Ауыл шаруашылығын мемлекттік реттеудің негіздері туралы қазақша реферат
Мемлекет ауыл шаруашылық өндірісін қолдауға және рыноктық жағдайларға бейімделуге көмек беруі қажет.
Аграрлық өндірісті мемлекеттік реттеу – бұл ауыл шаруашылық өнімдерін, шикізаттарын және азық-түлік өндіруге, өңдеуге және оларды өткізуге, сондай-ақ тауар өндірушілердің өндірістік-техникалық камтамасыз етілуіне мемлекеттің экономикалық әсері болып табылады.
Аграрлық сектордағы мемлекеттің рөлін көрсетуде С.В.Киселев «Аграрлық секторды реттеуде және тқолдауда бас рөлде, нарықтық экономиканың теориясы мен практикасы тудырған реттеу тетіктерінің қолданатын мемлекет болуы қажет» деп көрсетсе, қазақстандық ғалым Ғ.Қалиев «Мемлекет-дағдарыстық жағдаилар тереңдеген өтпелі кезеңде ауыл шаруашылық өндірісін дамыту шарттарын анықтауда маңызды рөл атқарады» деп тұжырымдайды. Батыс экономикасы нарық жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің үлкен тәжірибесін жинақтады, сондықтанда оларға көңіл аудару және оны үйрену бізге пайдалы болмақ. Әрине өтпелі кезеңде мемлекеттік экономиканы реттеуден бүтіндей алшақтады деп тұжырымдауға болмайды. Десе де экономистер арасында нарық өзінен өзі қалыптасуы қажет деген белгілі пастулатқа әбден сенгенін теріске шығара алмаймыз.
Енді аграрлық өндірісті , мемлекеттің реттеуі шектерін қалай анықтауы керек деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер ауыл шаруашылығын зерттеудің тиімді механизмін жасаумен толықтырылмады. Басқарудың тиімді механизмдерінің болмауынан макроэкономикалық реттеу микроэкономика деңгейіндегі қызметпен үйлеспей отыр. Рыноктық мақсаттар негізінде барлық мәселені жедел түрде шешуге болмайтыны анық. Сондықтан да, әкімшіл-әміршіл жүйенің идеяларанынан босаған экономика еркін рыноктық қатынастардың қызмет ету тәртібін бірден үйреніп кетуге қабілетсіз болып отыр. Бірақ, осы жүйеден бас тарту ауыл шаруашылығының экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу қызметтерінің орталықтан орындалуын жоққа шығару деген сөз емес.Рыноктық қатынастардың бастапқы кезеңдернде басқару құрылымы экономиканы реформалау шараларының рыноктың өздігінен реттелуіне үлкен үміт артқан болатын. Өкінішке орай, мұндай болжам өзін ақтамады. Өйткені өздігінен реттеліп отыратын экономика ешбір жерде жоқ.
Өркениетті елдердің барлығында да экономикаға мемлекеттік басқару жасалып, ол реттеліп отырады. Сондықтанда халық шаруашылығын реттеу үлкен экономикалық тиімді нәтиже береді. Сол себепті экономикаға мемлекеттік реттеу керек пе, жоқ па деген талас жоқ, мәселе сол реттеуді қалай және қандай әдіспен жүргізуде, мемлекеттік орындардың әкімшілік араласуы мен кәсіпорындардың дербестігі арасындағы шекараны қалай анықтауда болып отыр. Мемлекеттің, агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі мемлекеттік бақыллау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері тіпті дамыған рынок жағдайында да бірқатар объектиптік факторлармен анықталады. Ең алдымен, мемлекеттік реттеу шаралары эконмикалық саясатпен тығыз байланыста болғандықтан , өздерінің әлеуметтік және экономикалық маңызы бойынша олар әртекті болып келеді және қоғамдық пікірмен әртүрлі қабылданады. Экономикалық дамудың әртүрлі кезеңдерінде бұл шаралар ауысып отытуы мүмкін. Бірақ олардың мәні тұрақты болып қалады. Сондай-ақ олар көп жылғы тәжірибеде сыналып, көпшілігі дамыған елдердің күнделікті қызметіне кірісіп кеткен және қазіргі жағдайда рыноктық экономикалық теорияның тиісті тарауларының, негізін құрайды. Сонымен қатар , кейбір шаралар қалыптасқан саяси және әлеуметтік конъюнктураның әсеріне ұшырады.
