Әлеуметтік жұмыс әдістерінің жіктелуі туралы қазақша реферат

Қазіргі кездегі ғылыми әдістер жүйесінің көп түрлілігі, қоршаған әлемді зерттейтін білімдер жүйесінің көптігіне байланысты болып отыр. Осыған сәйкес классификацияның негізіне алынған әдістер зерттеудің қасиетіне байланысты таңдалады. Олар: қолдану ортасы, қызметтің мазмұны мен мінезі т.с.с. Әлеуметтік жұмыста әдістердің орны мен рөлі маңызды орын алады, классификация бірлестік деңгейі әлеуметтік жұмыс теориясы мен практикасының түріне байланысты. Осының негізінде әдістер жалпы ( философиялық ) әдіс, жалпы ғылыми және арнайы ғылыми әдістер деп бөліп қарастырылады.

1. Жалпылама немесе философиялық әдіс ~ субъектінің түрлі қызмет түрлерінде дүниетанымдық және әдістемелік бағыттарының бірыңғайлылығымен түсіндіріледі. Жалпылама әдістердің тарихи танымда екі түрі бар: диалектикалық және метафизикалық. Бүл жалпы философиялық әдістер. 19 ғасырда метафизикалық әдіс диалектикалық әдіспен ығыстырыла бастайды. Сонымен қатар әрбір құбылыс пен оқиғалар өзінің құрылуы мен дамуына байланысты зерттелінеді.

2. Жалпы ғылыми әдіс қызметтің көп саласында қолданылады. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыста да. Олар барынша кең тәртіп аралық спектрде қолданылады. Жалпы ғылыми әдістердің классификациясы ғылыми таным деңгейімен тығыз байланысты.

Ғылыми таным екі деңгейде: эмпирикалық жэне теориялық деп ажыратылады. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейі шын мәнінде бар, сезілетін проблемаларды зерттеумен ерекшеленеді. Осы деңгейде түрлі бақылаулар мен эксперименттер арқасында объект туралы ақпарат жинақталады. Барлық қабылданған ақпараттарды кесте, графика, сызба түрінде жүйелейді. Ғылымда жалпы ғылыми негізгі екі эмпирикалық әдістерді айқындау қабылданған : бақылау жэне эксперимент.

Бақылау.

Ғылыми таным ақиқатты бейнелеудің тәсілі ретінде адам іс — әрекеттінің аясы мен табиғат қүбылыстарының ерекшеліктерін қабылдау қарастырады. Кең мағынада айтар болсақ, әрбір эмпирикалық зерттеудің кез — келген әдісі объектінің өзгешелігі мен өзгерістерін қарастыру мақсатымен оны бақылаудың   элементтерін   құрайды.   Алайда,   ғылымда   мынадай   дәстүр қалыптасқан : ол басқа әдістерден ерекше әдіс, ол өзін — өзі бақылау мен бақылауды біріктіреді. Әлеуметтік жұмыста бақылау түсінігіне, индивидтің жеке ерекшеліктерінің зерттелуі және олардың көрінуі жатады.

Эксперимент — ғылыми танымның басты әдісі. Сонымен қатар әлеуметтік жэне психологиялық зерттеулердің себеп — салдарлық тәуелділіктерін анықтауда жэне зерттеуді жүргізуге қолайлы жағдайдың орнатылуы. Бақылауға қарағанда эксперимент шындықты танудың белсенді жолы. Оның ерекшелігі зерттеуші кез — келген уақытта зерттеуге араласа алады. Егер пассивті бақылау мынадай сұрақтарға жауап ала алса «қалай?», «қандай жағдайда?» ал экспериментте «неге осылай болып жатыр?» деген сұраққа жауап аласыз.

Ғылыми зерттеудің теориялық деңгейінде логикалық таным іске қосылады. Бұл деңгей зерттеу құбылысының терең заңдылықтарын ашуға көмек береді.

Ғылыми абстракция әдісі таным процесінде сыртқы құбылыстардың дерексізденуін және процестің терең маңызын анықтайды. Осы әдіс негізінде танымның екі сатысы бар:

—              зерттеу нақты анализ бен эмпирикалық материалды алудан басталады.
Мұнда жалпы ғылыми түсініктерді, анықтамаларды бөліп көрсетеді.

—              танылған   құбылыстардың негізінде жаңа қүбылысты түсіндіру жолы
шығады. Бұл абстракциядан нақтыға шығудың жолы.

Анализ бен синтез әдісі.

