Сөйлеу дегеніміз – адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін жеке адамдың дербес әрекетін сөйлеу деп атайды.

Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенед. Сөйлеу үшін жұмсалатын тілдік амалдар ұзақ ғасырлар бойында кісілердің пікір алысу тәжірибесі үстінде қалыптасқан. Тілдік амалдар, сөз тудыру, сөз тіркестерін, сөйлем құрау ережелері – көпшілікке ортақ объектвті категориялар. Осыған орай тіл жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызекі немесе жазбаша айту, екі-үш адам қатысқан диалог түрінде сөйлеу, көпшілік алдына шығып сөйлеу, тыңдаушының білім дәрежесін, жасын ескеру т.б.) сай түрліше құрылады. Сөйлеудің осы жақтары – кімге болса да қажетті сипат. Мұның әсіресе мұғалімдер үшін маңызы зор. Көрнекі педагог А.С.Макаренко бұл жөнінде «балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезе алатындай болуы керек» деген. Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппаратардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық ететрі т.б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.

Сондықтан да сөйлеудің әр түрлі коммуникативтік жағдайға сай ыңғайланған стилі болады. Сөйлеу стилі де қалыптасып көпшілікке ортақ болып келеді. Мұнымен бірге сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне ғана тән (индивидуалдық) сөз жұмсауы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау ерекшеліктері де болады. Бұл ерекшеліктер сөйлеушінің өз ойын әсерлі етіп немесе мәнерлеп айту талабынан туады. Тілдің дамуы, сөйлеудің жетілуі индивидуалдық творчествоға сүйенеді.

Сөйлеу – пікір алысу процесінде адамның тілді өзінше пайдалануы. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдау оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірін-сіз-бірі іске аспайды. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт.

Біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі оның мәнерлілігі. Сөздің мәнерлігі сөйлеу интонациясы мен артикуляциялық аппаратқа тығыз байланысты. Ал сөздің мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды.

Сөздің мағыналығы дегеніміз – екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы. Ойы таяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.

Сөздің мәнерлігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Ғұлама Жүсіп Баласағұн: «Ақылды көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп тауып айтқан.

Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін екінші біреуді танып-білу, оған әсер ету үшін қызмет етеді. Сөйлеу интонациясын қабылдау кезінде артикуляциялық аппаратпен де адамның мәнерлі сөлеуі түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу не келіспеушілік білдіріледі. Қазақ тілінде айтулы мақсатына қарай сөйлем хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрық мәнін білдіреді. Ал оларды айту арқылы сезім, тілек, өкініш, қуаныш, бұйыру сияқты адамның. Әр түрлі психикалық көңіл-күйі сезіледі. Мәнерлі сөйлей алатын адамның дауыс интонациясы мен паузасы орнықты (сөз арасындағы кідіріс)  болып қолайлы сөздермен сөз тіркестерін таңдап таба білушілік қабілеті оларға ілесіп отыратын кейбір ылмишараттарымен дұрыс қабысып келіп отырады.

Сөйлеу әрекеті – ми жарты шарларының талдау, жинақтау қызметінің нәтижесі.

Сөйлеу қабілетті – мидың анатомиялық функциясы байланысты болып келетіндігін мына мысалдан-ақ жақсы білуге болады. Егер оның сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға ұшырайды. Мұндай құблысты афазия деп атайды. Мұның екі түрі болады.

Бірі адамның сөйлеу органдары толық сақталғанмен ол сөзге түсінбей қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі. Оған дыбыстау, үн шығару қиынға соғады. Афазияның енді бір түрінде адам өзі сөйлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мұнда ол кейбір заттардың атын ғана есіне сақтай алады. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттануы, қабынуы, ісуі т.б. – афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар. Мұның емін дәрігерлер жасап отырады. Сөздік сигналдарды дұрыс талдай алу адам псикасының дамуында түрлі кезеңдерде көрінеді. Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөз арқылы жүзеге асады.