Халықтың азық-түлікпен қамтамасыз етілуінің төмендеуіне жол бермеу. Дағдарыстан шығуға алғшарттар жасау, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа салалары жұмысшыларының табыс дәрежелерін қалпына келтіру және азық-түлік рыноктарын қалыптастырып жұмыс істету, қаржыландыру, несие беру, сақтандыру және салық салу, сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыруда отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғау, ауыл шаруашылық ғылымын және ауылдағы әлеуметтік саланы дамыту сияқты басты бағыттарда жүзеге асуы тиіс. Сондай-ақ шаруашылық өнімдері, шикізаттары және азық-түлік рыноктарын дамыту аграрлық өндіріс саласында еңбек етуші тауар өндірушілерге өнімдерін өткізуге мүмкіндік жасау, кепілдік беру арқылы жүзеге асуы тиіс. Өнімді, шикізатты және азық-түлікті өткізудің рыноктық жүйесін қалыптастытуға мемлекеттік басқару органдар жауапты.Өтпелі дәуірде төмендегі элементтер «мемлекеттік реттеуді» басты элементтері болып табылады:
— ауыл-селоға мемлекеттік қолдау көрсету және төлем қабілетті сұранысты ынталандыру арқылы салалардағы табыстылықтың жалпы дәрежесіне қолдау жасау;
— антимонополиялық реттеу және ішкі пропорциямен салааралық айрбасты реттеу, саланың бәсекелестік потенциалын көтеру;
— рыноктың инфрақұрылымының дамуына көмектесу;
— ауылды қолайлы кредитпен қамтамасыз ету;
— протекционизм саясатын жүргізу және отандық тауар өндірушілерге сыртқы рынокпен бәсекеге түсуге жағдай жасау;
Ауылшаруашылығы үшін ресурстар өндіретін кәсіпорындарындағы, әсіресе машина құрастырудағы ауыр қаржылық жағдай бір жағынан олардың жолйылу қаупін тудырады, екінші жағынан олардың монополизм проблемасын көрсетеді. Ендігі жерде техника және басқа ресурстарға мемлекет қолдау көрсететін лизинг жүйесін дамыту жолымен, ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің сатып алу қабілетін көтеру қажет. Баға және табыс саясатымен халықтың азық-түлікке сұранысы мен ұсынысын текішінара реттеуге болады, ал азық-түлікпен қамтамасыз етудің өзі реттелетін сипаты жоқ. Аграрлық секторды реттеуде және қолдауда басты рөлде рыноктық экономиканың теориясы мен практикасы тудырған реттеу тетіктерін қолданатын мемлекет болуы қажет. Рыноктық стихияның бақылаусыз әрекеті агроөнеркәсіпке, тамақ өнімдерінің жұмысымен тұтынуына, қайта өңдеу шикізаттарына үлкен соққы болған болар еді. Реформаға дейінгі уақытта КСРО- да көп жағдайда батыста жүзеге асып жатқан реттеуге ұқсас экономикалық реттеу және аграрлық секторды қолдау жүйесі қолданған болатын. Бірақ , соның ішінде қаржы-кредиттік қатынастардың жетілмеуінен, яғни мүлтіксіз орындалуынан аграрлық өндіріс тиімділігі төмен болып қала белді. Қаржы-кредиттік қатынастар меншіктің және саланы басқару жүйесінің мемлекеттік формасына, инвестициялық баға және әлеуметтік саясат саласындағы қаржы мәселесінің шешілмеуіне байланыслы жетілмеді. Өтпелі кезеңде аграрлық реформаны жүзеге асыруда саланы экономикалық қорғау бірден қысқарды. Жалпы, аграрлық саясат ауыл шаруашылық өндірісінің ерекшеліктерімен, аграрлық қатынастарды реттеудің өзгешеліктерімен байланысты.
