Ойлаудың негізгі формалары туралы қазақша реферат

     Ойлау ой операцияларымен қоса, ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз–заттар мен құбдылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың  жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. Ұғымдар жеке және жалпы болып бөлінеді. Бала мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының  арта түсуі ғылым негіздерін меңгеруге қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан ұғымдарды меңгеруге адамның білім ортасындағы түрлі ғылымдар негіздерін игеру әсер етеді. Соның барысында адамның қоршаған дүние заттарының ұғымдары жөнінде білімдері қалыптасады.

Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір бұл бір зат туралы мақұлдау не оны жоққа шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Мысалы: “Астана–Қазақстанның астанасы” шындыққа сай пікір.

Саналау мен түсіну ойлаудың негізгі белгісі болып  табылады.

Адамның ойлау әрекетінде шындықтағы заттар мен құбылыстардын негізгі қасиеттерін, ерекше белгілерін, мәнін түсіне білудің маңызы зор. Біз айналамыздағы заттардың себеп–салдарлы байланыстарын, бір–біріне тәуелділігінің шығу тегі мен даму жолын түсіну арқылы ғана ажыратамыз. Түсіну шындықтағы заттар мен құбылыстармен танысудан, көріп– білуден басталады. Өйткені қандай да бір нәрсені ұғыну үшін оны эмпирикалық жолмен зерттеу қажет.

Түсіну сөз арқылы берілетіндіктен түрліше формаларда тұжырымдалады. Түсіну қысқаша, жалпы, кең, детальды және т.б. болып келуі мүмкін.

Түсінудің екі түрі бар. Біріншісі–тікелей түсіну. Тікелей түсіну– жанама түрдегі ой операцияларын керек етпейтін, қабылдауға ұқсас процесс. Ал екінші түрі–жанама түсіну. Жанама түсіну–түрлі фазалардан тұратын, ой операцияларын қажет ететін, көмескі нәрсені айқын етіп бейнелеуде бірнеше ой қорытындыларын қажет ететін процесс.

Жалпы, ойлау дегеніміздің өзі–мәселені шешу, оның мәнісін түсіне білу деген сөз.

Ойлаудың ең күрделі және жоғарғы формаларының бірі–ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз–бірнеше пікірлерден жаңа пікірлер шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір–бірімен байланыстыруымыз қажет.

Ой қорытындысының негізгі үш түрі барЖ

1) дедукциялық, 2) индукциялық, 3) аналогиялық ой қорытындысы.

Дедукция дегеніміз–жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мысалы, біз, тірі организмдер оттегі жоқ жерде  тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі десек, олай болса, балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қорытындыға келеміз.

     Индукция–жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Гүлдер сусыз  өмір сүре алмайды, ағаштар да сусыз өмір сүре алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап, сусыз өсімдіктер тіршілік ете алмайды, деген қорытындыны жасаймыз.

     Аналогия дегеніміз–ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И. Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда аналогиялық ой қорытындысына сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы, әсіресе құлауы, мен аспан денелерінің қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсіндіруде аналогияны келтіреді. Аналогия ғылыми болжамдарды жасаудың маңызды алғышарты болып табылады.
Тағы рефераттар