Мемлекет механизмі туралы қазақша реферат

Мемлекет тетігі — мемлекеттің қызметін (функциясын), алдына қойған мақсатын іске асыруға арналған мемлекет органдарының жүйесі.

Заң ғылымында «мемлекет тетігі» және «мемлекеттік аппарат» түсініктері синоним ретінде колданылады. Бірақ, кейбір көзқарастар бойынша мемлекеттік аппаратқа, тікелей басқару ісімен шұғылданатын сол үшін өкілеттілік  берілген оргаңдарды жатқызады, ал «мемлекет тетігі» түсінігіне мемлекеттік аппараттың «материалдық қосылымдары» кіреді және (қарулы күштер, ішкі істер органдары, түзету мекемелері), себебі мемлекеттік аппарат өзінің қызметін соларға сүйеніп атқарады.

Мемлекет тетігінін, қоғамның өркениетті даму кезендерінде әр түрлі құрылымдары және қызметтері болған. Адам баласының коғамы, прогресс жолымен жылжи отырып, мемлекеттік органдар құрған, мемлекеттің қызметін өз мәнінде қамтамасыз еткен. Мемлекет тетігінің құрамдық және қызметінің әртүрлілігі, онын жалпылама және көптеген бұрынғы және қазіргі мемлекеттерге тән сипаттағы маңызды белгілерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Мемлекет тетігіне — қоғамды мемлекеттік басқару және оның негізін мүдделерін қорғау жатады және арнайы органдардың мекемелердің жүйесі арқылы іске асырылады.

Мемлекеттік тетіктің жалпы сипаттағы белгілері мынадан кіреді:

Біріншіден, мемлекет тетігі арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды).

Екіншіден. мемлекеттік тетік органдардын және мекемелердін киын жүйесі. өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруда тығыз байланыста болды.

Үшіншіден, мемлекет аппарат бөліктерінің барлык қызметтері ұйымдастыру және финанс құралдарымен қамтамасыз етіледі, ал керек жағдайда мәжбүрлеу арқылы іске асырылады.

Төртіншіден, мемлекет тетігі азаматтардың занды мүдделерін және құқықтарын қорғауға арналған. Мемлекеттік органдардың өктемдік міндеттері құқықпен шектеледі, ол жағдай мемлекет пен жеке адамдардың арасындағы адамдық қатынасты толығымен қамтамасыз етеді.

Адам баласы қоғамының дамуындағы әртүрлі кезеңдеріндегі мемлекет тетіктерінің өздеріне тән, ерекшеліктері және құрылымдары болды. Бұны, экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттің ұлттық құрамдарына, жер көлемдеріне, географиялық жағдайларына, тағы басқа себептерге байланысты түсіндіруге болады.

Ертедегі шығыс және алғашқы еуропа еддерінде мемлекеттердің тетіктері көбінесе тұрақты жүйеде болды. Олар мемлекеттің басшысынан (монарх не болмаса коллегиялды орган), орталық мекемелерден, лауазымды адамдардан, жергілікті органдардан, шенеуніктерден, армиядан, соттан, полициядан және басқа да мемлекеттік құрылымдардан тұрған. Мысалға, Рим республикасының негізгі мемлекеттік органдарына Сенат, үлттық жиналыс, магистраттар жатқан.

Сенат — Рим мемлекетінің ең жоғарғы өкімет органы болған. Заң шығару жағынан, Сенат центриаттармен трибундардың қабылдаған зандарын бекіткен. Сенатта жайластыру және қоғамдық қауіпсіздікке сәйкес жалпыға бірдей қаулы қабылдаған. Финанс жағынан сенат мемлекеттік бюджетті жасап, салықты белгілеген. Сыртқы саясат жағынан басқа мемлекеттермен келісімдер жасаған не болмаса ондай келісімдердің жүргізілуін қадағалай отырып, бейбітшілік келісімдерді жасауға қатысқан. Әскери құрылым жағынан, Сенат мынадай маңызды мәселелермен шұғылданған: ол армияға шақырылатын адамдардың мөлшерін белгілеген, әскер басшыларына армиялармен провинцияларды бөлген, соғыс жүргізуге қаражат бөлген, төтенше жағдайды хабарлаған, тағы сондай көптеген міндеттерді орындаған.

