Антропогенез немесе адамның қалыптасуы
Антропологияның негізгі мәселесі адамның шығуы мен қалыптасуы болып табылады. Антропологияның адамның шығу тегін зерттейтін саласы антропогенез (грек. аntropos – адам, genesis – шығуы) деп аталады. Қазіргі кезде адамның пайда болуы туралы бірнеше пікірлер бар: діни теория бойынша ғаламды, жерді, барлық тіршілікті Құдай жаратқан, ал космостық теорияның өкілдері жер бетіне адамдар басқа планетадан ұшып келген деп жорамалдайды. Үшінші пікір, ең кең тараған гипотезаның бірі – Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы. Енді оған нақтылап тоқтала кетсек.
Э.Кант ХVIII ғ. соңында адам тәріздес маймылды екі аяқпен жүретіндей қолымен жұмыс істей алатындай етіп адамға айналдыруға қабілетті табиғат эволюциясы туралы жазды. ХVIII ғ. Дж. Манбоддо маймылдың адамға айналуын еңбектің арқасында деген еді, бірақ адам мен маймыл бір түрдің өкілі деп есептеді, түрлердің бір түрге айналуына ол сенген жоқ.
Орыс ғалымы Аф.Кавердиев антропогенезде эвалюциялық механизмге тоқталды. Ол сыртқы факторлардың әсерінен болатын өзгеру туралы жазды.
Ж.Б.Робин адамның пайда болуы туралы — жануарлар адамның пайда болу жасында табиғаттың табыссыз тырысулары деп есептеді. Ол мысалға шимпанзе мен адамның анатомиясының айырмашылықтары жамбас сүйегі мен табанына қатысты деп есептеді.
Ж.Б.Ламарк маймылдың қажеттіліктері ағзаның түрін өзгертетін талпыныс тудырған деп есептеді. «төрт аяқтылар» ұзақ уақыт бойы «екі аяқтыға» ауысқан. Бас сүйегі олжасын ұстап алып, тістеу әдеттерінен айрылған соң, адамға ұқсас қалып келді, тек шайнау функциясы ғана қалып қойды. Төрт аяқтан екі қолдың пайда болуына байланысты туындаған жаңа қажеттіліктер адам денесіне өзгеруіне желді.
Ағылшын эволюционисі Т. Гексли адам тәріздес маймылдар көптеген тұрпаты бойынша төменгі маймылдарға қарағанда адамға жақынырақ.
Ағылшын геологы Ч. Ляйяль қазіргі уақытта өліп біткен жануарлардың сүйектерімен бірге адамның тас құралдарын тауып, адамның үлкен геологиялық көнелігін дәлелдеген.
XIX ғ. соңына қарай Еуропада тас дәуірінің археологиялық қазбаларына қызығушылық артып, сонымен бірге неандерталь және кроманьондық адамның сүйектері белгілі болды.
Қазіргі уақытта антропогенездің механизм үрдістері туралы ұғымды ең алдымен ұлы ағылшын биологі Ч. Дарвиннің есімімен тығыз байланысты. Оның басты антропологиялық еңбегі «Адамның пайда болуы және жыныстық сұрыпталу» (1971ж.) деп аталады.
Ч. Дарвиннің антропогенетикалық көзқарастарының қалыптасуында әсер еткен А. Уолмстің түрлердің қалыптасу үрдісінің табиғи сұрыпталу теорияларын негіздеген еңбектері болды. Дарвин соған қарап эволюция формасын ашты.