Талдау арқылы зерттелініп отырған қүбылыс, процесс құрамдас бөліктерге бөлініп, әрқайсысы жеке дара зерттелінеді. Анализ нәтижесін жалпылай қарастырып, синтез арқылы әлеуметтік процесс туралы бірыңғай ғылыми портрет жасайды.

Индукция мен дедукция әдісі.

Индукцияның көмегімен дара фактор зерттеуден жалпы қорытындыларға ауысу қамтамасыз етіледі. Дедукция арқылы жалпы қорытындыдан жекеге ауысады.

Әлеуметтік жұмыстың технологиясы кеңінен алғанда өзіне әлеуметтік даму процесінің теориясын, әдістердің бірыңғайлылығы мен әдістемелердің көптігін көрсетеді.

Тарихи әдіс.

Тарихи зерттеулер пайда болу мен қалыптасудың тарихи уақыт контекстіндегі әлеуметтік заңдылықтарын көрсетіп қана қоймай, процесте әрекет етіп отырған әлеуметтік күштер мен проблемаларды анықтау болып табылады.

Қарапайымнан күрделіге өту әдісі Әлеуметтік процестер күрделі жэне қарапайым әлеуметтік кұбылыстардың жиынтығынан тұрады. Әлеуметтік дамуда қарапайым құбылыстар жоғалмайды, олар күрделі жүйенің элементтеріне айналады. Күрделі әлеуметтік құбылыстар ғылыми таным аспектісінен негіз алып, одан да айқын анықтама алады. Осыған орай қарапайым әлеуметтік процестен күрделі процеске айналу, ойлаудың абстрактылыдан нақтыға көшу.

Сандық  және сапалық анализ бірлігі.

Бұл әлеуметтік қатынасты тану әдісі болып табылады. Әлеуметтік теориялар әлеуметтік процестердің сапалық жағын ғана анықтаумен шектелмейді. Олар сандык байланыстарды да зерттейді және танылған әлеуметтік қүбылыстар сапалы түрде анықталған түрде көрініс табады. Мысылы, процестер құрылымының өлшемі әлеуметтік дамудың көрсеткіштерін көрсетеді.

Жалпы ғылыми әдістерге статистикалық әдісті жатқызуға болады. Математикалық есептеулермен алынған ақпараттың дұрыстығына көз жеткізуге болады.

Жеке арнайы гылыми әдістер — шынайы өмірдің жеке облыстарының өзгерулерін танудың спецификалық жолы, нақты білім жүйесіне қатысты болады. Мысылы, әлеуметтануда — социометрия әдісі, математикада -коррелляциялық анализ т.с.с. Осы әдістер сәйкестендіріліп әлеуметтік жұмыс проблемаларын шешуге қолданылады.

М.Г.Зайнышевтың айтуы бойынша, отандық және шетелдік әлеуметтік жұмыс практикасында ғылыми зерттеудің тәсілдеріне жеке әдістердің қолданылмағанын айтады. Кейбір авторлар бір ғана іс-әрекеттің жүйесін әдіс деп атайды, басқалары техникасы, кейбіреулері-әдістеме, кейде әдіснама деп атайды /14/.

Танымал әлеуметтанушы В.А.Ядов бұл терминдердің мәнін былай ашады : әдіс — мәліметтерді талдаудың негізгі жолы; техника — әдісті қолдану барысындағы арнайы тиімді пайдаланудың тәсілі; әдістеме -техникалық тәсілдердің қолдануы және олардың ретімен жүруі; процедура-барлық операциялардың реттілігі, зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің жалпы жүйесі. Мысалы, қоғамдық пікірді әлеуметтанушы зерттеу барысында мәлімет жинау әдісі ретінде анкетаны қолданады. Түрлі себептерге байланысты сұрақтардың бір бөлігін ашық түрде, бір бөлігін жабық түрде құрастырады. Осы екі тәсіл анкеталық сұраудың техникасын құрайды. Сұрақ парағы яғни алғашқы мәлімет жинау құралы, респондентке берілетін ережелер бұл жағдайда әдістемені құрайды.

Ғылыми зерттеулер көмегімен практик-мамандар олар қолданған әдістер өз нәтижесін беруде ме, қойылған мақсаттарына жетуде ме, соны анықтай  алады.   Зерттеулер   әлеуметтік   жұмыскердің   өзімен де және социологтармен де жүргізіледі. Бірақ та әлеуметтік жұмыскерлер зерттеуді өз күштерімен жүргізуді тиімді деп мойындауда. Зерттеу практикалық араласудың қандай типі қай жағдайда нәтижелі болады.

