Аса ауыр қылмыс үшін тағайындалатын жазаның жеңілдігі туралы қазақша реферат

Қазіргі таңда өлім жазасын орындауға мораторий енгізілген елдерде жасалатын ауыр және аса ауыр қылмыстар саны қатты көбейіп кетті. Бұл қылмыстар өздерінің мазмұны мен сипаты жағынан әр түрлі, және әрқайсысы жан түршігерліктей асқан қаталдықпен жасалған болып келеді. Осы қылмыстардың кең етек жайып кетуінің басты себептері:

  1. мораторийдің енгізілуі;
  2. қолданылатын жазаның жеңіл болуы.

Мысалы, Ресейде 2010 жылы он тоғыз жасар жас азаматты ұлтшыл скинхэдтар аяусыз соққыға жығып, қырық жерден пышақтап, бауыздап өлтірді. Бұл – қылмыскердерлің жасап отырған бірінші қылмысы емес болып шықты. Олар дәл осындай әдіспен барлығы сегіз адамды өлтірген екен. Ал бұл қанішерлерге қолданылған жаза – әр қайсысын бар-жоғы сегіз жылға бас бостындығынан айыру болды. Ал, ұлтшылдық – ұлтаралық арандатушылықты тудыратын басты фактор болып табылады. Мұндай қылмыс жасаған адамдарға сегіз жылға бас бостандығынан айыру жеткілікті дәрежедегі жаза болып табылмайды. Онымен қоса, қайтыс болған адам біреудің жалғыз баласы болып шықты. Марқұмның анасы: «қылмыскерлерге қатысты қолданылған жаза әділетсіз» – деп ашынып жылап отыр. Бір емес, бірнеше адамның  өмірін қиған адамдар сегіз жылдан кейін шыққан кезде әділеттілік орнайды ма? Олардың осы сияқты қылмысты жасамайтынына кім кепіл бола алады? Өмірі енді ғана басталған жас жігіттің өмірі қиылғанда, қалай ғана қылмыскерлер жер басып жүреді? Ал, қоғам қайда қарап отыр? Мұндайға жол бермеу керек! Ол үшін жазаны қатайту керек, яғни ату жазасын тағайындау керек. Бұл арада өмір бойы бас бостандығынан айыру қолданылмауы тиіс. Себебі:

  1. Бұл оқиғада қылмыскерлер бір емес бірнеше адамдарды өлтіріп отыр;
  2. Оларды тегіннен-тегін мемлекеттік бюджеттің есебінен асыраған жағдайда мемлекет үшін артық шығын болады;
  3. Бос жатқан тұтқындалғандардан «бір тиын» пайда жоқ.

Сәйкесінше, аса ауыр қылмыс жасағандарға келесідей жазаларды тағайыдауға болады:

  1. Мораторийдің күшін жедел жою;
  2. Ату жазасын тағайындау;
  3. Денсаулыққа аса қауіпті, мемекет үшін пайдалы болып келетін ауыр жұмыстарды жасату(АЭС-да ауыр жұмыстарды жасату, уран өндірісі саласындағы ауыр жұмыстарды жасату).

Бұл арада ең басты ескеретін жағдай – бірінші рет аса ауыр қылмысты жасаған адамға өлім жазасын бірден қолдануға болмайды. Себебі, бұл талион қағидасына ұласып кетуі мүмкін.

Талион қағидасы – бұл мемлекет пен құқықтың дамуындағы алғашқы кезеңдерде орын алған, өзінің асқан қаталдығымен ерекшеленетін «қанға-қан», «жанға-жан», «көзге-көз» қағидаларына негізделген жазалаудың түрі.

Бізге талион қағидасын қоғамға қайта енгізудің қажеті жоқ. Себебі, бұл қоғамның қатыгезденуіне, және қоғамдағы дау-дамайлардың көбейіп кетуіне әкеліп соғады. Бірақ, егер қылмыскер адамды асқан қаталдықпен, зорлықпен өлтірген жағдайда өлім жазасын қолдануға болады. Яғни, өлім жазасын тағайындау келесідей жағдайларда орындалуы керек:

  1. екі немесе одан да көп адамдарды қасақана өлтіру;
  2. бір адамды асқан қаталдықпен, зорлықпен өлтірген жағдайда.

Менің жоғарыда ұсынып өткен проблемаларды  шешу жолдарыма болуы мүмкін қарсылықтар:

  1. Біреудің өмірін қиюға біздің құқығымыз жоқ, Алла өзі жазасын беру керек;
  2. Құқықтық мемлекет қағидасына қайшы келеді.

Болуы мүмкін қарсылықтарға жауап:

  1. Шариғат бойынша Алла әділеттілікті өзі орнатады: «Адамның біреуге істеген жамандығы өзіне қайтып келеді немесе сол жамандығы қайтып келіп ұрпағына тиеді». Ал енді осыдан мынадай сұрақ туындайды: «неге әкесінің істегені үшін баласы жауап беруі керек?». Бұл орайда қылмыскер өзі істеген қылмысы үшін өзі жауап беруі тиіс. Сонда ғана толық әділеттілік орнайды. Бірақ, өмірде қылмыскер әрқашанда өз қылмысы үшін өзі жауап бере бермейді. Сондықтан да мұны мемлекет ұйымдастыруы керек. Және де басты назар аударатын жағдай – мемлекет адамды өлім жазасына кескенде, «ол әрекетті Алланың әмірімен жасап жатыр» – деп түсінуіміз керек. Яғни, Алла мемлекеттің, әділетті заңның қолы арқылы әділеттілік орнатады деп ұғуымыз қажет.
  2. Қазақстан Республикасында өлім жазасын тағайындауға мораторий енгізілгенімен, мемлекетке қауіп төндіретін қылмыстар үшін (терроризм) өлім жазасы бәрібір де қолданылады. Терроризм деп отырғанымыз адамдарды жаппай қырып салуға әкелетін қылмыстық әрекет. Яғни, бұған сәйкес, бірнеше адамды бір уақытта  өлтірген адамды сот өлім жазасына кесе алады. Ал бірнеше адамды әртүрлі уақытта өлтірген қылмыскерді өлім жазасына кесуге болмайды ма? Менің ойымша, терроризм мен бірнеше адамды өлтірудің аса қатты айырмашылықтары жоқ. Сол себептен екі немесе одан да көп адамды қасақана өлтірген адамды ату жазасына кесу – құқықтық мемлекеттің қағидасына еш қарсы келмейді. Тек заңдарға кейбір өзгерістер енгізу қажет. Екіншіден, басқа адамның өмірін бағаламаған қылмыскердің өмірін неге мемлекет бағалауы тиіс? Басқа адамды қасақана өлтірген адам – адам емес – хайуан. Адам жануардан ақыл-оймен, санасымен ерекшеленеді. Ал, адамды қасақана өлтіруші адамда ақыл жоқ. Сол себептен ол – адам кейпінен кеткен мақұлық. Тіпті жануарлар да бірін-бірі қорғайды ғой! Сонда кісі өлтіруші адам жануардан да санасы төмен мақұлық болғаны. Ондайларды аяудың қажеті жоқ. Яғни мемлекеттің өзін, оның қоғамын, адамдарын, олардың құқықтарын, өмірлерін қадірлемеген адамның өмірін мемлекет қадірлеуге тиіс емес.

Жоғаруда айтылған шешу жолдарын мемлекет қолданған жағдайда алынатын нәтиже:

  1. тағайындалатын жаза күшейе түседі;
  2. қылмыс саны азаяды;
  3. елде тәртіп орнайды;
  4. қоғамда әділеттілік орнайды.
.

Тағы рефераттар