Психологияның жеке пәндерді оқушыларға нақтылап түсіндіруде алатын орны ерекше, мәселен, психология арқылы грамматикалық ережелерді меңгеруде оқушылардың жан-күйі, сана сезіміне қарай күнделікті практикада жүзеге асырылуы қадағаланып, ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөлінеді. Деңгейлік тапсырмаларды орындау қабілеті оқушының логикалық ойлау әрекетіне байланысты. Ал ойлау әрекеті сөйлеу әрекетінің жүзеге асуына ықпал етеді.

Оқушы хат немесе мазмұндама, шығарма жұмыстарын жазу процесінде өзінің көңіл күйін, пікірін білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің қатынасын, көзқарасын, ойын да білдіреді. Демек, тіл ойды білдіріп қоймайды, сезімді де сыртқа шығарады. Оқушы бір-бірімен сөйлесу арқылы тілдің эмоциялық жағын, дауыс ырғағын, ымдау, қолдау шараларын пайдаланады. Сондықтан тіл психикалық құбылыстарды танып білудің де құралы бола алады. Мысалы: оқушы еліктеуіш, одағай сөздерді айтуда, қолдануда тілдің эмоциялық жағын меңгереді. Сондай-ақ қазір сабаққа қойылатын талаптар тұрғысынан техникалық құралдарды пайдалану, таблицалар, диаграммалар мен диапозитивтер, бейнетаспалар мен үнтаспаларды пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың түсінгенін айту, сөйлеу тілін арттыру жұмыстары жүргізіледі.Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды әр түрлі ойлау әрекеттеріне бейімдейді. Түсіндірілген материалды саналы түрде меңгеруге ықпал жасайды.

Оқу тәрбие ісінде ең қажетті мәселелер мұғалымның психологиялық жағынан дайындығы. Әсіресе қазақ тілін оқытуда мынадай психологиялық ерекшеліктерін меңгеру қажет болады: біріншіден, сөйлеу процесіндегі ерекшелік, екіншіден, жеке оқушының ана тілін меңгерудегі қабілеті ескеріледі. Сондықтан қазақ тілін оқытатын мұғалім өзінің ерекшелігіне қарай психологияны жақсы білуі тиіс. Бала психологиясын сезіне білу жалпы педагогикалық бірліктілікке жатады. Онсыз балалардың оқуында болсын, тәрбиесінде болсын жеке басындағы ерекшеліктеріді ажырата білу мүмкін емес.Баланың жасына, жеке басының ерекшелігіне қарай қарым-қатынас жасай білу дегеніміз  оның жүрек сезіміне жол табу, оқуына, тәрбиесіне ықпал жасай алатын жұмыстың әдістері мен амалдарын белгілеу деген сөз.

Я.А.Коменский бала психикасын үшкен бөледі:

1. Зерек бала

2. Ынжық бала

3. Тік мінез бала

Енді осыны алты кырынан көрсетеді

1. білімге бейім, зерек бала.

2. Ынталы, бірақ шабан, момын балалар.

Оларды қамшыламаса, үнемі бақыламаса, өздігінен тыңдауы төмен.

3. Алғыр, тік мінез, өжет бала. Олар не көп пайда  немесе зиян келтіреді.

4. Тапсырмалы орындағаш, білгісі келетін, білуге тырысатын, бірақ өте жай балалар. Оларды үнемі мадақтап, қолдау керек.

5. Қабілеті төмен, ешнәрсе қызықтырмайды.

6. мінезі бұзық, қытымыр балалар.

Тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатыны белгілі.Сондықтан тілдің әртүрлі деңгейіндегі тілдік бірліктердің ерекшеліктері, сөйлеудің коммуникативті түрлері, сөйлесімдер мен мәтіндердің коммуникативтілігіне негіз болып отыр. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау қажет ететіндігі айқындалды.

Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектеп білімнің негізгі мақсаты оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру.

