Аудармашылардың ауызша аударманы жүзеге асыру кезінде туындайтын қателіктерін дұрыстау әдістері туралы қазақша реферат

            Жоғарыда айтылғандай, ілеспе аударма дегеніміз-аудармашының оратор сөзін тыңдай отырып, бір уақытта (2-3 секунд артта қалушылықпен) оның аудармасын айтуы. Әдеттегідей, ілеспе аударма арнайы кабиналарда техникалық құралдардың қолданылуымен жүзеге асырылады да, сөйлеушінің сөзі аудармашыға құлаққаптар арқылы естіледі, ал аудармашының өзі рецепторлар арқылы жеткізілетін микрофонға сөйлейді.

Осындай құрылғының арқасында аудармашының сөзі оған түпнұсқа мәтінді тыңдауға кедергі келтірмейді. Ілеспе аударма дегеніміз-ауызша аударманың ең күрделі түрі, себебі ол бір уақытта аудармашыдан бірнеше сөйлеу амалдарын талап етеді: бір тілде тыңдап, басқа тілге аударып, және сөйлеушінің сөйлеу екпінінен қалмай сол тілде сөйлеу сияқты амалдар. Бұл үш әрекеттің синхрондалуы есте сақтау қабілетінің жоғарылығымен, ынталы зейінмен, сөйлеу компрессиясының қажеттілігімен, түпнұсқа мәтіннің қиындыларын болжаумен, тез шешім қабылдауымен және т.б. байланысты.

Кезекті аударма дегеніміз-бұл, оратор өз сөзін түгел немесе оның бір бөлігін аяқтағаннан кейін аударып бастайтын ауызша аударманың бір түрі. Аударылатын сөйлемнің үзінділерінің көлемі әр түрлі болуы мүмкін: жеке сөйлемдерден бастап, сөйлеушінің 20-30 минут немесе одан да ұзақ сөйлеген көлемді мәтіндерінің аудармасы. Аударманың бұл түрі аудармашыда түпнұсқа мәтіннің маңызды сегменттерін аударма басталғанға дейінгі ұзақ уақыт бойы есте сақтауын талап етеді. Егер түпнұсқа мәтінніңкөлемі бірнеше сөйлемдерді қамтыса, онда аудармашы тыңдалған мәтінді қайта есіне түсіруі үшін мазмұнының негізгі сәттерін жазып отырады.

Түпнұсқаны қабылдаудың және мәтінді құрудың ауызша немесе жазбаша формасы ауызша немесе жазбаша аудармаға тікелей сәйкес келеді, бірақ олардың әрқайсысында аударманың басқа бір түрінің элементтері қолданылуы мүмкін. Жазбаша аудармашы түпнұсқаның мәтінін магниттік таспаға жазылған күйінде алуы мүмкін, немесе өз аудармасын диктофонға жазуы мүмкін. Қай жағдайда болмасын, аударма жазбаша түрінде қалады, себебі түпнұсқаның мәтіні мен аудармасы жазып алынған түрінде сақталады және оларды бірнеше рет қарап шығып, салыстырып және аудармаға қажетті түзетулер енгізуге болады. Ал ілеспе немесе кезекті аударма кезінде ауызша аудармашы тек аударар алдында ғана ауызша сөз сөйлеудің мәтінін тіреу ретінде қолдана алады. Ауызша аударма кезінде жазбаша мәтінді қолданудың негізгі түріне «парақтан аудару» жатады, бұл аудармашының ауызша орындаудың қатысынсыз тек жазбаша мәтінге сүйене отырып аударатын түрі. Бұл жерде ауызша аударманың негізгі белгілері сақталады: тыңдаушыларға ұсынардың алдында аудармашыға мәтінді салыстыруға немесе өзгертуге рұқсат етілмейді.

