәрбиелеу, тұлғаның бойына жауапкершілікті, өз отанына деген міндет-борышын атқаруға, оның гүлденіп, өркендеуіне атсалысуына үйрету, өз тіліне, өзіне сүйіспеншілігін қалыптастыру, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор көрсету, табиғатты аялауға ықпал ету. Жалпы айтқанда осының бәрі ауыл жасөспірімдерінің өнегелі қасиеттерін қалыптастыру мен азаматтық тәрбиелердің негізінде жүріп отырады.
Міндеттері
- Оқушылардың қажеттілігі мен қызығушылықтарын, мінезден ауытқушылығын, әлеуметтік ортаға бейімделу және әлеуметтік қорғалу деғңгейін анықтау.
- Оқушыға қажетті қолдау мен әлеуметтік көмекті өз уақытысында көрсету.
- Оқушы — жеке тұлға мен мекеменің, отбасы, орта, әлеуметтік қызмет мамандарын, әкімшілік орындарды тікелей байланыстырушы.
- Жеке тұлғаның бостандығы мен құқығын жүзеге асыруда, оқушыларды қолдау мен көмек көрсетуде т.б. әлеуметтік қорғау барысында шара қолдану.
- Әлеуметтік инициативаны дамытуа, әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған, мерекелік шаралар ұйымдастыру және оларды талдап, бекітуге қатысу.
- Мекемеде, отбасыда, және қоршаған әлеуметтік ортада білім алушы жеке тұлғанның қауіпсіздігі мен психологиялық үйлесімділігіне жағдай туғызуына ықпал ету.
- Оқушының салауатты өмір салты үшін әлеуметтік ауытқушылық пен құқық бұзушылығының алдын алу.
- Оқушыларға көмек көрсету үшін мұғалімдердің, ата-аналардың, әлеуметтік қызмет көрсету мамандарының, әкімшілік ұйым өкілдерінің өзара әрекетін үйлестіру.
Көрсетілген мақсат-міндеттерден әлеуметтік педагогтың төмендегідей жылдық жоспарын жасауға болады.
Әлеуеттік педагогтың жалпы білім беру мектептеріндегі жұмысының жылдық жоспарын төмендегідей бейнеде көруге болады.
Тамыз
- Жаңадан келген оқушыларға диагностика жасау.
- Әлеуметтік медико-педагогикалық сарапшыларға осы мағлұматтарды тапсыру.
- Алынған нәтижелерді талдау және түзете-дамытып оқытудағы сыныптарды қалыптастыру.
- Жүргізілген диагностикалыық нәтиже бойынша оқушыларға деген көзқарас қалыптастыру.
- Оқушыларды қорғауда және әлеуметтік қолдауда әкімшілік ұйымдары мен әлеуметтік қызметкерлер мамандарының өзара әрекеттесуі.
- Алынған мағлұматтарды талдау негізінде әлеуметтік педагогтың түзету жұмыс жоспарын жүргізу.
Қырккүйек.
- Сынып жетекшілерімен жұмыс:
А) оқушыларға жүргізілген диагностикалық жұмыс нәтижелерін сынып жетекшілеріне таныстыру;
Б) түзете-дамытып оқытуда сынып оқушылары туралы педагогикаалық көзқарас пен мінез-құлқын қалыптастыруға кеңес беру;
В) түзете-дамытып оқыту сыныптарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда біркелкі талаптарға байланысты жоспар құру;
Г) өткен оқу жылында өткізлген педагогикалық консилиумды мектеп мұғалімдерімен келісе отырып талдау;
Ж) мектеп бітіруші оқушыларға (9-11 сынып) педагогикалық мінездеме беруге байланысты кеңес беру;
2.Оқушылармен жұмыс:
а) мектеп оқушыларының қоршаған ортасының дамуын бақылау, мониторинг жасау;
б) оқушылардың мінез-құлқындағы ерекшелігін диагностикалау;
в) жалпы оқу қабілеті мен дағдыларды диагностикалау;
г) оқушылардың әлеуметтік ортасын диагностикалау (отбасы, қарым-қатынас жасайтын ортасы, қызығушылығы мен қажеттілігі);
ж) оқушыға әлеуметтік психолого-педагоикалық мінездеме құру;
е) оқушыларға жүргізілетін түзету жұмыстарының жолдарын жасау;
3.Отбасымен жұмыс.
А) оқушылардың әлеуметтiк өмірінің жағдайын диагностикалау;
Б) оқушылардың отбасымен зерттеу жұмыстарын талдау;
В) ата-аналар жиналысында, ата-аналарға дәріс тақырыптарын өңдеу;
Г) сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысын талдау, ұсыныс беру;
Ж) оқушылардың мектепке, әлеуметтік ортаға бейімделу процесін мектеп ішінде бақылауға жоспар құру;
Е) ата-аналарға жеке кеңес беруді жүргізу.
Қазан
1.Түзете-дамытып оқыту сыныптарында диагностиканы жүргізу минимумы.
- Түзете-дамыта оқыту сыныптарында қоғамдық іскерлік пен дағдылады қалыптастыру жұмыстары.
- Түзете-дамыта оқыту сыныптарында сенсорлық—моторлық дағдыларды жүзеге асыруға бағытталған жұмыс.
- Оқушылар мен ата-аналарға жеке кеңес беру.
Қараша
- Түзете-дамыта оқыту сыныптарында түзету жұмысы (бейімделмеудің алдын алу, оқу түрткісін қалыптастыру, жалпы оқу іскерлігі мен дағдысын жасау).
- Жаңадан келген оқушыларды мектепке бейімдеу бағдарламасын жүзеге асыру.
- Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне оқушылардың әлеуметтік карталарын жинауға және талдауға көмек көрсету.