Әлеуметтік жұмыс пәнаралық білімнің облысында пайда болып дамуда,
жаратылыстану (медицина, биология т.с.с.) әлеуметтік-гуманитарлық
бағыттағы (әлеуметтану, психология, антропология) әрқайсысында жеке
әдістер қолданылады. Олардың мақсаттарына байланысты әдістер мен
техникалар                               қолданылады.                Жеке              әдістердің                мысалына интервъю, анкета,контент-анализ,эксперттік әдістер, тестілеу, фокус— группа әдісі және осы әдістердің өнімділігін зерттеу жатады.

Әлеуметтік жұмыстың әдістерінің классификациясы практикалық іс -әрекет тұрғысынан қарағанда күрделі және аз зерттелген проблема. Кәсіби іс — әрекет әдістерінің классификациясы — әлеуметтік жұмыстың ғылыми ұйымдастырудың маңызды компоненті. Алайда әдістерді талдау мен сипаттау, олардың мазмұнды дифференциациясы арнайы әдебиеттерде тек қалыптасу деңгейінде. Егер әлеуметтік жұмыстың анализі білімнің ғылыми жүйесі ретінде гуманитарлы танымның әдіснамасына сүйенетін болса, онда әлеуметтік жұмыскерлердің іс — әрекетінің тәжірбиесінің әдіснамалық негізделуі басқа бағыттар мен жағдайларды қажет етеді.

Кез — келген ғылыми ұйымдастырылған теориялар мен тәжірбиесіндегі әдіснамалық талдауда негізгілердің бірі болып табылады. Ғылымда әрқашан кәсіби қызметте қойылған мақсаттар мен соған жету әдістерін айқындап алған жөн. Егер әлеуметтік жұмыста қолданылатын әдістер мен құрамдас пәндерде қолданылатын әдістер ұқсас болса, онда қызмет әдістері мүлде басқа сапалық типте болады. Дәл кәсіби мақсаттар мен оларға жету жолдарының өзі әлеуметтік жұмысқа дербес мамандық статусын береді.

Ғылымда қызмет әдісі осы әдісті іске асыру жолы ретінде қарастырылып, қойылған мақсатқа жеткізеді. Адамзатпен түрлі қызмет әдістері жиналған. Бірақ та үздіксіз тапсырмалардың күрделенуі жаңа түрлерінің пайда болуы, оларды шешу әдістерін жаңартуға соғады. Бұл пікір әлеуметтік жұмысқа тікелей байланысты.

Жалпы ғылымда әлеуметтік жұмыстың келесі әдістері қалыптасқан :

1. Социологиялық әдістер  алғашқы  ақпарат рөлін  орындайды.  Онсыз практикалық әлеуметтік жұмыста анализ жасау мүмкін емес.

2.     Әлеуметтік жүмыстыңпедагогикалық әдісі:

  • Сананың қалыптасу әдісі;
  • Іс-әрекеттің қалыптасу әдісі;
  • Қолдау мен сөгу әдісі;
  • Тұлғаның ұжымдық қызметке ену әдісі;
  • Уақыт өте киындайтын қызметке бейімделу әдісі;
  • Педагогикалық түзету әдісі;

3.     Психологиялық әдістері

  • Психодиагностика әдісі;
  • Психологиялық кеңес әдісі;
  • Психологиялық таңдау ;
  • Әлеуметтік — психологиялық тренинг, аутотренинг ;
  • Жүріс — тұрысты түзеу әдісі, мотивация, қарым-қатынас, өзін-өзі
    бағалау ;

Осы классификацияда әлеуметтік жұмыс түрлі аспектілерде психологиялық, педагогикалық практикаға сіңісіп кеткенін байқаймыз.

Әлеуметтік жұмыстың әдістерін классификациялауда түрлі пікірталастар жүріп, кейінірек әлеуметтік жүмыстың әдістерінің үш тобын бөліп көрсету ұйғарылды.

Әлеуметтік жұмыстың практикасында қолданылатын әлеуметтік көмек беру әдістері топтастырылды :

  1. 1.  Әлеуметтік — экономикалық ;
  2. 2.  Әкімшілік — ұйымдастырушылық;

3. Психо — педагогикалық ;

Әлеуметтік—экопомикалық әдістергеәлеуметтік жұмыстағы көрсетілетін барлық көмек көрсетудің жолдары жатады. Олар клиентке әлеуметтік жұмыс тарапынан рухани — материалдық, ұлттық, отбасы және басқа да әлеуметтік қажеттіліктермен қамтамасыз етеді. Бұл топқа табиғи жэне ақшалай көмек, жеңілдіктер тағайындау, жәрдемақы, потранаж, тұрмыстық қызмет, рухани көмек беру жатады.