Ауызша және жазбаша аударманың айырмашылығы уақыт тапшылығында. Жазбаша аудару кезінде аударма процесі қатаң уақыт шектеулігін қоймайды. Аудармашы кез-келген сәтте аударуды тоқтата алады, аударылған бөлігіне қайта оралып, түпнұсқаның немесе аударманың әр бөлігіне қосымша уақыт құртып ойлана алады, сөздіктер мен анықтамаларға қарап, мамандардан кеңес немесе консультация сұрай алады. Бұл аударудағы қиын мәселелердің шешімі бола алады, көркем әдеби немесе кез-келген стильдегі мәтіннің аудармасын табысты етіп жасай алады. Жазбаша аударма кезінде баламалықтың жоғарғы деңгейі бағаланады. Ауызша аударма кезінде аудармашының іс-әрекеті сөйлеушінің сөйлеу екпінімен және сөйлеушімен бір уақытта немесе ол тоқтаған бойда аудару уақытымен шектеледі. Осыған орай аудармашыға ойлануына, варианттар қарастыруына немесе анықтама әдебиеттерін қарауына уақыты болмайды. Оның барлық әрекеттері автоматты түрде атқарылады. Сонымен қатар, аудармашыға аудару процесінде кейбір элементтерді қосуына немесе қысқартуына, алып тастауына немесе баламалықтың төмен деңгейін қолдануына тура келеді. Ілеспе аударма кезінде аз уақыт аралығында шапшаң сөйлеу де аудармашыға психологиялық және физикалық жағынан жүктеме түсіреді, осыған байланысты, ілеспе аудармашы өз жұмысын 20-30 минут аралығында толыққанды орындай алады. Сол себепті синхронисттердің жұмыс істейтін кабиналарында кезекпе-кезек жұмыс істейтін бірнеше аудармашылар отырады.

Ауызша және жазбаша аударманың маңызды айырмашылығы да осында, аударманың әр түрін орындай отырып, аудармашы түпнұсқа мәтіннің әр түрлі бөлімдерімен жұмыс істейді. Жазбаша аудармада аудармашы түпнұсқадағы әр сөзді аудара отырып, оны бүткіл мәтіннің бір бөлігі ретінде қарастырады. Әрбір сөзді мәтіннің құрамына қарай байланыстырып аударады, ол аударманың дұрыс вариантын таңдау мақсатында мәтіннің келесі немесе алдыңғы бөліктерінен қосымша ақпарат іздей алады, және сөйлемді дұрыс байланыстырады. Ал ауызша аудармада, аудармашы түпнұсқа мәтінді сөйлеушінің айту шамасына байланысты шағын сегменттермен қабылдап, аударуы тиіс және аудару процесінде түпнұсқаның басқа бөлімдеріне қарауына құқығы жоқ. Кезекті аудармада аудармашы бір немесе бірнеше сөз сөйлеулерге ықпал ете алады. Ілеспе аудармада түсіну мен аудару процесі бір уақытта жүзеге асатындықтан және уақыттың тапшылығынан аудармашы сөздерді түпнұсқа түрінде аударады.

Ауызша және жазбаша аударма тіларалық байланыс қатысушыларына да байланысты. Жазбаша аудармада, әдеттегідей, аударма ісі кабинетте жүзеге асырылады, және аудармашының коммуникантпен тікелей немесе кері байланысы болмайды. Аудармашының түпнұсқа авторымен немесе аударманың потенциалды рецепторымен танысуы аударма ісінен тыс жүзеге асырылады. Бұл жерде жеке қатынастардың ешқандай рөлі болмайды, аудармашының назарында тек аударылатын мәтін ғана болады, аудармашы жұмысының сапасы тек жұмысы аяқталған соң бағаланады.

Аудармашылардың ауызша аударманы жүзеге асыру кезінде туындайтын қателіктерін дұрыстау мақсатында түрлі классификациялық әдістер қолдануға болады. Аударманың сапасын бағалау кезінде мәтінде кездесетін негізгі төрт түрлі қателікті ерекшелеуге болады.

1. Аудармашының түпнұсқа мәтінді бұрмалап аудару қателігі. Мұндай қателіктер аудармашының түпнұсқа мәтінін дұрыс түсінбеуі себепті, рецепторға жалған ақпарат таратып, өзге жағдайды түсіндіруінен болады. Бұл қателіктер аударма мен түпнұсқа мәтінді салыстырған кезде байқалады. Әдетте, қателіктердің себебін көру де қиындыққа соқпайды: түпнұсқа мәтіннің дұрыс оқылмауы, грамматикалық және лексикалық қателіктер, техникалық мәліметтерді дұрыс түсінбеуі және т.б.

Мысалы, ағылшынша «I was, indeed, out of concern for the well-being of the eaters the world over that the United Nations Food and Agricultural Organization (FAO) was born» сөйлемін аудармашы «БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы бүткіл әлемнің азық тұтынушылары саулығының қамқорлығы үшін құрылған» деп аударудың орнына

«БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы бүткіл әлемнің азық тұтынушылары саулығының қамқорлығы үшін құрылмаған» деп аударған. Жіберілген қателіктің себебін де анықтау қиын емес. Аудармашы out of тіркесін «емес», «тыс» деп аударған болатын, ал, шындығында out of love (consideration, concern, etc.) for тіркесінде басқа мағынаға ие болатынын ескермеген.