Ұлттық жиналыс (комицин) жоғарғы заң қабылдаған және басқару қызметтерімен шұғылданған. Оның міндетіне заң жобаларын қабылдау не болмаса қайтарудан басқа мемлекеттің лауазымды (магистраттарды) сайлау, шағымдарды шешу кірген.

Магистраттар, басқару функциясын орындаған, оның ішінде армияны басқарған. Заң жүзінде, Рим мемлекетінің кез келген азаматы магистрат болуға құқығы болған, бірақ шын мәнісінде ол орынға, тек үлкен жер иеленушілердің өкілдері сайланған. Магистрат бір жылға сайланған және ол талас орынға бірнеше адам сайланып, ал басқаруды әрбір магистрат жеке жүргізген. Өздерінің орыңдаған лауазымды міндеттері үшін, магисграттар жалақы алмаған. Магистраттардың міндетіне мына қызметтер кірген: жоғарғы әскер басқарушылығы, келісімге келуді шешу, Сенатты және Халық жиналысын жинап, оны басқаруға, соттың жаза белгілеуге, ұйғарымды орындамағаны үшін айып салуға құқығы болған.

Магистраттар — өздерінің белгілі басқару міндеттеріне байланысты: консулъдерге, диктаторларға, преторларға, цензорларға, квесторларға бөлінеді.

Консульдар — ең жоғарғы магистраттарға жатқан. Солар ғана әскер басқарған. Сенат пен Халық жиналысын жинаған, ішкі басқаруды жүргізген.

Диктатор — төтенше магистрат. Ол ерекше жағдайда, Сенаттың ұсынысы бойынша консульдардың арасынан біреуі ғана, алты айға сайланған. Диктаторлар елге соғыс қаупі туғанда, көтеріліс болғанда және тағы сондай төтенше жағдайларға байланысты құрылған.

Преторлар — алғашқы кезде, консульдардың көмекшісі одан кейін, мүлік туралы жұмыстарды шешуге, сот фунциясын тұрақты атқаруға көшкен.

Цензорлар — лауазым иесі ретінде сенаторлардың тізімін жасап, Рим республикасының азаматтарын соғыс және аумақтық жерлерге бөлген, бір мезгілде азаматтардың дүние-мүлкін бағалаған және «адамгершілік» жөнінде бақылау кызметін жүргізген.

Квесторлар — әртүрлі міндеттерді орындаған: біреулері, кейбір қылмыстық істер туралы жұмысты басқарған, басқасы байлықты сақтаған, төлемдер қабылдаған және ақша төлеген. Сонымен бірге, магистраттар сауда-саттықты тексерген, ақша шығарған, құрылыс және жолды пайдаланумен шүғылданған.

Феодальдық (ортағасырлық) мемлекеттің тетігі өздерінің даму кезеңдеріндегі ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады: ерте феодальдық, сословиялық — өкілеттік және абсолюттік монархия. Ерте феодальдық монархия кезінде мемлекеттің құрамы аса қиын болмады. Ол мемлекеггің басы (король, князь). сарай ма-ңындағы ақсүйектер, әскери дружиналар, салық жинаушылар. Кейіннен сословиялық — өкілетті, орындаушы және басқа мемлекеттік билік органдары пайда бола бастайды.

Ортағасырлық мемлекеттердің  шоғырлануына байланысты оның тетігі қиындай түседі. Бірнеше салаға бөлінген басқару аппараты пайда болады: әртүрлі министірліктер, орталык ведомстволар, арнайы сот мекемелері, полиция аппараты барлау және басқа мемлекеттік органдар жетіле түседі. Жекелеген феодальдардың әскери дружиналары бір жерден басқарылатын тұрақты армияға айналады. Сонымен бірге, мемлекеттің алдында тұрған көп мәселелерді шешуге шіркеу мекемелерімен діни ұйымдардың үлкен маңызы болды.

