Аумақтың  әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлаудың мазмұны, көрсеткіштері мен құрылымы туралы қазақша реферат

Жоспарлау — басқарудың маңызды жүйесі және қазіргі экономикалық дағдарыстан шығу тәсілдерінің бірі. Нарықты экономикаға өту кезеңінде басқару жүйесін одан әрі дамыту және осы кезеңге тән жаңа қағидаларды басшылыққа ала отырып экономиканы жандандыру — бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Жоспарлау — белгілі мерзімге есептелген басқару объектілерін дамытуда қолайлы альтернатива таңдауға бағытталған басқару қызметінің бір түрі. Басқару объектісінің даму қарқыны және келешекте күтілетін күйі бар жоспар — жоспарлау процесінің қорытындысы болады. Жоспарда мақсат және оларды іске асыру бойынша іс-шаралар жүйесі міндетті түрде болу қажет.

Жоспарлауға келесі ерекшеліктер тән:

1. Жоспарлау алдын ала қабылданған шешім және келешекте белгілі нәтижеге жетуге бағыттылған.

2. Әр-түрлі    жағдайларға    байланысты    жоспарға    тұракты түзетулер   енгізіледі,   сондықтан   жоспарлау   жүйесі   икемді   және өзгерістерге бейімделуі қажет.

3. Жоспарлау    процессі    қате    істерді    болдырмауға    және қолданбаған мүмкіндіктерді азайтуға бағыттылған.

Жоспарлау процесінің негізгі элементтері төменде көрсетілген.

ЖОСПАРЛАУ НӘТИЖЕЛЕР
АМАЛДАРЫ
РЕСУРСТАР
ЕНГІЗУ
БАҚЫЛАУ

1 сурет. Жоспарлау процесінің негізгі элементтері.

Жоспарлау төмендегі принциптерге негізделінеді:

• ЖҮЙЕЛІЛІК;

• ЖИНАҚТЫЛЫҚ;

• ҮЙЛЕСІМДІЛІК;

• ИКЕМДІЛІК:

• РЕСУРС МҮМКҮНДІКТЕРІНІҢ ШЕКТІЛІП.

ЖҮЙЕЛІЛІК жоспар шешімін жасау және негіздеу барысында экономиканың барлык элементтерін есепке алу қажеттігін ұйғарады.

ЖИНАҚТЫЛЫҚ жоспар шешімін жасау және негіздеу барысында, оның іске асырғанда салдарын ескеру қажеттігін ұйғарады.

ҮЙЛЕСІМДІЛІК жоспарланған объекттің жұмыс істеуін және дамуының нәтижелі болуына жоспар шешімін бейімдеу.

ИКЕМДІЛІК жоспар шеші.мінің тұрақты болатын өзгерістерге бейімделуін ұйғарады.

РЕСУРС МҮМКҮНДІКТЕРІНІҢ ШЕКТІЛІГІ колда бар ресурстарды ұтымды және нәтижелі пайдалану қажеттігін ұйғарады.

Экономикалык және әлеуметтік дамудың барлык жақтары, жоспар мен болжамның максаты мен талаптары, когамдык өндірістін салалары мен құрылымдарының дамуындагы сандық және сапалык өзгерістер бірімен-бірі тығыз байланыскан көрсеткіштер аркылы беріледі. Көрсеткіштер жүйесі мынадай талаптарға сай болуы керек:

— Эконо.микалык және әлеуметтік даму процессінің заңдылықтары мен мұқтаждығын ескеруі керек.

— Болжам мен жоспардың максаты мен міндетін жеткілікті дәрежеде көрсетуі шарт.

-Атаулы негізде. ягни жоспарлардағы көрсеткішті орындаушыны анық, нақты көрсетуі керек.

— Кешенді  негізде,  яғни ұдайы  өндіріс пен әлеуметтік дамудың барлық жақтарын қамтуы қажет.

— Аймақтар мен салалардың ерекшеліктерін ескеріп, көрсетуі керек.