Ұйымдастырушылық реттеу әдістері.

Бұл әдістің негізінде әлеуметтік қызметтің ұйымдастырушылық, басқарушылық регламентті, нормативті -құқықтық актілер құқықтар мен міндеттерді бекітеді. Әлеуметтік басқарушы мекемелердің міндеттерін айқындайды. Реттеу әдісі эпизодты тапсырмаларды шешуде жедел түрде шешім табуға көмектеседі. Осы топтың негізгі әдістері : регламенттеу, нормаландыру, инструкциялық.

Регламенттеу — ұйымдастырылған әсер ету жолы, ұйымдастыру жағдайларына кіріспе жасау, әлеуметтік қызмет басқармаларының орындайтын міндеттерін , бұйрықтарын, типтік жағдайлары мен қызметтік ережелерін бекітеді.

Нормаландыру — жоғарғы және төменгі шектерде қалыпты ережелерді бекіту. Бұл ережелер әлеуметтік жұмыскердің қызметінде бағыт-бағдар қызметін атқарады. Оларға : клиентке қызмет көрсету нормативтері, қызмет көрсетудің уақыт нормативі т.с.с.

Инструкциялық — ұйымдастырушылық әсер етудің ең бір жеңіл түрі болып табылады. Маңыздылығы бойынша тапсырмаларды түсіндіру, мүмкіндіктерді, қиыншылықтар мен клиенттің іс-әрекетінің нәтижелеріне нұсқау беру және басқа да проблемалардың алдын алу шараларын жүргізу болып табылады ( ақпараттандыру, кеңес беру ).

Психо – педагогикалық  әдістер.

Клиентке түрлі әлеуметтік — психологиялық және педагогикалық реттеу әдістері арқылы клиенттің әлеуметтік жай-күйін, іс —әрекеттерінің өзгеруіне әсер ету болып табылады. Бұл топтағы басты әдіс — сендірудің түрлі формаларын анықтау, кеңес беру, аргуметтермен дәледеу, ұсыныс жасау, ықпалды мысалдар келтіре білу, әлеуметтік зерттеулер негізінде әлеуметтік — психологиялық диагноз жасай білу, психологиялық түзету, психологиялық кеңес беру, психопрофилактика, ақпараттандыру, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін қолдана білу, әлеуметтік терапия т.с.с. Осылардың ішіндегі ең бір нәтижелі әдіс бұл әлеуметтік терапия болып табылады.

Әлеуметтік терапия ~ бұл жүйеленген және де топқа, жеке адамға бағытталған көмек арқылы адамның импульсі мен қарым-қатынасын ретке келтіру әдісі болып табылады.

Әлеуметтік терапияның қызметтері:

1. Түзетушілік

  1. Мінез — құлықты түзету
  2. Дисфункцияны ескерту
  3. Қолайлы дамумен қамтамасыз ету
  4. Тұлғаның танылуы

Әлеуметтік    терапия     контекстінде     индивидуалды    жэне    топтықжұмыстар формалары көрсетіледі :

1. Отбасы терапиясы

  1. Еңбек терапиясы
  2. Социодрама және психодрамат.б.

Психологиялық жұмыстың көп түрлерінде мына формаларды атайды :

1 . Бихевиористік көзқарас

2. Гешталът терапия

З. Когнитивті терапия

4. Проблемалық бағытталған көзқарас

5. Психо — әлеуметтік көзқарас

Әлеуметтік талдау процесі әлеуметтік жұмыстың батыстық моделінде кездеседі. Әлеуметтік жұмыстың түрлі анықтамаларын келтіре отырып, біз әлеуметтік жұмыстың АҚШ және Европада практикалық қызмет түрі және де басқа ғылымдардың теориясын жүзеге асырушы қызмет екенін білеміз. Әлеуметтік жұмыстың теориясы ғылыми пән ретінде қарастырылмайды. Яғни ғылыми білімді таза алуға бағытталған.

Әлеуметтік жұмыстың теориялық құрылымдары сол істің әлеуметтік жұмыскерге көмек беріп нәтижеге жетуімен бағаланады.

Бұл классикалық академиялық теория «түрлі объектілер ортасында». Бұл кәсіби қызмет теориясы «объектімен жұмыс».

