БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ туралы қазақша реферат

Бастауыш сынып оқушыларының өздері оқитын пәндері арқылы дидактикалық дүние танымын, көзқарасын қалыптастырып, дамытып ойлануға, қызығушылығын және білім құштарлығын дамытады деген сөз. Сондықтан қандай да бір сабақ болмасын үлкен мақсаттылықпен білімді меңгертуі керек. Сабақ өзінің құрылысына қарай үш бөліктен тұрады:

Кіріспе-сауалдар мен іс-шараларды ұйымдастыру, негізгі-жаңа материалды баяндау, қорытынды-сабақтағы өтілген материалдарға қорытынды жасау. Окытылатын материалдардың көлемі ұлғайтылып беріледі де, сабақ соңына таяу азайтылады. Сабақ жүріп жатқанда міндетті түрде аздап кідіріс жасалғаны дұрыс, себебі осы кезде «жеңілдету» жұмысы іске асып жатады. Сабақтың кіріспе бөлімі-уақытты көп алмайтын жеңіл, қысқа жүргізілгені дұрыс. Қойылатын сауалнаманы дұрыс ұйымдастырған жөн. Өткенді берілген ақпаратты толығымен қайталап сұраудың қажеті аз, сондықтан қойылатын сұрақтарды дұрыс ұйымдастыру керек. Негізінде өткен материадды есіне түсіріп қана қоймай, оны өзішпе «сұрақ-жауап» принципінде өзекті мәселе етіп, ойды қорытындылап отырған тиімді. Сабақты жүргізудің, оны өтудің өзіндік амалы-тәсілі, жүйелігі мен заңдылықтары болады. Бұл заңдылыктар дидактикалық принциптер негізінде іске асырылады. Сабақтың қандай түрі болсын, олар үнемі мынадай дидактикалық негізде ұйымдастырылады:

1. Сабақтың мақсатты оқытылуы.

Бұл-білім мен тәрбие берудің негізгі құралы. Әр сабақта берілетін білік, іскерлік дағдылар тәрбиемен ұштастырылу ең баста міндет болу керек. Мұңдай талап педагогикада баланы тәрбиелей оқыту принципі деп аталады. Қай сабақты алмайық, қандай тақырып өтпейік, сол тілдік фактілерді танытудағы объектілер мен дидактикалық материалдар арқылы баланың ой-өрісі, көзқарасы, дүние танымы кеңейтіліп, тілі дамиды, адамгершілік мінез-құлқы қалыптастырылады, мұғалімдер күнделікті сабақтарында оқушысын — ойландыру, жетектеу сұрақтар арқылы ізденіске баулиды.

2. Сабақты нақты материалдан бастап оқыту. Бала нақты білімді, материалды есту, көру арқылы меңгереді. Сабақта накты деректі материалдардан байқағыштығын дамытады. Нақты материалдардан бастап оқыту педагогика ғылымындағы көрнекілік жақтары енеді. Сабақты түрлі көрнекілікпен жүргізу оқушының қабылдау жүйесінің анық, айқын болуын камтамасыз етеді. Естіген, көргенін ұмытпауға материал ерекшелігін саналы меңгеруіне бағыттайды.

Көрнекі оқытудың артықшылығы материалды оңай түсіндіру, берілген білімді есте оңай қалдыру ғана емес, көрнекіліктің маңызы баланың алатын білімін бақылауға негізделіп, тыңғылықты, терең, сапалы болуында.

Көрнекілік сабақ процесінде баланың бақылау қабілетін жетілдіре түсетін принциптің бірі болып саналады. Яғни:

1. Сапалы оқытуды практикалық жұмыстармен байланыстыра білу. Жаңа материалдарды фактілірге сүйене оқытудың сөз жүзінде айту процесімен оқытпай, баланы ойландыруға пікір айтқызуға, қорытынды нәтиже шығара білуге баулиды. Теорияны практикамен байланыстыру жұмыстары сабаққа үлкен пайдасын тигізеді. Практикалық жұмыс түрлері оқушыны кітап сөзімен баяндауға емес, өзінің төл лексикасымен сөйлеуге дағдыландыратын амал-тәсілдер болып табылады.

2. Сабақты ғылыми негізде оқыту.

Пәндердің ғылыми негізінде білім логикалық жақтарын қарастырады. Оқыту процесін ғылыми негізде жүйелеу сабақтың басшылық ететін алғашқы сатысы болып есептелінеді.

3. Оқыту процесінің түсінікті және жеңіл меңгерілу жолдары. Жүйелі оқыту барысында оқушының логикасы бір тәртіппен жүргізілуі тиіс. Психология, педагогика ғылымдарында оқушыға берілетін жаңа ұғымдарды таныс, нақты белгілі бір нәрсеге сүйену, соны негіз ету арқылы таныс емес дерексіз, белгісіз нәрселелерді меңгертуде басшылық етеді.

4. Оқушыға берік білім, іскерлік дағды беру принципі. Әрбір пәннің міндеті-бағдарламада берілген ғылым негізінен тиянақты, берік білім беру. Оқушы мұғалімнен естіген, білгенін үнемі өзінше қарап, өз жанынан жаңартып, толықтыру тәрізді жұмыстарға дағдыланады.

Мұғалім мұндай әрекеттерді әрқашан қадағалап отырады. Үнемі қайталап, пысықтап отыру оқушының білмін бекітеді. Осындай жұмыстар оқушы білімінің беріктігіне көмек тигізеді және жаңамен байланыстырып отырады. Оқушы білімін берік етудегі практикалық амал-тәсілінін негізі-жаттығу жұмысы. Жаттығу жұмысының түсінігі өте күрделі. Қайталау, жаттығу жұмыстарының мазмұны да, түрі де әр түрлі болады. Оқушылардың білімі- кайталау, жаттығу, пысықтау жұмыстарында көрінеді. Ал мұнда мұғалімнің жұмысының нәтижесі толық көрінеді.

5. Оқыту барысында оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін анғара отырып, оқушылардың барлығының қабылдауы, ойлануы, білімді меңгеруі-барлығы бір деңгейде деуден аулақ болу керек. Әр оқушының ойлау қабілеті, сана сезімі, дүние танымы отбасы, жолдас-жораларына, ортасына байланысты әрқилы қалыптасады.

Балалардың ынталылығы, іскерлілігі, ізденгіштіктері қоғам жаңалығы негізінде игеріледі. Соңдықтан, мектепте оқытылатын сабақтардың сапасына өзгеріс енгізу-бүгінгі өмір талабы. Осыған орай мұғалімдер оқытуды жаңартып барынша жетілдіруге ұмтылуда.


Тағы рефераттар