XVII-XVIII ғасырларда,әсіресе Еуропадағы буржуазиялық революция кезеңдерінде мемлекеттік аппараттың құрылымына жаңа жөндеулер және функциональдық қызмет істеу тәртібі кіргізіледі. АҚШ-та мемлекет тетігі өкіметтің бөлінуінің классикалық жолымен құрылған. Заң шығарушы өкімет 1787 жылғы Конституция бойынша екі палатадан тұратын Конгресске тапсырылады: Өкілдік палатасы және Сенат. Мемлекеттің және үкіметтің басы болып АҚШ-тың Президенті белгіленген. Ең жоғарғы сот ретінде Жоғарғы Федеральды сот белгіленген, ол Конституцияға сәйкес келмейтін зандарды қайта қарауға құқығы болған. Мемлекеттік аппарат штаттарда да құрылған: заң шығарушы жиналыс, үкімет, жергілікті органдар, полиция, сот, олардың өздеріне тән, азаматтық, қылмыстық және процессуальды заңдары болған.Францияда мемлекеттік тетіктің жаңа элементтері — Ұлттық конвент, Директория, Напольеон кезіндегі Консульство, Париж коммунасы т.с.с. пайда болады.Россияда Мемлекеттік кеңес құрылып жоғарғы заң талқылайтын органға айналған азаматтық, рухани, өндіріс, ғылым, сауда жөне әскери департаменттер құрылған. Кейіннен министрлер кабинеті пайда болған. Мемлекеттік Дума кұрылып, зандарды шығаруға әрекет жасайтын құқыққа ие болған. Александр-П патшалык кұрған кезде жер-жерде губерниялық басқару земствосы, уездік және губерниялық земство жиналысы құрылған.

Қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты мемлекет аппаратында ескілері жойылып, жаңа кұрылымдар пайда бола бастады. Дегенмен де, барлық тарихи кезеңдерде мемлекеттік аппарат қоғамның саяси жүйесінің құрылуындағы негізгі, алғашқы бастама.

Мемлекет тетігін құру және қызметін белгілеу объективтік сипаттағы белгілі принциптердің негізінде іске асырылады. Мемлекеттік органдарды құруда және жұмыс процессінде жан-жақты есепке алу, қоғамды мемлекеттік басқаруда толық тиімділікті қамтамасыз етеді.

Осыған дейінгі кеңес үкіметі кезінде, мемлекеттік аппаратты құрудағы негізгі принциптерге заң ғылымдары, мына принциптерді ұсынды: мемлекетті басқарудағы халықтың толық қатынасу принципі, демократиялық централизм, пролетарлық интернационализм, социалистік зандылық, социалистік жоспарлылық, есеп және тексеру, мемлекет аппараты бөлімдерінің қызметінде партиялық басшылықты күшейту.

Қоғам өміріндегі саяси, экономикалық тағы басқа салалардағы үлкен өзгерістер, мемлекеттік органдардың құрылымына, мазмұнына және қызметтерінің сипатына айтарлықтай өзгерістер кіргізді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

Мемлекеттік аппараттардың барлық бөліктеріне азаматтардың мүдделерін жоғары қою принципі тән. Ол демократиялық сайлау жүйесімен, әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке адамдардың құқықтарына, азаматтардың бостандығына кепілдік (гарантия) жасауы, мемлекеттік органдардың әртүрлі қызметтерімен камтамасыз етілуі.

Өкіметті бөлу принципі (заң шығаратын, орындайтын, соттық), сол арқылы өкімет органдары және лауазымды адамдар жағынан болатын бассыздықты жоятын тетіктер құрылады.

Мемлекеттік аппараттың жұмысындағы жариялылық және ашықтық принципі. Мысалы, мемлекет азаматтарының жалпы халықтық дауыс беру негізінде (референдум), халықтың мүдделеріне қарсы, мемлекеттің қай органдары болмасын өз шешімдерін жояды, сонымен бірге, бұған халықаралық қатынастардағы да мәселелер кіреді.

4)Жоғарғы мамандық және мемлекеттік органдардың құзіреттілігі, олардың жоғарғы ғылыми деңгейде мемлекет өміріндегі мәселелерді халықтың мүддесіне сай шешуінде. Кәсіби принцип, мемлекеттік басқаруда ең алдымен, білімді адамдарды пайдалану, яғни басқару қызметі сондай адамдардың негізгі мамандығына сай болуы қажеттігі. Басқаруды білмейтін адамдарды мемлекеттік жұмысқа шақыру, отандық тәжірибе көрсеткендей жарамсыз жағдайларға әкеліп соққаны белгілі. Ондай адамдардың басқа, ондіріс не болмаса, ауыл-шаруашылығының жақсы мамандары бола тұрып, мемлекеттік қызметте (кеңесте, олардың  комиссиясында, комитеттерінде) өздеріне жүктелген міндеттерді тікелей толығымен кәсіби жағынан орындай алмайтындығы.