Қазіргі уақытта антропология ғылымында адамның эволюциялық даму жолының мынадай негізгі кезендерін бөліп көрсетеді:
1) австралопитек
2) питекантроп (ең көне адамдар, архонтроптар)
3) неандерталь адамы (ең көне адамдар, палеонтроптар)
4) қазіргі заманғы адам типтес (неоантроптар)
Жер бетінде адамаға ұқсас тіршілік осыдан 2,5-3 млн. жыл бұрын Африка мен Азияда өмір сүрген. Тарих ғылымында оны гоминид деп атайды. Бұл «адам» деген мағынаны білдіреді. Дене құрлымы жағынан адамға ұқсас болғанымен олардың қоныстаырнан еңбек құралдар табылған жоқ. Ал 1974 жылы американ археологтары Шығыс Африкадан осыдан 2,5 млн. жыл бұрын өмір сүрген адам қанқаларын тапты, оны «австралопитек» деп атады. Латынша «австрало»- оңтүстік, питек — маймыл, адам: Австралопитектің бойы кәдімгі шимпанземен бірдей, екі аяғымен жүрді. Гоминидтерден айырмашылығы австралопитектердің қолдары дамыған, бас бармағы мықты болған, және оның жанынан тас құралдар табылған. Олар қолға ұстауға келетін тастың бір жағын өткірлеп қару шебінде пайдаланған. Тарих ғылымында бұл көне дәуірдің тас құралдарын «олдувай индустриясы» деп атаған. Ғалымдар бұл адамдардың дене тұрпаты мен тас құралдарына қарап, оларды «хомо хабилис» епті адам деп атады.
Ең көне адамдар, басқаша архантропт аалғашқы қауымдық тобырда өмір сүрді.
Австралопитектермен салыстырғанда архантроптар анағұрлым дамыған болды. Олардың миы 750-800см3, тіпті 1300-1400см3 дейін жетті. Еңбетің негізінде алғашқы қауымдық қоғамда дыбыстық тіл біртіндеп қалыптасты. Бұл дыбыстық тіл қарапайым, әрі жабайы болды. Еңбек пен сөз бас миының дамуына үлкен әсер етті. Бұл екеуі (еңбек және сөз) жануарлардың әлеуметтік еңбек етуші тіршілік иесі — адамға айналуындағы басты себептер болды. Адамға табиғат пен қоғамның ықпалын зерттей отырып, Ф.Энгельс, Ч.Дарвиннің эволюциалық теориясы мен Ламарктің ілімдері негізінде өз жұмысында «генезисті» (шығу тегін) құрастырды. Оның негізінде адамды қалыптастырған еңбек деген терең ой жатты.
Адамның өзі еңбектің арқасында пайда болды деп айтуға болады. 1927ж Пекинге таяу жерде ежелгі адамдардың тас құралдарымен бірге табылуы, ғалымдар үшін жаңалықтың ашылуына негіз болды. Ғалымдар осыдан кейін адам эволюциясының даму барысында бұл қаңқаны синантроп деп атап, адамның арғы тегі деп келісті. Олардың бас сүйегі ірі маймылдарға қарағанда үлкенірек, бірақ ежелгі адамдарға қарағанда кішірек болды: оның көлемі 915-1225см куб. Синатроптар отты пайдалануды білді.
Отты пайдалануды үйрену ежелгі адамдардың үлкен жетістігі. Отты пайдалануды үйрену ежелгі адамдарға өмір сүрудің көптеген қиындықтарын жеңуге, әсіресе мұз дәуірінде тірі қалуға көмектесті.
Көне адамдарға немесе палеонтроптарға неандертальдықтар жатады. Адамның ең жақын туысы 1856 жылы Дюссельдорф маңындағы неандерталь үнгірінде табылды. Бұндай сүйектер сондай-ақ Англияның солтүстігінлде, Өзбекстанның шығысында және Израильдің оңтүстігінде табылды. Неандертальдық адам қарапайым еңбек құралдарды жасап, діни жерлеу ғұрыптары болды.
Бұл адамдар орта бойлы, бірақ сүйектері ірі, күшті болды. Бас сүйектері маймылдың бас сүйегіне әлі де ұқсас.
Палеонтроптар жаңа тас индустриясын құрды, және қырғыштар, тескіш сияқты мәдениет құрды, отты пайдаланды ірі аңдарды шебер аулады.
