Жер салығы туралы қазақша реферат. Бюджетке төленетін жер салығының есебі 3140 шотта көрініс табады. Салык салу мақсатында барлык жер Қазакстан Республикасының заң актілеріне сәйкес арналым максатына және белгілі бір категорияға жататындығына карап қарастырылады.

Салық салуға жататын, жердің категориясы

Салық салуға жатпайтын, жердің категориясы

Ауыл шаруашылығына арналған жерлер

Айрықша қорғалатын табиғи аймақтар, сауықтыру, дем алатын, тарихи-мәдениетті мақсатқа арналған жерлер

Елді мекеннің жерлері

Орман қорлары

Өндіріс, транспорт, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлері

Су қорлары

Жер қорлары

Жер салығы олардың меншік кұкын, тұракты пайдалану құкын, уақытша тегін пайдалану құкын растайтын құжаттардың негізінде есептелінеді және әр жылдың 1 каңтарына жердің сапасы бойынша есебі мен мемлекеттің үлесі бойынша мәліметін жер ресурстарын басқаратын өкілетті органдарға үсынады.

Темір жол транспортын үйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте темір жол транспортын ұйымдастыру объектілеріне берілген жер төлімдері, темір жол қарауына алынған жерлері, станциясы, вокзалы, жолдары салық салынатын объекті болып табылады.

Энергетика мен электростанция жүйесін ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте осы ұйымның жүмысын ұйымдастыру объектілеріне берілген жер телімдері, электр сымдарын ұстап тұратын бағаналармен байланысты жер телімдері, станциялары салық салынатын объекті болып табылады.

Қазба байлықты, газ бен мұнай өнімдерін тасмалдайтын кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте осы ұйымға берілген жер телімдері, газ бен мұнай құбырларымен байланысты жер телімдері, салық салынатын объекті болып табылады.

Байланыс сферасының балансында тұрған жер телімдері салық салынатын объектісі болып табылады.
Тағы рефераттар