Мазмұны
Кiрiспе…………….3
1 Банк жүйесiнiң теориялық негіздері………………5
1.1 Банк туралы ұғым, шығу тарихы………………5
1.2 Банктің атқаратын қызметтері және түрлері…………..8
1.3 Банк жүйесінің қалыптасуының шетел тәжiрибесi……..11
2 Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң даму жағдайы 14
2.1 Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң қалыптасуы 14
2.2 Қазақстанның нарықтық құрылымындағы банк жүйесi 16
2.3 Қазақстан Республикасының банк жүйесiн реттеу 19
3 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму проблемалары және болашағы……..22
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер 27
Кiрiспе
Алғашқы банкирлердiң түсiнiгi бойынша қозғалыссыз жатқан үлкен қаражат байлықтарды жинаудан гөрi, ақша қаражаттарын уақытша қолдануға немесе өз бетiнше сауда және басқа да кәсiпорын аша отырып, айтарлықтай пайда табуды өнiмдiрек көрген. Сонымен бiрге кепiл ретiнде әдетте кемелер және тауарлар, ал кей-кезде үйлер, құнды заттар және тiптi адамдар болған. Ежелгi банктердiң несиелiк операцияларымен бiрге бiрте-бiрте салымшыларға қызмет көрсету бойынша есеп дами бастады.
Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуi ақшаның, несиенiң және есеп айырудың рөлiнiң көтерiлуiнсiз мүмкiн емес. Нарықтық экономикада банктiк жүйе үш түрлi рөл атқарады;
Бiрiншiден, дамыған коммерциялық банктер төлемдер жүйесiн басқарады.
Екiншiден, банктер халық жинағын өндiрiстiк, коммерциялық ортаға бағыттайды.
Үшiншiден, банктер экономикалық жүйедегi ақшаның санын реттейдi.
Банктiк жүйе барлық мемлекетерде орталықтандырылған, жеке тұлғаның, тұтастай алғанда мемлекеттiң, достық қарым-қатынастағы елдердiң және халықаралық қаржы-несиелiк институттардың мүделерiн бiрiктiретiн жүйе болып табылады.
Қазiргi кезде Қазақстан халқының банк жүйесiне деген көзқарасы өзгердi, бұл халық ақшасының банктiк жүйеге құйылуының қарқынын күшейттi.
Сонымен қатар, қазiргi уақытта Қазақстаның қаржы жүйесi, соның iшiнде банктiк жүйе айтарлықтай экономиканың реформаланған және нарықтық секторы деп айтуға болады. Сондықтан да банктiк жүйенi толығырақ зерттеу, оның мәселелерiн анықтап және оларды шеше жолдарын ұсыну бүгiнгi күнде маңызды болып отыр.
Менiң бұл тақырыпты таңдауымның негiзгi себеб i- жоғарыда келтiрiлген банк жүйесiнiң маңыздылығы болып табылады. Бұл жұмыстың негiзгi мақсаты-банктiк жүйенiң мемлекеттiң экономикасының дамуындағы бар мәндiлiгiн көрсету, банктiк сектордың қызмет етуiндегi мәселелердi көрсету және оларды шешуiнiң және жетiлдiруiнiң жолдарын ұсыну болып табылады.
Курстық жұмыстың бiрiншi тарауын да мен банктiк жүйенiң сипаттамасы, яғни оның мәнi, түсiнiгi, элементтерi және банктiк жүйе қалыптасуының шетелдiк тәжiрибесi туралы жаздым.
Ал екiншi тарауда мен Қазақстан Республикасының банктiк жүиесiнiң қалыптасуына, яғни алғашқы кезде пайда болған банктерге және олардың қалыптасу жолдарына, сонымен қатар қазақстанның нарықтық құрылымдағы банк жүйесiне, яғни жүргiзiлген реформалардың нәтижесiне көңiл бөлдiм. Сонымен қатар, банк жүйесiн реттеуге, яғни қабылданған заңдар бойынша банктердiң мiндеттерiне және ҚР-ң. Банктiк жүйенiң даму проблемалары мен болашағына көңiл бөлдiм.
курстық жұмыс / 26 бет
Тағы рефераттар
- Қазіргі қазақ поэзиясындағы дәстүр жалғастығы
- Қазақстан экономикасындағы франчайзингтің орны
- Касса операцияларының есебі курстық жұмыс
- Топырақ және оның қасиеттері
- Мексика мен Перуді, Испанияны жаулап алуы