Әлеуметтік салық туралы қазақша реферат. Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалайда, заттайда төленуі мүмкін. Әлеуметтік салыктың есебі 3140 шоттың «Әлеуметтік салық» деп аталатын сүбшотында жүреді.
Әлеуметтік салықты төлеушілер |
Салық салынатын объектісі |
Салық мөлшерлемесі |
Салық кезеңі |
ҚР-дағы заңды тұлға резиденттері, ҚР-да тұрақты мекемелер арқылы өз қызметтерін жүзеге асырушы, резидент еместер |
Еңбеккерлердің кез келген табысы, ақшалай да, заттай да нысанындағы |
Шетел мамандарының — 11%. Қалған юасқа барлық еңбеккерлерден — 21% |
Календарлық ай, әр тоқсан сайын есеп берімен бірге |
Жеке нотариустар, адвокаттар |
Еңбеккерлердің саны, салық төлеушінің өзін қоса есептегенде |
Өзі үшін 3 айлық есептік көрсеткіші; Әбір жұмыскер үшін екі айлық есептік көрсеткіші |
|
Жеке кәсіпкерлер |
|
Айлық есептік көрсеткіштен – 20% |
|
Салықтың арнайы тәртібін қолдаушы (шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтары) жеке кәсіпкерлер |
Еңбеккерлердің келесі табыс түрлеріне әлеуметтік салық салынбайды:
— мемлекет, үкімет және халықаралық ұйымдар есебінен берілген гранттарға, төлемдерге;
— Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Президентімен берілген стипендия және мемлекеттік сыйлыктарға;
— конкурстық, спорттык, жарыста жүлделі орындары үшін берілетін акшалай сыйлыктарға;
— кәсіпорындар өз кызметін тоқтаткан кезде жұмыс берушілердің төлеген компенсацияларына;
— пайдаланбаған еңбек демалыстарына жұмыс берушілердің төлеген компенсацияларына;
— жинак зейнетакы қорларына аударылған жарнасына;
— тікелей әлеуметтік көмеқ, жәрдем ақы және компенсация, мемлекеттік бюджет қаржысынан төленетіндерге;
— армия кызметкерлеріне арналған төлемдердің барлық түріне;
— қоғам жұмыстарын орындаумен байланысты төлемдерге;
— мемлекеттік бюджеттін каржысының есебінен төленетін бір жолғы төлемдеріне;
— заңмен белгіленген деңгейде қызмет бабы бойынша берілген іс-сапар шығыстарының компенсацияларына;
— босану мен екікабаттылық бойынша жәрдем ақыға;
— белгіленген мемлекеттік стипендияға;
— берілген арнайы киімдердің құнына;
— сақтандыру сыйлығына;
— қайырымдылық көмек ретінде берілген мүлік кұндарына;
— тағы басқаларына.
Әлеуметтік салық ай сайын есептелінеді, ол үшін еңбеккерлердің жалпы табысынан әлеуметтік салық ұсталмайтын сомасы шегеріліп, калған сомадан әлеуметтік салық ұсталынады.
Тағы рефераттар
- Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері
- Жастардың жүрегіне жара салған Желтоқсан
- Екібастұз, көмір алабы
- Көктүріктер мемлекетінің іргесін қалаған тайпалардың жүйесі
- Ордабасы ауданы