— Қоғамдык өндірістің жоғары тиімділігіне және істің сапасына қол жеткізуді ынталандыруы шарт.

— Жоспар көрсеткіші дегеніміз — баскару шешімінің нактылы бір тапсырмасын санмен көрсету формасы. Жоспарлық көрсеткіштер өзінің сырткы белгісіне және аткарар міндетіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.   Олар:   сандык  және  сапалық;   натуралдық  және  құндык; абсолюттік   және   салыстырмалык;   нормативтік   (директивтік)   және есептік көрсеткіштер.

Сандық корсеткіштер жоспардағы тапсырманыңсандық белгісін  көрсетеді. Олар көлемдік және сандық болып екіге бөлінеді. Көлемдік көрсеткіштер , мысалы, өндірілген өнімнің көлемін көрсетсе, тармақтык (сандық) көрсеткіштер мектептердің, кітапханалардың т.б. санын  көрсетеді.

Сапалық  көрсеткіштер өндіріс тиімділігі, экономикалық құбылыстар мен процесстердің сапалық белгілерін көрсетеді (еңбек өніміділігі, өзіндік кұнның азаюы, материалдық ресурстардың шығын нормасы).

Натуралдық көрсеткіштер ұдайы өндіріс процессінің физикалық өлшем бірліктерімен өлшенетін жақтарын көрсетеді. Мысалы, өндірілген өнім көлемі (салмағы, ұзындығы бойынша). Кейбір экономикалық құбылыстар шартты-натуралды бірліктермен өлшенуі мүмкін.

Құндық корсеткіштер экономикалық құбылыстарды натуралдық-заттық құрамынан басқа құндық өлшеммен көрсетеді. Олардық арқасында әр түрлі салалар өнімдерін, еңбек шығыны мен оның нәтижесін салыстыруға мүмкіндік туады. Құндық көрсеткіштердің көмегімен экономикадағы көптеген байланыстар мен пропорциялар анықталады.

Абсолюттік көрсеткіштер өнім, еңбекақы, т.б. көлемдерін көрсетеді. Ал салысшырмалық корсеткіштер салыстырмалы өлшемдермен белгіленеді (үлес салмағы).

Директивтік көрсеткіштер, жоспардағы негізігі тапсырманы, жоғарғы органның төменгі органдарға, кәсіпорындарға бекіткен тапсырманы көрсетеді. Олардың бір түрі болып нормативтік көрсеткіштер саналады, олар басқарудың барлық деңгейіне міндетті түрде орындалуы шарт көрсеткіштер. Болжаудың негізгі мақсаты экономикалық дамудың балама бағыттарын және олардың әлеуметтік-экономикалық салдарын анықтау болғандықтан ол экономиканы жоспарлаудың алғашқы сатысы болып табылады.

Қазіргі қалыптасқан нарықтық қарым-қатынас экономиканың жоспарлау түрін жоймайды, керісінше экономикалық және әлеуметтік Дағдарыстан шығудың бір тәсілі болып жаңа құндылыққа және сапаға ие болады.

Қазіргі дүние жүзілік экономика дамуында ұйымшылдық және жоспарлылық күшею тенденциясы тән. Барлық елдерде болжау және жоспарлау тәжірибиесі кең таралғаны, осыған дәлел. Сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінде жоспарлаудың мазмұны және мақсаттары өзгеруде.

Экономиканы мемлекеттік реттеудегі аса маңызды және күрделісі — индпкативтік жоспарлау болып табылады.

Индикативтік жоспарлаумен қамтамасыз етудің маңызды себептеріне төмендегілер жатады:

1.Ұлттық   экономика   индикаторларында   (бюджет,   қаржы, пайыздық      ставка      және      т.б.)      мемлекеттің      ролі      артуда. Макроэкономикалық   балансты   орнатуға   және   қолдауға   мемлекет ынталы болып тұр және басқару субъектісі ретінде орын алуда. Сөзсіз, мұндай басқару — ұлттық экономика дамуының проблемалары және келешегі бойынша білімсіз және стратегиясіз мүмкін емес.

