Банктің кассалық операциялары туралы қазақша реферат
Сонымен қатар практиканы өту кезінде “есеп айырысу операциялар” бөлімінде болдым. Бұл бөлімде негізгі кассалық есеп айырысу құжаты чек кітапшасы болып табылады. Чек кітапшасын алу үшін клиент өтініш жазып, өзінің құжаттарын көрсету керек(жеке куәлік немесе паспорт). Чекке клиенттің аты-жөнін, шоттың нөмірін, СТТН, банктің атауын, ал екінші жағына сомманы түсінікті етіп жасу керек. Клиент міндетті түрде қол қою керек. American Express чектерын АҚ “Банк Центр Кредиттің” филиалдарында алуға болады. American Express чектерын сатып алғанда банкте шот ашуға міндетті емес. Кассир түбіртек бергеннен кейін, оны чектен бөлек ұстау керек. Жоғалған немесе ұрланған кезде American Express-тің Орын толтыру орталығына чектің нөмерін хабарлап, сізге чекті 24 сағаттың ішінде қайта жасап береді. American Express жол чектарының мерзімі шектеусіз, оларды мұрағатқа да қалдыруға болады. АҚ “Банк Центр Кредитте” American Express жол чектерын келесі номиналмен доллармен немесе евромен алуға болады:
- Доллармен 50,100,500,1000
- Евромен 50,100,200,500.
Қазақстан Республикасында тек қана АҚ “Банк Центр Кредитте” American Express чектері бойынша ұлттық валютада ақша шешу комиссиясыз болады. Чектен ақша алғанда кассирге өз құжаттарыңызды көрсетіп, қол қойғаннан кейін, кассир оны тексеріп, ақпараттық базада чекті қарайды. Өз иесімен берілген чек міндетті түрде қолма-қол ақшамен төленеді, ал басқа адам берген чектер тек қана инкассоға алынады.
Кіріс кассасы бойынша құжаттар жақсы ұйымдастырылған болуы қажет, яғни кассаға ақша түскеннен кейін ғана клиентке түбіртек беріп, шотқа жазылуы керек. Клиентпен көрсетілетін шығыс құжаттары келесі стандарттарға сай болуы керек:
— Шығыс құжаттарының атауы;
— Шығыс құжаттарының нөмірі, шығару мерзімі;
— Банктің атауы, орналасқан жері;
— Клиенттің атауы, банкте шоттың нөмірі;
— Ақшаны алушының атауы, банктегі шоттың нөмірі;
— Төлемнің қажеттілігі;
— Төлем сомасы.
Сонымен қатар, мен банктік шоттарды ашу тәртібін қарастырдым. АҚ “Банк Центр Кредит” ұлттық және шетел валюталарында шоттарды ашады. Банктік шоттың ашылуы банк пен клиент арасында келісім-шарт жасалғаннан кейін ашылады. Банктік шотты ашу үшін келесідей құжаттарды тапсыру керек:
Резидент-жеке тұлғалар үшін
— Қол үлгісі бар құжат;
— СТТН;
— Жеке куәлік.
Кәсіпкерлік іс-әрекетті жүзеге асыратын тұлғалар:
— Қол үлгісі бар құжат(нотариалды куәландырылған, 3 дана);
— СТТН;
— Шот ашу үшін арналған өтініш;
— Жеке куәлік;
— Мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлік.
Резидент емес жеке тұлғалар резиденттер сияқты құжаттарды тапсырады.Сонымен қатар олар кіру туралы визаны көрсетеді.
Банктік шотты бантің қандай да бір бөлімінде немесе филиалында ашуға болады.
Шетел валютасымен жүргізілетін операцияларды есептеу және ұйымдастыру
Банктің ғимаратында валюта айырбастау пункті бар. Сонымен қатар қала бойынша да олардың саны көп. Айырбастау пункті валютаның жалған еместігін тексеретін арнайы техникалармен жабдықталған. Валютаны сату-сатып алу туралы операциялар реестр журналында тіркеледі. Чек беру үшін фискалды жады бар кассалық аппарат бар. Шетел валютасын сату немесе сатып алу бағамын АҚ “Банк Центр Кредиттің” Бас Офисі бекітеді. Жұмыс күннің соңында кассир аванстық есеп құрып, пайданы санайды да бухгалтерияға тапсырады.
Тағы рефераттар
- Қазақстан Республикасының салық жүйесінің бюджеттің кіріс бөлігін толтырудағы басқа дамыған елдерден ерекшелігі
- Табиғатты пайдалану және тұрақты даму экологиясы
- 15-16 ғасырлардағы Корея: Чосон мемлекетінің қалыптасуы
- Әбілқайыр хан (1693-1748)
- Қорларды басқарудың стохастикалық үлгілеулері