ЖОСПАР

Кіріспе………6

I-бөлім. Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы
1.1. Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның мәні…….9
1.2. Тұтыну несиесінің түрлері және қажеттілігі ………..13
1.3. Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну несиесін беру мәселелері……22

II-бөлім. Тұтыну несиесін «Казкоммерцбанк» АҚ тәжірибесінде талдау
2.1. Казкоммерцбанктің тарихы және құрылымы……….31
2.2. Тұтыну несиесін АҚ Казкоммерцбанктің тәжірибесінде талдау……39
2.3. Тұтыну несиесін уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формалары…49

III-бөдім. Жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары
3.1. Қазақстанда жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары…53

Қорытынды……..69
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

           Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «kredo»- сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның даулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.

Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалай түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайта түріне аусып тұрады.

Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, несие келісімінің қатысушылары-несие беруші мен қарыз алушы-экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер болуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие келісімін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара қызығушылық танытулар керек. Ф.Энгельс: «Әрбір қоғамның экономика мүддесі, ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек» деп жазды.

Несие беруші мен қарыз алушының арасында мүдделілік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан-оны алуда несиелік қарым-қатынастар туындайды.

Осылайша, экономикалық негіз бен (капиталдың бірдей болмауы) пайда болу талаптарының жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді.

Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама- қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.

Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты еместігімен түсіндіріледі.

Несие беруші мен қарызға алушының арсында мүдделілік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге қарым-қатынастар туындайды.

Осылайша экономикалық негіз бен пайда болу талаптарының жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді.

Нарықтық экономика дамыған сайын несие түрлері де көбеюде. Соның ішінде тұтыну несиесіне келетін болсақ,оның негізгі мақсаты-халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген сұраныс несиеге деген сұранысты тудырады. Екіншіден, төлем қабілеттілігі бар халықтың сұранысын тудырады. Бұл байланыс әсіресе қазір, нарық тұтыну тауарлармен қанаққан сайын нығая түспек. Жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді

Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге тұтынатын тауарларды мысалы: автокөліктерді, жиhаздарды сатып алуға қолданылады. Тауар бағасы жоғары болған сайын, несиенің бұл түріне де сұраныс көбейеді. Дамыған елдерде несиенің жартысынан көбі автокөлік сатып алуға беріледі. Қалған тауарларды тауарларды көбінесе қолма қол-ақша арқылы сатып алады.

Тұтыну несиесі тауар формасында және ақшалай берілуі мүмкін. Соңғы кезде, Қазақстанда ақщалай берілетін тұтыну несиесі өріс алуда. Олар көбінесе машина және ұзақ мерзімге қолданылатын тауарлар алуға, үйлер салуға, сатып алуға және  тағы басқа да мақсаттарға беріледі.

Жалпы тұтыну несиесінің көлемі халықтың тұрмыс жағдайын және кәсіпкерлердің тауарларын өткізуге үлкен ықпал жасайды.

Дамыған елдерде тұтыну несиесі үлкен роль атқарады. Ол тауарларға деген сұранысты, оларды өндіруді көбейтуге және сатуға ынталандырады. Тұтыну несиесін көбінесе табысы орташа жұмысшылар қызметкерлер пайдаланады. Жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге қолданатын тауарларды несие  арқылы сатып алған қымбатырақ болғанымен, төленетін соманы біртіндеп өтеуге мүмкіндік алады.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы тұтыну несиесі де, оның бір түрі болып табылатын ипотекалық несие де дамудың жаңа сатысында.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі – «Казкоммерцбанк» АҚ-ң жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге тұтынатын тауарларды сатып алу мақсатында берілетін тұтыну несиесімен байланысты экономикалық несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесіне талдау жүргізу.

Тұтыну несиесінің экономикалық мәнін, жеке тұлғалардың тұтыну несиелерін қандай мақсаттарға алатынын және тұтыну несиесінің берілу тәртібімен танысу-жұмыстыңмақсаты болып табылады. Осы мақсатты орындау үшін мынандай міндеттемелер алға тартылады:

—         Тұтыну несиелерінің түрлеріне зерттеулер жүргізу;

—         Жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау әдістеріне сипаттама беру;

—         Несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формаларын талдау;

—         Шет елдік тәжірибелерді қарастыру.

Дипломдық жұмысты жазудың әдістемелік ретінде батыс елдерінің,

Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының ғалымдарының ғылыми еңбектері қарастырылды. Сонымен  бірге   тұтыну   несиесінін  пайдаланудың құқықтық  негізі  болып  табылатын  Қазақстан  Республикасының  заңдары  мен  заң  актілеріне  сүйендім.

 Дипломдық жұмыс / 68 бет
Тағы рефераттар