Байсерке күйші туралы қазақша реферат
Байсерке Ұлы жүз ішіндегі Дулаттан шыққан әйгілі Өтеген батырдан өрбиді.Байсеркенің әкесі Қылыш он саусағынан өнері төгілген ісмер,өлмес өнердін парқын білетін,сері көніл сергек жан болса керек.осындай дәстүрлі өнері бар ортада өскен Байсеркенің домбырашылык қабілеті жас кезінен-ақ Төңірегін тәнті еткен.ол ертегі жырларды әсіресе ән-күйді ішкен асын жерге қойып тыңдайды екен.Жас Байсерке ауылга келген әнші,музыканттардан бір адым қалмай жүріп,естігендерін көкірегіне тоқи береді.Жетісу алабы мен қырғыз елінің күйлуррін 16-17 жасынын өзінде-ақ жеріне жеткізе тартуды игерген Байсерке алқалы бас қосуларда небір дәулескер күйшілермен табан тіресіп домбыра тартысып, алыс-жақынға таныла бастайды.Көпшілік күйді ол бір-екі естігенде-ақ бұлжытпай салып алып,қайта тартып береді екен.Байсеркенің музыкалық жағынан өсуіне сол кездегі белгілі домбырашылар Есім ,Үржарлык,Сарша дегендер септігін тигізеді.
Байсеркенің музыкант болып аяғынан тік тұруына үлкен қамқорлық жасаған адам-Есім деседі.Ол Байсеркенің дарын иесі екенін бірден танып,естігенін және көрген білгенін жалықпастан үйретеді.Сонымен бірге Байсерке ұстазынан тек күй тартуды ғана үйреніп қана қоймай,сондай-ақ көптеген чалық әнші-күйшілерінің өмірімен танысып,олардың шығармаларының шығу тарихын білді.бұл Байсеркенің комппозиторлық,күйшілік өнеріне зор ықпфл жасайды.Байсерке халыққа өз өнерін таыту үшін бір ауылдан екінші ауылға,бір елден екінші елге қыдырып жүріп, күйімен тындаушылардын құлақ құрышын қандырады.шу алқабына ғана емес Жетісу көлеміне де атағы жайылады.Өз жанынан күй шығаруға талаптанады.Күйші Байсерке өз заманындағы белгілі күй дәстүрлерін.батыстағы төкпе күй дәстүрін де,арқадағы шертпе күй өнерінде менгере білді. Тумысынан дарын иесі өзіндік жол табуға талпынды.оның алғашқы шығармалары белгілі бір қимылды суреттеуге арналды.Ат ойыны -бұл Байсеркенің көпшілік күйі сияқты тұңғыш шығарған миниатюралы шығармасының бірі.
Жалпы Байсерке себепсіз күй шығармаған.Белгілі бір өмір құбылыстары, тіршіліктің әсерлі сәттері күй тіліне түсіп отырған. Ат ойыны, Жекпе-жек, келіншек сияқты күйлері, баласы дүние салғандағы егіліп тартқан –Солқылдақ күйі,қазақ даласындағы ақсүйек жұтқа арналға/1890/ арналған- Төрт қарға күйі, Ресей отаршылдығының кеудемсоқ наразылығын білдірген – Ұран күй сияқты күйлері өзі ғұмыр кешкен ортасы мен заманының шежіре сырындай болы күй тіліне түскен.Жетпіс бұтақ, Ұран күй, Қалипа қалыш, күйлерінде орындаушылар үшін ырғақтық қабілет,қағыс шеберлігін керек ететін кезеңдер жиі кездеседі.
Байсерке шығармаларының ішінде Сылқылдақ деген күйі бар.осы аттас күй Тәттімбетте де бар.Бірақ Байсеркенің күйі бөлек те және сондайлық көркем туынды емес.Біріншіден бұл күй өте қысқа құрылған,музыкалық фактуралық жағынан қызықты емес. Көлемі мен мелодиясының дамуы жөнінен де Байсеркенің Сылқылдағы Тәттімбет күйіне еліктеу дәрежесінде қалып қойған.
