Мотор туралы қазақша реферат

Автомобильдерде поршеньді төрттактілі бензинді (карбюраторлы) және дизельді іштен жану моторларын қолданады.

Әлемдегі автотрактор өнеркәсібі бензинді жөне дизельді моторларда отын беру жүйелерінің жаңа типтерін колдана бастады. Күрделі де қымбат компьютерлі жүйелермен жабдықтау қажеттігі көбінесе қатаңырақ талаптардың, мысалы, өтелген газдардағы зиянды заттар құрамына Еуропалық стандартты енгізулермен түсіндіріледі. Бұл жерде отынның едәуір үнемделуі туралы айтуға болмайды.

Поршеньді моторлардың өлшемдері болып анықталатындар: цилиндр диаметрі (D, мм); поршень жүрісі (S, мм); цилиндрлер саны (і); цилиндрлердің жұмыс көлемі (литражбен V, л немесе см3); сығымдау дәрежесі (Е); мотордың тиімді қуаты (Ne, кВт); мотордың айналдырушы моменті (Мкр, Нм); мотордың иінді білігінің айналу жиілігі (n, ай/мин),жанармайдың үлестік шығыны (д, г/м кВт) және мотордың үлестік салмағы (G, кг/кВт).

Литражы бойынша мотор аса кіші литражды (1,2 л дейін), кіші литражды (1,2-2 л), орта литражды (2-4 л) және үлкен литражды (4 л жоғары) болып жіктеледі. Сонымен қатар жүк автомобильдерінде және автобустарда мотордың аса үлкен литражды түрі пайдаланылады (10 л жоғары).


Тағы рефераттар