ЖОСПАР
І.КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І тарау:
1.1.Азияның өзендеріне жалпы сипаттама
1.2.Азияның негізгі өзендері ( Амудария мен Ертіс )
ІІ тарау:
2.1. Азияның өзендерінің су мөлшері және су айналымы
2.2. Азияның өзендерінің халық шаруашылығында маңызы мен өзен суларын қорғау
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
ІY.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
КІРІСПЕ
Аралдарымен бірге Азияның территориясынан ағатын жылдық ағын 16 мың км шамасында , яғни Жердегі барлық өзендердің жылдық жиынтық ағынының жартысынан сәл азырақ. Ағынды қабатқа айналдырғанда ол 300 мм-ге тең, бүкіл жерді тұтас алғандағы орташа қалыңдығы жағынан Азиядан кейін Оңтүстік Америка ғана алда тұр. Бірақ осы орташа шамалар Жердің зор материгі ішіндегі ішкі сулардың таралып орналасу ерешеліктерін толық көрсете алмай отыр.
Азияда ұзына бойы созылып жатқан таулар көп. Осы таулардан Азияның ең ірі өзендері ағып келіп мұхиттарға құяды. Осы ең ірі өзендердің бастауы мына таулардан ағып шығады. Мысалы, Кавказ, Тянь – Шань, Гималай, Памир, Тибет, Қарақорым, Гиндукуш және тағы басқа таулар. Осытауларда мұздықтар көп таралған. Мұздықтар өзеннің толығуында аса маңызды орын алады. Құрлықтың ішкі суларының 60% ─ і сыртқы, 40%─і ішкі тұйық алқапқа орналасқан. Солтүстік мұзды мұхитқа Обь, Енисей, Лена, Яна, Индишрка, Колыма, Тынық мұхитқа Амур, Хуанхэ (сары өзен), Янцзы (көгілдір өзен), Меконг, Үнді мұхитына Брахматура, Ганг, Инд, Әл – Араб өзендері құяды. Ішкі тұйық алаптағы өзендердің ең ірілері: Еділ, Амудария, Сырдария, Кура, Жайық, Іле өзендері жатады және экваторлық белдеудегі өзендердің суы әр дайым жыл бойында мол болады. Азияның өзендері теңіздік жаңбырларға байланысты бүкіл жаз бойы тасиды. Жерорта – теңіздік Батыс Азияның өзендерінің суы қыста молаяды.
Азия жағалауларын дүние жүзіндегі үш мұхит шайып жатыр. Олар материк жағалауларын түрліше тілімдеп, өте көп жағалық теңіздер мен шығанақтар, бұғаздар жүйесін құрайды. Материктің шығысы мен оңтүстігі күшті тілімденген.
Азия өзендерге өте бай. Мұнда Жер шарындағы көптеген ірі өзендері, көлемді және терең көлдері, жер асты суының мол қоры бар. Кең алқапты батпақтар мен мұздықтар алып жатыр. Бұл өзендердің орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланысты келеді.
Солтүстік Мұзды мұхит алабына және оның теңіздері Азияның солтүстік жағаларына ұласып жатыр. Солтүстік Мұзды мұхит – ауданы жағынан ең кіші, ең суық, ең таяз мұхит. Теңіздердің барлығы дерлік материктік қайраңда орналасқан. Солтүстік Мұзды мұхиттың көп бөлігі мұзбен қоректенеді. Бұл мұхитқа мына өзендер жатады: Енисей, Лена, Колыма, Обь тағы басқа ең ірі өзендердің сағалары жатады.
Өзен торы материктің ішкі аудандары мен оңтүстік – батысында өте сирек, тек жағалық бөліктеріне қарай жиілейді. Материктің 1/3 бөлігін ішкі тұйық алап құрайды. Солтүстік Мұзды мұхит алабына материктің Ресей жері арқылы ағып өтетін ең ірі өзендері мен Скандинавия түбегінің қысқа өзендері жатады.
Бұл өзендер негізінен қар суымен және жазғы жаңбыр суымен қоректенеді. Олар қыста ұзақ уақыт қатып жатады. Көктемде бастауынан сағасына дейін мұздан біртіндеп босайтындықтан, мұз құрсаулары пайда болып, су қатты тасиды. Таудан басталатын өзендерден жоғары ағысында судың құлама күшін пайдаланып, жұмыс істейтін су электр станциялары салынған. Жазықтағы ірі өзендер кеме қатынасы мен ағаш ағызуға пайдаланылады.
Сайдың түбінен шыққан бұлақ ылдиға қарай сылдырап ағады. Оны Жылға деп атайды. Оның суы жапа ─ тармағай жайылып кетпей, бір ізбен ағады. Әзірге оның күші де әлсіз. Жаяу келе жатқан жолаушы ағып жатқан судан аттап өтіп кете алады екен.