2.Нарықтык қарым-қатынастың қажеті жоқ немесе шектелген экономика   салаларында   индикативтік   жоспарлауды   қолдану   қажет (қорғаныс жүйесінде,  ғылым  жіне білім  саласында).  Бұл салаларда ресурс үйлестіруде нарықтық қарым қатынастан тыс тәсілдерді қолдану қажет.

3. Мемлекеттік жоспарлаудың негізгі міндеті — инфляцияны, жұмыссыздықты, бюджеттік дефицитті және т.б. жеңу.

4. Қазіргі     кезде      ұлттық     экономиканың     интеграциясы мемлекеттік немесе макроэкономикалық жоспарлаудың ролінің артуына себеп болып тұр.

5. Табиғи   ресурстар   азаю   және    экологиялық   қауіпсіздік жүйесін     кұру     сияқты,     глобальды     мәселелерді     шешу     үшін макроэкономикалык жаспарлау қажет.

Индикативтік жоспар келесі бөлімдерден құралады:

1.  Өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына сараптама.

2.  Жобаланған мерзімге  әлеуметтік-экономикалық даму саясатының мақсаты және міндеттері.

3.  Макроэкономикалық саясат

3.1.  Қаржылық-несиелік саясат;

3.2.  Салықтық-бюджеттік саясат;

4. Құрылымдылық саясат.

4.1.    Сауда саясаты;

4.2.    Бағасаясаты;

4.3.   Құнды қағаздар нарығының саясаты;

4.4.   Инвестиция саясаты.

5.       Экономика секторларын дамыту

5.1.    Өнеркәсіп;

5.2.    Ауыл шаруашылығы;

5.3.    Құрылыс;

5.4.    Көлік және бапланыс;

5.5.    Қаржы саласы;

5.6.    Сауда;

5.7.    Ғылым және технологиялар.

6.       Әлеуметгік даму

6.1.    Халык, жұмыспен қамту және еңбек ресурсының дамуы;

6.2.    Кедейшілікпен кұресу және халықты әлеуметтік корғау;

6.3.    Әлеуметтік-экономикалық дамуда әйелдердің қатысуы;

6.4.    Білім беру;

6.5.    Денсаулық сактау;

6.6.    Мәдениет, спорт және туризм;

7. Қоршаған ортаны қорғау.

Әлеумеггік-экономикалык мақсатгарды шешу мерзімінің ұзақтығына байланысты индикативтік жоспарлар жүйесі стратегиялық, орта мерзімдік, және жылдық жоспарлардан тұрады, олар макро-аумақтық, салалык деңгейді қамтиді.

Республика Президенті Н.Назарбаевтің 1997 жылғы Қазақстан халқына жолдауында жарияланған «Қазақстан-2030» — жоспары стратегиялық жоспарға жатады. Стратегиялык жоспарлар ұзақ мерзімге жасалады және ұлтық экономика дамуының ұзак мерзімдік мақсаттарын, мәселелерін, басынқыларын анықтайды және оларды жүзеге асыру кезендері мен мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың жалпы бағыттарын белгілейді.

Стратегиялык, жоспарлау көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар сонғы кездері кеңінен колданып жүрген арнаулы білім саласы. Ол баскаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталады және тек әскери ғана емес, сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасады. Стратегиялық жоспарлар төмендегі бөлімдерден тұрады:

1.  саланың ағымдағы қал-күйіне баға беру;

2.жоспарлы кезеңдегі министрлік жұмысының мақсатын  анықтау;

3.  басынқылар;

4.  SWOT — максаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін талдау;

5.  мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы;

6.  стратегияларды    жүзеге    асыру    кезеңдері,    немесе    аралық мақсаттар.

SWOT — ағылшын әріптерінің аббревиатурасы. Қазак тілінде күшті (ұтымды) және әлсіз жақтар, мүмкіндіктер мен қатерлер мағынасын береді. Ол сыртқы және ішкі жағдайларды жүйелеу негізінде алға қойған мақсаттарға жету стратегиясын жасау үшін қолданады.

