Бұрынғы цивилистік әдебиеттерде азаматтық құқық қатынастардың қатысушыларының субъективтік  құқықтары  мен міндеттері біріншісінің мазмұнын құрайтын. Бірақ 1996 ж. Санкт-Петербургте Ю.К.Толстой және М.А.Сергеевтің редакциясымен басылып шыққан оқулықтың авторларының айтуынша, азаматтық құқықтық  қатынастар қатысушыларының субъективті құқықтар мен міндеттері негізінде құқықтық нысанын айқындады. Сіздің ойыңызша, азаматтық құқықтық қатынастар субъективті құқықтар мен міндетер ретінде қалай түсініледі? Жоғарыда көрсетілген екі ұғым мәні бойынша бөлек немесе ұқсас бола ма? Қатысушылардың құқықтары мен міндеті азаматтық құқықтық қатынастың элементтері ретінде бола ала ма? Азаматтық құқық қатынастарда субъективті құқық пен міндеттер қандай қызмет атқарады?

2 Азаматты құқықтық қатынастарға әр түрлі сипаттама қолданылады: мүліктік, абсолютті, міндеттеуші және таға басқа.

Азаматтық құқықтық әдебиеттерде азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері оқытылады. Осыған сәйкес «Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері» деп төмендегіні мысалға ала отырып кесте құрастырып, оны толтырыңыз:

Негізі Түрлері, аталуы Анықтамасы Мысалы
р/с Топтастырылуы Құқықтық қатынас түрлері Практикадан
1   а)    
    б)    
2   а)    
    б)    

3 Барлығыны белгілі болғандай азаматтық құқықтың субъектілері үш түрге бөлінетіні анық:

а) жеке тұлғалар;

б) заңды тұлғалар;

в) мемлекет.

Олардың бәріне екі белгі тән: «құқық қабілеттілігі», «әрекет қабілеттілігі». Азаматтық құқық субъектілерінің «құқық қабілеттілік» және «әрекет қабілеттілік» ұғымдарының анықтамаларын салыстырып олардың ерекшеліктерін сипаттап беріңдер. «Субъективтік құқық», және «құқық қабілеттілік» ұғымдарының айырмашылықтарын көрсетіңіз?

4 П.Сохоловтың көп балалы отбасы комуналды органның салып бітірген, бірақ адам кіргізбеген тұрғын үйіне өз бетінше ордерсіз кірді.

Сіздің ойыңызша, Сохоловтың отбасы кірген үйге тұруға құқықығы туындады ма? Тұрғын үйге Сохолов отбасының құқы болуы үшін қандай заңи факт орын алу тиіс.

5 Н.Жуков Д.Кошоховқа қатысты талап – арызбен сотқа жүгінді, себебі: өткен күзде Жуков  Кошоховті тоғаннан алып шығып, өмірін сақтап қалғаны үшін ай сайын 600 теңге төлеуін талап етті. Адамды құтқару нәтижесінде Жуков аяғынан ауыр жарақат алды. Ол әрекетке қабілеттісіз болып, мүгедектік алды.

Сіздің пікіріңізше, бұл жағдайда одаан бұрын болмаған тараптар арасында құқықтар мен міндеттер пайда болды ма? Егер болса, онда оған қандай жағдай себеп болды?

6 В.Ворошилов өсиет қалдырмай қайтыс болды. Соңғы он жыл ол өзінің екінші әйелі Клавдиямен тұрды. Ворошиловтың бірінші әйелінен бөлек тұрған ұлы Борис, Клавдиядан мүліктің иесі болуды яғни, Клавдия және Виктор бірлесе алған жиһаз бен тұрмыс техникасын талап етеді.

Аталған тұлғалар арасында азаматтық құқықтық қатынас пайда бола ма? Егер болса, онда қандай жағдайда? Азаматтық құқықтық қатынастың пайда болуына негіз болған не? Аталған құқықтық қатынастың объектісі және мазмұны не? Қайтыс болған адамның ұлы заңды талап қойды ма?

7 30жыл тұрақты жұмыс істемеген және ішімдікке салынған Т.Сидорова жекелендірілген пәтерді сатып, бірнеше күннен кейін танысымен Украйнаға кетті. 7 жасар қызы Ольга әжесімен оның тұрғын үйінде қалды. Пәтерді сатып – алу сату шарты сотта пракурормен тоқтатылған. Жекелендіру кезінде қызы меншік иесі ретінде енгізілмеген, ал пәтерді сату қамқоршы және қорғаншы органымен рұқсат етілмеген.

Сіздің пікіріңізшге, бұл жағдайда азаматтық құқықтық қатынас пайда бола ма? Қатынас пайда болса, қатынастың субъектісі кім?

8 Ф.Новиков коммерциялық банкке депозитке салымын салады. Бұл банк банкротқа ұшырайды. Салымын ақшаны және күткен пайызды алған жоқ. Ф.Новиков борышты қайтару туралы  талабымен сотқа жүгінді. Новиков пен банк арасында қандай азаматық құқықтық қатынас туындады? Осы құқықтық қатынастың объектісі мен субъектісі кім?

9 Е.Сизова бақша учаскесі бойынша көршісі Завяловті 10жасар ұлының көзінше қылмыскер деп қорлады. Завялов шынында да абайсызда қылмыс жасағаны үшін бірнеше  жылға соталған еді. Бұл фактіні отбасы мүшелері баладан жасырғандықтан Завялов Е.Сизованың жасаған қылығы үшін ашуланды.

Сіздің пікіріңізше, бұл жағдайда азаматтық құқықтық қатынас пайда болды ма? Егер болса, онда оның элементі ретінде не болады?


Тағы рефераттар