Енді тікелей Қазақстандағы аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің мүмкіндіктеріне тоқталайық. Ол бағалық, қаржылық, несиелік және салықтық құралдарды пайдалану арқылы экономикалық әдіспен шешіліді . Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың ішкі құрылымын келесі 3-сурет бойынша беруге болады. Соңғы кездегі баға саясатының негізгі бағыты , бағаны еркін тағайындауға көшуден көрінеді. Рыноктың қалыптасуы барлық тауар өндірушілердің меншік формаларына және шаруашылық жүргізу әдістеріне қарамастан баға белгілеу мен өнімді өткізу арналарын таңдауға толық түрде өз бетінше шешім қабылдауын қарастырады. Қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы өнімдерң\іне деген белгілі бір мемлекеттік қажеттілікті өтеу үшін мемлекет өндірушілермен ерікті өзара тиімді келісім шартқа отырады. Еркін баға, өнеркәсіп кешенінің І және ІІІ сфераларындағы қәсіпорындарды демонополизацияланған жағдайда ғана тиімділік беруі мүмкін, ал басқаша жағдайда өндірістік құлдырауы мен бағаның өсуінен қашып құтылу мүмкін емес.Селолық өндірушілер табысын қолдау мақсатында өнімді өткізу мен жеңілдік несиелерге жол ашуды қамтамасыз етуге кепілдік беретін ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлеріне сауда және сатып алу операциялары қарастырылған. Мемлекеттік реттеусіз, монополиялы жағдайда өнекәсіп және ауыл шаруашылығының арасындағы бағаның паритетін қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан да өндіріс құралдарын шығаратын, ауыл шаруашылығы икәсіпорындарына қызмет көрсететін немесе олардың өнімін өңдейтін барлық монополист кәсіпорындар үшін келісімді бағаның жоғарғы шегін белгілеуі қажет.
Қаржылық саясат саласында, мемлекет көпукладты экономиканы құрудың бастапқы кезеңде бәсекелестікті тудыруға және дамытуға жағдай жасауы керек. Сондықтан да, қаржылық көмек ең алдымен тауар өндірушілерді қолдау үшін мемлекеттік бағаны қамтамасыз етуге, аграрлық сфераны жеңілдікпен қаржыландыруға көмектесетін коммерциялық белгілердің шығындарын жабуға, сондай-ақ жекелеген салалар жәнеаудандар экономикалық аймақтар жөніндегі бағдарламаны жүзеге асруға, шаруашылықтың айналымынан шығып қалған ауылшаруашылығы жерлерін қайта қалпына келтіруге бағытталуға тиіс. Мемлекеттік қаржылық өолдау шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, табиғат апаттарының шығындарын өтеуге , су шаруашылығы және топырақты суландыру жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығы жаңа немесе ерекше қиын өндірістерді ұйымдастыруға бағытталады. Ауыл шаруашылығына деген мемлекеттік салық саясатына келсек, салықтың түрлерімен мөлшерін анықтаған кезде тікелей салық салу жолымен, жеңілдетілген салық салу есебінен жүзеге асырылатын олардың ынталандырушы функцияларына ерекше назар аудару керек.
Дамыған рыноктық экономикалық елдер тәжірибесі, мемлекеттік реттеу бағыты ең бірінші баврлық тауар өндірушілердің қызметтеріне бірдей жағдай жасауға, баға сәйкессіздігін және монополиялық баға үстемдігін жоюға бағытталғандығын көрсетеді. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаны реттеуде, тауар өндірушілердің және тұтынушылардың мүдделерін қорғау шаралары қамтылған. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттің араласуының негізгі құралы ретінде болжау, жоспарлау мен бағдарламаларды талқылау қарастырылады екен.