Оңтүстік-Қазақстан облысының даму жоспарынын

SWOT-талдауы

Миссия    —   аумақтык    мүмкіндіктерді    іске    асыру    негізінде экономиканың нақты секторын өркендету

Басты мақсатоблыс тұрғындарының тұрмыс деңгейі мен оның сапасын арттыру

Күшті жактар

1.  Ауыл шаруашылығының дамуына ауа райының колайлығы

2.  Облыстың жоғарғы транзиттік әлеуеті

3. Көптеген еңбек ресурстарының саны

4. Жекеменшіктің көп үлесі

5. Эспортка негізделген өндірістер (макта, талшығы)

6. Мәдени және тарихи орталықтардың саны

Әлсіз жактар

1. Өндірістік базаның бәсекелестік қабілетсіздігі

2. Облыстың субвенциялық бюджеті

3.  Қаржы ресурстарының жеке секторга өту қабілетінің төмендігі

4.  Накты жер нарығының болмауы

5.  Қоғамда кылмыстық іс-әрекеттердің өсуі

6.  Экологиялық және эпидемиологиялык жағдайдын өршуі

Мүмкіндіктер

1. Үлкен өкілеттіктердің, бюджеттік қарым-катынастарды қоса орталыктан аймақтарға таралуы

2.  Ауыл шаруашылығы өнімдері мен кайта өңдеу өнімдері үшін сыртқы және ішкі нарықтар әлеуеті

3. Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту

4. Дәстүрлі емес секторға инвестицияларды тарту

5. Шекаральщ сауда мен кызмет түрлерінің ұлғаюы

6. Альтернативті энергия көздерін пайдалану

Катерлер

1. Облыстың электр тарату және сумен қамтамасыз ету жағынан баска мемлекеттен тәуелділігі

2. Халықтың заңсыз көшіп қонуы және контрабандалық қылмыспен айналысуы

3. Көрші мемлекеттерден аймақта билікке бәсекелесуі

4. Сыртқы және ішкі нарықтардың жоғалуы импорттық тауарларға, сауда кедергілеріне жол беруі

Күтілетін нәтижелер

Кірісті көбейтудіц және салык салу базасын кеңейтудің есебінен бюджетпіін субвеніщясыздыгына шыгу

Облыстың өндіріс әлсуетін диверсикацияіау уиіін негіз қалау

Ауыл шаруашылыгын сауықтыру және оны әрі қарай дамыту және    онын    базасында    бәсекелестікке    кабілетті    қайта    өңдеу өндірістерді қуру

Облыс өндірісі мен халкын эісумыспен каліту көлеліінде,  орта эісәне шагын кәсіпкерліктің үлесін арттыру

— Ксізіргі  замангы   техпо.погияларды,   басқару  дагдыларып  және маркетингтік      қызмет      көрсетуді      енгізе      отырып      тікілей инвестициялардың агымына эісагдай эісасау

Облыстың   қурылымдық  экопомикалык, реформаларын   аяқтау және жергілікті өнімдердің экспортқа шыгуын кәбейту

Транзиттік   әлеуетін   эісузеге   асыру   жәие   облыстың   көлік жуйесінің біртутастыгын қамтамасыз ету

Облыстың  энергетикалык,  (газ,   электр)  және су ресурстары бойынша сыртқы тәуелдігін төмендету

-Жергі.іікті ерекшелікпіерін ескере отырып, об.іыстың аудандары мен қалаларын дамыту

 

Қоғамның даму үрдістерін болжау деңгейі неғұрлым жоғары болса экономиканы басқару ісі де соғұрлым тиімді болады.

Болжам дегеніміз белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми-дәлелді пікір. Болжамдарды зерттеп дайындау процессі болжау деп аталады. Болжау — қоғам өмірінің

барлық саласында даму теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып саналады.

