Бағалы қағаздарды банк аясында инвестициялау туралы қазақша реферат
Инвестиция деп қаражатты ұзақ мерзімге белгілі бір салаға пайда табу мақсатында салуды білдіреді. Инвестициялық қызметке банктер делдал ретінде қатысады. Банктер өздерінің инвестициялық қызметінде тиімді инвестициялық саясат жасай отырып жүзеге асырады. Банктердің инвестициялық саясаты инвестиция портфелін басқару бойынша стратегияны құру және іске асыру шараларын, қалыпты қызметті, табыстылықты арттыру, банк балансының өтімділігін қамтамасыз ету бағытында портфельді және тура инвестициялардың оптималды құрылымына жетуді білдіреді. Банктің инвестициялық саясаты банктің басқармасымен жасалады. Инвестициялық саясаттың басты элементтерінің бірі – банктің валюта – қаржылық портфелін, соның ішінде инвестициялық портфелін басқарудың тактикасы мен стратегиясын жасау болып табылады.
Инвестициялық портфель бұл – банктің заңды тұлғалардың, басқа банктердің және бағалы қағаздардың салған қаражаттарының жиынтығы. Инвестициялық портфельдің оңтайлы құрылымының критерийлері – бұл операциялардың табыстылығы және өтімділігі болып табылады. Инвестициялық портфельдерді басқарудың әр түрлі бағыттары және принциптері қолданылады. Көп таралған принциптердің қатарына бағалы қағаздарды өтеудің “баспалдықтылық” принципін жатқызуға болады. Бұл принцип бойынша өтелген бағалы қағаздардан түскен қаражатттарды максималды өтеу мерзімі бар бағалы қағаздарда қайта инвестициялау. Банктердің белгілі бір мерзімге пайда табу мақсатында бағалы қағаздармен операциялары банк инвестициялары ретінде қарастырылады.
Инвестициялық банктердің негізгі қызметі — ұзақ мерзімді ссудалық капиталды мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акцияларды, облигацияларды және орналастыру арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа түрлері арқылы беру.
Қазіргі инвестициялық банктердің екі түрі қызмет етеді:
1) Бірінші типті инвестициялық банктер
2) Екінші типті инвестициялық банктер
Мұндағы бірінші типті инвестициялық банктер тек бағалы қағаздарды орналастыру және сатумен айналысады. Ал екінші типті инвестициялық банктерге келетін болсақ, олар ұзақ мерзімді несиелеумен айналысады [7,195бет].
Инвестициялық банктердің пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекеттік бағалы қағазын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметтің бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.
Бірінші типті инвестициялық банктер әдетте құрылтайшылар, бағалы қағаздардың эмиссиясын ұйымдастырушылар рөлінде шығады. Олар компаниямен орналастырылмаған бағалы қағаздардың бөлігін сатып алатын агенттер ретінде, сонымен қатар сауда, өндіріс транспорттық корпорациялардың бағалы қағаздары бойынша және басқа аспектілер бойынша консультанттар ретінде бола алады. Ұзақ мерзімді салымдарды қажет етіп акциялар мен облигациялар шығару туралы шешім қабылдаған корпорациялардың және мемлекеттің тапсырмасы бойынша, бірінші типті инвестициялық банктер эмиссиясының көлемі, мерзімі, шарттары жайлы және бағалы қағаздардың типін таңдау жөніндегі, сонымен қатар орналастыру және қайта айналысы жөніндегі міндеттемелерді өздерінің мойындарына алады. Мұндай мекемелер шығарылған акциялар мен облигациялардың сатып алуына кепіл береді, яғни олар бұл бағалы қағаздарды сатуды өздерінің есебінен немесе банктік синдикаттарды құру арқылы акциялар мен облигацияларды сатып алушыларға ссуда береді [9,24бет].
Бірінші типті инвестициялық банктер соңғы кезде көбінесе корпоративті секторлардың бағалы қағаздарымен операцияларды жиі жүргізеді. Мұндай банктер акциялар мен облигацияларды орналастыру арқылы өндіріс, транспорт және сауда кәсіпорындарының ақша қаражаттарын алуда делдал ретінде қатысады.