Соңғы педагог – психологтардың  зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін (топик) құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде жеткізе алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады деген  пікірді тілге тиек етіп отыр. Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Тіл дамытуда мынадай тілдік материалдарды пайдалануға болады:

а) Тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілермен емес, таза «бала тілін» бақылау арқылы жүргізу.

ә) Тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағаздардың тілін пайдалану.

б) Тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу.

Тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі; 1.сөздікпен жұмыс; 2.сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс; 3.байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру жұмыстары.

Тіл — сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі. Пәнді оқытуда оқушылар ағылшын тіліндегі атаулармен, құбылыстармен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру ағылшын тілін игерудің  тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы ағылшын тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс. Ағылшын тілін тыңдап түсіне білу және сөйлей білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе жазу және ағылшын тілінде жазылған мәтінді оқи білу жатады. Тіл қатынас құралы,ол ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады. Ауызша  түрге: тыңдау, түсіну және сөйлеу әрекеті жатады. Жазбаша түрге: оқу және жазу әрекеті жатады.Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді. Оқушы тілді жақсы меңгеру үшін осы төрт дағдының негізі берік қалануы керек.ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.

Білімді толық меңгерту технологиясының ғылыми негізін ашқан америка психологтары Дж.Кэррон мен Б.Блум болса, Россияда М.В.Кларкиннің еңбектері білімді толық меңгерту технологиясы бойынша оқушыларға бірдей уақыт мерзімінде, барлығына бірдей оқу бағдарламасын меңгерту қарастырылады. Сабақ процесінде жаңа сабақты меңгертуге көп уақыт жұмсалады да, оқығанды меңгеру нәтижесі тексерілмей қалады. Сабақтың түпкі нәтижесі негізгі шешімін таппайды. Психологтар Дж.Кэрралл мен Б.Блун бірдей қиындықтағы тапсырманы оқушылардың әр түрлі мерзімде орындауының себептерін анықтады:

•  Қабілеті төмен оқушылар уақытты көп пайдаланғанның өзінде сабақты меңгеру дағдысына жете алмайды.

•  Талантты балалар (небәрі 5%) басқалар орындай алмайтын жоғарғы қиындықтығы тапсырмаларды орындайды.

•  70% оқушы белгіленген мерзімде тапсырманы орындап үлгіретіндер.

Америка психологтары Дж.Кэрралл мен Б.Блум оқушыларды деңгейлік саралау барысында 3 деңгейді белгіледі:

1) минимальный (төменгі деңгей)

2) базалық (орташа деңгей)

3) шығармашылық (жоғары деңгей)

Осы үш деңгей бойынша мынадай қағидаларға тоқталады:

1) жалпы қабілетті – қабілетсіз бала  жоқ, өз ісімен айналыспайды;

2) өзара сәйкестік, өзара жарысу басқа оқушыдай білмегенмен, іздені арқылы дамып жетіледі.

Деңгейлік тапсырмалар сынып оқушыларының психологиялық жас ерекшеліктері мен білім қорларын ескеріп жасалады. Сонымен бірге мемлекеттік стандартта белгіленген білім беру қызметінің көлемі мен сапасы, жеке тұлға қалыптастыру талаптары жауап берсе, оқушының қызығушылығы мен бейімділігіне байланысты мүмкіндік деңгей жұмыстарын орындату арқылы әрі қарай дамыту жұмыстары жүргізіледі. Деңгейлік тапсырмаларды құру кезінде, 4-сынып оқушыларының физио-психологиялық ерекшеліктері ескеріліп, сөйлеудің түрлері қамтылды. Сыртқы сөйлеудің ауыз екі (бұл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу жұмыстары енгізіледі. Ауызша сөйлеудің диалог және моногол түрлері тапсырмада орындалады. Пікірлесудің қандай түрлері болса да сөйлеу кезінде сөз арқылы жүзеге асады. Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі диалог сөйлеу болса, ол деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар мынандай психологиялық ерекшеліктерімен байқалады.