Жануарға ұқсас сипатты белгілеріне қарамастн палеонтроптар қалай тірі қалуды ойлап қана қойған жоқ. Олар енді жақын туыстарының зираттарын тау ешкісінің мүйізімен, тіпті гүлмен безендіру арқылы жерледі. Оларда үңгірлік аюға табынушылық болды: Европаның көптеген үңгірлерінде тастардан жасалған «жәшіктерге» салынған жүздеген аюдың бас сүйектер мен ұзын сүйектер табылды.
Палеонтроптарды қазіргі заманғы адам типтес – неонтроптар ығыстырды. 38-48 мыңжыл бұрын саналы адам пайда болды. Кейде қазіргі заманғы адам типтесті «хомо сапиенс» деп те атайды.
Алғашқы қоғам баяу дамыды. Соған қарамастан алғашқы адамдар біртіндеп ойлау қабілеті, дене бітімі жағынан қазіргі адамдар қалпына келді. Саналы адамның қалыптасып бітуі кейінгі палеолит кезеңінде болды деп есептейміз. Саналы адам өкілі ғылымда кроманьондық адам деп аталған. Оның қалдықтары Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылғандықтан солай аталған.
Ғалымдар осы саналы адамның пайда болуымен адамның қалыптасу процесі аяқталды деп есептейді. Бұдан әрі нағыз, саналы адамдардың тарихы басталады.
Антропогенездің басты факторы ең үздік еңбек құралдар қызметіне деген табиғи сұрыпталу болып есептеледі.
Антропогенез – алғашқы қауымдық адамдардың пайда болуымен эволюция үрдісі, қазіргі заманғы адамға ұқсас «гомо сапиенс» адамы тегінің эволюциялық қалыптасу үрдісі.
Адамның пайда болуы туралы бірнеше болжамдар бар.
Креоценизм – адамды құдайдың жаратуы туралы немесе Космостан адамның келуі туралы ілім.
Адамның шығу тегінін «сумен» байланыстыратын гипотезалар да бар. Бірақ анағұрлым дәлелдісі эволюциянизм теориясы.
Эволюциянизм – адамның шығу тегі маймылтәрізділерден биологиялық эволюция барысында пайда болды деп табиғи-ғылыми түрде түсінушілік.
Эволюционизмге қарсы ХХ ғасырда «эволюционизм» — сөзі 2,5 млрд. жыл бұрын көп ұлпалы жануарлардың пайда болуына дейін адамдардың ежелгі өркениеті болған деген гипотеза болды. Бұл гипотезада кейін адамдар адами қабілетін жоғалтып, маймылдарға айналған деп түсіндірді (Майкл Кремо, Ричард Томпсон, Я.Бельв).
Осы айтылған гипотезаларға біз қарсы шықпаймыз, алайда эволюцияның дәстүрлі теориясы үлкен ғылыми дәлелдеуші базаларды қамтиды.
Адам жер бетінде тарихи-эволюциялық даму үрдісінің нәтижесінде пайда болды және жануарлар әлемімен тығыз байланысты. Адам ағзасы сүткоректілерден ағзасының тұрпатымен ұқсастықтары көп. Адам әсіресе приматтармен ағзасы бірдей. Зоологиялық жүйелеудің критерийлері бойынша «саналы адамның» түрі жануарлар патшалығына, сүткоректілер классына, приматтар отрядына, яғни гоминидтердің ерекше жанұясына жатқызылады.
Приматтар отрядында төмегі приматтар және жоғарғы адамдар тәріздес приматтар болып бөлінеді. Приматтар отрядында гоминидтер жанұясы жоғары орын алады, оған адам және адам тәріздес маймылдар кіреді. Қазіргі заманғы адам тәріздес ірі маймылдардың ішінде 3 туыстас маймылдар кіретін маймылдардың жанұясын бөліп көрсетеді, олар: азиялық орангутан, африкалық шимпанзе, және горилла. Осы африкалық шимпанзе мен адамның арасында анатомиялық, биохимиялық, гинетикалық жақтардан көп ұқсастықтар бар.