Бірінші типті инвестициялық банктер капиталды тарту, бағалы қағаздар нарығына қызмет көрсету бойынша бірқатар функцияларды атқарады:
1) Акциялар мен облигацияларды қайта орналастырумен айналысады
2) Халықаралық бағалы қағаздарды еуровалюта нарығында орналастыруда делдал болады
3) Корпорацияларға инвестициялық стратегияның сұрақтары бойынша және бухгалтерлік есеп пен есеп беру жөнінде кеңестер береді
Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға түседі. Көптеген компаниялар инвестициялық банктердің көмегінсіз ұзақ мерзімді ақша қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі тәжірибесінде мұндай банктер компанияның бағалы қағаздарын орналастырумен айналыспасада, компаниялар құрылып қызмет ете алмайды. Осындай елдердің қатарына келесі елдерді мысалға келтіруге болады: Канада, Ұлыбритания, Австралия, Америка Құрама Штаттары [15, 115бет].
Бағалы қағаздарды орналастыру алдында инвестициялық банк әдетте эмитент-корпорацияның қызметіне жоғары мамандандырылған экономистер, юристер және инжинерлердің көмегімен тиянақты талдау жүргізіледі. Банк корпорацияның активтерін, мүлкін, мақсаттарын, құжаттарын, маркетинг және менеджмент жүйесін, өндіріс жағдайын, нарығын, еңбек қатынастарын, корпорацияның тарихын, оның операцияларын, балансын, пайда және зияндардың есебін, басқарма құрылымын, саладағы орнын, бәсеке деңгейін және басқа да факторлар қатарының талдауын жүргізеді.
Ал екінші типті инвестициялық бактерге келсек, олар бірінші типті инвестициялық банктерден ұйымдастырушылық құрылымда, қызметтері мен операцияларында елеулі айырмашылығы бар. Екінші типті инвестициялық банктер акционерлік негізде, мемлекеттің қатысуымен аралас меншік формасында және таза мемлекеттік болып құрылуы мүмкін.
Мұндай банктердің негізгі функциялары шаруашылықтың әр түрлі салаларын, сонымен қатар жаңа технологияларды енгізумен және ғылыми-техникалық революция жетістіктерін іске қосумен байланысты арнайы — мақсатты жобаларды орта және ұзақ мерзімді несиелеу болып табылады.
Екінші типті инвестициялық банктер соғыстан кейінгі Батыс Европаның экономикасын қалпына келтіруде және дамушы елдердің салаларын құруда үлкен роль атқарды. Осыған байланысты келесі бірқатар елдерді ерекше бөліп көрсеткен дұрыс болады: Франция, Италия, Испания, Португалия, Скандинавия елдері. Аталған елдерде аралас және мемлекеттік инвестициялық банктер өндірісі ұзақ мерзімді несиелеудің және онда жаңа салалардың құрылуының жоғарғы деңгейін қамтамасыз етті. Қазіргі бұл инвестициялық банктер ссудалық капитал нарығында әртүрлі операцияларды жүргізеді: заңды және жеке тұлғалардың жинақтарын аккумуляциялайды, орта және ұзақ мерзімді несиелеу жүргізеді, жеке және мемлекеттік бағалы қағаздарға салымдар жасайды, әртүрлі қаржылық қызметтерді дамытады [1].
Қазақстан Республикасында да мұндай банктердің функцияларын негізінен Қазақстан Республикасының банк жүйесінің екінші деңгейлі банктері атқарады. Бірақ Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері бірінші типті банктердің операцияларын жүзеге асыру өз деңгейінде болып отырған жоқ. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты – қаражаттардың сақталуын, диверсификация, табыс пен өтімділікті қамтамасыздандыру
Нормативті құжаттарға сәйкес кез-келген бағалы қағазды өз атынан, өз есебінен және өз бастамашылығымен сатып алу және қайта сату инвестициялық операция болып табылады. Коммерциялық банктердің инвестициялық операциялары меншікті ресурстар, заемдық және тартылған қаражаттар есебіне жүзеге асырылады.
