АТФ Банк мақсаты мен орындайтын операциялары туралы қазақша реферат

АТФБанкінің негізгі мақсаты – Қазақстан халқының әл-ауқатын өсуі және экономикалық  өркендеуі мақсатында банк кең ауқымда банк өнімдерімен әр клиенттің қажеттілігін қанағаттандыруға тырысады.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің лицензиясына сәйкес Банк операциялардың мынадай түрлерін ұлттық және шетел валютасында жүзеге асырады:

  1. Банк операциялары

ü Жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу, жүргізу және депозиттерді қабылдау

ü Банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу

ü Кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны қабылдау және беру, оларды ұсақтау, айырбастау, қайта есептеу, сұрыптау, орау және сақтау

ü Аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару және төлемдері бойынша тапсырмаларын орындау

ü Есептеу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдер және басқа да ұзақ мерзімді міндеттерін есептеу (дисконт)

ü Қолма-қол шетел валютасында айырбастау операцияларын ұйымдастыру

ü Төлем карталарының шығарылымы

ü Банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау

ü Төлем құжаттарын инкассациялауға қабылдау (вексельден басқа)

ü Аккредетивті ашу және растау, олар бойынша міндеттемелерді орындау

  1. Банктік заңнамалармен қарастырылған басқа да операциялар:

ü Вексельдермен операциялар: вексельдерді инкассациялауға қабылдау, төлемшілерге вексельдерді төлеу жөніндегі қызмет көрсетулерді ұсыну, сондай-ақ домицидельдірілген вексельдерді төлеу, делдалдық тәртіппен вексельдерді қаржыландыру

ü Лизинг қызметін жүзеге асыру

ü Жеке меншік бағалы қағаздардың шығарылымы (акциядан басқа)

ü Сенімді операциялар: сенім білдірушінің мүддесі және тапсырысы жөнінде ипотекалық займдар бойынша талап ету құқығын басқару

ü Сейфтік операциялар: құжаттамалық түрде шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау, сонымен бірге сейф жәшіктерін, шкафтарын және үй-жайларын жалға беру жөніндегі қызметтер.


Тағы рефераттар