Аннуитеттік сақтандыру жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде туралы қазақша реферат

Қазiргi уақытта бiздiң елiмiзде зейнетақы аннуиеттiк сақтандыру epiктi түрде жүзеге асырылады. Алайда, бiзде де кейбiр нормативтi құқықтық актілерде өмip мен денсаулықты сақтандыру мiндеттi түрде көзделген. Мысалы, қазiрде ҚР «Жұмысшының өз еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындау барысында оның өмipi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жұмыc берушiнiң жауапкершiлiгiнiң мiндеттi түрде сақтандырылуы туралы» заңының жобасы белсендi түрде талқылану үстінде. Өмiрдi сақтандыру сақтандырушының келесi жағдайлардағы: сақтандырылған тұлғаның өлімі, сақтандырылған тұлғаның сақтандыру мерзiмiнiң аяқталу уақытына дейiн жете өміp cүpyi немесе сақтандыру келiсiмiнде белгiленген жасқа дейiн жетуi жағдайларындағы сақтандыру төлемдерiн төлеу бойынша, сондай-ақ сақтандыру шартында көзделген жағдайларда (сақтандыру шарты мерзiмiнiң ақталуы, сақтандырылған тұлғаның белгiлi бiр жасқа жетуi, асыраушының өлiмi, еңбекке жарамдылықты мүлде жоғалту, сақтандыру туралы келiсiмнiң күшi бар мерзiмi iшiндегi ағымдағы төлемдер және т.б.) сақтандырылған тұлғаға зейнетақы (рента, ағымдағы төлемдер – аннуитеттер) төлеу бойынша мiндеттерiн алдын ала белгiлейтiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады [24].

Денсаулықты сақтандыру жағдайында бұл – ағзаның физиологиялық қасиеттерi, мысалы: босанғалы жүрген әйелдердi патологиялық босану кезiндегi травматикалық зардаптардан сақтандыру; жекелеген аурулардан (обыр, туберкулез және т.б.) сақтандыру, денсаулық жоғалтудан сақтандырудың басқа да түрлерi.

Қазiргi заманғы жағдайлардағы сақтандыру iciн ұйымдастырудың қағидалары бiр жағынан нарықтық экономиканың экономикалық заңдарымен, ал екiншi жағынан – oғaн Қазақстан Республикасының өтyiнің өзгеше жолымен шартталады.

Нарықтық экономика, өздерiмiзге белгiлiдей, кәсiпкерлiк бостандығымен, оның нысандырының алуан түрлiлiгiмен, барынша мол табысты қамтамасыз ету мақсатымен өндiрiс пен қызмет саласының тұтынушыға бағдарлануымен сипатталады. Мемлекет тауар өндірісі және тауар айналымы үдерiсiне, өндiрушi мен тұтынушы ара қатынастарына тiкелей араласпайды, бiрақ сонымен бiрге қаржы, салықтық, құқықтық және басқа нормалардың заң жүзiнде белгiленген жүйесiне әкелетiн нарықтық. шаруашылық қызметiнiң ең маңызды құқықтарын белгiлейдi.

Аннуитеттік сақтандыруды жинақтаушы зейнетақы қорларының тиімдірек ұсыныстары, оның өзеліктігін төмендетуіне әкеп соқтыратын секілді, алайда көп дау тудыратын мәселелердің бірі болып –  аннуитеттік сақтандыру шартын құқықтық табиғаты және азаматтық-құқықтық мәмілелер жүйесіндегі алатын орны туралы мәселелер табылады. Қазіргі кезде бұл мәселелерге ғылыми публикациялар арналған.

Зейнетақы аннуитеттерiн провайдерлерге ұсыну pұқcaт етiлген.

«Сақтандыру қызметi туралы» ҚР Заңына сәйкес зейнетақы аннуитеттерін іске асырумен айналысуға уәкiлеттi органның «өмірді сақтандыру» саласында «аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша сақтандыру қызметімен айналысуға лицензиясын алған сақтандыру компаниялары құқылы.

Сөйтіп, мемлекеттік аннуитеттік компания сақтандыру аннуитеттерді сақтандырудың жалпы және ұзақ мерзімді түрлерін ұсыну жүйесінің дамуын ынталандыруға, қызметкерінің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруы кезінде оның өмірі м денсаулығына зиян келтіргені үшін жмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың тиісінше жүргізілуін қамтамасыз етуге; сақтандыру ұйымдары қолданатын сақтандыру технологияларының дамытылуына және жетілдірілуіне қосымша серпін беруге; аннуитеттерді ұсыну саласы бойынша қажетті тәжірибені жинақтауға; аталмыш сақтандыру өніміне (аннуитетерге) деген сұранысты қанағаттандыруға және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес азаматтарға берілген құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз етуге ат салысады.

Қазіргі кезде сақтандыруды,оның ішінде жинақтаушы сақтандыру түрлері мен аннуитеттерді ұсыну жүйесін дамытудың аса қажетті факторы ретінде елдегі сақтандыру мән-жайлары жөніндегі статистикалық және өзге де деректердің ауқымды әрі толыққанды базасын қалыптастыру көрініс тауып  отыр.

Бүгiнгi таңда Қазақстанда Мемлекеттiк аннуитеттiк компаниямен қатар, уәкілетті органның лицензиясына өмірді сақтандыру жөніндегі тағы алты жеке компания ие болды. Өмiрдi сақтандыру жөнiндегi компаниялардың барлығына уәкiлеттi органның пруденциалды нормативтерiн орындау мiндетi қолданылады [17].