Сәйкесінше, әлеуметтік жұмыс әдісінің проблемасы да мүлдем басқаша қарастырылады. Онын негізіне әлеуметтік жұмысқа байланысты «әдіс» түсінігі мынадай сұрақтың жауабын қамту керек : әлеуметтік қызметкер мақсаттың бастапқы кезеңінен бастап оған жету жолында оң жетістіктерге қалай қол жеткізе алады? Осы көзқарас тұрғысымен қарағанда, әлеуметтік жұмыстағы әдіс әлеуметтік жұмыскер индивидпен, топпен, басқа да үлкен қауымдастықтармен қалай және қандай мақсатта өзара әрекеттестік жүйесін ұйымдастырумен анықталады. Осы өзара әркеттестіктің сипаты және оның негізінде жатқан әлеуметтік — психологиялық механизмдер әлеуметтік жұмыскердің клиенті индивид, кіші топ немесе адамдар қауымдастығы болуына байланысты айтарлықтай өзгешеленеді. Осының негізінде шетелдегі әлеуметтік жұмыс сипатына тән дәстүрлі бөлімдер құрылған.

Әлеуметтік жұмыскөптеген шет мемлекеттерде функционалды мамандандырылған қызметтүрінде басталған. Бірақ 1940-1950 жылдары психологиялық және социологиялық теорияның қарқынды даму әсерінен әлеуметтік жұмыскерлердің әдістемелік мамандандарылуы біржолата қалыптасты (индивидуалды, топтык әлеуметтік жұмыс және қауымдастықпен жұмыс ). Үш дәстүрлі әдістерді жақтаушылардың әрқайсысылары өз теорияларына сәйкес көмек көрсетудің өзіндік тәсілдері мен кәсіби шеберліктерін байланыстыруға мүмкіндік алды: «индивидуалды» жұмыскерлер тұлға және сананың әртүрлі теорияларына сүйенді; «топтық» — адамдардың өзара әрекеттестігін әлеуметтік -психологиялык түсуіне иек артты; ал қауымдастықты ұйымдастыру сферасындағы мамандар әлеуметтік концепцияларға сүйенді. Нәтижесінде қайсыбір әдістемелік бағдарланудың өкілдері өзара сәйкестенуі қиын түсініктер мен категорияларды қолдана отырып, өздерінің іс — әрекетін координаттың түрлі жүйелерінде ұғына бастады. Әрине, осы үш әдісті бір-бірінен ажырату әлеуметтік жұмыскердің не істейтінімен емес, олар әрекеттесетін адамдар санымен байланысты. Басқаша айтқанда, іс -әрекетті емес, жұмыс түрін немесе қызмет бағытын сипаттайды. Осындай бөліну іс әрекет бағыты мен мазмұнын толық ашпай, әлеуметтік жұмыскердің клиенттің проблемасының маңызын есепке алмай және соған сай шешімнің технологиясына өзара әрекеттестігін ерікті түрде шектейтіндігі үшін кәсіби бірлестік тарапынан осы уақытқа дейін сынға ұшырап келеді. Бірак интегративті моделді ізденіс тенденциясының жақындауына қарамастан, әлеуметтік жұмыстың индивидуалды әлеуметтік жұмыс, топпен әлеуметтік жұмыс және бірлестіктермен (қауыммен) әлеуметтік жұмыс деп бөлінуі қазіргі кезге дейін сақталуда.

Индивидуалды әлеуметтік жұмыс.

Индивидуалды әлеуметтік жұмысқа байланысты бағыттар өзара әрекеттестікті ұйымдастырудың принциптері мен негізгі жағдайлардың реті бойынша айрықшаланады. Психоаналитикалық бағыт әлеуметтік жұмыскерден клиентттің интрапсихикалық динамикасының анализін және ішкі тұлғалық копфликтілерді шешуде көмек көрсетуді талап етеді. Психоәлеуметтік бағыт « тұлға — элеуметтік ортада » тәрізді кешенді проблемалы жағдаятты жан — жақты зерттеуге және әлеуметтік диагноздың әлеуметтік жұмыскердің көмек көрсетудегі тиімді әрекетінің шарты ретінде қойылуына табап тірейді. Функционалды багыттың өкілдері алдыңғы көзқарасқа қарсы шыға отырып, тұлғаға да, жағдаятқа да байланысты жан-жақты диагностика мүмкін емес деп есептейді. Сондықтан әлеуметтік жұмыскер клиентке өзінің сауалын әлеуметтік жұмыскер нақты әлеуметтік қызмет немесе агенттіктің өкілі ретінде орындайтын функциялармен ара қатынасын белгілеу үшін көмектесу керек. Проблеманың шешілуіне негізделген бағыт өзінің басты назарын клиенттің интеллектуалды күш жігерін оның проблемалы жағдайына байланысты нығайтуға және оны өмірдің күрделі жағдаяттарынан өз бетінше жол табуға үйретуге аударады. Бихевиористік бағыт өздерінің теориялық бағдарларына сәйкес өз назарын клиент мінез — құлығының дезадаптивті моделдеріне және олардың коррекциясына тұрақтандырады. Жоғарыда аталған бағыттар іс — әрекет принциптерінің сыртқы өзгешелігі, сонымен қатар диагностикалық және әдістемелік процедураларды қолдануда өзара бірін — бірі жоққа шығарушы болып табылмайды.