Байсерке заманындағы қазақ өнеріне аты әйгілі Жамбыл, Кенен сынды әнші жыраулардың болуы да оның шығармашылығына өз ықпалын тигізді. Байсерке күйлеріндегі күй буындарының сөз-сөйлемге құралуы , ән әуенімен тығыз байланысы күйші шығармашылығының бастауы халықтық күй үлгілерінде екндігін аңғартады.Байсерке шығармашылығы қазақ күй өнерінің жаңаша бір тармағы ретінде дамыды.
Академик А.Жұбанов Байсерке шығармаларында кездесетін тремололы аккорд,фанфар,дабылдық үн, көркемдік тақырып сынды элементтерге көніл аударған.Бұл Байсерке күйлерінің музыкалы образдарының терең екенін , күй тілінің жан жақтылығын тілге тиек етіп, ерекшеліктерін айқындай түседі.Домбырада қалыптасқан әр түрлі мектептердің ерекшеліктерін бойына сініре білген Байсерке шертпе күй дәстүрінің жаңа мүмкіншіліктерін аша келе, оның ары қарай дамуына негіз қалады.
Кез келген дарын иесі сиякты, Байсерке өнерінің де алды –арты шүйгін, күйшілік дәстүрінің арқауы үзілмеген сабақтастығы көілге қанағат ұялатады.
Байсерке 1906 жылы 64 жасында өз ауылында дүниеден қайтты.оның шығармалары қазақтың аспапты музыкасының алтын қорына айналды.
Байсеркенің алдын көріп , өлмес өнерін көкірегіне ұялатқан дарынды шәкірттері Бердібек Мықтыбайұлы, Қожабек Жапбасов, Сатқынбай Өлмесұлы сияқты дәулескер домбырашылар болса,олардың бойындағы асыл өнерді Қатшыбай Таубаев/1880-1930/, немересі Темірбек Ахметов /1919-1952/, Нұрғисаса Тілендиев /1924-1998/ сияқты біртуар күйші домбырашылар бүгінгі күнімізге жеткізген.
Байсеркенің күйлері /Ат ойнатқан/, /Дұшпан тұсар/,/жекпе-жек/,/Жетпіс
Бұтақ/,/келіншек/, көш тоқтатқан/, /Қалипа-Қалыш/,/қоныр/, /солқылдақ/, бүлкілдек/, /Тұл қатын/,/төрт қарға/,/ұран күй/, /толқытпа/ т.б.
Байсерке Қылышұлының өмірі мен күйшілік-домбырашылығын алғаш зерттеп, қалам тартушылар А.Қ.Жұбанов пен Б.Г.Ерзакович.М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер ирститутының фоно жазба қорында /Байсеркенің 10 күйі/ деген қолжазба сақталуда.Мұндағы күйлердің нота жазбасын Б.ГЕрзакович хатқа түсірген. З.Жанұзақованың құрастыруымен жарық көрген /Қазақ чалқының аспап музыкасы/ /1964/ деп аталатын кітапта Байсеркенің /Жекпе-жек/,/Қалипа-Қалыш/,/Қалипа/,/Қалыш/ сияқты күйлерінің нотасы берілген .Б.Мүптекеев пен С. Медеубекұлы шығарған /Жетісудың күйлері/ /1998/ атты кітапта Байсеркенің /Жекпе-жек/,/Толқытатын күй/ деп аталатын күйлерінің нотасы жарық көрді.
Қазақ күйінің тарихында өзіндік қолтанба қалдырған дарынды күйші –Байсерке бабамыздың өнерін бұл күнде ұрпақтары жалғастыруда.
Тағы рефераттар
- Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш
- Ата – аналар үшін баланың балабақшаға бейімделу туралы кеңес (балабақшадағы тәрбие сағат)
- Инновациялық жобалардың сараптамасы
- Агрессия түсінігі
- Экологиялық апат аймақтары