Ол негізінде екі мағынадан тұрады. Біріншісі, болжап айту, яғни мәселенің болашактағы перспективасын, жәй-күнін суреттеп, бейнелеп беру. Екіншісі, болжап көрсету, ескерту, яғни мәселенің болашағы туралы барлық ақпаратты тиімді пайдалана отырып, оны шешу жолдарын көрсету, анықтау.

Қазіргі кезде, ғалымдардың бағасы бойынша экономикалык болжам жасаудың 150-ге жуық әдісі бар. Іс жүзінде соның 15-20 шақтысы ең негізгі әдістер ретінде қолданылады.

Сыртқы белгісіне сәйкес, болжау әдістерін екі топқа бөлуге болады: интуициялық әдістер (эксперттік баға әдістері) және математикалык әдістер.

Интуициялык әдістер, (эксперттік баға әдістері) екі топқа белінеді: дербес эксперттік бага беру және коллективтік эксперттік бага беру әдістері. Бірінші топқа: интервью (сұхбат) жүргізу; логикалык анализ жасау; сценарий құру әдістері жатады. Екінші топқа: комиссия кұру; коллективтік идеяны жинақтау («дөңгелек стол») және «Дельфи» әдісі кіреді.

Математикалық әдістер де екі топқа бөлінеді: экстрополяциялық әдістер және модельдер кұру әдістері. Бірінші топка ең кіші квадраттар; экспоненциялдық түзеу; тұраксыз орташа көрсеткіштер әдістері енеді. Екінші топқа кұрылымдық модельдер, матрицалық модельдер әдістері жатады.

Жоспарлаудың ғылыми негіздеріне объективті экономикалық заңдарды тану және саналы түрде қолдану, ұдайы өндіріс теориясы, жүйелік, кешенділік, жоспар жасау тәртібі, реті мен логикасының бірлігі және жоспарлау қағидалары мен әдістері жатады.

Жоспар жасау логикасы — барлық деңгейде жалпымемлекеттік жоспарларды әзірлеумен байланысты нақтылы әрекеттердің тәртіпке бағындырылған реті. Оның негізгі идеясы барлық жоспар жасау процесінің басталатын және соған бағынатын негізгі пунктін анықтау. Жоспар жасау логикасының негізгі элементтеріне төмендегілер жатады

1. жоспарлау кезеңіндегі экономика дамуының максаттарының жүйесін калыптастыру (логиканың негізгі пункті);

2. базистік   кезеңдегі   экономика  дамуын   талдау   және   оның деңгейлерінің параметрлерін анықтау;

3. жоспарлы  кезеңдегі  қоғамның қажеттіліктерінің көлемі мен кұрылымын аныктау;

4. қоғамның   қорлары   мен   кажеттіліктерін   үйлестіру   және жоспарлы кезеңдегі экономика дамуы жоспарының жобасын әзірлеу;

5. жоспар жобасын талқылау және бекіту.

Жоспар жасау логикасы жоспарлау кағидалары деп аталатын белгілі бір заңдылықтарға сүйенеді. Олардың негізгілерінің қатарына төмендегілерді жаткызуға болады:

1. Басқарудың ғылыми нақтылы және тиімді болу қағидасы. Яғни, жоспарлауда экономика дамуының объективті  заңдарының талаптары, отандық   және   шет   елдік   тәжірибе   мен   ғылымының   жетістіктері назардан тыс қалмауы тиіс. Жоспардың ғылымң нақтылануы жиналған тәжірибені,    нақты    қалыптасқан    жағдаиларды    елемеумен    және жоспарлаудағы жагымпаздыкпен (басшы адамның кез келген идеясын дұрыс деп табумен) сиыспайды.

2. Жоспарлаудың   үздіксіз   болуы.   Ұзақ  мерзімдік  жоспарлар бірнеше орта мерзімдік, ал орта мерзімдік жоспарлар, қысқа мерзімдік жоспарлардан кұрылуы тиіс.

