Алымдар мен төлемдерді жоспарлау туралы қазақша реферат

         Салықтан басқа Қазақстан Республикасы Салық Кодексінде белгіленген және белгілі бір мөлшерде бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер іс- әрекет етеді.

Алымдар , баждар  және төлемдер деп әдетте заңда және жеке тұлғалардың мемлекеттік  орындардың оларға көрсететін қызметтері үшін төлемдерін айтады.  Бұл төлемдердің сомасы жергілікті бюджеттердің кірісіне не белгіленген үлестерде бюджеттер мен тиісті  ұйымдарға не арнаулы қызметтер көрсететін ұйымдардың мекемелердің шығындарын ішінара немесе толық өтеуі ,қызметін дамытып , жетілдіру үшін түгелдей қарамағына түседі.

Алымдармен төлемдерді төлеу көбінесе қаржы аспектілерінде сондай- ақ мүліктік құқықтарда , техникалық рәсімдер мен тіркеулерді, объектінің қызметтің белгілі бір халін біріктіруді рәсімдеумен байланыстырады да қоса қызметтің айтарлықтай кең аясы бойынша жүзеге асырылады. Осыған орай алымдар мен төлемдерді салық салу объектілерінде сан алуан болып келеді, алымдар мен төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібі де әр түрлі болады. Алымдардың сомасы үкімет белгілеген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және тіркеуші органдарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.

Алымдарды төлеудің қажеттігін тудыратын қызмет түрлерінің сан алуандығы олардың көбісін тиісті қызмет көрсетулерге көбінесе аралық сипат бере отырып, таза қаржы шеңберінен шығарып жібереді. Тіпті мемлекеттік органдардың көбінесе ақылы қызмет көрсетуге көшіп отырған және қаралып отырған операциялар қаржылықтан куәлігі- тауар ақша қатынастарына түрленіп отарған нарықтық қатынастар жағдайында бұл төлеушілердің физикалық және тарифтік бағалық сипатының ұштасуы өрістеді

Салық  міндеттемесі   мемлекет  алдындағы  әрбір салық  төлеушінің  міндеттемесі  болып  табылады және ол  салық заңына  сәйкес  жүргізіледі. 2001 жылғы   12  маусымда №209-11 Қазақстан  Республикасының  «Салық және  бюджетке  төленетін басқа да міндетті  төлемдері  туралы» (өзгертулермен  және толықтырулармен)   салық  Кодексі  сәйкес жеке және  заңды  тұлғалардан  алынатын   салықтар  мемлекеттік   бюджетті  толықтырудың   негізгі  көзі  болып  табылады. [1,4-бет]

Салық  кодексі  және жергілікті  бюджетке  түсетін салықтарды,  алымдар  мен  салымдарды  және басқа да міндетті  төлемдерді  белгілейтін. Қазақстан  Республикасы  заңдарымен    реттелетін  кеден баж  салығы,  алымы мн   төлемдері  мәселелерін  қоспағанда, Қазақстан   Республикасындағы   барлық   салықтық   қатынастарды  реттейтін   бірден-бір  заңды   құжаты болып  табылады.  Салық   кодексі  салықтардың   толық  тізімін,  оларды  есептеу  тәртібін,  салық   салу  обьектілерін,   салықтың  негізгі   түрлері  бойынша   төлеушілерін    анықтайды.  Салықтар,  алымдар мен басқа да  міндетті   төлемдер  деп Кодексте   белгіленген   тәртіпке  сәйкес Қазақстан  Республикасының  бюджет  жүйесіне  төлеушілерден   аударылған (бөлінген)    қаражаттарды   айтамыз. [5, 3-бет]

Салықтарды,   алымдарды  және басқа да  міндетті   төлемдерді   енгізу  және  аудару  немесе   тоқтату  құқығы  Қазақстан  Республикасының  заң   органдарының   өкілеттілігіне   жүктелген.  Бұл  құқық   тек қана  Салық  кодексіне  өзгерістер мен  толықтырулар   енгізу   арқылы  жүзеге  асырылады.