Жылға шалғынды, орманды жарып аға береді. Оған жолшыбай басқа жылғалар қосылады. Сөйтіп ағыс молая түседі. Жылғалар бір-бірімен қосылып өзен құрайды. Өзеннің су ағып шығатын жері бастау деп аталады. Уақытша пайда болатын ағыстардан ерекшелігі өзен жер бетіндегідей белгілі бір ойысты бойлап ағады. Оны арна деп атайды. Өзеннің оң және сол сағасы болады. Оларды бір-бірімен ажырату үшін ағыстың бағытымен ылдиға қарап тұру керек. Сонда оң қол жағының — өзеннің оң саласы, сол қол жағының – сол саласы болады. Жолда негізгі өзенге бірден басқа ұсағырақ өзендер келіп қосылады. Мұндай жолдан қосылатын өзендер негізгі өзеннің саласы деп аталады. Салаларда оң мен солға бөлінеді.
Өзен көлге немесе теңізгі барып құяды. Оның көлге, теңізге барып қосылатын жерін сағасы деп атайды. Жазық жердегі өзендер баяу ағады. Азияның өзендерінің көбі сондай. Бұлардың ағысы әзер байқалады. Бұған керісінше тау өзендері тастан тасқа секіріп қатты ағады.
Адам баласы өзенді ерте заманнан бері өз қажетіне пайдаланып келеді. Өзеннен ауыз су алады, мал суарады, балық аулайды. Өзен суы егістіктерге жіберіледі. Ірі өзендерде жолаушы және жүк таситын кемелер қатынайды. Біздің заманымызда өзен суының күшін пайдаланып, электр энергиясын өндіреді. Ондай электр станциялар Ертіс, Сырдария және Іле өзендерінің бойында салынған.
Азияның климаты континенттік, құрғақ ішкі аймақтарда жатқандықтан және оның ең биік тау жүйелерінде де мұздықтар аз. Ең ірі мұздықтар Гималай, Қарақорым, Кунь – Лунь, Кавказ, Тянь – Шань, Памир және тағы басқа тауларда кездеседі.
Азияның ішкі құрғақшылық аймақтарындағы ірі өзендердің су қоры үшін мұздықтар мен қардың сулары, жаңбырлардың аса үлкен маңызы бар. Су ағынының жылдық орта мөлшері жөнінде Азия жер шарында бірінші орын алады. Оның өзендерінің барлығы жыл сайын мұхитқа 12 850 км2 су әкеліп құяды. Шетке ағып шығатын ең ірі өзендері Азияның ішкі аймақтарының тау жоталары мен таулы қырыттарынан басталып, жан – жаққа тарайды.
Жерорта теңізі мен Қара теңізге құятын бірнеше кішігірім өзендер Атлант мұхиты алабына жатады. Ішкі тұйық алаптардың өзендері шағын, ағыны тұрақсыз келеді, олардың ірілері: Орта азияда Амудария, Сырдария, Іле, Теджен, Мұрғап, Ауғанстандағы Гильменд, Орталық Азияда Тамир тағы басқа. Бұл өзендердің бір қатары көлге Арал, Балқаш құяды да біразы құмға немесе сорға сіңіп кетеді. Араб түбегінің ішкі алабында су уақытша ағатытын құр өзектер – уәдилер өте көп. Өзендердің су қоры мен жеке аймақтардың ерекшеліктеріне байланысты. Ал экваторлық белдеудің өзендері бірыңғай жаңбыр суымен қоректенеді де, жыл бойы суы мол болады. Шығыс және Оңтүстік Азия өзендері муссондық режимге жатады. Олар жазғы муссондық жаңбырмен қоректенетіндіктен су шығынының максимумы жазға, минимумы қысқа келеді. Климаты Жерорта теңіздік Батыс Азияның теңіз жағалауындағы өзендерде су шығынының максимумы қысқы мерзімге келеді, олар жазда тайыздайды немесе тартылып қалады. Ішкі тұйық алаптардың биік тауларындағы қар мен мұздықтардан басталатын өзендер жазда қатты тасиды, суы мол болады. Мұндай өзендер шөлдер арқылы ағып өтіп, алысқа барады ( мысалы, Амудария мен Сырдария). Тау баурайларынан басталатын, қар және жаңбыр суымен қоректенетін ұсақ өзендердің су шығыны тұрақты емес. Олар нөсерлерден кейін ғана қысқа мерзімге тасиды да, қалған уақытта тартылып қалады. Солтүстік Азия өзендері негізінен қар суымен қоректенеді. Бұл өзендер көктемде, қар ерігенде, өте қатты тасиды, қыста ұзақ уақыт бойы қатып жатады. Азияның суы мол ірі өзендері жол қатынасына және жер суаруға көне заманнан бері пайдаланылып келеді. Орта Азияда Месопатамия, Ұлы Қытай жазығы, Үнді – Ганг ойпаты сияқты суармалы егіншіліктің ежелгі орталықтары бар. Тау өзендері су энергиясының қорына мейлінше бай, бірақ энергия қоры барлық жерде бірдей игеріледі.
курстық жұмыс / 30 бет
Тағы рефераттар
- Гравимагнетизм гипотезасы
- Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781)
- Әлкей Марғұлан
- Дін философиясы
- Африканың тектоникасы