Дамыған өркениетті елдерде, экономиканы басқаруда салааралық тәсіл принципі бағдарлама жасаудың алғашқы кезеңінің сипатты ерекшелігі болып табылады. Жапония, ФРГ, Швеция, Франция елдерінде салааралық бағдарламалар экономиканың барлық шешуші салаларын қамтиды. Ал, америка экономиканы басқару органдарының территориялық филиалдары құрылғаннан кейін, аймақаралық комитеттер барлық ұйымдардың мәселелерін шешіп отырады. Халық шаруашылығы мәселелерін шешуде, тиімді кешендік әдіс кейінге ысырылған қазіргі жағдайда, бұл тәжірибе бізге барынша маңызды болары сөзсіз. Сондай-ақ, АҚШ-та ауыл шаруашылығының 10%-ы реттеледі екен. Ауыл шаруашылық Министрлігі фермерлер үшін тек салық дәрежесін анықтап қоймай, баға паритетін бақылау жасайды. Ал төмен кепілді бағаны тауар несие корпорацияларының кепілдік операцичлары арқылы анықтайды. Өзіміз тығыз экономикалық байланыстағы Түркия елінде жоспарлау 1963-1967 жылы бірінші бес жылдық жоспарды жасаудан басталды. Алтыншы бес жылдық (1988-1992) жоспарда рыноктық экономиканың барынша дамыған жағдайы ескерілді. Ол халық шаруашылығының макроэкономикалық көрсеткіштеріне ден қоюға мүмкіндік бкереді. Ал, Германиядағы экономиканы реттеуде, бәсекелестікті және рыноктың қызмет ету шараларын қорғауға, мемлекеттің антимонополиялық қызметінің күшеюіне көп көңіл бөлінеді.
Рыноктық қатынастарды дамыту үшін бәсекелестік ортаны жасаудың өкіметтік шараларын Австриялық тәжірибесі жеткілікті тиімділігімен ерекшеленеді. Бұл жерде мәселе ұсақ және орта фирмаларды құру және ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылық процестермен бірге бірігу дәрежесіне шығу шаралары туралы болып отыр. Жаңадан қайта құрылған орта және ұсақ фирмаларға мемлекет тарапынан дотация және жеңілдікті несиелерді берумен, салық салудың жеңілдігін жасаумен қамтамасыз етіледі. Осындай фирмаларының белсенді қызметінің қөұқықтық негізі тауарларды сату тәртібі, әділеғтсіз бәсекеге қарсы шаралар , жергілікті жабдықтау тағы басқа жөнінде әрекет ететін заңдармен қамтамасыз етіледі. Австрияда ауылшаруашылығы экономика министрлігінің және ауыл , орман шаруашылығы министрлігінің сәйкесті бөлімшелерінің бақылауында болады.Рыноктық экономикасы дамыған елдер тәжірибесінде рыноктық қатынастар тек өзіндік реттелуші процестердің сәйкестігін ғана емес , сондай-ақ бағаны мемлекеттік реттеуді де қамтитынын көрсетеді және олардың бағаны реттеуді жүзеге асыруда қолданатын механизмдері түрліше алпыс жыл бұрын енгізілген американдық ауыл шаруашылық өніміне баға құру жүйесі, фермерлердің ертеңгі күнге сенімділігін арттырып шаруашылық жүргізудің мүмкін болар нәтижелерін алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді. Басқаша айтсақ рынокта бағаның өзгеруі болған жағдайда, фермерге табыстың төменгі дәрежесіне кепілдік беретін кепілдік баға жүйесі жұмыс жасайды. Тауар –несие корпорациялары фермерлерден кепілдік баға бойынша өнімін сатып алады, оларды сәйкес соммада несиемен қамтамасыз етеді. Бұл жүйе Ресейде жұмыс жасауда. Сондай-ақ оны біздің Қазақстан жағдайында да қолдануға болады. Яғни, фермер табысының төменгі дәрежесін кепілдендіретін мақсатты бағаны пайдалануда АҚШ тәжірибесін қолдану қажет болады.
Австрияда бағаны реттеу, баға туралы арнайы заң негізінде жүзеге асады. Осы елден соғыстан кейінгі уақыттарда бастау алған бағаны босатудың алғашқы процесі30-40 жылға созылды. Бірақ, елде өндірілген тауарларға, импорттық тауарларға баға дәрежесін мемлекеттік реттеу әлі де бар. Атап айтсақ, тауарларды өндіруге қажетті шикізат ресурстарынабағаны төмендету және сол елге әкелетін ауыл шаруашылық өнімдеріне кеден салығын төмендетусияқты шаралар.Сонымен қатар, бұл елдің мемлекеттік бақылау қызметтерін күшейту тәжірибесі, әсіресе экономикалық дағдарыстан шығу жағдайында өзін ақтағанын көрсетеді.
