Сұрапыл соғыс жылдары етік киген ер азаматтарға бергісіз ерлікке барған осындай қаракөз қазақ қыздарының батылдығын, батырлығын әсірелеп, әспеттеудің қажеті де жоқ шығар. Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі.

Елімізге сіңірген ерен еңбегі,Отан қорғауда, азаматтардың өмірін қауіпсіздендіру барысында ерлік көрсеткені, Қазақстанның бостандығы мен Тәуелсіздігі жолында аянбай күрескені үшін берілетін «Халық қаһарманы» жоғары атағы 1993 жылы Елбасы заңымен бекітілген болатын. Міне осы мәртебелі атаққа ие болғандардың бірі «қазақтың қанатты қызы» атанған тұңғыш әскери ұшқышы — Хиуаз Доспанова.

Хиуаз Доспанова атақты Жайық өзенінің бойында көсіліп жатқан Атырау қаласында Ганюшкино селосында 15- мамырда дүниеге келген. 1940 жылы Мәскеу қаласындағы Медицина институтына оқуға түседі. Ал соғыс басталған кезде атақты орыс ұшқышы М.Раскова басқарған 46-гвардиялық полкке қабылданады. Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Белорусъ, Польша және Шығыс Германия жерлерін фашистерден азат ету барысында үш жүзден аса әуе шайқасына қатысып, жауынгерлік ерліктері үшін «қанатты қыз» атанған. Х.Доспанованың жастық шағының бес жылы бірдей қанқұйлы соғыс майданында, аспандағы жау ұшақтарымен шайқаста өтті. Қайсар да қайтпас штурман қазақ қызының бір өзі Украина, Белоруссия, Қырым, Кавказ, Польша және Албания сияқты фашистер басып алған ел аспанында «ПО-2» бомбалағыш ұшағымен, үш жүз рет жау төбесінен ажал оғын сепкен.  Оғы тек жерде ғана емес, көкте де күні-түні атқылаған жаумен аспандағы шайқаста 300 рет болып қайтқан Хиуаз апай ұшақтан 14 рет құлапты. Төрт мәрте ауыр жарақат алып, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған ол жаумен шайқаста асқан ерлік көрсете білді. Қазақтың жас қызы Ұлы Отан соғысы жылдары Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық түнгі бомбалаушы – ұшқыштар полкінде штурман қызметін атқарған. Майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Х. Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын. 21- мамырда Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.

Ерен ерлігімен тарих беттеріне есімі алтын әріппен өрілген тағы бір қызымыз — Мәншүк Мәметова. Мәншүк (Мәнсия)Жиенғалиқызы 1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда  Ә. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медикалық институтында оқып жүрді. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы».   1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-ші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соғғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Немере сіңлісі Айман Мәметова: «Мәншүк майданда 418 күн болды. Ұлы Отан соғысы 1418 күнге созылды десек, оның 418 күнiнде қазақтың ержүрек қызының азапты күндерi мен ерлiк iсi қалды. Әлемге даңқы шыққан Мәншүк жұмыр жердiң бетiнде небәрi 21 жыл 13 күн өмiр сүрдi. Бұл көп пе, әлде аз ба?! Әдетте ерлiк жасау үшiн ұзақ өмiр сүру парыз болмаса керек болар!», — депті.

Соғыста ерен ерлігінмен көзге түсіп, мерт болғаннан кейін одақтың ең жоғарғы атағы Кеңес Одағы Батыры атанған қаршадай қазақ қызы Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысының Қобда ауданында 1925 жылдың 15-ші маусымында дүниеге келген. Жастайынан анасынан айырылып, аз жылдар нағашысының қолында болып, кейін отбасы жағдайына байланысты балалар үйіне тапсырылып, соғысқа да сол жақтан аттанады. 1943 жылдың қарашасында Әлия Холм түбінде немістерден «тіл» алу мақсатында жүргізілген барлау соғысына қатысқан. Осы соғыс барысында Әлия солдаттармен бірге немістердің траншеясына басып кіріп, 5 немісті тұтқындаған. Қаңтардың қақаған аязында Насва стансасы үшін қырғын шайқаста 19-дағы өрімдей қыз жаңбырша жауған оқтың астында сиреп қалған қаруластарын 6 рет шайқасқа өзі бастап шыққан. Ресейдің Псков облысының Новосокольники жері қазақтың қаршадай қызының қаһармандығы айқындалған соғыс алаңы болды. 1944 жылдың қаңтарында Псков облысы Насва теміржол станциясынан немістерді шығару мақсаты қойылды. Әлияның ротасының командиры қаза болды. Әлия атып тұрып: «Отан үшін алға!», деп айқай салды. Оның соңында бүкіл рота көтеріліп шабуылға шықты. Әлияның қолына минаның сынығы тиді, бірақ ол автоматын тастамай бір неміс офицерін атты. Офицер жауап беріп, Әлияні екінші рет жарақаттады. Соңғы рет Әлия атып, немісті өлтірді. Казачиха деревнясының батысында, Смердель деген кішкентай өзеннің биік жағасында достары Әлияны жерледі.

1944 жылдың 14-ші қаңтарында қазақ халқының ер қызы, Ленинградтың ер қызы Әлия Молдағұлова отаны үшін, елі үшін батырлықпен шәйіт болды. Оның батальондық достары Әлия үшін жаудан қанды кек аламыз деп ант берді.

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 4-ші маусымында көрсеткен ерлігі үшін ефрейтор Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


Тағы рефераттар