Аудан, және ауыл әкімдерінің төтенше жағдай саласы бойынша атқаратын міндеттері туралы қазақша реферат
Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдары мемлекет Конституциясына негізделеді және өзге де мемлекеттік нормативтік –құқықтық актілерден түзіледі.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты, аумақты және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғаудың негізгі принциптері мыналар:
— жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар ету;
— төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару, авариялық- қалпына келтіру және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу міндеттілігі, шұғыл медициналық жәрдем көрсету, тұрғындарды және зардап шеккен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлар салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келген зиянды өтеу болып табылады.
Сонымен қатар бұл жерде Қазақстан Республикасының заңдары негізінде жергілікті халықтың төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік әлеуметтік сақтандырылуға міндетті екенін ескеруге болады.
Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңының 13 бабына сәйкес, аудандардағы, ауыл әкімдіктеріндегі жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтардағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін жауапты.
1. Аудан әкімдері мен ауыл әкімдері жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;
2. Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияны, зілзала мен апатты тергеуге (зерттеуге) қатысады;
3. Халықты (тұрғындарды) және ұйымдарды қауiпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді; (Қызметкерлер күшімен, БАҚ арқылы, байланыс және хабар беру құралдары арқылы, т.б. )
4. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ауданның бюджетінен, ауыл әкімдіктерінің қорларынан қаржыландырылады;
5. Материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құрады және пайдаланады;
6. Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен тұрғындардың және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамассыз етеді;
7. Азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келтірген зиянның өтелуін қамтамасыз етеді;
8. Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
9. Азаматтар мен қызметкерлер төтенше жағдайлар аймақтарында тұрғаны және жұмыс істегені үшін өтемақылары мен жеңілдіктер алуды өз құзіреті шегінде қамтамасыз етеді;
10. Төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру бағытында шаралар жүргізеді;
11. Ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру бойынша шаралар жүргізеді.
Тағы рефераттар
- Банктік жүйе жане оның Қазақстандағы дамуы
- Турбо Паскаль тіліндегі таңдау операторы курстық жұмыс
- Фирмадағы маркетингтік жоспарлау
- «Marco Polo» қонақ үй қызметінің құрылымы
- Көне Қытай философиясының негізгі ұғымдары