Жапонияда баға тағайындау мәселелерімен үкіметтік орган баға тағайындау Бюросы айналысады.олар баға динамикасының макроэкономикалық болжауын жасайды және төмен баға дәрежесі бойынша салалық министрліктердің ұсыныстарын талқылаудан өткізеді.Швейцарияда бағаны бақылау жөніндегі федералдық мекемелер бар. Мемлекетті қаржыландыратын салаларда, бәрінен бұрын ауыл шаруашылығында, транспортта, білім беруде бағаға реттеу жүргізіледі.
Кейбір елдерде баға жөнінде әлеуметтік заң актілері қабылданған. Мысалы АҚШ пен Канада антимонополиялық заң, Австия-баға туралы заң, Данияда баға және бәсеке туралы заңдар бар.Барлық әлемдік тәжірибеде бағаны мемлекеттік реттеудің, басты объектісі-ауыл шаруашылық тауарлары болып табылатынын көрсетеді. Осы жағдайдың ғылыми анализі ауыл шаруашылық өндірісінің бірқатар ерекшеліктерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.Біріншіден ауыл шаруашылық өндірісі табиғи климаттық жағдайларға тәуелді болғандықтан фермер алдында өзекті мәселе тұрады. Ол мәселені шешуде ауыл шаруашылық өніміне бағаны реттеудің мемлекеттік әдісіне сүйенеді және осы механизм арқылы өндіруші еңбегі ынталанады. Екіншіден, халықты азық-түлікпен дер кезінде қамтамасыз етудің шешуші рөлі, ауыл шаруашылығы өнімінің натуралды өңделген түрлеріне беріледі. Сондықтан мемлекет басқарудың сәйкесті органдары, ауыл шаруашылық өнімдеріне баға тағайындау процесіне ауысуына тура келеді және де әр елдің құрылымдық ерекшнліктерне қарай әкімшілік, экономикалық, заңды және аймақаралық реттеуді де жоққа шығармайды. Үшіншіден, шаруашылық жүргізудің кез келген жүйесінде аграрлық секторға әр уақытта мемлекеттік қолдау қажет. Әсіресе ғылыми-техникалық қызмет көрсету нақты инновациялық, инвестициялық шараларды жүргізуді керек етеді. Европаның экономикалық одақ елдерінде мемлекеттік дотацияның көлемі барлық фермерлер табысының 3/4 бөлігіне жетсе, Канадалық бұ көрсеткіш дәрежесі 40%-і құрайды.
Европалық экономикалық одақ (ЕЭО) елдерінде баға тағайындау саясаты барынша маңызды, оны жүзеге асырумен арнайы органдар-ЕЭО елдерінің Министрлер кеңесі айналысады. «Европалық одақты»біріңғай аграрлық саясаты кепілді бағамен рынокты реттеудің басқада құралдардың жүйесіне, сондай-ақ басқа елдермен саудада кедендік протекционизмге негізделеді. Осы саясатта басты рөл, ауыл шауашылық өніміне баға механизміне беріледі. Бұл елдерде ауыл шаруашылық тауарларына үш түрлі баға тағайындалған: біріңғай бақылау бағасы(жоғарғы дәреже); рыноктың бағасы(сұраныс пен ұсыныс негізінде анықталатын); біріңғай сатып алу бағасы(төменгі дәреже). Егер де ұсыныс сұрсаныстан жоғары болса, онда жиналған запастарды өткізеді. Европалық одақ елдерінде, көп ақша қаражаттары астық рыноктарына және сүт өнімдерітауарларына, дәлірек айтқанда азық-түлік рыногының жалпы жағдайымен баға дәрежесін анықтайтын өнмдерге қолдау көрсетуге жұмсалады. Сондай-ақ, жоғарыда айтылған ұлттық мемлекеттік мекемелер ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау, өңдеу және өткізуге айтарлықтай шығын шығарады. Экономиканың аграрлықсекторын мемлекеттік реттеудің тқиындықтарына қарамай Батыс Европа елдеріндегіазық-түлік молшылығы, оның тиймділігінің жоғары екендігіне дәлел болады. Өркениетті елдердегі алрарлық реформалардың басты бағыты фермерлік шаруашылықтардың құрылуы мен дамуы болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттік аграрлық, саясатты жасау мен жүзеге асыруда шешуші рөл ауыл шаруашылық кооперативтеріне беріледі екен. Мысалы, Батыс Европалық көптеген елдерде, Канада мен Австрияда фермерлік шаруашылықтардың 80%-тейін, АҚШ-та60-80%, Ирландия Солтүстік Европа мен Жапонияда 100%-ін кооперативтер біріктіреді. Кооперативтік құрылымдарға ерікті түрде қатысу мүдделегі қатысушылар материалды-техникалық жабдықтау,өңдеу және өнімді өткізу жүйелерінің артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік алады. АҚШ-та өндірілетін тауарлы ауылшаруашылық өнімдерінің 30% -ін рынокта кооперативтер өткізеді. Ал Францияның астық кооперативтері астықты өткізуде басты рөл атқара отырып, асық өніру мен өткізудің 70%-не , экспорттың 50%-не бақыллау жасайды.
