Салықтар салық салу объектісіне қарай тікелей және жанама салықтар болып бөлінеді. Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.

Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:

Заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;

Мүлік салығы;

Жер салығы;

Бағалы қағаздар мен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;

Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі;

Көлік құралдарына салынатын салық;

Әлеуметтік салық;

Жанама салықтарға салықтар жатады:

Қосылған құн салығы;

Акциздер;

Баж салығы;

Яғни бұлар тікелей, жанама түрде тауар немесе қызмет құны арқылы алынады.

Жанама салықты сатушы емес, сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді.

Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.

Бюджетке түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгісіне қарай салықтар:

1) Жалпы

2)Арнайы болып бөлінеді.

Жалпы салықтар бюджетке түскен соң ешқандай дербессіз жалпы мақсатқа жұмсалады. Бұған жататын салықтар: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздер және т.б.

Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын ала белгіленген міндеттер бойынша нақтылы шараларға жұмсалады. Мысалы: көлік құралдарына салынатын салық. Бұлар жол қорын құруға жұмсалады.

Салықты алатын және оған иелік ететін органдардың ерекшелігіне қарай салықтар 2 бөлінеді:

1)    Жалпы мемлекеттік

2)    Жергілікті.

Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады:

Заңды және жеке тұлғалардың алынатын табыс салығы;

Қосылған құн салығы;

Акциздер;

Бағалы қағаздар мен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;

Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі;

Жергілікті салықтар мен алымдар;

Жер салығы;

Көлік құралдарына салынатын салық;

Заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым;

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқы үшін алынатын алым;

Аукционда сатудан алынатын алым;

Табысқа салынатын салықтар салық төлемінің кез келген салық салатын объектісінен түсетін табысынан алынады. Олардың қатарына мыналар жатады: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, жер салығы мүлік салығы, т.б.

Тұтынуға салынатын салықты салық төлеуші тұтынушы ретінде тауар немесе қызмет ақысын төлеген кезде өзінің шығынынан төлейді. Бұдан қосылған салығы мен акциздер жатады.

Салық салу объектісіне бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақтылы және дербес салықтар болып бөлінеді.

Нақты салықтар — салық төлеушінің салық салу объектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты емес, яғни салық төлеушінің мүлкінің сыртқы белгісіне қарай алынады. Бұған жер салығы, мүлік салығы, бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салықтар жатады.

Дербес салықтар- салық төлеушінің салық төлейтін объектісіне салынатын табысының мөлшеріне байланысты алынады. Оларға заңды және жеке тұлғалардан табыс салығы жатады.

Қазақстандағы жаңа салық кодексіне сәйкес 2002 жылдан бастап келесідей салықтар, алымдар және міндетті төлемдердің түрлері бар:

Салықтар:

Коорпорациялық төлем салығы;

Жеке табыс салығы;

Қосылған құн салығы;

Акциздер;

Жер пайдаланушылардың әлеуметтік төлемдері және салықтары;

Әлеуметтік салық;

Жер салығы;

Көлік құралдарына салынатын салық;

Мүлік салығы;

Алымдар: мемлекеттік тіркеу үшін алымдар:

1)    Заңды тұлғаларды;

2)    Жеке кәсіпкерлерді;

3)    Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәліметтерге құқықтары;

4)    Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды;

5)    Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді;

6)    Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді;

7)    Азаматтық әуе кемелерін;

8)    Дәрі- дәрмек құралдарын;

9)    Автокөлік құралдарының ҚР-ның аумағы бойынша жүргені үшін алым;

10)                    Аукциондардың алынатын алым;

11)                      Елтаңбалық алым;

12)                    Жекелеген қызмет түрлері мен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

13)                    Телевизия және радиохабарларын тарту ұйымдарына радиожиілік спектірін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым.

Төлемдер:

Жер учаскілерін пайдаланғаны үшін төлем ақы;

Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ақы;

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ақы;

Орманды пайдаланғаны үшін төлем ақы;

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды пайдаланғаны үшін төлем ақы;

Радиожиілік спектірді пайдаланғаны үшін төлем ақы;

Кеме жүзетін су жолдары пайдаланғаны үшін төлем ақы;

Сыртқы жарнамаларды орналастырғаны үшін төлем ақы.

Басқа да төлемдер:

  1. Мемлекеттік баж;
  2. Кеден төлемдері;

*Кеден бажы;

*Кеден алымы;

*Төлемақы;

* Алым.

ҚР-ның салық заңында неғұрлым маңызды салық заңды және жеке тұлғалардан түсетін табыс салығы, ҚҚС-ғы және акциздер болып саналады.

Салық түрлері 2007 2003         2008 2009 2010
Табыстар, барлығы, оның ішінде 100 100 100 100
Заңды тұлғалардан түсетін табыс салығы 17,1 14,4 13,4 15,9
Жеке тұлғалардан түсетін табыс салығы 12,9 14,8 10,5 10,3
ҚҚС-ғы 22,2 21,0 28,2 25,1
Акциздер 4,5 5,0 6,6 6,6
Меншік салығы 5,3 7,5 7,7 7,0
Жерді пайдаланушылардан түсетін арнайы төлемдер 2,8 4,1 3,5 2,6
Бюджеттің салықтық және салықтық емес кірістері 35,2 33,2 30,1 32,5

Кестеден көріп тұрғандағыдай, мемлекеттік бюджеттің кірісі құрылымында неғұрлым жоғары үлес салмақты ҚҚС-ғы, заңды және жеке тұлғалардан түсетін табыс салығы алады.

Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салық жүйесінің құрамының бір бөлігі болып табылады. Бұл салық заңды тұлғалардың табысына салынатын тікелей салық. Салық төлеушілер- салық жылында салық салынатын табысы бар заңды тұлғалар (мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктері, өндірістік коорпоративтер, коммерциялық ұйымдар). Оның ішінде:

-ҚР-сы Ұлттық банкісінен басқа резиденттер және резидент емес заңды тұлғалар;

-Кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс бойынша коммерциялық емес және бюджеттік ұйымдар;

Салық салу объектісі болып салық салынатын табыс саналады. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен белгіленген шегерістер арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жылдық жиынтық табыс- заңды тұлғалардың күнтізбелік жыл ішінде түрлі көздерден алынған табысы. Бұған кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардың барлық түрі жатады.

Заңды тұлғалар үшін табыс салығының ставкасы мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

—         Жалпы заңды тұлғалар үшін – 30%

—         Негізгі құралдар жабдығы болып табылатын заңды тұлға оны тікелей пайдаланудан алынған табысынан — 10%

—         Арнайы экономикалық аймақтарда жұмыс жасайтын заңды тұлғалар үшін — 20%

Табысты төлеу көзінен салықты ұстау арқылы, жылдық жиынтық табыс туралы декларация беру жолымен, патент негізінде төлейді.

Қосылған құнға салынатын салық дегеніміз- тауар өндіру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету мен олардың айналысы процесінде қосылған құн өсімінің бюджетке аударылымы, сондай-ақ ҚР-ның аумағында тауар импорттау кезінде жасалатын аударым. Бюджетке төлеуге жасалатын қосылған құнға салынатын тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін есептеліп қосылған құнға сатылатын салық санасы мен сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін төленуге тиіс төленген қосылған құнға салынатын салық сомасының арасындағы айырма ретінде анықталады.

ҚҚС-ғы бойынша есепте тұрған немесе тұруға міндетті кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.

ҚР-ның азаматтық кодексіне сәйкес:

— Толық серіктестік;

— Сенім серіктестік;

-Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

-Мешілес және тәуелді шаруашылық серіктестіктері;

-Шаруашылық серіктестіктері;

-Өндірістік кооперативтер;

-Мемлекеттік кәсіпорындар, бірлестіктер, ұйымдар;

-Кәсіпкерлі қызметпен айналысатын коммерциялық ұйымдар төлеушілері б.т.

Мемлекетте салықтардың әсіресе заңды тұлғалардың кірістерінен түсетін салықтардың мөлшері артып отырғандықтан және осы қызметтердің кәсіпорындар мен өндірістердің, сондай-ақ шағын бизнес субъектілеріне тигізер әсерін негізге ала отырып, жалпы заңды тұлғаларға салынатын салықтардың экономикадағы орнына тереңірек көңіл бөлейік.

Келесіні айтып кеткеніміз дұрыс болады: егер Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін қарастырсақ, өте салмақты орын алатынын көреміз. Өйткені осы салада материалдық өндіріс пайда болады, яғни жаңадан өнім жасалып айналысқа жіберіледі. Оның бәрі жалпы түрде ұлттық табыстан көрсетеді, ал ұлттық табыс мемлекеттік бюджеттің қайнар көзі болып табылады- себебі ұлттық табыс – салықтың көзі.

Заңды тұлғаларға салынатын салықтар заңды тұлға болып табылатын кәсіпорындар, өнеркәсіптер, корпоративтер және тағы басқа ұйымдар мен мекемелердің салық салынатын объектілері және салық салуға байланысты объектілерге салынатын салықтарды айтамыз. Бұл салықтың экономикадағы алатын орны мен мәнін көру үшін ең алғашқыда заңды тұлға болып табылатын ұйымдар мен мекемелердің маңызын ұғынуымыз керек.

Кәсіпорындар, өнеркәсіптер, корпоративтер, ауылшаруашылығындағы шағын бизнес субъектілері және тағы да басқа көптеген ірі немесе көп салалы ұйымдарды қазіргі нарықтық экономикада, аралас экономикада өте қажет болып отыр.

Елбасы 2030 стратегиялық жолдауында кәсіби мемлекет болуға шақырады. Сонымен қатар президенттің орта және шағын бизнесті дамуын жандандыру мен мемлекеттік қолдануды күшейту бойынша шаралар туралы 1997 жылдың 6- шы наурызында қаулы қабылданды.

2003 жылы Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің 348 мың субъектілері тіркелген. Бұл елдің жұмыспен қамтылғандардың жалпы санын ¼- құрайды. Шағын кәсіпорындар санын 500 мыңға дейін, ал оларда жұмыс істеушілер саны халықтың жұмыспен қамтылғанын 40 пайызға жеткізу міндеті қойылды.

