Ауыл шаруашылығы туралы қазақша реферат

Қазіргі кезде  облыстағы ауыл шаруашылығы өндірісі 245 ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, 6519 шаруа  (фермерлік) қожалығында ,   халықтың 118,9 қосалқы шаруашылығында іске асырылады.

Ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарының барлық егу алаңы 20006 жылы 1057,7 мың ганы құрады. Дәнді-дақылдар 662 мың гаға жайылған. 2006 жылы егін өндірісі 662 мың га.  алаңға егілді. Дән өндірісі 2006 жылы 437 тоннаны құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 1,5 есе көп. Облыс бойынша орташа дәнді-дақылдар шығымдылығы 6,9 га құрады,  бұл 2005 жылдан  2,7 ц/га көп.

Ірі қара мал саны 395,3 мың басты құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 1,4 пайызға көп, қой мен ешкі – 883,7 мың бас, өсім- 5,2 пайыз, жылқы – 121,7 мың бас,  өсім-6 пайыз, шошқа 105,7 мың бас, 2 пайызға кем, құс саны 1625,9 мың – 9,6 пайызға азайған.

2006 жылы ет 108,8 мың тоннаға өндірілді, бұл 2005 жылғы деңгейден 13,3 пайызға көп, сүт – 295,1 мың тонна, — өсім 4 пайыз, жұмыртқа 204,7 млн. дана, өсім – 8,2 пайыз, жүн- 1471 тонна — өсім 6,5 пайыз.

Облыс бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен 495  мамандандырылған  мал шаруашылығы өнімдерінің орта және ірі – тауар лар шаруашылығы өндірісімен   айналысады (ОІТӨ), оның ішінде 15 ірі және 480 орта. 2006 жылы 24,6 мың тонна ет, сүт – 9,9 мың тонна, жұмыртқа – 148 – млн. дана, жүн – 580,0 тонна өндірілді.

 

Малдың өнім беру сапасын селекциондық және асыл тұқымды  жетілдіру бойынша іс-шаралар  бойынша 5 зауыт пен 16 асыл тұқымды шаруашылық, сонымен бірге бұқа-өндіруші  өсіретін дистрибьютер орталығы ұйымдастырылған.  Асыл тұқымды мал шаруашылығының субъектілері отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 6302 бас асыл тұқымды қой, 696 бас шошқа, 100 бас асыл тұқымды жас ірі қара мал, 166 бас жас жылқы, 1163 дана жұмыртқа  37 мың доза бұқа өндірушілер тұқымын  іске асырған.

Облыс бойынша  ірі қара малдарды қолдан ұрықтандырудың 91 пункті жұмыс істейді, малдарды жасанды жолмен ұрықтандыру 26 пайызды құраған.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша   бірдей белгімен 425,8 мың бас ірі қара мал, 915,7 мың бас қой мен ешкі, 123,2 мың бас жылқы, 148,2 мың бас шошқа, 1301 бас түйе мен 37,7 мың бас  құс  мәліметі компьютер базасына енгізілген.

Өңдеу өнеркәсібі (тамақ және жеңіл)  кәсіпорындарының өнім өндірістерінің көлемі  қолданыстағы бағамен 32,9 млрд. теңгені немесе 2005 жылға 106,1  пайызды құрады. Оның ішінде 32,1 млрд. теңгесі (97,3 пайыз)  тамақ өнімдеріне келеді (сусындарды қоса алғанда), 0,8 млрд. теңге (2,5 пайыз) тоқыма және тігін өнеркәсібіне және 63,0 млн. теңге (0,2 пайызы)  былғары,  былғары бұйымдары мен аяқ киім өндірісі.

2006 жылдан бастап облыстың өңдеу кәсіпорындары шығаратын өнімдер сапасын жақсарту бойынша  және ИСО халықаралық стандартына кәсіпорындарды көшіру бойынша белсенді жұмыстар атқаруда.

Егер 2006 жылдың  1 қаңтарындағы жағдай  бойынша  менеджмент сапасы жүйесін ендірген облыстың тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары 3 құраған, оның ішінде: «Қарағанды маргарин зауыт» ААҚ, «Морделикатес» ЖШС, «Балқашбалық» ЖШС,  ал 2006 жылдың мамыр айында сүт өндіретін «Жезқазған сүт және К» кәсіпорны МЖС ендіру бойынша  жұмыстарды аяқтады және ИСО 9001-2001 сериялы  менеджмент сапасы   жүйесіне сәйкес сертификат алған.

