Адам  өз өмірінің барысында  оларды  өзінің  даралық қасиеттеріне байланысты  қайта  өңдеп,  өткен тәжірибесіне, ішкі  ниеті мен  сенімдеріне  сүйене  отырып,  ассоциативті байланыстардың  негізінде  (мысалы суретті  жеке  басының  ерекшеліктеріне  сәйкес талқыланды). Проективті әдістемелер жанама  түрінде  адамның  эмоциялық ерекшеліктері мен невротикалық реакцияларын зерттеуге жағдай жасай  отырып, оның  даралықтарын көрсетеді.

Балалар жеке  басының  ерекшеліктерін  зерттеу  мақсатында, танымдық қабілеттерді  зерттеуге  арналған, алғаш Ф.Гудинаф ұсынған “Адамның бейнесі” атты тесті қолданылды. Кейінірек  К.Маховер  осы  тестің көмегімен адам тұлғасының ерекшеліктерін бағалауға  жағдай жасайтын белгілердің жүйесін   құрастырады. Тестің аз ғана уақыт мөлшерін алуы, мектептегі  дәстүрлі  сабақтардан өзгешелігі  балаларды  тексерудің  тиімді  жолын ұсынады. “Адамның  бейнесі” әдістемесінің  негізінде алынған  мәліметтердің  сенімділігі  күмән келтіргенімен,  баланың  қай салада  психологиялық кемшіліктерінің  кездесетіндігі  жайлы  дәл жорамалды  құрастыруға  жағдай  жасайды. Зерттеу Алматы қаласындағы “Алатау” балалар санаторийінің жазғы маусымында дем алған әртүрлі жас шамасындағы балалар тобымен жүргізілді.

Суреттердің  біраз бөлігі Д қосымшасында берілген. Суреттерді талқылаудың негізінде төмендегідей мәліметтерге қол жеткіздік: суреттердің көпшілігіндегі түзетулер жеке штрихтардан тұратын сызықтар. Мазасыздықтың  айғағы жиі  адамдармен қарым-қатынаста болудың  қанағаттандырылмаған қажеттілігінің, қарым-қатынастың  жеткіліксіз  тәжірибесінің,  адамдармен араласа алмау мен  қарым-қатынас  құралдарын пайдалана  алмаудың  көрсеткіштері кездеседі.

Төменде  кейбір  суреттер талқысының нәтижелері  келтірілген.

Ермекбай Мөлдір. Жеке штрихтардан  тұратын  сызықтар мен үзік  сызықтар  мазасызданудың  белгісі. Қарындаш сызығының кей жерлерде басыңқы  түсуі эмоцианалды лабильділіктің айғағы. Экстравертті позадағы ұзын саусақтардың  салынуы қарым-қатынаста өтелмеген қажеттіліктің көрсеткіші.

Ықыласов Жоламан. Түзетулерімен үзік сызықтарда  мазасызданудың нақты  дәлелі. Суреттің  безендірілуі, қосалқы детальдардың  бейнесі (сөмке, әртүрлі түстер) өзін-өзі  көрсету ұмтылысы қарындаш  сызығының  бірде басыңқы бірде әлсірей түсуі эмоцианалды лабильділіктің  белгісі, бала көңіл-күйінің  еш себепсіз жиі ауытқып  тұруы. Кең жайылған қолдар экстраверттіліктің белгісі, бірақ олардың  қысқалығы және білектердің салынбауы  қарым-қатынас тәжірибесінің  жетіспеуінің  немесе үстіртін қарым-қатынастың  көрсеткіші.

Талғатова Әйгерім. Көптеген түзетулер, үзік  сызықтар мазасызданудың  белгісі. Адам  бейнесіндегі  үрей агрессивтілікті айғақтайды. Үлкен көздер күманданғыштық пен қоғамдық ойға тәуелділіктің  белгісі. Ұзын әрі қуатты қолдар сыртқы әлем жағдайларына қатысты бағдардың  белгісі. Білексіз салынған қысқа саусақтар  үстіртін қарым-қатынас пен тәжірбесінің жетіспеуінің  белгісі.

Жорабекова Сара. Мазасызданудың  көрсеткіштері  кездеседі. Әшекейлер мен ұқыптылықпен салынған еріндер өзін-өзі  көрсету  ұмтылысының айғағы.

Аяқсыз сурет тұрақсыздықтың  белгісі.

Шатпықова Зере.  Қыз ұл баланың  суретін салған.  Өз  жынысымен еш ұқсастығы жоқ. Суреттің тігінен алғанда қағаздың ¼  бөлігін алуы —  сарыуайымшылықтың  белгісі. Жұмулы көздер баланың  өзінің  ішіне жан дүниесіне бағдарланудың   айғағы. Адам қолдарының артқа  тығылуы ешкіммен араласқысы келмеудің дәлелі.