Бастапқы    теориялық    постулаттарына   тәуелсіз    олардың    барлығы әлеуметтік жұмыскер мен клиенттің өзара әрекеттестігінде :

1)   алғашқы    коммуникацияның    орнатылуын    (    эмоционалды    және
интеллектуалды байланыс );

2)                       проблемалы жағдаятты зерттеу мен талдауды ;

3)                       бірлескен жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтауды ;

4)           индивидтің әлеуметтік қоршаумен және / немесе өз — өзімен өзара
қарым — қатынасының түр өзгертуін ;

5)        бірлескен   жұмыстың   нәтижесі   мен   дамуының   бағасын   шамалап
ұйғарады.

Бұл бағыттар көмектің алуан түрлеріне бағытталған , мәселен , жоғары мамандандырылғац психо — педагогикалық көмек талап ететін жерлерде жүзеге асырылады. Психосоциалды және « проблемалы бағыттанған » бағыттардың диагностикалық тереңдетілген жүмыстары олардың маңыздылығын айқындай түседі.

Топпен әлеуметтік жұмыс топтың іс — әрекетінің басымды мақсаттарына байланысты ұйымдастырылады.

Топ азаматтық жэне құқықтық мақсаттардың кең контекстегі жалпы мәнді жетістігіне бағытталуы мүмкін. Бұл жағдайда әлеуметтік жұмыскер топтың сыртқы байланыстарының координаторы жэне ұйымдастырушысы ғана болып табылады.

Топтың мақсаты оның мүшелерінің интенсивті және рефлексивті қарым -қатынас әсерінен жеке тәжірбиелері мен өзіндік сана аясының кеңеюі болуы мүмкін. Бұл жерде топ « қарым-қатынастың лабораториясы » ретінде көрінеді және әлеуметтік жұмыскердің іс -эрекеті топтық дискуссия немесе тренингті жүргізуші мен ұйымдастырушы ретінде топішілік өзара әрекеттестікте тұйықталып қалады. Ақырында, топ индивидтерді ұқсас кызығушылықтары мен ұмтылыстары бар адамдармен мәнді қатынасқа енгізудің шынайы тәсілі ретінде қарастырылуы мүмкін. Сонымен қатар осы жағдайда элеуметтік маңызды мақсатқа жетудің құралы және индивидуалды  өзіндік даму мен өзгерудің стимулы болып та көрінеді (топпен жұмыстың кешенді моделі). Әлеуметтік жұмыскер топтың сыртқы   белсенділігі    жағдайында   да   және    оның   мүшелерінің   өзара әрекеттестігінде де делдал рөлінде болады.

Осылайша, топпен әлеуметтік жұмыс :

  • топтық іс — әрекет тәжірбиесі мен ортақ маңызды мақсатқа жетуде топ мүшелерінің әлеуметтік белсенділіктерін ұйымдастыру ;
  • интенсивті және рефлексивті қарым -қатынаста өзіндік сана мен индивидуалды тәжірбиенің аясының кеңеюі;
  • топтың продуктивті,шығармашыл жэне дамушы іс-әрекетке ендеуі есебінен жүзеге асырылады.