Салық   төлеуші,  салық міндеттемесін   орындау  барысында,   салық  салынатын  обьектісін,  салық   базасын,  салық  мөлшерлемесін,  салық   кезеңін   білуге  міндетті  болады. Бұл кезде: салық  салынатын   обьектісі  және салық  салумен  байланысты  обьектілері: мүлік  және  әрекеті  болып     табылады,  егер де  олар бар  болса,  онда  салық  төлеушінің   міндеттемесі  де пайда болады.;

Салық  базасы   деп құқықтық,  физикалық  базасын    айтады  және де  салық  салу  обьектісіне  басқа да  сипаттамасы   бойынша  салық  салуға  жатуы  мүмкін.  Салық  базасының  негізінде   салық   сомасы  және басқа да  төлеулердің   мөлшері  анықталады.

Салық  мөлшерлемесі  салық  базасының  өлшем   бірлігіне   есептелген   салық деңгейі  болып  табылады.  Салық  мөлшерлемесі   пайыздық  немесе абсалютік   сомасы   бойынша  салық  базасының  өлшем  бірлігіне  қарап  белгіленеді.

Салық  кезеңі – бұл  уақыт  кезеңі,  әрбір   салық  түріне  және  Салық  кодексінің  басқа да міндетті   төлемдеріне  қолайлы  етіп,  белгіленеді,  сол  кезең біткеннен   кейін  салық базасы  анықталынып   бюджетке  төленуге  жататын  салық пен  басқа да  міндетті  төлемдері  есептелінеді.

Қазақстан  Республикасындағы   салық   заңы – мүліктің  кірістелген  және  тауарды  сату  мақсатында  жөнелтілген,  қызметтің  көрсетілген,  жұмыстың  атқарылған  кезеңімен  есептелген  шығысы мен төленген  табысының  кезеңіне  қарамастан,  салықтық  есептің  әдісіне   орап  есептеу  әдісі бойынша  құрылады.

Қазақстан  Республикасында   әрекет  етіп  тұрған  салықтар  мен басқа да  бюджетке  төленетін  міндетті   төлемдердің  сызбасы  төменде   көрсетілген.

Кәсіпорынның   бюджетпен  есеп  айырысу  операциялары 63 «Бюджетпен  есеп  айырысу»   бөлімшесінің  шоттарында  есепке  алынады. Бұл  бөлімшеге: 631 «Төленетін  ағымдағы  табыс  салығы», 632 «Кейінге   қалдырылған  табыс  салмағы»,  633 «Қосылған   құн  салығы», 634 «Бюджетпен  басқадай есеп  айырысу»  шоттары кіреді.

Корпоративтік   табыс салығы.  Корпоративтік  табыс салығы   бойынша  бджетпен  есеп  айырысу 631 «Төлеуге  жататын  ағымдағы  табыс  салығы»  деген  пассивтік  шотында  жүреді.

Корпаративті табыс салығы.                      Кесте-3

Корпоративтік  табыс  салығын  төлеушілер Салық  салынатын  обьектілер Салық  мөлшерлемесі Салықтық  кезең
Заңды тұлға,  Қ.Р. резиденттері (бұларға Ұлттық банкі мен  мемлекеттік   ұйымдар кірмейді) Салық  салынатын  табыс

30%

Календарлық  жыл
Төлем кезінде  алынатын  табысқа  салынатын  салықта

15%

Заңды  тұлға, Қ.Р. резиденттері, олар үшін жер  өндірістің  негізгі  құралы болып  табылады. Салық салынатын табыс 10% Календарлық  жыл
Қ.Р. тұрақты  ұйымдар  арқылы, қызметін  жүзеге  асыратын резиденттер  емес заңды  тұлғалар Салық салынатын табыс 30% Календарлық  жыл
  Таза  табыс 15% Календарлық  жыл
Қ.Р.-да  төлем  кезінде  табылатын  резиденттер емес  заңды  тұлғалар Төлем  кезінде  алынатын  табысқа  салынатын  салықтар 15% марапаттау  мен қатысу  үлесімен   алынған   табыстар, дивиденттер; 10% тәуекелділіктің  сақтандыру  келісім шарты  бойынша  төленетін  сақтандыру пайдасы; 5%  тәуекелділіктен  қайта сақтандыру   келісім   шарты бойынша  төленетін,  сақтандыру пайдасы. 5% — халықаралық   тасымалдауда  да  транспорттық  қызмет   көрсету  ден   түскен табыс; 20% — басқа да табыстар  