3. Жалпы мемлекеттік және жеке мүдделерді үйлестіру қағидасы. Жоспарды ойдағыдай орындау көбінесе жалпыхалықтық мүдделердің, ұжымдар   мен  жеке   адамдардың  мүдделерімен   қаншалықты  тиімді үйлескеніне     байланысты.     Аталған     мүдделерді     назарға     ілмеу, экономиканы басқарудың тиімділігін төмендетеді.

4. Жетекші   салаларды   белгілеу   аркылы   экономикада   тиімді үйлесімділікті     (сандық    катынастарды)    қалыптастыру    қағидасы. Жетекші салаларды, басынқыларды белгілеу — бар қорларды дамудың сол кезеңі үшін аса маңызды салалар мен аумақтарды дамытуға, ірі әлеуметтік-экономикалык мәселелерді шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.

5. Жалпымемлекеттік   жоспарлардың  бірлігі   мен   кешенділігін қамтамасыз ету қағидасы. Жоспарлардың бірлігін қамтамасыз ету екі жақтан тұрады. Біріншісі — жоспардың     методологиясының, көрсеткіштер    жүйесі    мен    реттегіштерінін    бірлігі, екіншіден-материалдык бірлігі.    Жоспарлардың   кешенді    болуы   кез   келген

деңгейдің жоспарлары экономиканың барлық жақтарын, байланыстарын бір-бірінен ажыратпай қамту керек екенін білдіреді.

Жоспардың жасалу ерекшеліктеріне, қамтитын ауқымына байланысты жоспар жасау үшін бірнеше әдіс қолданылады. Олар: экономикалык анализ (талдау), нормативтік, баланстык, экономикалык-математикалық, бағдарламалық-мақсатгықт.б. әдістер.

Жоспар жасау ісі, біріншіден, экономика дамуының өткен мерзімдегі көрсеткіштерін талдауды, зерттеуді талап етеді. Бұл жұмысты орындау үшін экономикалық талдау әдісі қолданылады. Оның негізгі мақсаты экономикалык даму деңгейін, пайдалынылмаған ресурстарды тауып, оларды қолдану жолдарын, салааралық қатынастардың тиімділігін, өткен мерзімдегі жоспардын орындалуы, не орындалмау себептерін, жоспарлау ісінде жіберілген кемшіліктерді анықтау болып табылады. Ол үшін экономикалық анализ және синтез, топтастыру, теңеу, индекстер мен корреляциялық коэффициенттерді есептеу, статистикалық әдістері қолданылады.

Экономика дамуы жоспарының барлық көрстеткіштерін нақтылау үшін, әсіресе, пайдаланатын материалдар мен шикізат ресурстарының кажетті көлемін анықтау үшін жоспарлау органдары мен ғылыми-зерттеу институттары жасайтын прогрессивті жоспарлау нормалары мен нормативтерді пайдаланады.

Баланстық әдіс, жоспар көрсеткіштерін тығыз байланыстыру үшін колданылатын негізгі әдіс. Бұл әдіс экономикадағы барлык пропорцияларды құру кұралы болып саналады. Жоспарлау ісінде баланстардың калыптасқан жүйесі колданылады. Баланстар негізінде үш топқа бөлінеді. Олар: материалдык, еңбек ресурстары, кұндык баланстар. Бұлардан басқа салааралық және халық шаруашылығы баланстары қолданылады.

Еңбек баланстарының көмегімен экономика салаларында еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жолдары, халық шаруашылығын жұмысшы. және .маман кадрларымен камтамасыз ету көрсеткіштері анықталады.

Құндық баланстар арқылы қоғамдық жиынтык өнім мен ұлттық табысты бөлудегі дұрыс экономикалык пропорциялар кұрылады. Мемлекеттің, кәсіпорындардың, халыктың қаржылық ресурстарын дұрыс пайдалану жолдары анықталады.