Бірлестіктегі   әлеуметтік   жұмыс   әлеуметтік   жұмыскерлердің   іс-әрекетке қатысуы арқылы ұйымдастырылады:

•              адамдардың жергілікті, географиялық шектеулі бірлестігінің дамуы бойынша ешбір ортақ маңызды мәселелермен салыстырғанда жеке және топтық қатынастарды координациялау мен ынталандыру арқылы ;

•            әлеуметтік жоспарлау , әртүрлі мекемелердің әлеуметтік білім беру мәселесі бойынша әрекеттердің стратегияларын жасау және денсаулық сақтау мен қорғау бойынша ;

•             тұрғындардың осал топтарының негізгі азаматтық құқықтарының жүзеге асуына кедергі келтіретін қолданыстағы заң шығарушы және ұйымдастырушы тәжірбиенің өзгеруіне бағытталған қоғамдық компаниялар мен көпшілік әлеуметтік акцияларды ұйымдастыру
бойынша;

Әлеуметтік жұмыстың әдістерін анықтауға байланысты тағы бір бағыт әлеуметтік жұмыстың теориясының негізін салушылардың бірі Мэри Ричмонд идеяларына негізделеді. Ол әлеуметтік жұмыскердің өзінің тұлғасын индивидпен немесе топпен өзара қарым —қатынаста жауапты және саналы түрде қолдануы әлеуметтік жұмыстың басты әдісі болуы керек деп есептеді. Осы өзара әрекеттестіктің нәтижесінде әлеуметтік жұмыскер әрекеттестігіне ықпал жасайды әрі жеңілдетеді. Әлеуметтік жұмыстың әдісі клиенттің бағасын және әрекеттің сәйкес жоспарын жасауды, жүйелік бақылауды меңзейді. Бұл анықтаманың негізінде көмек керсетудің тура және тура емес әдістері бөлінеді.

Тура әдістер — бұл индивидтерге, отбасыларға, топтарға бетпе-бет әрекеттестікте « осында және енді » тікелей проблемаларын шешудегі көмектің түрлері. Тура емес әдістер — бұл клиенттің тұлғасы мен жағдайына емес, сыртқы әлеуметтік шарттардың өзгеруіне багытталган үзақ мерзімді мақсаттармен іс —әрекет. Тура әдістер, қағида бойынша, индивидуалды топтық әлеуметтік жұмыста қолданылады және психологиялық теориялар саласынан хабардарлықты талап етеді. Тура емес әдістерді бірлестіктерді ұйымдастырумен айналысатын жүмыскерлер қолданады, сонымен қатар, олар әдетте   әртүрлі қоғамдық топтардың    іс — әрекетінің   координациясы,   үкіметтік   немесе   қоғамдық   органдар   үшін жасалатын іс әрекеттердің жоспары мен баяндамасы түрінде байқалады.

Соңғы жылдары әлеуметтік жұмыстың тәжірбиесінде кең түрде қолданылатын және табиғи жағдайда қалыптасқан әлеуметтік көмек көрсетудің екі әдісінің төңірегінде оның практикалық интеграциясына байланысты тенденция бой көрсете бастады. Олардың орыс және қазақ тілдеріне аудармасы әзірге тұрақталған жоқ, сондықтан алуан түрлі болып айтылуы мүмкін : индивидуалды менеджмент ( сазе тапа^етепі: ) , немесе пайдаланушының жүргізуі, жағдайды басқару жэне қолдау көрсету желілерін құру.

Индивидуалды менеджмепт индивид деңгейінде қызмет көрсету мен көмекті координациялау жэне ұйымдастыру стратегиясы ретінде қарастырылады. Жағдайды басқару процесі жоспарланған мақсаттарға әлеуметтік жұмыстың басты міндеттерін шешу, дәлірек айтқанда, алдын ала жоспарланған килігу мсп анализді, мәліметтерді жинау жолымен жетуге негізделген. Соңғы жылдары барлық дерлік индивидуалды әлеуметтік жұмыскерлерді индивидуалды менеджерлер  деп атау тенденциясы пайда болды. Бұл осы әдістің жеке әлеуметтік көмек сферасында кеңінен танылуын байқатады ( СоиізһесІ В., 1991 ). Индивидуалды менеджерлер адамдарға өздеріне қажетті және тілектеріне сәйкес көмек пен қолдауға қол жеткізуге жэрдемдеседі. Аталған жағдайдағы пациеттің таңдауы бойынша көмекті қарапайым ресми мекеме ғана емес, кез — келген агенттік немесе ұйым, компетентті кәсіпқой да көрсете алады .

Индивидуалды менеджменттің моделдері өзінің идеологиясы, іс-әрекетінің түрлері мен бағыттары бойынша айтарлықтай өзгешеленеді. Олар клиенттің тілек — сұрауына және жалпы проблемаға көбірек бағытталып, ұсынылатын қызмет көрсету бағдарламасын басқаруда клиентке үлкен немесе кіші рөл беруі мүмкін. Индивидуалды менеджмент бағдарламасының кейбір нұсқалары тек қызмет көрсетуді координациялайды, ал басқалары-дағдарысты килігуді, реабилитацияны және емдеуді қарастырады .