Корпоративтік  табыс  салығының   салық салынатын  негізгі  обьектісі  салық  салынатын   табысы болып  табылады,  оның деңгейі  жылдық  табыс  жиынтығы мен  шегерімнің  (тұрақты  мекемелер  арықылы   қызметін  жүзеге  асырмайтын, резидент  еместерді  қоспағанда)  арасындағы  айырмасы  арқылы  анықтайды:

Жылдық  табыс  жиынтығына: жөнелтілген  өнімдер, атқарылған  жұмыстар, көрсетілген  қызметтер  және басқа да  операциялар  үшін, салық төлеушінің  алуына ( алғанына)  жататын ақшалай  немесе басқа да  қаражаттар, өзара  есеп  айырысу  ретінде  үшінші тұлғаларға  жіберілген, тікелей, не жанама  түрінде  шығындарды  өтеуге  жібрілген құжаттар  кіреді. Кәсіпкерлік қызметтерден  түсетін кірістерге: өнімді (жұмысты, қызметті) сатқаннан  түсетін  кірістер;  ғимараттарды,  қондырғыларды  сату кезінде  құнының  өсуінен,  сондай-ақ амортизациялауға  жатпайтын активтерден  инфляцияға  байланысты  олардың  құндарына  түзетулерді  есепке  алу  барысында  түскен  кірістер; басқа да  сатудан  түскен  тыс  кірістер,  соның  ішінде:  проценттер  бойынша  кіріс; дивиденттер; ақысыз  алынған  мүліктер мен ақша  қаражаттары;  мүліктерді  жаға беруден  түсетін кірістер; роялти; мемлекеттен  және басқа да  заңды  тұлғадардан  алынған жәрдем  ақшалар;  кәсіпкерлік  қызметтен  немесе оның  қызметін  шектеуден  алынған  кірістер;  қарыздарды  есептен  шығарудан  түскен  кірістер және т.б. жатады.

Салық  төлеушілер  жылдың  табысының  мыналарды  шығарып  тастау керек.

—                     дивиденттер, Қ.Р. заңды  тұлға  резиденттерінен  алынған  бұрындары  төлем  көзінен  ұсталғандары;

—                     кәсіпорынның   меншігіндегі  акциясының  құны, олардың  номиналдық  құнынан  артқан деңгейі,  яғни эмитенттердің  орналастыру  кезінде  және меншікті  акциясын  сатқан кезінде  алынған  табыстары;

—                     мемлекеттік  бағалы  қағаздарды   сатқаннан  түскен  табыстары;

—                     әртүрлі  апатты   төтенше  жағдайына, душар  болған жағдайда,  гуманитарлық көмек ретінде  алынған  мүліктердің  құны, егер де олар  арналымы  бойынша  пайдаланылса;

—                     мемлекеттік   кәсіпорындардан  тегін  негізде  алынған  негізгі  құралдардың  құны;

—                     зейнетақыны  қамтамасыз  ету туралы ҚР  заңына  сәйкес  алынған инвестициондық  табыстары.

Заңды  тұлғалардың  жылдық  табысының  жиынтығынан  оны алуға  байланысты  барлық шығындар  кемітіледі, соның  ішінде  табыс  салығы  салынатын  еңбек  ақы  бойынша  шығындары да,  яғни  қызметкерлерінің  материалдық және әлеуметтік  әл- ауқатын  көтеруге  шығарылған  шығындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының   заңдарымен реттелетін  Мемлекеттік  әлеуметтік  сақтандыру  және  арнайы  қорларға  салынған  шығындар.

Салық  төлеушілердің  шегерімдерінің  тиісті  құжаттары бар болса,  яғни  жылдық табыс  жиынтығын  алумен  байланысты  шығыстары  расталса  ғана  шегерім  жасалады. Бұл шығыстарды   сол өзінің  жасалған  салықтық  кезеңінен  шегеріледі,  бірақ оған  болашақ  кезеңнің  шығыстары  қосылмайды.

Жылдық  табыс  жиынтығынан  келесі  шегерімдер  жасалады.

