Әрине, әрбір адам мейірбандық, адамгершілік қылық көрсете отырып, өзінің өнегелі қарым-қатынас әлемін, тани бермеуі мүмкін. Кейбір адамдардың санасында өз бақытын басқалардың мүддесімен ұштастыру деген бола бермейді. Кейде мұның бұлай болатын себептері, адам өзі жайлы, өзінің қуаныш-реніші жайлы терең ойланбайды, өз қуанышын басқаларға істеген жақсылығымен салыстырмайды. Бұған өнегелі енжарлығы кедергі жасауы мүмкін.

Айталық, музыканы есту қабілеті жоқ, оның үстіне музыкалық білімі де жоқ адам концертке келіп, күрделі симфониялық музыканы тыңдады делік. Тіпті ол сыпайылық ретінде музыкаға көңілш бөлгенімен, басқалар музыка әлеміне шомып, эстетикалық ләззат алып отырғанымен, бұған оның ешқандай қызығы болмайды. Өнегелілк сезім әлемі де, нәзік және биік әсерленушілік те, адамгершілік мейірбандық та әр адамда түрліше дәрежеде кездеседі. Сондықтан рақымсыз, немқұрайлы адамдар мұны түсіне бермейді де, пасық ойдың, өркөкірек сенімнің жетегінде кетеді, ол үшін өзімшілдік, тұйықтық, дүние-мүлік деген өмірінің мән мен бақытына айналады.

Өнегелілік мәдениеті, оның негізін құрайтын адамгершілік, моральдік борыш, ар-ұят пен намыс адамға не бере алады? Ең алдымен биологиялық қажеттілікпен тұйықталуды емес, адам өмірін сәулелендіретін мейірбанды өнегелі, пен қайырымдылық сезімін, нағыз адамгершілікпен өмір сүре білу қабілетін береді. Адамның ойы мен сезім әлемі түйіскен жерде,  оның ішкі дүниесінің нағыз қазынасы басталады. Оқушысымен бірге толғанатын, олардың жетістігіне қуанатын әлеуметтік педагог қана өзінің оң сезімінің аясын едәуір кеңейте алады.

Өнегелі мәдениеті адамға ой мен сезімнің бай рухани әлеміне енуіне мүмкіндік бернумен қоса, моралі төмен, мещандық пиғылдағы адамдарда кездесетін дүниеқоңыздық, іштарлық, атаққұмарлық секілді стереотиптен аулақ болуға, оған тәуелді болмауға жәрдемдеседі. Алайда дүниеқұмарлық, дүниеқоңыздық, сондай-ақ немқұрайдылық пен өзімшілддік өте жұқпалы дерт. Мұндайда жоғары өнегелілік мәдениеті, ойлау дербестігі мещандық психологиядан жоғары тұруға жәрдемдеседі.

Керісінше, мәдениеті төмен және ақылы онша жетілмеген адамдар қарапайым тоғышарлық қарым-қатынса пен мүддеге, әсіресе дүниеқоңыздыққа әуес келеді. Адамның жеке басының өзі өнегеліліктен, адамгершілік сезім мен қуаныш-реніштен тұратын өте құнды рухани дүниесі болғанымен, ол мұны шындығына келгенде, елеп, ескере бермейді. Адам ұсақ мещандық мүдде мен қатынастың тұтқынында қалады, өз арын сауідаға исалады, кейде тіпті нендей бір зәру заттарды тауып алу үгін біреудің аяғына бас ұруға дейін барады. Осындай жаман, әдетті дағдыға айналдырғандар дүние мүлікті сатып алу үшін өзінің күш-қайратын жөнсіз ысырап етеді. Ал дүние жинауда шек болмайтындықтан мұндай адам өз өміріне көбінесе қанағаттанбайды.

Өзімшіл, өресі таяз адамдар өзінің көптеген рухани, адамгершілік қасиеттерінен айырылады. Адамшылдықтан айырылудың осындай жақтарын байқаған В.Г.Белинский былай деп атап көрсетті: «Ғалым, жауынгер, заңшығарушы бошлу жақсы, алайда осының негізінде адам болмау өте жаман».

Әрине өресі кең адамдардың өзінде де әр алуан кемшіліктер болуы мүмкін. Шындығында әірбір адам өзінің өнегелі дүниесін жақсартып,жетілдіре алады, өнеглі қарым-қатынас жүйесіне қосыла алады. Ол үшін өнегелілік тебіреніс тілі мен өнегелі ойды меңгеріп, бірінші кезект адамгершілік, мейірбандық сезім аясын кеңейту қажет.