Жоспардың экономнкалық тнімділік тұрғысынан оптималді вариантын аныктау үшін экономикалык-математикалық әдіс қолданылады. Осы әдіске сүйене отырып, экономикалық құбылыстардың математнкалық модельдері кұрылады. Мысалы, болжамдық халық шаруашылығы балансының моделі, салааралык өнім өндіру және тұтыну балансының моделі.

Сызықтық программалау әдістерін пайдалану арқылы өндірісті жоспарлау ісінің көптеген күрделі мәселелері шешіледі.

Жоспарлаудың бағдарламалык-мақсаттык әдісі экономикадағы кұбылыстарға, ірі мәселелерді шешуге жүйелік, кешенді көзкарас керектігіне негізделген. Себебі, кез келген саланың дамуы басқа да салалардың — шикізат беретін, отын-энергия, қосалқы бөлшектер шығаратын және сол саланың өнімдерін пайдаланатын, сол салага әр түрлі қызмет көрсететін салалардың дам.у көрсеткіштерімен тығыз байланыста болады. Сондықтан, алға койған мақсатқа жету жолдарын көрсететін жоспар жасалған кезде осы байланыстардың бәрі ескерілуі керек.

Бағдарламалық-мақсаттық әдіс мемлекеттік, салааралық және аймақтық бағдарламалар жасағанда қолданылады. Бағдарламаларда алға койған мақсат анықталады және сол мақсатқа жету жолдары мен құралдары көрсетіледі.

Бағдарламалық-максаттық әдіс: біріншіден, экономика дамуындағы күрделі мәселелер ішінен ең негізі, ең көкейкесті ғылыми-техникалык, экономикалық, әлеуметтік мәселені айқындауға мүмкіндік береді; екіншіден — сол мәселені шешу үшін керекті материалдық, еңбек және каржы ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын көрсетеді; үшіншіден, кешенді мәселелерді шешу мақсаты мен мерзімін экономика мүмкіндіктері мен ресурстарын үйлестіреді, соның арқасында жоспардың баланстық үйлестіру деңгейін көтереді; төртіншіден — кешенді бағдарлама көрсеткіштерін салалық және аумактық жоспарлардың көрсеткіштерімен байланыстырады.

Индикативтік жоспар Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің «Министірліктер мен ведомстволарға арналған жылдық стратегиялық жоспарларды дайындау жөнінде әдістемелік ұсыныстарына», Қазакстан 2030 ұзақ мерзімді стратегиясына, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялык даму жоспарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып жасалынады.

Әлеуметтік-экономикалык дамуының индикативтік жоспары жыл сайын республика, облыс, сондай-ақ аудандар мен калалардың орта мерзімге дейін арналып әзірленеді және әміршілдік емес, ұсыныс сипатына ие, яғни нарык субъектілеріне бағыт беруші болып табылады. Индикативтік жоспар экономиканың барлық салалары (қаржы, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылық, экспорт, импорт және т. б.) бойынша аймақтың алдагы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалык дамуының мақсаты мен міндеттерін және негізгі багыттарын қамтнді.

Индикативтік жоспарлау қазіргі таңда тұрған мәселелерді кешенді шешуге және этап бойынша стратегиялық мақсаттарға жетуге бағыттылған мемлекеттің орта және ағымды мерзімге әлеуметтік-экономикалық саясатын айқындайды.

Жоспарлау барысында, ен алдымен мақсат айқындалады немесе жобаланған кезеңде неге жетуіміз керек. Сосын стратегия айқындалады, қойылған   мақсатка  жетуге   есептелген   істің  тәуір   болып   бітіуінің тәсілдерін   таңдалады.   Қолда   бар   ресурс,   басымдылықтарға   және  мүмкіндіктерге     карай,     әр     экономика     саласының     стратегиясы жасалынады.

Мұнда облыстың  әлеуметтік-экономикалық  даму перспективалары өндірістік және әлеуметгік инфрақұрылымның, шағын және орта бизнестік, кедейшілікпен және жұмыссыздыққа қарсы күрестің басымды бағыттары карастырылады.

.

Тағы рефераттар