Қызмет  бабымен  іс –сапарға  кеткен шығындары  және  өкілеттік шығыстары Қазақстан Республикасының  Үкімет белгілеген  нормалар  шегінде  шегеріледі:

—                     сі  -сапарға  жіберілген  жеріне дейін  кеткен нақты  жолымен байланысты  шығындары (билеттің  құны), сондай-ақ броньға  жасалған  шығындары жатады;

—                     шетелдік іс-сапарда  жүрген  кезіндегі  тәулік  шығындары Қазақстан Республикасының үкіметінің  белгіленген  норма  шегінде  беріледі.

Алынған  сыйақы  (мүдде)  бойынша  шегерім  келесі  деңгейде  жасалынады: Сыйақы  қатарына  алынған  несие (кредит, займ),  мүліктер, дисконттар  мен депозиттер жатады.

—        несиелер  (займдар)  бойынша, оның  ішінде  қаржылық лизинг бойынша да,  депозиттер, сондай-ақ  мүліктерде  теңгемен алынса (немесе  орналастырылса), онда  Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкісі  бекіткен  қайта қаржыландырудың  1,5-ке  еселенген  ресми  мөлшерлемесі  бойынша  шығарылған  сомасы  шегінде  шегеріледі,  ал ол шетел  валютасында  берілген (немесе  орналастырылған) болса,  онда ол Лондонның  банкаралық рыногының  2-ге  еселенген  мөлшерлемесі  (ставкасы)  бойынша  шығарылған  соманың   шегінде   шегерілуі  тиіс.

Жоғарыдағы  шектеулермен   қоса,  несиенің  максималды  марапаттау  сомасы  да  шегерімге  жатады:

 

Заңды тұлға –                                                                       Төлем  көзінен ұсталатын

резиденттеріне                                Төлеу  көзінен                       табыс  салығының

төлейтін, марапаттау                      ұсталынған                                 мөлшерлемесі (15%)

және шегерімге              =               марапаттау                   х        ______________________

жатқызуға  болатын                       сомасы                        Корпоративтік  салығының

сомасы.                                                                                     мөлшерлемесі (30%)

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің  қайта  қаржыландыру  мөлшерлемесі  және Лондонның банкаралық  рыногының депозиттерді,  бағалы  қағаз  қарыздарды, мүліктерді, сондай-ақ  несиені (қарызды)  рәсімдеу  кезеңіндегі  мөлшерлемесі  пайдаланылады.

Келісім- шартқа  сәйкес  несие (қарыз)  үшін марапаттау  сомасын  есептеу  кезінде  қалқып   жүретін мөлшерлемесі  және сол  мәміленің  (операцияның)  нақты  жасалған  күніндегі  мөлшерлемесі   есепке алынады.

2.  Салықтарды  шегеріс  жасау. Бұл жерде  мемлекеттік бюджетке  есептелген   шегіндегі  төленген  салық шегеруге  жатады, яғни  жылдық  жиынтық  табыс  анықталғанға  дейінгі  салықтар; Қазақстан  Республикасының  аумағында  және  басқа  мемлекеттерде  төленген  табыс  салығы мен  корпоративтік  табыс  салығы,  сондай-ақ үстеме  пайданың  салықтары (яғни  кәсіпорын рентабельді  болған  сайын,  одан ұсталатын  салықтың  да деңгейі  төмендейді). Сонымен   қоса, өткен  кезеңдер үшін   ағымдағы   салық  кезеңінде   төленген  салықтар да шегерілуі  тиіс.

Ағымдағы   салықтық  кезеңде  өткен  кезеңдер  үшін  төленген  салық қай  кезеңде  төленсе,   сол  кезеңнің  шегеріміне  жатқызылады.

3. Салық салынатын табысты  анықтаған  кезде  жылдық  жиынтық  табыстан  келесі  шығыстар шегеруге  жатпайды;

—                     жылдық  жиынтық  табысты  алумен байланысты  емес шығыстар;

—                     күрделі  сипаттағы  шығыстар, яғни  тіркелген  активтерді  сатуға және сатып  алуға  кеткен шығыстар;

—                     мемлекеттік  бюджетке  төленетін  айыппұлдар мен өсімдер;

—                     жылдық жиынтық  табысты  алумен байланысты  болса да,  бірақ Салық Кодексінің  белгіленген  нормасынан  артық  болса, онда ол шегерімге  жатқызылмайды;