а) диалогта сөз бөгелмей еркін айтылады, ойды кең жайып айтуды тілемейді;

ә) сөйлем ықшам келеді, сүйемелдеп айтуды қажет етеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады;

б) диалогтың қисындығы, мазмұны кемдеу болады;

в) диалог сөз кең түрде жоспарланбайды, кейде тіптен сөз айтпай, ым-ишаратпен де көрсетіле салуы ықтимал.

Монологтық сөйлеу. Тапсырмадағы монолог сөздерді орындау кезінде ол тек адамның, лект, баяндамашының, мұғалімнің, оқушының сөзі екендігі ескеріледі.

а) монолог сөзге жсопар құрылып, толық, белгілі бір жүйемен баяндалады;

ә) логикалық ойлау жағынан қатаң талаптар қойылады.

б) мағыналығы, түсініктілігі, мәнерлілігі талап етіледі.

Сөйлеу әрекеті – үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. А.А.Монтьевтің айтуынша, сөйлеу әрекеті, теориясына сай, барлық тілдік әрекет сияқты белгілі бір динамикалық құрылымда болады екен. Тілді интелектуал қызметінің құралы ретінде ала отырып, психолог-ғалымы былай көрсетеді:

  1. Сөйлеу әрекетін жоспарлау
  2. оны жүзеге асыру
  3. салыстыру мен бақылау

Сөйлеу іштей сөйлеу және сырттай сөйлеу болып екіге бөлінеді. Ал, сырттай сөйлеу ауызша, жазбаша, монологтік және диалогтік болады. Сонымен, психология ғылымында сөйлеу әрекеті ішкі және сыртқы сөйлеу деп аталатын үлкен екі түрге, сонан кейін сырттай сөйлеу ауызша, жазбаша болып тағы бөлінеді. Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірмен тығыз байланыста іске асып отырады. Өйткені олардың физилогиялық негізі бір, ол негіз – мидың жарты шарларының қабығындағы екінші сигнал системалары.

Психолог Т.Тәжібаев: Ауызша сөз бен жазбаша сөздің арасындағы үлкен айырмашылықтар бар, ол айырмашылықтар балалар тілінде айқын көрінеді – дей келіп, бұл айырмашылықтардың себебі жазбаша сөздің өзгешелігінде, оның механикалық құрылысының күрделілігінде дегенді айтады. Жазып сөйлегенде логикалық байланыс күшті сақталады. Ауызша сөздің бағыты да, мазмұны да әңгімелесуші оқушылардың пікіріне байланысты өзгеріп отырады.

Ауызша сөйлеу – кезінде актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күн сайын жиі қолданылатын сөздер болғандықтан деңгейлік тапсырмалардың барлық түрлерінде кездеседі. Пассив сөздер сирек пайдаланылатын, мән-мағынасын түсінгенмен күн сайын қолданылмайтын сөздер болғандықтан, ол шығармашылық деңгей тапсырмаларында ғана кездеседі. Мәселен, ғылыми-техникалық атаулар, лингвистикалық, фонетикалық т.б. атаулар. Сөйлеудің ерекше бір түрі жазбаша сөз. Бұл арнаулы әдістер арқылы мектеп қабырғасына келгеннен кейін меңгеріледі. Жазбаша сөйлеу адамның  сөйлеуінің  біршама  дамыған кезінде ғана пайда болады. Қолға қалам-қағаз ұстап жазып үйренгеннен  кейін  басталады.

Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:

а) жазған кезде ым-ишара қолданылмайды;

ә) логикалық жағынан өте қатаң талап қойылады;

б) грамматикалық ережелерді сақтау қатаң ескеріледі;

в) жазған адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап оған қажетті баламалар, мағыналы сөз тіркестерін іздейді. Бұл күрделі ой жұмысын қажет етеді.