Біраз уақыт бұрын отандық банктердің атына олардың нақты экономика секторындағы шаруашылық субъектілермен қатынастары туралы қатаң сын айтылған болатын. Қазақстанның экономикасына айналым және инвестициялық қаражаттардың тапшылығын банктердің несиелері қанағаттандырмады.
Бұл жағдай 2000 жылдан бастап жақсара бастады. Банктер қаржы нарығының неғұрлым активті және капиталды қатысушылардың бірі болды. Қазақстандағы бір банктің орташа капиталы валюта эквивалентінде шамамен 30 млн АҚШ долларын құрайды. 2004 жылы банк активтерінің 60% нақты экономика секторына жіберілді, өндірістің дамуымен және банктердің ресурстық базасының артуымен банктер нақты экономика секторын несиелеуге белсенді қатысуын көрсетеді.
2003 жылы экономиканы дамытуға кеткен несиелердің көлемі 672,4 млрд.теңге, шетел валютасында 4,3 млрд. АҚШ долларынан артық болды. Ал 2004 жылдың қазан айындағы мәліметтер бойынша банктердің экономикаға бағытталған несиелерінің жалпы көлемі 924,3 млрд. теңгені құрады, бұл 6,25 млрд. АҚШ долларынан артық
Банктердің несие портфельдерінің көлемін артуы және банктердегі жеке және заңды тұлғалардың депозиттік салымдарының артуы есебінен болған. Бұл және банктердің меншікті капиталының артуы банктердің несиелендіру мүмкіндігін жоғарылатып, нақты экономика секторына инвестициялық қаражаттарды арттырады
Сонымен қатар, банктердің несиелеу белсенділігінің тым тез артуының тағы бір себебі, инфляцияның және девальвацияның салыстырмалы төмен деңгейі негізгі қаржылық құралдар бойынша пайда мөлшерін төмендетті. Банктер мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында және валюталық нарықта жоғары пайда алу мүмкіншіліктерін жоғалтты, ал бұл өз кезегінде негізгі пайда көзі ретінде белсенді түрде несиелеу операцияларын жүргізуге итермелейді. Бүгінгі таңда инвестор тек пайда мөлшерінің төмендігімен емес, сонымен бірге қаржылық құралдардың жетіспеушілігін де бастан кешіруде. Осындай негізгі факторлардың нәтижесінде экономика аз болса да инвестициялық қажеттілігін қанағаттандырады.
Сонымен экономиканы инвестициялауда банктердің инвестициялық қызметі өте маңызды. Қазақстанда банктер тарапынан экономикаға қаражаттарды бөлу көбінесе несиелер түрінде болып отыр. Банктердің қаржылық инвестицияларға қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керек. Жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін нақты экономиканы қаржыландыруға жұмсалу жағдайларын қарастырған жөн.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономикасы экономиканың шынайы секторына көбірек инвестиция тарту арқылы дамуда. Басым салаларда инвестициялау өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және басқа салаларда құрылымдық қайта құруларға жетуге мүмкіндік беріп, экономикалық өсуге база жасайды.
Инвестициялық портфельдің тиімді құрылымын жасақтау қар нарығындағы жағдайларды білуге және оны болжау мүмкіндіктеріне байланысты. Болжау өтем бақылаулардың статистикалық талдауына негізделеді, ол нарық дамуының негізгі тенденцияларын анықтауға мүмкіндік береді.
Дамушы инвестициялау, қаржыларын тікелей бағалы қағаздарды инвестициялауға салынатын тартымды болатынын дәлелдеді. Себебі, нарықтары дамушы елдердің экономикасы тез өсім жағдайда болады, ал бұл нарықтарға сол инвестициялар салу жоғары табысты иеленеді, алайда сонымен бір мезгілде тәуекелдің жоғары деңгейіне иеленеді.
Тағы рефераттар
- Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығының субъектілері мен объектілері
- Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының себептерi және оған әсер ететiн жағдайлар
- Буын. Дауыс ырғағы, екпін
- Кәсіпорындардағы басқару стилі
- Қонақ үй шаруашылығында компьютерлік бағдарламалаудың дамуы және түрлері. Қонақ үй комплекстерін компьютерлік басқару