Кәсіпорынның инвестициялық портфелін басқару туралы қазақша реферат

     Қазақстан Республикасының нарыққа ену процесі кәсіпорындардың атқарылымының өзгеруімен жарияланды. Олардың көпшілігі негізінен жекешелендірудің арасында жаңа статусқа , яғни жеке меншіктің жаңа түрлеріне ие болды, олар: акционерлік кооперативтік, аралас және тағы басқа кәсіпорындар.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының экономикасында көптеген мемлекеттік кәсіпорындарда өз жұмыстарын атқаруда. Жоғарыда аталған кәсіпорындардың  барлық түрлері жаңа экономикалық жағдайда толық дербестікте жұмыс істеуде. Нарықтық жағдайда кәсіпорындардың әрекеттері толық өзгеріп, олардың қарым-қатынасы нарықтық экономикаға бейімделген.Қазіргі кезде кооперативтік , акционерлік және аралас кәсіпорындардың , мемлекеттік кәсіпорындардың  бас ақша қаражаттарын нарықта бағаламасы бар әртүрлі бағалы қағаздар түріне жұмсауға мүмкіншіліктері бар.

Сондықтан, кәсіпорын басқарушысы , әсіресе менеджерлерінің мақсаты, құнды қағаздарға қаржы жұмсауды ұтымды басқаруда немесе кәсіпорындардың инвестициялық портфелін дұрыс басқаруда.

Сонымен бірге, ол нарыққа қатысушылар туралы ақпаратты  болуы тиіс, мемлекеттің реттеу жүйесін, заңдарды, қор биржалары, брокерлік фирмалардың жұмыс істеу механизмін жақсы білуі тиіс. Одан басқа қаржы менеджері құнды қағаз шығарушы кәсіпорын эмитент туралы толық ақпаратты білуі керек. Сонымен қатар , қаржы менеджері республикадағы құнды қағаздар нарығының даму ағымын байқап тұрғаны жөн.

Кәсіпорынның инвестициялық портфелін бағалау.

Инвестицияның портфельді тиімді пайдалану үшін кәсіпорынның қаржы менеджері келесі принциптерді пайдалана отырып , инвестициялық портфельді қалыптастыруы керек:

  1. Құнды қағаздарға салымның табысы қаражатты активтер типтеріне дұрыс бөлуге , яғни 94%  (ірі компаниялардың акциясы, мемлекеттің қысқа мерзімді қағаздарын ) таңдауға байланысты.
  2. Белгілі құнды қағаздарға салым тәуекелдігі – пайданы күткен мағынадан  мүмкіндігі ауытқуына байланысты.
  3. Жалпы табыс және портфель тәуекелдігі оның құрылымының өзгеру нәтижесіне байланысты өзгеруі мүмкін.
  4. Инвестициялық портфельді қалыптастыруда қолданылатын барлық бағалау , мүмкінді сипатта болады. Портфельдің өзін қалыптастыруы келесі факторлар болған жағдайда ғана мүмкін: дамыған құнды қағаздар  нарығының белгілі кезеңдегіжұмысы, ал нарық туралы статистикалық мәлімет.

Кәсіпорынның инвестициялық портфелін қалыптастыру келесі үш кезеңге бөлінеді:

—         оны қалыптастыру мақсатын анықтау;

—         компанияларды, кәсіпорынды банкті , үкіметті кімнің құнды қағаздарын алу керектігін таңдау;

—         инвестициялық портфельдің есебін жүргізуші коммерциялық банкті таңдау.

Кәсіпорындардың қаржы менеджерлері инвестициялық портфельді басқарғанда портфель теориясын қолданады. Бұл теория төрт элементтен тұрады: активтерді қабылдау, инвестициялық шешім қабылдау, портфельді оптималдау , нәтижелерді бағалау.

Кәсіпорынның портфельдік стратегиясы .

Кәсіпорынның портфельдік стратегиясы портфельге барынша құнды қағаздардың түрлерін қосып көбейтуге негізделеді.

Портфельдік стратегия – құнды қағаздар нарығының жалпы даму бағытымен тығыз байланысты. Мемлекеттегі екінші нарықтағы қор операцияларының активтендірілуі жағдайында құнды қағаздар портфелін қалыптастыру сұрағы ерекше актуалды. Өйткені инвесторлардың әртүлі нақтылы ықыластығын қанағаттандырылады.

Сонымен , инвестициялық портфель кәсіпорынның иелігіндегі , әртүрлі мерзімде іске қосылатын және әртүрлі өнімділіктегі құнды қағаздардың жиынтығы.

Кез келген инвестициялық портфель белгілі акциялар, облигациялар жиынтығы және тәуекелдігі кепілденген, тіркелген табысты қағаздар. Инвестициялық портфель салымды әртараптандыру негізінде іске асырады және неғұрлым портфельге құнды қағаздар түрлерінің саны көп жинақталса, соғұрлым оның бағасы аз өзгереді.

Айта кететін жай, өз практикасында үш портфельді қолданады, өйткені олардың жалпы инвестициялық стратегиядағы тәуекелдігі шамалы.


Тағы рефераттар