Штангалы сорап қондырғысы мен мұнай өндіру туралы қазақша реферат

Сораптың көмегімен скважинадан мұнайды өндіріп көтеру кен орны өмірінде біршама жалғасып келеді.

Осы әдіс түрінің бірі – штангалы тереңдік сорап қондырғысымен (ШТСҚ) мұнай өндіру.

ШТСҚ – қарапайым әрекетті поршенді сорап, штогы станок- тербегіштің жер үсті жетегі мен штанга колоннасын қосады. Соңғысына кривошипті – шатунды механизм кіреді, ол алғашқы қозғалтқышты айнымалы қозғалысын ілгері-кейінді қозғалысқа түрлендіреді және оны штанга колоннасы мен сорап плунжеріне береді.

Осы әдісті қондырғы көмегімен іске асырады, сызбасы берілген. Жер асты жабдық СКҚ-дан, сораптан, штангадан, кедергілерді жоюға арналған құрылғылардан тұрады.

Жерүсті жабдыққа жетек (станок-тербегіш), сағалық арматура, жұмыс манифольді кіреді.

Қондырғы келесі үлгімен жұмыс істейді. Сорап цилиндрінде плунжер жоғары жүргенде қысып түсіп, төменгі клапан көтерліп сұйық кіру жолын ашады (сору процесі).

Бір уақытта плунжер үстіндегі сұйық бағанасы седлоға жоғарғы клапанын қысады, жоғары көтеріледі және СКҚ-да жұмыс манифольдығына лақтырылады (айдау процесі). Плунжер төменге жүргенде жоғарғы клапан ашылады, төменгі клапан сұйық қысымымен жабылады, ал цилиндрдегі сұйықтық толы плунжер арқылы СКҚ-ға ағып өтеді.

ШТСҚ-ның бөлек түйіндерінің құрылғысын және жұмысын қарастырайық.


Тағы рефераттар