Экспериментті зерттеу ақырына дейін толық аяқталуы үшін ғылыми қорытынды жасау аз. Осы қорытындылар негізінде тәжірибелік ұсыныстар жасалынып, өмірге енгізілуі қажет. Алайда, алынған нәтижелерді өмірге енгізуден бұрын бұл нәтижелерді нақты педагогикалық жағдаймен қатынасын салыстыру қажет.
Психологиялық-педагогикалық жағдайды анықтау төмендегідей сұрақтарды анықтауды қажет етеді:
Алынған тәжірибелік деректер қандай нақты педагогикалық тәжірибе мәселесімен байланысты?
Бұл тәжірибеде нені, өткізілген тәжірибе нәтижесіне орай, оңтайлы өзгертуге болады?
Мұны қалай аз күш жұмсап өмірге көп пайда әкелетіндей қисынды жасау керек?
Алынған нәтижелерді өмірге қандай кезекпен ендіру қажет?
Ендіруден күтілетін мүмкін тиімділікті қалай бақылауға болады?
Ендіру үдерісінің нәтижелі түрде толық аяқталғанын қандай критерийлер арқылы білуге брщады?
2. Ғылыми тұжырымдар тәжірибелік жұмыс барысында алынған нәтижелерге, заттар мен үрдістің ішкі қажетті байланысы біліміне, олардың өзара жинақталғандығына негізделеді және нақтылық даму заңдылықтары біліміне сүйенеді.
Ғылыми қорытынды негізінде зерттеу қорытындысы мен ұсыныстарының бағдарламасы жасалынады. Мұндай бағдарламада нәтижелерді тәжірибеге ендіруге байланысты сұрақтарға тыңғылықты және анық жауаптар берілген, бұл жұмысты жүргізу жоспары жасалынған. Жоспарда ендіру бойынша нақты қадамдар, оны жүзеге асыру мерзімдері, ендіруге жауапты тұлғалар, оның критерийі мен белгілері, ендіру жөніндегі есеп беру формасы. Ендіру бағдарламасы мен жоспар автормен келісіп жасалынады.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
«Педагогикалың зерттеу» ұғымына өздігінен түсінік беріңіз. Ұғым бөйтерегін құрастырыңыз.
Мұғалімнің зерттемелік қызметінің мәні неде, кәсібилік деңгейіне оның әсері бар ма?
Сіз педагогикалық тәжірибе өтетін мектептің ғылыми мәселелері ерекшелігіне тоңталыңыз.
Сіз қарастыратын психология-педагогикалық мәселе бойынша қолданылатын әдебиет каталогын құрастырыңыз.
Болашақ мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының мәні неде?
Ғылыми-педагогикалық зерттеу жүргізудегі үлгілеудің орны қандай?
\[7. Логикалық тәртіп бойьшша реттеңіз: мәселе, болжам, міндет, мақсат, нысан, өзектілігі, пән, әдістер, қорытындылар мен ұсыныстар, зерттеу қоры, қарама-қайшылықтар.
Зерттеу қызметі барысында қандай кәсіби құнды сапа қалыптасады?
9. Педагогикалық зерттеулердің негізгі кезеңдерінің дербес кестесін құрастырыңыз; жеке кезеңдерін, маңсатын анықтаңыз.
Білім саласындағы сіз таңдаған ғылыми мәселенің өзектілігін негіздеңіз.
Сіз таңдап алған ғылыми мәселе бойынша әдебиетке шолу жасаңыз.
Педагогикалық зерттеулердің түрлері мен олардың ерекшеліктерін атаңыз.
Педагогикалық тәжірибедегі экспериментті және бақылау топтары арасындағы айырмашылықтарға сіздің көзқарасыңыз қандай?
Педагогикалық зерттеудегі эксперименттік және бақылау топтарының орны неде?
Объект пен зерттеу нысанының арасындағы айырмашылықты атаңыз.
Эксперименттің мақсаты, міндеті мен болжамы дегеніміз не?
Әдістемелік зерттеулердің эмпириялық зерттеулерден айырмашылығы неде?
Теориялық зерттеулер ерекшелігін сипаттаңыз.
Педагогикалық зерттеулер әдісі дегеніміз не?
Әр түрлі әдебиеттерден педагогикалық зерттеулер анықтамасын теріп жазыңыз.
Мектепте оқу сабақтарына қатысқанда мектеп тәжірибесінде қандай зерттеу әдісі жиі қолданылатынына талдау жасаңыз.
Тәжірибе жүргізудің ерекшелігі неде?
Тәжірибенің құрылымдық компоненттерінің иерархиялық байланыстарына талдау жасаңыз.
Педагогикалық тәжірибе кезінде оқушы тұлғасы мен ұжымды зерттеу бағдарламасын жасаңыз.
Оқытушы тапсырмасы бойынша сауалдарды қолмен өңдеуді орындаңыз.
Жаңашыл педагогтер тәжірибесін зерттеу қызметін жүзеге асыру деңгейі бойынша талдау жасаңыз. Ал олардың әдістемесі жаңашылдың ерекшелікпен қандай мөлшерде қамтамасыз етілді.
Педагогикалық зерттеулер әдістері білімінің мәнін неден көресіз?
Эксперименттік деректерді статистикалық өңдеу не үшін қажет?
Педагогикалық зерттеулерде орташаарифметикалық қалай есептеледі?
Корреляция ұғымына түсінік беріңіз.
Тағы рефераттар
- Цилиндрлі жобалар (cylindrical projection)
- Теңіз деңгейінің катастрофалық өзгерістері
- Канаданың халқы мен ұлттық құрамы
- Бавария Кеңестік Республикасы
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ АУДИТ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