Банк жүйесіндегі Ұлттық банктің алынған орны туралы қазақша реферат
Республикасының Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық субьектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық банкіде соны жасайды. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемлер болды. Осыдан келіп, Ұлттық банк «банктердің бірі» деп атайды. Коммерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді, сол сияқты Ұлттық банкіде банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді.
Ұлттық банк «банктердің банкі» қызметін атқару үшін :
— коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды ;
— коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне байланысты қысқа мерзімді қарыздар береді ;
— жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асырады ;
— банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.
Ұлттық банкінің маңызды қызметі – банктердің, жинақ және т.б. несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы » және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін ұлттық банкіде сақтаулары тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.
Ұлттық банк – коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық-несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады.Шетелде орталық банктерді «соңғы сатыдағы несие беруші»деп атайды.Олар- коммерциялық банктерден есеп мөлшерлемесін ала отырып, уақытша жетіспеген өтімді құралдарының орнын толтыру үшін несиелер береді.Әрине бұл несиелер, сауда вексельдерімен, мемлекеттік бағалы қағаздарымен немесе банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Ұлттық банк банкаралық қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүргізеді.
Ұлттық банк банкаралық есеп айырысу сияқты жалпыхалықтық шаруашылықтың есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы болып табылады.Осыған байланысты ол келесі қызметтерді атқарады:
— қолма-қолсыз және қолма-қол ақша айналымының ауқымын бақылау;
— бүкіл банктік жүйесі үшін бірыңғай методологиялық негіздегі елдің бірыңғай есеп айырысу орталығы;
— есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беру ережесін орнату және үйлестіру ;
Елімізде қолма-қолсыз есеп айырысудың екі ішкі жүйесі бар.Біріншісі- коммерциялық банктер арасында тіклей есеп айырысу,екіншісі- Ұлттық банкідегі банктердің корреспондеттік шоттары арқылы жасалатын ортлықтандырылған есеп айырысулар.Тұрақты байланыстары бар клиенттердің операциясы бірқалыпты корреспондеттермен тікелей есеп айырысу үшін LORO-NOSTRO орталықтандырылмаған корреспондеттік шоттары бойынша – коммерциялық банктер өзара есеп айырысуларды жүзеге асыра алады.
Ұлттық банк пен өзінің құрамдас бөлімшелері есеп айырбастау кассаық орталығы (ЕКО) клирингтік (қарама-қарсы талаптардың өзара есептелінуі) режимде ашылған бюджеттің кассалық орындалуын бюджеттік банкіге беру және төлем жүйесінің нормасына дейін орталықтандырылған банкарлық есеп мөлшері міндетті қорлар (резервтер) нормативіне сәйкес келу керек.АҚШ-та федералды резервтік жүйесі банкаралық есеп айырысуларды міндетті резервтер сомасын реттеу арқылы жүзеге асырады.Оларда коммерциялық банктер корреспондеттік шоттарды ашпайды.
Төлем құжаттарының барлық түрлерін өңдеуді, төлемдерді өтеуді, республиканың бүкіл аумағында есеп айырысуды іске асыруды қамтамасыз ететін Ұлттық банкінің облыстық басқармаларының әрекетін кешенді «КУБАЖ» автоматтандыру жүйесін 1995 жылы ендіру аяқталды.
Ірі және ұсақ сомалардағы төлемдер үшін пайдаланылатын гросс-есеп айырысу жүйесі 1995 жылдың 15 мамырында Алматыда енгізілді.Бұл банкаралық клиенттік жүйенің қатысушылары: барлық банктер және олардың Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарындағы филиалдары,Алматылық клирингтік палатасы болып табылады.
Қатысушының кез-келген уақытта корреспондеттік шоттың жағдайы туралы ақпаратты, күнделікті шыққан барлық төлемдерді қарап алу үшін, басқа коммерциялық банкілерден оның атына келген төлемдерді қарау үшін сұрауы да мүмкін.Жүйенің қатысушыларына өздерінің төлемдерінің кезектілігін реттеуге мүмкіндік беріледі.Есеп айыру арқылы өтпеген төлемдер қатысушыға қабыл алмаған, қамсыздандырылмаған төлемдер құны түрінде қайтарылады.
Төлем жүйесінің реформасы шегінде екінші деңгейлі банктер операциондық күнді және біртұтас корреспондеттік шотты өңдеумен айналысады.Біртұтас корреспондеттік шотқа өту екі кезеңде жүреді.Бірінші кезеңде біртұтас корреспондеттік шотқа өту облыс деңгейінде, ал екінші кезеңдле- республика деңгейінде өту қарастырылған.
Тағы рефераттар
- Жыл басы Наурыз! балабақшадағы ертеңгілік
- Экономикалық тиімділік
- Футбол ойынындағы техниканың ролі
- Ғылыми танымның әдістері
- Ғалам даму жағдайындағы тоқыма және кілем өнкеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету бағыттары