ЖОСПАР

Кіріспе

  1. Өтпелі процестің қисығы бойынша басқару объектілерінің параметрлерінің бағасын анықтау
  2. Сызықты автоматтандырылған басқару жүйесінде процестердің сапасына талдау жасау
  3. Сызықты автоматтандырылған басқару жүйесін алгебралық критерийлер бойынша орнықтылыққа тексеру
  4. Сызықты автоматтандырылған басқару жүйесін Михайлов критерийі бойынша орнықтылыққа тексеру
  5. Сызықты автоматтандырылған басқару жүйесін Найквист критерийі бойынша орнықтылыққа тексеру
  6. Сызықты автоматтандырылған басқару жүйесін гильберт және калман  критерийлері бойынша бақылануға және басқарылуға тексеру

Әдебиет тізімі

кіріспе

Қазіргі кезде өндірістік процестердің қарқынды дамуына және ол процестердің әрекетінің нақтылығына қойылатын талаптарға байланысты автоматты басқару жүйелерін қолдану қажеттілігі туындады.

Басқару есебінде әрқашанда екі объект бар, олар: басқарылатын объект және басқарушы объект. Басқарылатын объектіні әдетте басқару объектісі, ал басқарушы объектіні реттеуші немесе басқару құрылғысы деп атайды.

Сонымен автоматты басқару жүйесі (АБЖ) деп басқару объектісі (БО) мен басқару құрылғысының (БҚ) жиынтығын айтады.

Басқару теория негіздері автоматты басқару жүйесінің математикалық модельдеу, талдау және синтездеу әдістерін үйретеді.

Автоматты басқару жүйелерін зерттеу кезінде қолданылатын әдеттегі есептеу әдістері көптеген аналитикалық түрлендірулермен және есептеулермен байланысты. Мұндай жұмыстардың жеке этаптары нақты математикалық формулировкалардан тұрады және ЭЕМ-де тиімді жүзеге асырыла алады. АБЖ-ның динамикалық қасиеттеріне талдау жасау үшін оның математикалық моделін құру қажетті. Ол үшін жүйенің элементтеріне дифференциалдық теңдеулер құрылады және олардың көмегімен жүйеде болатын динамикалық процесстерді сипаттайды.  Бұл теңдеулердің негізінде тұрақтылық, жылдам әрекет ету сияқты АБЖ-ның маңызды қасиеттері және жүйенің барлық қажетті сапа көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік беретін жүйенің негізгі сипаттамалары құрылады.

Автоматты басқару жүйелерін жобалау екі жолмен іске асырылады:

—       Талдау әдісі. Бұл әдіс жүйе беріліп, ал оның сипаттамаларын немесе тұйықталған қалыптағы әрекетін анықтау керек болғанда қолданылады.

—    Синтез әдісі. Бұл әдіс жүйенің қажетті сипаттамалары немесе оның әрекеті беріліп, жүйенің құрылымының сапасына қойылған талаптарды тұйықталған жүйе қанағаттандыратындай жүйенің құрылымын анықтау керек болғанда қолданылады.

АБЖ-н талдауды, яғни реттеудің сапа көрсеткіштерін анықтауды бірлік сатылы кіріс ірекетінде өтпелі процесстің графигі бойынша, сондай-ақ жиіліктік сипаттамаларды қолдану арқылы анықтайды. АБЖ-н синтездеу үшін жиіліктік әдістерді, түбірлі годограф әдісін қолданады немесе тұйық жүйенің сипаттамалық теңдеуінің түбірлерінің траекториясын меңгереді.

Бұл әдістемелік нұсқаудың мақсаты автоматты басқару жүйесін талдаудың және синтездеудің әртүрлі әдістерін тәжірибе жүзінде меңгеру және автоматты басқару жүйесі бойынша алған теориялық білімдерін бекіту, компьютерлік модельдеу әдістерін игеру болып табылады.

Өтпелі процестің қисығы бойынша басқару объектілерінің параметрлерінің

АБЖ-нің беріліс функциялары

Жүйенің беріліс функция ұғымы классикалық автоматты басқару теориясының негізін қалаушы болып табылады. Беріліс функциясын анықтау Лаплас түрлендіруімен байланысты.

курстық жұмыс / 21 бет


Тағы рефераттар