Өнегелілік сезім тілін меңгеру негізіне тек өз табысы мен жетістіктерін місе тұтып қана қоймай, басқа адамдардың да:  туыстароының, жақұындарының, жолдастарының, шәкірттерінің жақсы істеріне де қуанышты, мейірбандық сезімде болуы жатады. Бұл – мейірімділік көрсете білу ықыласы, адамгершілдік қылыққа іштей қанағаттану, басқалардың ренішіне ортақтасу, олармен бірге қуану, өзінің ұстаздық адамгершілік қызметіне іштей қанағаттана білу.

Өзін-өзі өнегелілікке тәрбиелеудің мұндай психологиялық негізіне біреудіңғ реніш-қайғысына ортақатаса білу, соған іштей жаны ашу жатады. Мұндай қабілет әсіресе отбасылық қатынаста айқын көрінеді. Өзінің туысына жаны ашымайтын, оның орнында өзі болса не істейтінін ойламайтын, оның сезіміне ортақтаспайтын, жетістігіне бірге қуанбайтын пендені таба қою қиын. Әрине тек туысына ғана емес. Көптеген адамдардың тек өз жолдастарына ғана емес, көркем шығармаларындағы, кинофильмдердегі кейіпкерлерге де бірге күйзелетіні сөзсіз. Чеховтың, Достоевскийдің, Лев Толстойдың өз шығармаларындағы кейіпкерлерге қаншалықты шын көңілден берілгендігін, бір қарағанда онша еленбейтін және байқалмайтын адамдарды қаншалықты тебірене жазғандығын еске түсірелікші. Әдебиеттердегі «кішкентей       адамдардың» рухани күйзеліс дүниесінің терең ашылуы оқырмандарды шынайы сүйіспеншілікке бөлейді. Ал кейбір адамдар өзінің танысына, жолдасына, шәкіртіне, тәрбиешісіне не себепті осылайша сергек қарамайды? Өйткені олар жазушылардың, драматургтердің, артистердің көркем шығармадағы адамның ішкі дүниесін ашудағы өнегесін үйренбейді.

Дегенмен әркім-ақ адамның жан дүниесін ашуда «ақын да, суреткер де» бола алады. Басқа адамадардың жүріс-тұрысына, оның елге жасайтын қамқорлығына, тіршілік-тынысына, мүддесіне, қуаныш-ренішіне зер салып, содан үлгі алуға, жақсы жақтарына еліктеугетырысу қажет. Саналы түрде жасалған мейірбандық — адам үшін ең жоғары награда. Әлеуметтік  педагог мамндығы да – осындай мейірбандық сезімнің түп қазығы.

Сонымен, басқа адамдарға, біздің тәрбиеленушілерімізге көрсетілген мейірбандық ісіміз, оларды қуанышқа, шаттыққа, бақытты өмірге қалыптастыруымыз көп жағдайда жақсылыққа – жақсылық болып оралады.

Ең ақырында, өзіңнің жан дүниеңе саналы түрде ықпал ету үшін өзін-өзі иландыруды қолданады.

Әрине кез-келген жағдайда өзін-өзі иландыру қолайлы сезім күйін сүйемелшдеудің қосалқы амалы ғана. Ішкі сезім сәттілігінің маңызды жағдайы – ой мен дене еңбегі, таным мен жасампаздық процестерінің қуаныш, еңбек қызметінің нәтижесіне қанағаттанушылық.

Өзін-өзі өнеглілікке тәрбиелеуде ақыл-ой жұмысы мен өмірдің өнегелілік мәнін ұғынудың ерекше маңызы бар. Ескі «қағидамен» де санасуға болады: өз ойыңды тазартумен шұғылдан, егер сенде жаман ой болмаса,онда жаман қылық та болмағаны. Дегенмен де мұнда едәуір шындық жатыр. Көптеген өнегелі проблемаларды терең көрсете білген жазушы А.П.Чеховтың да пікірі тегін емес: «Адамда барлығы да: бет-бейнесі мен киімі, жаны мен ойы да көрікті болуы тиіс»17. Әрине бұл бірінші кезекте әлеуметтік педагогтарға қатысты.
Тағы рефераттар