Банктің қызмет бағыттары туралы қазақша реферат
Ұлттық банк жұмысының негізгі бағытттары:
— елдегі несиелік ресурстарды және айналасын басқару;
— өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
— халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысужәне кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ержелерді,есеп жүргізу жәе банктердің есп беруін ұйымдастыру;
— банк ісін лицензиялау, ақша – несилік реттеудің әдістерінң формаларын талдау;
— банк ісін бақылау және қадағалау;
— елдің банк жүйесінің тәуелсіз баланстарын жасау;
— ғылыми – зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
— валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.
Ұлттық банк «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
— айналыстағы ақша массаның көлемін реттеу жолымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
— кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
— Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
— Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдіктерін ашуға келісімен және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
— Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін өзі белгіленген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
— Ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
— Банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізіді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;
— Қазақстан Республикасында ресми мөлшелермелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізді;
— Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеу әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдары шектеу және пайыз мөлшерлемерін өзгертуге құқықтар береді;
— Қазақстан Республикасында валюталық ретту мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;
— Банк ісі, есеп, еспе айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату,айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
— Бақылау және қадағалау функциясымен қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айныласатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізмін, формасын және мерзімін бекітеді.
— Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субьектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында бекіте алады,
Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді
Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма –қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.
Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу,жою және қолма-қол ақшаның инкассациялау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді. Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізуімен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолда алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.
Эмиссия — бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия- айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайы.
Тағы рефераттар
- Ғылыми танымның логикасы мен парадигмалары
- Жинак зейнеткерлік корға төленетін міндетті зейнеткерлік жарнасының есебі
- Н.Ә.Назарбаев — Еуразия Одағы ұғымының КӨШ басшысы
- Ішкі құжаттардың қозғалу барысы
- Тауарлы – материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы курстық жұмыс