Қазақстан  Республикасының  заң актісімен белгіленген  нормадан  жоғары,  төлеуге (төленуге)   жататын  міндетті  бюджет  төлемдерінің  басқа да  сомасы;

—                     кәсіпкерлік  қызметте  пайдаланбайтын, құрылыс обьектілерін  салу, пайдалану  және  күтіп – ұстау шығыстары;

—                     тегін  берілген  мүліктердің, жұмыстардың,  қызметтердің құны;

Кәсіпкерлік  қызметтен  тартқан  зияндар (егер  шегерім  түзетілген жылдық  жиынтық  табыстан  асып кетсе),  сондай-ақ  салық  төлеушінің   кәсіпкерлік  қызметінде   пайдаланған  ғимараттардан, қондырғылардан  тартқан зиянды   салық  төлеушінің   келешектегі   табысының  есебінен  өтеу  үшін  үш жылға дейін  төлеу мерзімі  кейінге  қалдырылады.

Корпоративтік  табыс   салығын  есептеген   кезде 851 шоты дебеттеліп, 631 шоты  кредиттеледі. Бұл  салық  жылдың  соңында  бір рет  есептелінеді.

Корпоративтік  табыс   салығын    бюджетке  төлеген  кезде  оның  ішінде  аванстық  төлемін  қоса  алғанда  631 шоты дебеттеліп, 441 шоты  кредиттеледі.

851 шотының  дебеті  бойынша  және 632 шотының  кредиті бойынша  кейінге  қалдырылған  салықтың  пайда  болғанын немесе  ағымдағы  кезеңде  уақытша  айырмасының  жойылғанын,  болашақта  бюджетке төленуге  жататындығын көрсетеді. Жыл соңында  табыс  салығы  бойынша  жұмсалған  шығыс  сомасына  571 шоты  дебеттеліп, және 851 шоты  кредиттеледі.

Кейінге  қалдырылған  табыс  салығы және  сонымен байланысты  есеп айырысулар.

Кейінге  қалдырылған  салықтың  есебі  үшін 632 «Кейінге  қалдырылған  табыс  салығы»  шоты  арналған. Бұл шотта  бухгалтерлік  және  салық  есебінің  талаптарындағы  айырманың  нәтижесінде  пайда  болған уақытша сомалары  көрсетіледі.

Бухгалтерлік  есепте табыс  пен зиян  есеп  саясатында  қаралған  және есеп  стандарттармен  қарастырылған  қағидасы  бойынша  қаржылық  шаруашылық  қызметінің  нәтижесі  анықталады. Салықтық  есепте  табыс  пен зиянның  сомасы  бухгалтерлік  есепте  көрсетілген  сомамен салыстырылып,  солардың  арасындағы  айырмасына  тиісті  түзетулердің  көмегімен  анықталады.

Бұл арада  мынаны  ескерген жөн: салық (жедел)  есебінде  жиынтық жылдық табыстан (негізгі  құрал-жабдықтарды амортизациялау,  негізгі  құрал-жабдықтарды жөндеу, проценттер  және  тағы  басқалары  бойынша) ұстап  қалулар (жеңілдіктер) туралы, сондай-ақ  табыстар туралы (үйлерді, ғимараттарды)  сату кезіндегі  құнның,  сондай-ақ  ақша  құнсыздануына   түзетулерді   есепке ала  отырып амортизациялауға  жатпайтын  алашақтардың  өсуі; кәсіпкерлік   қызметті шектеуге  келіскені  және  кәсіпорынды  жапқаны үшін  тағы  басқалары  жөнінде  хабарлама  қалыптасады; бұл хабарламада  салық  салынатын  табыс  сомалары  және бюджетке  төленуге  тиісті  заңды  тұлғалардан  алынатын  табыс  салығының   сомалары  туралы  бухгалтерлік  әрі салық  есебі  деректері  арасындағы  алшақтыққа  әкеп соғады.

Бухгалтерлік  және  салық  есебі  арасындағы  мәліметтердің   теңдігін  сақтау оңай  шара емес,  өйткені  олардың  арасында тұрақты және уақытша   сипаттағы  айырмашылықтары болады.