2. Түпнұсқаның мағынасын түгелдей бұрмаламай, тек оның жеке бөліктерінен ғана жіберілетін қателіктер. Бұл қателіктер аудармашының түпнұсқа мәтініндегі кейбір сөздердің мағынасын дұрыс түсінбеуіне немесе аудармашының ағылшынша қазақша терминдердің мағынасын дұрыс сәйкестендірмеуіне байланысты туындайды. Осындай қателік жіберілген аударманың мысалы ретінде келесі сөйлемді келтіруге болады: «Не was one of the best British football players in 1930’s.» – «1930 жылы ол Англияның ең үздік футбол ойнаушыларының бірі болды.»

Аудармашы түпнұсқадағы жылдың көпше түрде айтылған формасына мән бермеген, бұл жерде тек бір жыл ғана емес, бүткіл онжылдық туралы айтылып отыр. Сөйлемнің жалпы мағынасы дұрыс берілгенімен, оның мерзімінің қате берілуі мағыналық қателік болып саналады.

3. Түпнұсқаның мағынасын бұрмаламай, аударма мәтінінің сапасын төмендететін қателіктер. Мұндай қателіктер жағдайдың дәрежесіне қарағанда, баламалықтың жоғарғы дәрежеде болуына байланысты, және ол аударманың жалпы сапасына әсерін тигізбейді. Бұл қателіктер әр тексерушілермен әр түрлі бағаланып, олардың арасында келіспеушілік туғызып, кейде тіпті қателік болып саналмауы да мүмкін. Мысалы, келесі аудармадағы: «If the Prime-Minister’s speech made few new points on Britain’s economic plight, it was a skilful exercise in rhetoric.» сөйлемі «Егер премьер-министрдің сөз сөйлеуінде британдық экономиканың кедейшілік жағдайы туралы жаңа ештеме айтылмаса, жасанды риториканың мысалы болғаны.» деп аударылған.

Бұл сөйлемнің аудармасына көптеген өзгертулер жасауға болады. Ең алдымен, аудармашыға салалас сөйлемнің орнына, сабақтас құрмалас сөйлемді таңдағаны жөн болады. Дұрысы: «Премьер-министр өз сөз сөйлеуінде жаңа ештеме айтпағанымен…» . «Британдық» сөзінің орнына «ағылшын» сөзін таңдауы дұрыс болады. «Мысалы» сөзінің орнына «үлгі» сөзін таңдағаны жөн болар еді. Бұл түзетулердің бәрі аударманы стилистикалық жағынан жақсартады.

4. Аударма тілінің міндетті нормаларының сақталмау қателігі, бұл қателіктер аударманың баламалығына әсерін тигізбейді, бірақ, аудармашының аударылатын тілді дұрыс меңгермеуіне байланысты туындайды.

Жазбаша аудармаға қарағанда ауызша аудармада жағдай қиындай түседі, себебі аудармашыға әрдайым бақылау үстінде болуы керек. Әйгілі аудармашы Лини Виссон өзінің БҰҰ-дағы жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып, аудармашы қателіктері туралы сұраққа былай деп жауап берді: Синхронисттер мынадай мәселелермен жиі кездеседі. Мысалы, Қауіпсіздік Кеңесіндегі Төраға өтінішінің (Presidential statement)  талқылауы жүреді, ал сөйлеуші «резолюция» жайлы сөйлеп жатыр (the resolution we’re now discussing). Мұндай жағдайда, аудармашы «the resolution (says the distinguished delegate)» немесе «the delegate says, ‘the resolution'» деп айта алады, өйткені делегаттар және олардың көмекшілері аударманы кейде тыңдайды. Сүйтіп, ол:

а) айтқан сөзін қайталайды, және

б) аудармашы бұл қателіктің делегат жағынан кеткендігін түсіндіреді, және халық аудармашыны бұл қателік үшін жазғырмайды.

Аудармашының енгізген «делегат айтқандай» түсініктемесі жазбаша аудармадағыдай ескерту қызметін атқарады деуге болады. Егер күманыңыз болса, кері сұраған жөн. Дұрысы-аудару процесінде сөйлеушінің сөйлеу мәнерін бағалаудан қашқан жөн. Келіссөздер кезінде оның қателігін дұрыстауға тырысудың қажеті жоқ, егер жалғыз болсаңыздар байқап көруге болады, бұл кейде көмектесуі де мүмкін.
Тағы рефераттар