2006 жлыдың қараша айында «Қарағанды сүт комбинаты» ЖШС  МСС енгізу бойынша  жұмыстарын аяқтады және ИСО сериялы менеджмент сапасы жүйесіне сәйкес сертификат алды.

«Корпорация Қарағанды Нан» ЖШС, «Қарағанды мелькомбинат» ЖШС, «Ақнар — ҚФ» ЖШС, «А-Алтын» ЖШС мен «Құрма Агрофирма» ЖШС  республикалық бюджеттік бағдарламаны  жекелеген (50 пайызға дейін)   халықаралық менеджмент сапасы стандартын  сертификаттау мен енгізуді әзірлеу бойынша кәсіпорындар жұмсаулары сомасын арзандатуды іске асыруға қатысты.  Бұл кәсіпорындар жұмыстарын 2006 жылдың желтоқсанында аяқтады.

Облыстың өңдейтін кәсіпорындары жыл сайын республикалық бюджеттік бағдарлама «Кәсіпорындарға   ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша  олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейлі банктер берген кредиттер бойынша  көтермелеу (мүдде) ставкасын субсидиялау»- ды іске асыруға қатысты.   Осылайша, 2006 жылы 17 кәсіпорын жалпы сомасы 1971 млн. теңгеге кредит алды, онда субсидия сомасы 147 млн. теңгені құрады,  нәтижесінде соңғы қарыз алушыға пайыздық ставка орта есеппен 5 тен 7 пайызды құрады.

Ет өңдеу бойынша кәсіпорындарда  «Хенкель» (Финляндия)  Компаниясының линиясы жұмыс істейді,  ал мынандай ірі кәсіпорындар «Қарағанды маргарин зауыты» АҚ   мен «Эфес-Қарағанды» СП   технологиялық жабдықтарын негізгі жеткізуші болып неміс компаниялары табылады.

Облыстың сүт өңдеу кәсіпорындары  ескі кеңес дәуіріндегі  жабдықтарды кезекпен жаңа жабдықтарға негізінен ресей өндірген   жабдықтарға жекелеген қымбат еместерін қоспағанда (өлшеу автоматтарын, баға жасаушылар мен т.б.)  ауыстыруда.

Қазіргі кезде облыстың ауыл шаруашылығын өндірушілерінде   барлық маркалы 8802 трактор, 2510 комбайн  (оның 2434 егін жинаушы),  барлық маркалы 2638 жүк машиналары   мен 20 мың бірлік егін егетін, түптейтін және басқа  техникалар бар.

Өткен жылы  лизингтік негізде  өсімдік өсіру үшін 40 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы, мал шаруашылығы субъектілері үшін 6 бірлік жабдықтар   алынды.

 

2006 жылы  «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы тікелей кредитпен  негізгі құралдарын  жаңарту бойынша және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар өз жұмыстарын бастады.  Олар жаңа ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін технологиялық жабдықтарды жалпы сомасы 182 млн. теңгеге алды.

2006 жыл шамасында  «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ бірлесіп ауылдық кредиттік серіктестіктер  (АКС) Абай мен Ұлытау аудандарында  құрылды. Қазіргі кезде АКС барлық ауылдық аудандарда бар және 300 астам   қатысушылар мен облыстың 113 ауылдық округтарын (59 пайыз) біріктіреді. Олар 162 жобаға  282,2 млн. теңгеге кредит берді, бұл 2005 жылға қарағанда 1,5 есе артық.

Жыл шамасында  ауыл шаруашылығы өнімдерін сату, өңдеу, сақтау, дайындау  бойынша кооперативтер (серіктестіктер) ауыл шаруашылығын құру бірлестіктерін жетілдіру бойынша   жұмыстар жүргізілді. 2 жобаға  83,4 млн. теңгеге кредит берілді.

1. «Сүт әлемі» СПК – Бұқар жырау мен Осакаров ауданына қызмет көрсететін сүт өңдеу мен дайындау бойынша 77,4 млн. теңгеге кредит берілді;

2. «Балқантау» СПК –  Қарқаралы ауданына қызмет көрсететін ет дайындау, шикіхат өндіруге 6,0 млн. теңге сомасында  кредит берілді.

Сонымен қатар,  жаңаарқа ауданында сүт өңдеу мен дайындауға  «Зергер Арго» СПК  құру бойынша  62,8 млн. теңгеге  жоба  эксперттік комиссияның оңтайлы қорытындысын алды  және қазіргі кезде жоба қаржыландыруда жатыр.

.

Тағы рефераттар