Осының   нәтижесінде  уақытша  және тұрақты  айырмашылықтар, сондай-ақ  уақытша  айырмашылықтардан  салықтық  тиімділік  туындайды.

Тұрақты айырмашылықтар – бұл  ағымдағы  есепті  кезеңде  туындайтын  және  бұдан  кейінгі  есепті  кезеңдерде  жойылмайтын (бухгалтерлік  есеп деректері  мен  заңды  тұлғалардан  алынатын  табыс  салығы  жөніндегі  мағлұмдамада  көрініс  табатын  деректер  арасындағы  айырмашылықтар)  салық  салынатын  және  бухгалтерлік  табыстар  арасындағы   айырмашылықтар.

Тұрақты   айырма  ретінде  келесі  мысалды  келтіруге  болады:

—                     жылдық жиынтық табыспен де,  шаруашылық  жүргізуші  субьектінің

кәсіпкерлік  қызметімен де байланысты  емес шығыстр (демалыс  үйлеріне жолдама алу, бассейінге абономенттерді алу,  спорт құрал-жабдықтарын  алу және т.б.).,  бұл  аталған  шығыстар  бухгалтерлік  есепте  шығысқа  жатқызылады,  ал салық  есебінде   олар    шегерім ретінде  танылмайды;

—                     бюджетке  төленетін айыппұл санкциялары  бухгалтерлік  есепте жылдық  табыстан  шегеріледі, ал  салық  есебінде  ол шегерілмейді;

—                     нормадан  жоғары  белгіленген іс-сапар  мен өкілділік  шығындары  бухгалтерлік  есепте  кезең  шығыстарына  жатқызылады,  ал салық  есебінде  ол шегерім  құрамына  енгізілмейді;

—                     қоршаған  ортаны  ластаудан  тазартуға  кеткен  шығындар бухгалтерлік  есепте кезең  шығыстарына  жатқызылады,  ал салық есебінде  ол жылдық жиынтық табыстан  шегеруге  жатпайды;

—                     марапаттау  бойынша  шығыстар толық  көлемде  бухгалтерлік  есепте  шығысқа  жатқызылады, ал  салық  есебінде – белгіленген  шектеулер шегінде ғана  ескеріледі;

—                     несие  бойынша,  соның  ішінде  қаржылық  лизингі бойынша  да, депозит  бойынша да, сондай-ақ сенімді  басқаруға  алынған  мүліктер  бойынша да  Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкісінің  белгілеген қайта  қаржыландыру  коэффициентінің  1,5 есе  еселенген  ресми  мөлшерлемесінің  шегіндегі  сомасымен  есептейді, ал  егер ол  шетелдік валютада  орналастырылса, онда Лондондық   банкаралық  нарықтың 2-есе  еселенген  мөлшерлемесінің  негізінде  есептелінеді.

    сақтандыру  пайдасы  бухгалтерлік  есепте  ешқандай  шектеусіз  шығысқа жатқызылады,  ал  салық   есебінде – ол  шегеруге жатпайды, егер  ол шегеруге жатқызылған  жағдайда  класы  бойынша  өкілетті  органдардың  белгілеген   шегінде  ғана  жүзеге  асуы  мүмкін;

—         кәсіпкерлік  қызметінде  пайдаланбайтын обьектілердің  пайдалануы  мен  күтіп-ұстау  шығыстары  бухгалтерлік  есепте  толық көлемінде  шығыс  ретінде  есептелінеді, ал ол  салық есебінде  шегерімге жатпайды.

—         және  басқа да  шығыстары.

Уақытша  айырма   бухгалтерлік  табысты  есептеген  кезде  кейбір табыс пен шығыс  баптарының  бір бөлігі  бір  есептік  кезеңде, ал салық  салынатын  табысты есептеген кезде басқа  есептік  кезеңде  есептелінеді. Сондықтан бірінде болған айырма, екіншіде  жойылады. Мысалы:

—        материалдық  емес  активтер мен    негізгі  құралдар  бойынша  жасалатын  амортизациялық  аударымдар.