Мемлекет нарықтық жүйеге көшкеннен бері мемлекеттің меншігіндегі кәсіпорындарды, өндірістерді, ауылшаруашылығын жекешелендіру жүргізіледі. Себебі, бұл салалардың қажетті шығындарын қамтамасыз ете алмады. Ал жекешелендіру арқылы осы кәсіпорындардың ары қарай жұмыс істеуіне мүмкіндік туады. Сонымен мемлекетте өз меншігін пайдаланғаны үшін заңды тұлғаларға салық салына бастайды, сонымен қатар пайда көзіне де табыс салығы ретінде салық салынады. Яғни олар: — корпоративтік жер қойнауын пайдаланғаны үшін, әлеуметтік салаларға, жеке табысқа, қосымша құнға, мүлікке, көлікке және тағы да басқа түрлері бойынша салық салынады. Осы салық түсімдері арқылы мемлекет өз қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Олар: әлеуметтік – мәдени шаралар қорғаныс, байланыс, білім беру, денсаулық сақтау, транспорт, табиғи ортаны қорғау және тағы да басқа шараларды жүзеге асырады. Сондықтан бұл жерде біріншіден мемлекеттің бюджет қаражатының негізгі көзі деп айтуға болады. Себебі, мемлекеттің бюджетінің едәуір бөлігін осы салықтардың түрі құрайды.

Екіншіден заңды тұлға болып табылатын ұйымдар мен мекемелер көптеген жұмыссыздарға жұмыс көзі болып табылғандықтан экономикадағы жұмыссыздар санын азаюына көмектеседі. Ал жұмысшылар саны артса салық салу көзі де көбейіп, мемлекеттің қаржы көзі де артады.

Себебі, дамыған мемлекеттердің барлығының да экспорты импортынан жоғары. Сонымен қатар импортымыз азайса, онда бюджеттің шығыны азаяды. Бұл жерде отандық өндірістің бағасы шетелдік импорт бағасынан төмен екендігін білдіреді және бұл өзімізге белгілі жағдай. Сонымен жоғарыда айтылғандар арқылы заңды тұлғалардың салығын қай жағынан алсақ та экономикада орны мен мәнін ерекше екенін көруге болады.

Ол үшін келесі ірі кәсіпорындардың қызметтерінен көруге болады. Олар: АҚ Испат – Кармет, АҚ Қазақтелеком, АҚ Қарағанды Жылу, АҚ Абсолют – Қазақстан, АҚ Валют – Транзит. Бұлар көптеген жұмысшыларды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.Салық төлейді, кейбіреулері экспортқа өнім шығарады, кәсіпорындарды жаңа технологиямен қамтамасыз етеді. Бірақ мемлекетте осы заңды тұлғалардың қызметін көптеген мемлекеттік органдар мен комитеттер тексеріс жүргізіп қызметтеріне кедергі жасауда. Олар – салық органы, антимонополиялық комитет, заң органдары және тағы да басқалары. Бұл органдар мен комитеттердің тексерісі мен бақылау жүргізуінің де маңызы бар. Егер кәсіпорындардың қызметтерін бақыламаса, өз өздерімен қызметтерін жүргізетін болса, онда баға жоғары болады, қоршаған орта қорғалмайды, сапалы өнім және қызмет көрсету болмайды, салықтар уақытымен төленбейді. Осы жерде салық органдары кәсіпорындардың бағасын реттеп отырады. Егер бағасы жоғары болса салық ставкасын жоғарылатады, керісінше төмен болса салық ставкасы да төмендетіледі. Яғни фискалды салық қызметі жүргізіледі. Ал фискалды қызмет осы тараудың бірінші бөлімінде айтып кеткендей ақша – тауар айналысы артқан кезде мемлекеттің бюджет қорының табыстарын көбейтуді көздейді.

Екіншіден салықтың реттеушілік қызметі арқылы кәсіпорындардың, өндірістердің дамуына ықпал ететіндей Ғылыми Техникалық Прогресстің көтерілуіне, салық ставкаларының кәсіпкерлерге тиімді әсер ететіндей етіп қою, маңызды кәсіпорындарға (қайырымдылық көмек көрсететіндеріне) салық жеңілдіктерін беруді көздейді.

Сонымен қатар келе заңды тұлғаларға салынатын салықтардың экономикадағы маңызды салаларға оң әсерін көруге болады және бұл салықтың түрі мемлекеттің экономикасының дамуының негізгі құралы, сондай-ақ бюджеттің қаржы көзі деп айтуға болады.

Нарықтық жағдайда, мемлекет, салық саясатын және салық механизмінің өзгерте отырып, анықталған шекте, экономикалық дамуды ынталандыру немесе оны шектеу мүмкін.

Салықтық реттеу, экономикаға әсер еткен кезде әмбебап құрал болғандықтан елдің шаруашылық өмірін, өндіріс құрылымын, капитал қорлануды, жеке тұтынуды қамтамасыз етеді.


Тағы рефераттар