Әзірге индивидуалды менеджменттің әдісін сипаттайтын ортақ қабылданған көзқарас жоқ. Алайда әлеуметтік жұмыскердің негізгі функциясына қатысты оның мамандар арасында жүзеге асырылуында толық келісімге қол жеткізілді. Бұл функциялар : проблеманы ( жағдайды ) табуда, қызмет көрсету пакеттерін анықтауда; проблеманың шешілуіне бағытталған процедуралардың координациясы; процесс мониторингі; ұсынылатын қызмет көрсетудің тиімділігінің бағасы; килігу мақсаттарына сәйкес ұсынылатын қызмет көрсету пакеттерінің қажеттілігі жағдайындағы түзетулерді орындайды.

Индивидуалды  менеджмент процесінде әлеуметтік жұмыскер келесі міндеттерді шешеді:

1)  проблеманы табу әдісне клиентпен байланысты орнату ;

2)         клиенттің өтініштерін орындау ;

3)         бірлескен әрекеттерді жоспарлау ;

4)клиенттің    әлеуметтік   ресурстармен    байланысын    орнату    және
координациялау ;

5)         қызмет көрсетуді орындау мониторингі;

6)         клиент мүддесін коргау ;

Пайдананушы жетектеуші маман оның атынан қызмет көрсету бойынша жоспарды орындайтын мекемелермен келіссөз жүргізеді. Қажеттілікке қарай ол басқа мамандармен консультация ұйымдастырады. Пайдаланушының істі жүргізудің мүндай моделінде мамандар жеткілікті үлкен жүктемені атқаруға тиіс болады.

Әлеуметтік қолдау желілерін ұйымдастыру.

Бұл әдіс белгілі бір айтарлықтай деңгейде әлеуметтік жұмыс әдіснамасының дамуына әжептәуір үлес қосқан жүйелер теорияларының ықпалымен туындаған. Әлеуметтік жүйелер теорияларының тұрғысынан қарағанда желі «қарастырылған адамдардың әлеуметтік мақсаттарын интерпретациялау үшін, осы өзара байланыстарды біртұтас ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін адитивті қасиеттер тән адамдар арасындағы өзара байланыстардың белгілі бір жиыны » (Міісһеіі, 1969).

Анағұрлым түсінікті терминдерде желіні спецификалық мағынасы бар нүктелер арасындагы байланыстардың үлгісі немесе жүйесі ретінде сипаттау керек.

Әлеуметтік желілерде нүктелер, бүл :

  • адамдар
  • адамдар кездесетін жерлер
  • адамдар орындайтын әрекеттер

Байланыстар адамдар бір — бірімен кездесу, оларды қызықтыратын жерлерге бару немесе бірлескен ортақ әрекетке қатысу үшін қабылдайтын арласуларды көрсетеді, Осылайша, әлеуметтІк желі клиенттің мінез — құлқын және өмірін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді жоне әлеуметтік көмек көрсету мақсаты үшін ресми емес қолдау жүйесін қолданудың инструментін ұсынатындықтан, әлеуметтік жұмыстың тәжірбиесі үшін маңызды мәнге ие.

Табиғи әлеуметтік желілерді формалды әлеуметтік көмекті қолдау және толықтыру үшін тиімді колдануға болады. Бұл процестегі негізгі техника — бұл әлеуметтік жұмыскерлердің клиенттің айналасын немесе оның анағұрлым кең социумындағы «орталық фигураларды» анықтау мен жинау. Бұл адамдар моралды қолдауды оған мұқтаждарға көрсетуге мүмкіндік беретін жеткілікті психикалық және эмоцианалды ресурстарға ие болуы керек. «Орталық фигура» мәселен, клиентке өзінің уақьты мен көңілінің бір бөлігін бөле алу мүмкіндігі бар клиенттің көршісі немесе жақын арадағы дүкеннің сатушысы бола алады. «Орталық фигуралар» әлеуметтік жұмыскерге клиенттің қатынастарының желісін тереңірек түсінуге көмек бере алады және осы процесс арқылы оның әлеуметтік байланыстарының кеңеюі мен әлеуметтік көмек сферасын ауқымды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жұмыскердің негізгі рөлі — «орталық фигуралардың» күштерін және олардың өз эмоционалды немесе физикалық ресурстарын әлсіретіп алуы мүмкін қаупінің алдын алып, клиенттермен әріптестікке талпыныстарына қолдау көрсетіп отыру.
Тағы рефераттар