- Ата-аналар мен окушыларға жеке кеңес беру.
- Оқушылардың әлеуметтік педагогикалық ерекшелік мағлұматтарын диагностикалау.
Желтоқсан
- Оқушылардың әлеуметтік психолого-педагогикалық өзгерістерінің мониторинг- динамикасы.
- Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерін мониторинг нәтижесімен таныстыру.
- Әлеуметтік қызметкер мен әкімшілік органдарымен мониторинг нәтижесін көрсету.
- Мониторинг жүргізуде анықталған өзгерістерді әлеуметтік педагогикалық процесте түзету.
Қаңтар
1. Оқушылар мен мұғалімдерге жеке кеңес беру.
- Оқушылардың жинақталған мәліметтерінің әлеуметтік-педагогикалық ерекшеліктерін қорытындылау.
- Әлеуметтік қызметкерлермен, әкімшілікпен кеңесе отрырып, жергілікті мерекелерге жоспар жасау.
- Әлеуметтік қызметкерлермен әкімшілік органдардан алған мағлұматтарды диагностикалау негізінде еңбек нарығына қажетті және басқа да мамандыққа оқушыларды кәсіби бағыттау жұмысына жоспар құру.
- Оқу мотивациясы жоғары оқушылардың үздіксіз оқуын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс.
Ақпан
1. Оқушылардың әлеуметтік картасын толтыру үшін сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің материал жинауына көмек көрсету.
2. Ата-аналар мен оқушыларға жеке кеңес беру,
3. Оқушылардың әлеуметтік педагогикалық ерекшелігі жөніндегі мағлұматтарын диагностикалау.
4. Әлеуметтік қызметкер, мұғалім, психолог, әкімшілік органдарының өкілдерімен кеңесе отырып мерекелік шараларды өткізу.
Наурыз
- Әлеуметтік-педагогикалық аумақтағы мониторинг-динамикалық өзгерістерді қарастыру.
- Әлеуметтік-педагогикалық процесте мониторинг өзгерістерді біле отырып түзету жұмыстарын жүргізу.
- Ата-аналарды, сынып жетекшілерін, пән мұғалімдерін мониторинг нәтижесімен таныстыру, әлеуметтік қызметкерлер мен әкімшілік органдарына осы мониторинг туралы мағлұмат беру.
- Сынып жетекшілерінің оқушылардың педагогикалық мінездемелерін толтыруын қадағалау.
- Ата-ана және оқушыларға жиналған мағлұматтар бойынша жеке кеңес беру.
- Түзете-дамытып оқытудағы сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған жұмыс.
Сәуір
- Әлеуметтік педагогтың сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, ата-аналарымен мониторинг-динамикалық нәтиженің өзгеруіне байланысты бірлесе жұмыс жүргізуі.
- 9-11 сынып оқушыларымен жеке кәсіби жұмыс жүргізу.
- Мектептегі әлеуметтік педагогикалық қызметті өз деңгейінде талдау және жүзеге асыру.
- Оқушыларды аттестация жүргізу барысында стресстік жағдайлардың туындау мүмкіндігіне байланысты тұрақтылығын қалыптастыруға әлеуметтік-психолого-педагогикалық іс-шаралар жүргізу.
- Оқушыларды оқу-тәрбие процесіне бейімдеу.
- 6. Ата-аналар, оқушылар, мұғалімдерге мәліметтердегі көрсеткішке байланнысты жеке кеңес беру.
Мамыр
- Келесі оқу жылында кемшіліктер жібермеу үшін мектептегі өткен оқу жылындағы әлеуметтік педагогикалық қызмет жұмыстарын талдау.
- Жаңа оқу жылының жұмыс жоспарын құру.
- Қорытынды педагогикалық кеңесте талқыланған сынып жетекшілерінің педагогикалық консилиум және әдістемелік бірлестіктегі жұмыстарын талдау.
- Сынып жетекшілеріне педагогикалық көрсеткіштердің қорытындысындағы кемшіліктерді түзетуге ұсыныс жасап, кеңес беру.
- Жаздық еңбек-сауықтыру кезеңдерін ұйымдастыру үшін ата-аналарға әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру.
- Жаңа оқу жылының ата-аналар жиналысына тақырыптар құру.
- Мектептегі әлеуметтік педагогикалық жұмыс динамикасының өзгерістерін айқындау үшін өткен оқу жылына әлеуметтік-психолого-педагогикалық талдау жасау.
- Сынып жетекшілерінің, пән мұғалімдерінің алдағы іс-әрекет мақсатына болжау жасау.
- Әлеуметтік педагогикалық қызметтің қорытынды нәтижелерін педагогикалық кеңесте талдау.
Ескерту. Берілген әлеуметтік жұмыс жоспарын оқушылардың контингент ерекшелігіне байланысты құруына, өзгерістер енгізуіне, апталық жоспар жасап толықтыруына болады.
Қазіргі жағдайда мектептің, отбасының және көпшіліктің өзара байланысын жақсартатын әлеуметтік педагогтар даярлаудың ауқымын кеңейту керектігі өте айқын сезілуде. Мұндай категориядағы кәсіби білікті мамандарды дайындауға және қайта даярлауғаерекше көңіл аударуы қажет. Міне, сонда ғана бала тәрбиесіндегі мектеп, отбасы және көпшілік ұйымдардың арасындағы байланысты жақсартатын мамандар саны көбейіп, сапасы артады. Мұны өмір талап етіп отыр.
Тағы рефераттар
- Франция мемлекетінің аймақтық құрамы
- Қазақстан Республикасының валютасы. Қазақстан Республикасының банкноттары
- Құқық нормасы құрылымының түсінігі және оның элементтері
- Өндірістік есеп және оның өндірісті басқарудағы рөлі
- Австро-Венгрияның құрылуы