Сөйлеудің жеке бір түрі – ішкі сөйлеу. Бұл тілдік материалдар негізінде дауысталмай – ақ сөйлей алудың көрінісі. Әр ұлттық өкілі қандай да бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сөйлеуін пайдаланады. Мәселен, жиналыста сөйлейтін оқушы өзі іштей сөйлеп дайындалуы ықтимал. Сыбырлап сөйлеп дайындалуын да мүмкін.Ішкі сөйлеудің сыртқы сөйлеуге алмасуы экстериоризация деп аталады. Сөйлеуші бұл үшін жатығады. Сыртқы сөйлеуді ішкі сөйлеуге айналдыру – интериоризациядеп аталады. Бұл мектепке дейінгі жастағы балаларда жиі кездеседі.

Сонымен оқушыға білім беру барысында сөйлеу тілінің дамуы үшін төмендегі жағдайларды қалыптастыруымыз қажет.

Біріншіден, тілі дамуы үшін бала міндетті түрде үлкен адамдармен сөйлеу қарым-қатынасында болуы шарт.

Екіншіден, үлкендердің сөйлегенін түсіну үшін баланың реакциясы болуы тиіс және оны эмоциялық түрде қабылдауы керек.

Үшіншіден,басқа адамдардың сөзін түсінуден баланың өзінің сөйлеу процесі өте кеш қалыптасады, сондықтан осыны ескеру қажет.

Төртіншіден, баланың сөйлеу тілінің жетілуі – оның өзінің сөйлеуінде тілдің грамматикалық және синтаксистік түрлерін дұрыс қолдана бастауы.

Сөйлеуге үйретуге арналған еңбектің ішіндегі құнды еңбектің бірі – В.Л.Скалкиннің «Өзге ұлтқа ауызша сөйлеу тілін үйретудің негізі» атты еңбегі. Бұл еңбек екі тақырыптық бөлімнен тұрады.

І. Бөлім ауызша тіл дамытудың қатысымдық, психологиялық және лингвистикалық негізіне арналып, мұнда ауыз екі тілді дамытудың клмпоненттері мен категориялары қарастырылады. Еңбектің ІІ бөлімі толығымен әдістемелік мәселелерге арналған.

Еңбекте ауызша сөйлеудің жалпы принциптері, лингво-әдістемелік негізі талқыланады және оқыту материалдарын сұрыптау, оны ұйымдастырудың, оқытудың әдістемесі, сонымен бірге сөйлеу мен тыңдауға арналған жаттығулар жүйесі берілген. Әсіресе, бұл еңбекте сөйлеуге үйретуге арналған жаттығуларды а) жаттықтыру жаттығуы, ә) қатысымдық жаттығу деп екіге бөліп, әрқайсысына жеке-жеке тақырыптық жаттығулар ұсынады.

Мәселен: қатысымдық жаттығуларды сұрақ-жауап; ситуациялық; мазмұндама; пікірлесу; ауызша мазмұндау; инициативтік жаттығу және ойын жаттығу деп бөліп берген.

Адам психологиясының нәзік сырларын бақылаған А.С.Макаренко да балалармен күнделікті сөйлеу барысында дауыс ырғағына ерекше көңіл бөлген. Балалармен сөйлескенде эмоция мен сезімнің басым болуы қажеттігін, мұғалім өзінің дауыс ырғағына, дикциясына назар аудару керектігін айтады. Сыртқы объективтік шындықтың әсерінен адамның есту, көру сезімдері дамып, адамның ойлау қабілеті артады. Ойлау арқылы сыртқа шығып, адам ойын жеткізуші құралдың ролін атқарады.

Белгілі бір тілде сөйлеу үшін адам тілдік құралдарды саналы, дұрыс пайдалана білу керек. сөйлеу тілін арттыру жұмыстарын жүргізгенде ол көзбен көру, құлақ пен есту, мимен ойлау арқылы іске асады. Ойлау жүйесінің нәтижесінде сөйлесім әрекетінің маңызы зор. Сондықтан тілді оқыту барысында оқушының жеке қабілеті, ойлау дағдысы, сана-сезімі, жан-дүниесі ескеріледі. Сөйлеу тілін дамытудың психологиялық негізі тіл мен ойлауға келіп тіреледі. Сөйлеу тілін дамыту түйсіну, қабылдау, ес пен ойлау және қиял негізінде іске асады.