Психикалық  күйлердің  мәліметтері  төмендегі  кестеде  келтірілген.

“Адамның  бейнесі” атты  проективті  әдістеме бойынша  анықталған  психикалық күйлер.

 

1 – кесте  “Адамның бейнесі” әдістемесі бойынша анықталған психикалық     күйлер.

Психикалық күйлер Нақты  психикалық күйлері кездескен  балардың  саны Балалардың пайыз есебіндегі  саны %
1. Мазасыздану

11

55

2. Қарым-қатынастағы шиеленушілік

4

20

3. Адамдармен араласа алмаушылық

3

15

4. Агрессивтіліктің  белгілері

1

5

Алынған мәліметтер  бойынша Г.Айзенктің экстроверттілік пен нейротизмнің екі  факторлы үлгісін құрастырдық.

Балалар тұлғасының  ерекшеліктерін анықтау мақсатында Айзенктің жеткіншектерге  арналған сауалнамасын  қолдандық (Қосымша А). Адамның  өзінің жеке  басына  тән ерекшеліктері мен басқа  адамдардың  ерекшеліктерін жақсы  түсіне  білуі,  адамдардың қылықтарын толықтай  түсінуге  жол береді.

Балаларға  тестің сұрақтары бойынша жауап  беру ұсынылды. Нәтижелер 2 – кестеде көрсетілген.

2 — кесте Г.Айзенктің жеткіншектерге  арналған сауалнамасының мәліметтері.

Аты-жөні Алдау көрсеткіші Экстраверттілік Нейротизм
1. Байназарова Алина

2

13

10

2. Бакирова Жансая

10

3. Шарипов Шалхар

8

4. Жетпісбаев Рауан

5

15

12

5. Қайдарова Айнур

7

6. Есімжанова Жадыра

10

7. Баймурзаев Аслан

4

15

11

8. Баймурзаева Әйрегім

8

9. Зайсанбек Жамбыл

4

14

13

10. Шаменова Айжан

4

16

15

11. Ермекбай Мөлдір

9

12. Талғатова Әйгерім

5

9

9

13. Дүйсенбаев Махамбет

4

7

13

14. Тоқтамысова Айнур

4

11

13

15. Қожахметов Арман

4

17

9

16. Жорабекова Сара

5

16

10

17. Ықыласов Жоламан

6

9

15

18. Барлыбаева Раушан

9

19. Шатпықова Зере

5

17

15

20. Керімқұлов Дидар

3

19

169

 

1 -сурет   Г.Айзенктің экстраверттілік пен нейротизмнің екі факторлы   

                   өлшемі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экстарверттілік пен нейротизмнің екі  факторлы үлгісіндегі, сынаушылардың орнын анықтап алған соң, олардың мінез бітістерінің  ерекшеліктерін  атап  өтуге  болады.

  Қожахметов Арман

 Бала мінезіне  тән көрсеткіштер.

Атаққұмар,  қажымайтын, байыпты. Көңіл-күйі кейде жабырқаулы мазасыз келеді. Көп  ренжи бермегенімен, кейде күманданғыш. Салыстырмалы  түрде негізді сұрақтардың шешімін табу мақсатында дербестілік  танытқанымен, эмоционалды өмірінде жақын адамдарына тәуелді.

Түзету  жолдары: Өзін-өзі  бағалау  сапасын  арттыруға  баса  назар аударып, өз-өзіне деген  сенімсіздікті болдырмаудың жолдарын іздестіру.

Барлыбаева Раушан

Бала мінезіне  тән көрсеткіштер.

Үнемі еш нәрсеге көңілі  толмайды. Ұсақ-түйнектерге  тез арада  ренжіп  қалуы  мүмкін. Жиі қабағы  түсіңкі, ызалы. Қызғаншақтың да белгілері  байқалады. Іске келгенде  сенімсіз. Қарым-қатынаста бағынушы. Қиыншылықтардың  алдында әлсіз. Топтан тысқары  жүреді.  Жағымсыз жағдайларды көпке  дейін ұмыта  алмай, ішіне  сақтап жүреді.

Түзету жолдары: өзара  сенімге  сүйенген әңгіме  кезінде жағдайы мен жетістіктерін  сұрап  тұрған жөн. Құрдастарымен  қатынастарын қалпына  келтіру үшін, бүкіл ұжымның алдында жетістіктерін айтып отыру  керек. Бұл балаға дербес өзара әрекеттестікте ерекше көңіл бөліп отыру  жөн.
Тағы рефераттар