Жапония, швеция, Финляндия мен Норвегияда үкімет өкілдері мен ауыл шаруашылық кооперативтері арасында келісімдер арқылы аграрлық саясаттың ауылшаруашылық өнімдеріне баға дәрежесін реттеу, ауыл шаруашылығына бюджеттік қаржыландыру мөлшері мен бағыттары , фермерлерге дотация дәрежесі , азық-түлік экспортын субсидиялау сияқты негізгі мәселелер шешіледі.
Бірқатар елдерде экологиялық таза өнімдер өндірісін қамтамасыз етуші елдер салықтан босатылады.
Данияда кооперативтік кәсіпорындар қызметінің барлық трлеріне пайдаға салық салудың жеңілдіктерін пайдаланады. Егер жеке тұлғаларға пайдаға салық 50% –ті құраса, кооперативтерге -20%
Канадада фермерлік шаруашылықтарда табысы 100-ден 250мың доллларға дейін фетмерлр оның көлеміне қарай жылына 1-ден 2,5 мың долларға, яғни 1%-тей салық төлейді.АҚШ-та және Швецияда фермерлік табыстарға бірдүркін салық салу принципі қолданылады.
Дамыған елдерде фермерлнр мен ауыл шаруашылық кооперативтерін несиелеудің мықты жүиесі арқылы , ауыл шаруашылық өндірісін реттеу жүзеге асырылады . Сондай – ақ құрғақшылық , су тасқыны немесе басқада апатты жағдайларда шығындар сақтандыру несиелік ауыл шаруашылық қорларының есебінен жабылады. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығын несиелеудің дамыған секторы дәстүрлі емес секторлары болып табылады олар фермерлер шаруашылықтар үшін ресурстарды жеткізушілер немесе фермерлерге қажетті жабдықтарды өндірушілер. Кредиторлар клиенттерімен жұмыс іздеуде жаңа әдістерді тағайындайды. Кредиттік инспекторлар клиенттерінің фермаларына барады, сонымен бірге клиентпен өз ара әрекет және ішкі кеңселік қызметке кететін уақыт шығындарын азайту технологиясын іздеуді жалғастырады. Бірақта елдердегі аграрлық секторды мемлекеттік қолдау әдістерінің айырмашылығына қарамай, жалпы ортақ белгілерін де бөліп көрсетуге болады . Мемлекеттің қолдау дәрежесі ауыл шаруашылық емес қызметтің табыстар көлемі жақын, онда аз қаржылық көмек байқалады. Жапония мен Скандинавия елдерінде аграрлық секторда жұмысшы өнімінен 3 есе аз құн өндіреді , сондықтан да ауыл шаруашылығын қолдау жәрежесі барынша жоғары .
Сондай – ақ мемлекеттік қолдау , сол елдің агроөнімінің таза экспортеры болуының дәрежесіне де байланысты . Әдетте әлемдік сальдосы бар ( импорттың көбеюі ) мемлекеттер ауыл шаруашылық өнімінің таза экспортерларына қарағанда аграрлық секторға үлкен қолдау көрсетеді . Сондай – ақ , аграрлық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың жалпы көлемінде рыноктық баға дотацияның үлесі сол елдің аграрлық өнімінің таза экспортеры ретінде нығаюына қарай төмендейді . Мысалы, Жаңа Зеландия эканомикасы көбіне ауыл шаруашылық өнімінің экспортымен анықталады . Сондықтан аграрлық секторға мемлекеттік қолдаудың дәрежесі төмен . Ал Жапония ауыл шаруашылық өнімінің импортеры , аграрлық секторға мемлекеттік қолдау дәрежесі жоғары .