Ал оқушылардың жеке ерекшеліктері (темперамент, қабілет, мінез) сөйлеу, жазу жұмыстарымен тығыз байланысты.

Психолог Н.И.Жинкин «Коммуникативная система человека и развитие речи в школе» деген еңбегінде. «Сөйлеу – интелектінің даму Каналы, сөйлеу тілінің механизмдерін іске қосу – сөз бен буынның бейнесін қайта жаңғыртудан басталады», дейді. Н.И.Жинкиннің еңбегінде сөйлеу әрекетінің қызметтері төмендегідей белгіленеді.

Сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметтері ғылыми тұрғыдан 3-түрлі салаға топтастырылады.

  1. Сөйлеудің коммуникативтік қызметі
  2. Сөйлеудің сигнирикативтік қызметі
  3. Сөйлеудің экспрессивтік қызметі

Сөйлеудің коммуникативтік қызметінің түрі өте көп. Блімідік қатынас, хабар алмасу, бірнеше адамның қатысы, топтар мен қоғамдық қатынастар, зат алмасу қатынасы т.б. Коммуникативті әрекет сөзбен де, сөзсіз де (ізет, құрмет, қозғалыс т.б.) болады.

Сөйлеудің сигнификативтік қызметі бойынша адамдар бір-бірін белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады. Ым-ишара осы топқа жатады.

Сөйлеудің экспрессивті қызметі үнмен мәнермен сөзбен, құлаққа жағымды, көңілге қонымды күйінде өзгелерге жан дүниесін тебірентіп жеткізілуі. Бұл әрекетте сөйлеген сөз – адам психикасына күшті әсер ететін тітіркендіргіш болады.

Сөйлеу дегеніміз – тіл арқылы ойдың басқа біреуге жеткізілуі, ал сөйлем – ең басты тілдік единициалардың бірі, толық коммуникативтік қызметі бар синтаксистік единица деп жазады тілші – ғалым К.Аханов өзінің «Тіл білімінің негіздері» атты кітабында.

М.Жұмабаев: Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа шығара аламыз деп жазады . Сөйлеу қалай пайда болады? – деген сауалға тоқталатын болсақ, жай қарағанда сөйлеу арқылы қатынас жасау оп-оңай сияқты. Біреу сөйлейді, екіншісі тыңдайды, сөйтіп өзара ұғысады. Сөйлеу дегеніміз –тілдік материалдар арқылы жүзеге асу, тілдік заң ережелеріне, тілдік нормаға бағыну. Сөйлеу — әрекет, сөйлеу – тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы. Сөлеу – тілдің жаны, тіршілігі. Шебер сөйлеу де өнер. Сөйлеу білмегендер: күлдіреш деп күйдіреді; білдіреш деп бүлдіреді; жұбаташ деп жылатаду; қуанташ деп қуартады.

Сөйлеу тілінің дамуы -өте күрделі процесс. Ол оқушының психикалық дамуына, әсіресе ақы-ой дамуына тікелей байланысты. Тірі организм үздіксіз дамып өзін қоршаған ортаға бейімделіп отырады.

И.П.Павловтың іліміне сәйкес, даму дегеніміз ішкі нерв процестерінің және қоршаған шындық өмірдің адамға үздіксіз көрсетіп отырған сыртқы ықпалдарының өзара әрекеттестігі, бұл процесс қоршаған орта мен организмнің теңдесуі болып саналады. Баланың сөлеу қабілетінің дамуына үш негізгі фактор әсер етеді.

  1. Тұқым қуалаушылық (ішкі сала)
  2. Орта (сыртқы сала)
  3. Тәрбие (ішкі және сыртқы сала)

Биологиялық тұқым қуалаушылық пен әлеуметтік ортаның баланың сөйлеу қабілетін дамытуға әсері зор. Қабілеттілік тәрбие арқылы жетіледі, іске асады.


Тағы рефераттар