Бухгалтерлік  есепте  амортизациялық аударымдар  үшін әртүрлі  тәсілдер мен  нормалар  пайдаланылады  және  ондағы  есептелген  сома  шығын  ретінде  қабылданады. Салық  есебінде  тек қалдығын азайту  тәсілі  пайдаланылады. Сондай-ақ  екі  есептің  пайдаланатын  нормасы да  әрқилы  болуы мүмкін,  нәтижесінде  салық  есебі  бойынша  обьекті  толық амортизациялануы  мүмкін, ал бухгалтерлік  есепте  ол жалғасуы  мүмкін.

—        бухгалтерлік  есепте  негізгі  құралды  жөндеу  шығындарын  толық  көлемде  алады,  ал  салық есебінде  оның құндық  балансының 15% тең  сомасын   ғана алады;

—        15% асқан  сомасы  негізгі  құралдың  құндық  балансына  қосылып, одан амортизация  срмасы  есептелінеді,  яғни  салық салынады. Бухгалтерлік   есепте  тап бұндай  операциялар  көрініс  таппайды.

—        бағалы  қағаздарды  сатудан  жабылмаған зиян оларды сату  кезінде  пайда  болады, сол пайда  болған  кезінде  бухгалтерлік  есепте  есептеу  әдісі  бойынша   көрініс  табады.  Салық  есебінде  аталған  зиянды  құнның  өсімінің   есебінен  жабады (компенсацияланады),  ал егер  де ол  жабылмаса, онда оның  жабу мерзімін үш  жылға  дейін  созады;

—        салық бойынша  шығыстар (корпоративтік  салығын,  табыс  салығын  қоспағанда  бухгалтерлік  есепте  есептеу  тәсілі бойынша   көрініс  табады,  ал салық  есебінде – шегерімге   тек  төленген   салық  қана  алынады;

—        теріс бағамдық   айырма  бухгалтерлік  есепте толық көлемінде  алынады,  салық  есебінде   шегерімге   жатқызу  үшін  шектеулер  қойылады,  ал  шектеулердің  сомасын  мынадай  жолмен  анықталады:

Салық салынатын  табыстың  сомасынан 50%

алынады, ал ол  жылдық жиынтық  табыс пен

Он бағамдық  +                              шегерімнің  (табыс  пен  шығыстың  бағамдық

айырмасы                              айырмасы  есепке  алынбайды)  айырмасынан

шығады.

Айырма  сомасы негізінен  шектеудің  салдарынан  пайда болады, ал  ол келесі  салықтық кезеңдердің  іздестіру  барысында  компенсацияланады.  Құрылыс  салуға  алған  несие (қарыз) бойынша  бағамның  теріс  айырмасы  оны  жүргізудің  кезеңдік   төлеміне  байланысты пайда  болады  және салық  есебінде  оның обьективтік  құны  ескерілсе,  бухгалтерлік  есепте  ол шығыс ретінде  танылады;

және басқа да .

Тұрақты және уақытша айырма  шаруашылық  жүргізуші  субьектісінің   есеп  саясатына  бухгалтерлік  есептің де,  салық есебінің  де енгізген өзгерістерінің   (түзетулерінің)  салдарынан  болуы  мүмкін.  Бұл  арада  тұрақты  айырманы   келесі  есептік  кезеңде  жоюға  болмайды,  ал  уақытша  айырма  жойылады. Тұрақты  айырманы да,  уақытша  айырманы  да  өте  жеңіл  түрде   табуға  болады,  егер де тиесілі  бухгалтерлік  регитрлеріне   салықтық  есеп  қағидасының  зерттеулерін  жүргізсе. Уақытша  айырма  сомасынан   салықтық эффектіні  бухгалтерлік   есепте  көрсету  және анықтау  жолымен  оның  уақытша  айырмасын  табады. Салық эффектісі  төлеуге  жататын   немесе  кейінге  қалдырылатын   төлем  болып  саналады.

Халықаралық  практикада  жалпы  қабылданған пікір  бойынша  табыстан  алынатын  салықты  сол  табысты  табу үшін жасалатын   шығыс  деп санайды,  ал ол   шығыс  есептеу  қағидасына   сәйкес, өз  кезеңіне  қарап,  тиесілі   пайда болған  табыстармен   бірге  танылады.

Есептік  кезеңде  уақытша   айырамынң  салдарнан  пайда болған  салық эффектісі  632 «Кейінге  қалдырылған  табыс  салығы»  шотында  көрініс   табады.
Тағы рефераттар