Жоғарыда келтірілген ауыл шаруашылығын реттеудің тәжірибелері , рыноктық эканомикалы елдерге жоғары тиімді ауыл шаруашылық өндірісін жасауға мүмкіндік береді . Сондықтанда , осындай озық тәжірибелер елімізде ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу жүйесін жасауда ескерілуі қажет . Басқаша айтқанда азық – түлік рыногы да , ауыл шаруашылық өндірісі де реттелуші сипатта болуы қажет .
Рыноктық қатынастарының қалыптасуы жағдайында аграрлық сектор мемлекеттік реттеуді өте қажет етеді.Себебі ауыл шаруашылық кәсіпорындары өзіндік ерекше жағдайда жұмыс істейді , яғни олар салааралық бәсекеге толыққанды және басқа өнеркәсіп сияқты тең болып қатынасы алмайды .
Ауыл шаруашылығы – АӨК – гі төмен табысты сала. Ол табиғат – климат факторларына тәуелді, ондағы өндіріс мерзімдік , циклдық жағдайда жүреді .Ауыл шаруашылығы өндіргіш күштерінің даму түрғысынан алғанда да өнеркәсіпке қарағанда нашар . Сондықтан ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өзгеріп отырған эканомикалық және технологиялық жағдайларға баяу бейімделеді және оған салынған капиталдың басқа салалармен салыстырғанда қайтарымы төмен. Осыған байланысты аграрлық реформа кезінде жаңадан құрылған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары толық деңгейде бәсекелесе алмайды .
Осы мәселелерге байланысты ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мемлекеттік реттеудің , оларға қолдау көрсетудің қажет екені айқындалады . Еліміздің аграрлық сала ғалымдары бұл мәселені бір – бірімен тығыз байланысты және бірін – бірі өзара толықтыратын екі бағытта қарастырады : эканомикалық және әкімшілдік реттеу .
Мемлекеттік реттеу АӨК –де мынадай бағыттарда жүргізілуі тиіс:
- Ауыл шаруашылығы өтімнің нарығын құрып және оның жұмысына мүмкіндік жасау;
- Мемлекеттің өндіріс процесіне араласуы дамыған елдер эканомикасына да тән нәрсе . Мемлекеттің сұраныс пен ұсыныс қатынасын тауар өндірушілердің мүддесін көздеуі тек экономикалық сипатқа ғана ие болып қоймайды, сонымен қатар ол әкімшілік басқаруға да жатады;
- Мемлекеттік реттеудің ішінде баға деңгейіне әсер ету тауар өндірушілер үшін көп көмек. Өнімнің бағасының өсуі мемлекетті аландатпай қоймайды. Олар тауар өндіруші мен тұтынушының мүддесін көздей отырып, инфлицияның өсуін сақтандырады;
- Мемлекеттің АӨК реформалаудағы басты міндеті – ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасында тиімді айырбас жасауды қамтамасыз ету. Бірақ та бұл міндет әлі күнге дейін жүзеге аспай отыр. Себебі машина жасау, мұндай өнімдерді, электроэнергиялық өнімдердің бағасы да, тарифі де ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасынан бірнеше есе жоғары. Сондықтан да реттеуші органдардың мынандай бағытта жұмыс жасауы қажет: ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден тауарды сатып алғанда олардың нақты шығынын есептеп , оны келешектегі айнымалыда өз шығынын өтейтіндей етіп қалыптастыру.
Тағы рефераттар
- Қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындардың эволюциясы
- Қонақ үйде нөмірді және орынды брондау тәртібі
- Америка Құрама Штаттарының Түркиядағы зымыран ұстанымы
- Шәмші Қалдаяқов
- Баланың музыкаға бірінші реакциясы және алғашқы музыкалық тілдің элементтерін меңгеруі