ХІХ ғ. 70 жж. Дарвиннің эволюциялық теориясы пайда болған кезде, антропологтар қазіргі заманғы адам және адам тәріздес маймылдардың түп-тамыры, ата-тегі ортақ екеніне сенімді болды. Дарвин антропогенез теориясының симиальді («симиа» лат. – маймыл) теориясын қалыптастырды, яғни: эволюция кезеңінде табиғи сұрыпталу принципі бойынша адам ежелгі адам тәріздес маймылдан шықты, содан соң адам эволюциясына жыныстың сұрыпталу да әсер етті. Бұл теорияны молекулярлық генетика да дәлелдеді.
Осылайша антропогенез алғашқы адамдардың пайда болу үрдісін мына кезеңдерге бөлу арқылы көрсетті:
- Адам мен маймылдың ортақ атасы тіршілік еткен.
- «Люси» деп атанған маймылдың түрі – миының көлемі 400-500 см3, тік жүрген, Шығыс Африканың аумағында тіршілік еткен (ежелгі ерте австролипитек)
- «Люсидің» ұрпағы – «африканус» типі, оның да миы 400-500 см3 болды. Қолдары ұзын , жеңіл, әрі шапшаң, қоғамдық топтарда өмір сүрген.
- Робистус типі-априканус ұрпағы (мын 530 см3)
- Homo habilis – шебер адам , адамдар жанұясына жататын және еңбек құралдарын қолданған алғашқы түр. Миының көлемі 600-800 см3 болды.
- Homo erectus – «тік жүретін адам» немесе питекантроп, ғаламшарда кең тараған, Таяу Шығыс пен Орта Шығысты, Қытайға дейін қоныстанған адамның алғашқы түрі. (миы 150-1250 см куб, 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген)
– питекантроп (төменгі палеолит дәуірі б.з.б 1 млн. бастап б.з.б 100 мыңжылдыққа дейін) терімшілікпен айналысып, алғашқы қауымдық тобырда өмір сүрген, тас балтаны қолдынды.
– Одан кейін неандерталь немесе архаикалық сапиенс (орта палеолит тұсында б.з.б 100-40 мыңжылдықтарада), бас сүйегінің көлемі 1450 см3, теріден киім тіккен, кескіштер жасап, сүйектен ине, қандық-туыстас байланыстар, ортақ меншік матриахат қалыптасты. Алғашқы діни ғұрыптар пайда болды.
- Homo sapiens – «саналы адам» миының көлемі 1200-1700 см3, антропологияда «кроманьон» деген атпен белгілі. Археологиялық қазбалар краманьондықтардың тас құралдарын 150 – ге дейін типтерін жасағандығын, жартылай жер кепелерде тұрғанын, аңшылық және балықшылықпен айналысқанын дәлелдеді.
Адам эволюциясы оның бүкіл өмір сүру барысында жалғасады. Бірақ ол адамның әлеуметтік жағына ғана қатысты. Ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлар әлемінен бөлініп шыққаннан кейін, биологиялық эволюция шешуші роль ойнамайды. Тіпті денсаулығы нашар адамдар медициналық жетісіктердің арқасында қоғам өмірінде белсенді әрекет ете алады. Табиғи сұрыпталу күші әлеуметтік өмірде әлсіреп бара жатыр, себебі денсаулық сақтау институттары ылғи жеке дара биологиялық өзгергіштіктің ықпалына жол бермейді.
Қазіргі күнде сұрыптарудан болатын генетикалық өзгергіштіктердің қарқыны өте төмен. Хомо сапиненс эволюциясында мәдиениеттің рөлі үлкен.
Тағы рефераттар
- Жыл басы Наурыз! балабақшадағы ертеңгілік
- Кедендік бақылау
- Қасқасу шатқалы флорасын зерттеу тарихы
- Мінездің қалыптасуы
- Хрущев ұсынысы