Қандай өнiмдерге pұқcaт берiледi. Өмiрдi сақтандыру компаниялары уәкiлеттi органның «өмiрдi сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар өнiмдердi ұсынaды. Бұл өнiмдерге негiзiнен өмiрдi сақтандыру және аннуитеттiк сақтандыру (оның iшiнде зейнетақы аннуитеттерi де кіретін) өнiмдерi жатады. Мұнымен қaтap өмiрдi сақтандыру жөнiндегi компаниялар жазатайым оқиғалардан сақтандыру жөнiндегi өнiмдердi caтуғa құқылы. Жалпы алғанда «өмiрдi сақтандыру» саласы сақтандырудың ерікті нысанына жатады.

Өмiрдi сақтандыруды дамыту, атап айтқанда аннуитеттік сақтандыру тұрғысынан қарағанда, кейбiр заң актiлерi бойынша аннуитеттік сақтандыру шарттарын жасасу көзделетiнi маңызды болып келедi.

Атап айтқанда, зейнетақымен қамсыздандыру Заңында азаматтардың өз зейнетақы жинақ сомаларын сақтандыру ұйымдapынaн зейнетақылық аннуитет шартын жасасу арқылы алу мүмкiндiгi көзделген. Аннуитеттiк сақтандыру шарттарының жасалуы сондай-ақ «қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмipi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыc берушiнiң азаматтық-құқытық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» ҚР Заңында да көзделген.

Зейнетақы аннуитеттерiн сату көлемi. Мемлекеттiк аннуитеттік компанияның құрылған cәтінен бастап аннуитеттiк сақтандырудың өмір бойына сақтандыру мен бұрынғы әскери қызметшiлерге арналған жедел сақтандыруға 17 келiсiм-шарты жасалды. Басқа өмiрдi сақтау жөнiндегi компаниялардың жасаған келісім-шарттарының жалпы саны туралы ресми статистикасы жоқ алайда олардың да зейнетақы аннуиеттерiн сату көлемдерi шамалы деп болжануда.

Жасалған шарттар көлемiнiң аз болуын зейнеткерлiк демалысқа шыққан және зейнетақы аннуитетiн жасауға жеткiлiктi зейнетақы жинақтары бар азаматтар санының және шамалы болғанымен түсіндіруге болады.

2 Практикалық бөлім

 

 

Нұсқа №

Сақтанушының жасы

Несие соммасы, тг

Ер адам

Әйел адам

20

40

35

960000

Несие алушының (ер адам) келісім-шарт бойынша өмірді сақтандыру тарифі, %

Несие төлеу жыл саны

Жасы

4001-ден жоғары тариф, АҚШ $

1

56

3,026

2

57

3,299

3

58

3,616

4

59

3,951

5

60

4,297

Несие алушының (әйел адам) келісім-шарт бойынша өмірді сақтандыру тарифі, %

Несие төлеу жыл саны

Жасы

4001-ден жоғары тариф, АҚШ $

1

33

0.531

2

34

0.554

3

35

0.565

4

36

0.593

5

37

0.620

6

38

0.636

7

39

0.663

8

40

0.692

9

41

0.724

10

42

0.759

Қаржы несие қорының қозғалысы және ер адам мен әйел адам үшін 5 жылға сақтандыру сыйақысының соммасын келесі кестеде құрамыз (ер адам)

Сақ/ру жылы

Сақ/дың жасы

Несие бойынша қалдық, тг

 

Несие бойынша %, тг

Несие соммасы

Тарифтік

қойылым

Сақ/ру сыйақысы

1

56

960000

124800

1084800

3,026

3282604,8

2

57

864000

112320

976320

3,299

2954344,32

3

4

58

59

768000

672000

99840

87360

867840

759360

3,616

3,951

3138109,44

3000231,36

5

60

96000

12480

108480

4,297

466138,56

Барлығы

12841428,5

Ер адам үшін 5 жылдағы несиенің сақтандыру сыйақысы 12841428,5 теңгені құрайды.

Қаржы несие қорының қозғалысы және ер адам мен әйел адам үшін 10 жылға сақтандыру сыйақысының соммасын келесі кестеде құрамыз (әйел адам)

 

 

Сақ/ру 

жылы

 

 

 

 

Сақ/дың жасы

 

 

 

Несие бойынша қалдық, тг

 

 

 

 

 

Несие бойынша %, тг

 

 

 

 

 

 

Несие соммасы

 

 

 

 

Тарифтік

қойылым

 

 

 

Сақ/ру сыйақысы

 

 

 

1

33

960000

124800

1084800

0,531

576028,8

2

34

864000

112320

976320

0,554

540881,28

3

35

768000

99840

867840

0,565

490329,6

4

36

672000

87360

759360

0,593

450300,48

5

37

576000

74880

108480

0,620

67257,6

6

38

480000

62400

542400

0,636

344966,4

7

39

384000

49920

433920

0,663

287688,96

8

40

288000

37440

325440

0,692

225204,48

9

41

132000

24960

216960

0,724

157079,04

                 10

42

96000

12480

108480

0,759

82336,32

Барлығы

3222072,96

Әйел адам үшін 10 жылдағы несиенің сақтандыру сыйақысы 3222072,96 теңгені құрайды.


Тағы рефераттар