1 «Азаматтар» және «жеке тұлғалар» ұғымдарының ара – қатынасы қандай? Азаматтық құқық қабілеттілігі, оның басталуы мен аяқталуының ұғымдары және мазмұнын қалай анықтауға болады. Шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғаның құқық қабілеттілігінің ерекшелігі неге байланысты болады? Азаматтық құқық қабілеттілікті шектеуге заңмен жол беріле ме?
2 Азаматтық әрекет қабілеттілігі қалай түсініледі? Ол толық көлемде қашан пайда болады. Сіздің ойыңызша әрекет қабілетін кім жоғарлатып және төмендете алады? Қандай жағдайларда?
3 17 жасар Серік пен Алия Ахметовтар неке қиғаннан кейін заңды тұлғаны құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысу шешім қабылдады. Бастапқы капиталды ата – аналары ұсынды, бірақ олар Серік пен Алияны кәсіпкерлер ретінде тіркеуіне күмәнді болды.
Ата-анасының күмәні орынды ма? Ерлі – зайыпты Ахметовтардың мемлекеттік тіркелуіне мемлекеттік құзіретті органдарының тарапынан бас тартады. Қай кезден бастап олар заңды тұлғаны құрамай-ақ мемлекеттен тірекуден өтіп қызмет бастай алады?
Ерлі-зайыпты Ахметовтардың қызметі сәтсіз болған жағдайда, олар банкротты деп айтуға бола ма? Кім Ахметовтарды банкротты деп атай алады. Қандай ретпен өз кредиторларына үлесті төлейді. Ахметовтарға қандай жағдайда олардың борыштары бойынша өндіріп беру жағдайлары туындайды.
4 15 жасар Алешаның анасы үш жыл бойы психиатриялық ауруханада емделді. Бала кезекпен кезек екі әжесінде және ара – тұра зауытта жұмыс істейтін әкесімен тұрады. Алешаның тұрғылықты жері қай жер?
5 10 сыныптың оқушысы 16 жасар Бауыржан ескі заттар сататын дүкенге видеокамераны тапсырды, одан түскен ақшаға өзіне велосипед алмақшы болады. Бауыржаннын әкесі баласымен бірге видеокамераны қайтарып беруді талап етеді, оның себебі ретінде сатушыға 16 жасар баладан видемагнитафонды алуға тиісті емес екендігін түсіндіреді. Қандай жағдайда да Бауыржан магнитафонды алып тапсыруға, ал сатушы оны қабылдауға құқылы еді?
6 А .Серпушов спирттік ішімдіктерді пайдалану нәтижесінде, отбасы мүшелерін ауыр материалды жағдайға ұшыратты. Әйелінің өтініші бойынша Серпушовтің әрекетке қабілеттілігі шектелді. Оның қамқоршысы ретінде әйелі тағайындалды. Қандай негіз бойынша немесе қандай орган Серпушевтің әрект қабілеттігін шектеуге құқылы болды? Серпушев енді қандай мәмілелерді жасай алады? Өзінің еңбек ақысына билік етуге құқылы ма? Серпушевтің жасаған мәмілелері үшін кім мүліктілік жаупкершілікте болды? Егер Сарпушев спирт ішімдіктерді ішпейтін болса, онда оның әрекет қабілеттілігін қандай орган қалпына келтіреді?
7 Фермер Ф.Куницин өз үйінің шатырынан құлап омырқасын ауырттып алады. Жеке өзі қозғалуға мүмкіндігі болмай, ол өзінің камқоршысы К.Найловпен сенімгерлікпен басқару шартын жасасады.
Сіздің ойыңызша қандай органмен қамқорлық тағайындалды? Бұл жай қамқорлық немесе ерекше нысандағы қамқоршылық болып табыла ма? Куницинге тұрмыстық және өзге де мәмілелерді жасауға кім рұқсат беруі керек?
8 Қайров 10 қаңтарда тауға аң аулауға шығады да, одан үйге оралмайды. Сол күні тауда қардың опырылып құлауы болды. Іздеу кезінде Қайровтың етігі мен бас киімі табылды. Біраз уақыт өткеннен соң Қайровтың әйелі күйеуім қайтыс болды деп жариялау мақсатында сотқа жүгінеді. Қанша уақыт өткен соң мұны мойындауға болады. Қай күн Қайровтың қайтыс болған күні деп белгіленуі тиіс.
Тағы рефераттар
- Қойылған қолдың жалғандылығын анықтау
- Қаратаудың ортағасырлық керуен жолдары
- Полиорганофениленсиландар
- Қазіргі заманғы дүниедегі алғашқы қауымдық құрылыстың қалдықтары
- Құқықтық және нормативті-әдістемелік қамсыздандыру