5)Заңдылық принцип — барлық мемлекет тетігін құратын бөліктердің елмен және бірімен-бірінің қарым-қатынасы, сонымен қатар әртүрлі қоғамдық топтармен және ұйымдардың құқықтық бастамасы.

Демократизм принципі, мемлекеттік органдардың қызметін белгілегенде, азаматтардың көпшілігінің әртүрлі мүддесін, олардың діни ерекшеліктерін, ұлттық мәдениетін, дәстүрлерін есепке алуға мүмкіндік береді.

Федеративті (одақтық) мемлекеттерде, мемлекеттік аппараттың қызметін белгілегендегі ең маңызды принципке, субординация және жалпыфедерлдық органдардың (орталықпен) және мемлекеттік билікпен федерация мүшелерінің арасындағы бірбірімен келіскен әрекеті жатады.

Ұлттық федерацияда, олардың өз арасындағы тұрақты міндеттерін қолайлы бөлудің өте үлкен маңызы бар, себебі ондай бөлу федерация мүшелерінің тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, олардың ішкі-сыртқы мәселелерін дұрыс шешуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттің тетігі, мемлекеттік биліктің негізгі орындаушы субъектісі ретінде көрінеді. Мемлекеттік аппарат арқылы, оның органдары өздеріне тапсырылған міндеттерді орындайды, қоғамдық өмірдің дамуына, тұрақтылығына, демократиялық ұйымдастырушылықтың елде сіңуіне, тұрғындардың гүлденіп, жақсаруына белгілі түрде ықпал етеді. Белгілі жағдайда, егер оларға мемлекет ұрықсат етсе, мемлекет органдарының билігін мемлекеттік емес ұйымдар атқаруы мүмкін.

Мемлекеттік органның түсінігі   мен  белгілері

Мемлекеттің тетігі, арнайы құрылымдағы және өздеріне тән қызметтерді орындайтын әртүрлі бөліктерден тұрады. Тетіктің негізгі бөлігіне мемлекет органдары жатады.

Мемлекет органдары — мемлекет тетігінің бір бөлігі, заңға байланысты өзіндік құрамы бар, қоғамдық өмірдің бір жағын басқаруға қатаң түрде міндеттелген, басқа мемлекеттік тетік бөліктерімен әрекеттес, бір тұтастықты құрады.

Жоғарыдағы түсініктемеден көрінгеніндей, мемлекеттік органдардың өзіндік белгілері бар:

-мемлекет тетігінің дербес бөлігі ретінде көрінеді;

-мемлекеттік органдар тек құқықтық актылар негізінде құрылып әрекет жасайды (Конституция, заңдар);

-тек өзіне тән мақсаттар мен функцияларды орындайды және соған сай нысандармен әдістерді пайдаланады;

-билік өкілдігі берілген және қажетгі кезде мәжбүрлеу шарасын қолдана алған;

-алдына қойған мақсатқа жету үшін, құрылған мемлекеттік қызметтермен соған сай бөлімдерден тұрады;

Міндетін жүзеге асыру үшін, өзіне сай құрамы, материалдық негізі және финанс құралдары бар.

«Мемлекеттік қызметті іске асыру нысанымен мемлекеттік органдар: өкілетті, атқарушы, иелік, сот, прокурорлық және басқа тексеру-бақылау органдарына топтасады:

-билікті бөлу принципі бойынша — заң шығарушы, атқарушы және сот;

-ескі жолмен — федеральдық, республикалық және жергілікті;

-өкілеттік, уақытына қарай — тұрақты (әрекеті тежелмейтін уақытқа құрылады) және уакытша (уақытша мақсатқа жету үшін құрылады);

Мемлекет органдары өздерінің құрылу тәртібіне және атқаратын міндеттеріне байланысты топтарға бөлінеді. Көрсетілген белгілерге байланысты, мемлекеттік органдарды мынадай үш, негізгі топқа бөлуге болады: өкілетті органдар, орындаушы органдар, соттық (құқыққорғау) органдар, оның ішінде Конституциялық бақылау органдары бар.

.

Тағы рефераттар