Батыс Анды туралы қазақша реферат

Андылық Батыс Анд геосинклинальді бөлігінің күрделі және әртүрлі қатпарлы құрылымдарын қамтиды.Морфогенезінде жанартаулықтың (Эквадор Андылары),өзендік немесе мұздықтың эрозиясы (Перу мен Патагон Андылары) ролі зор облыстармен қатар мұнда рельефінде тектоникалық құрылыстың анық байқалған үлескілері (Кариб және Солтүстік – Батыс Андылар ) де немесе күрделі әр жастағы полигенетикалық құрылымдық – морфологиялық кешендер (Орталық Андылар ) бар.

Қиыр солтүстік – шығыста бәріненде жасырақ Кариб Андылары (сур. 60) орныққан. Салыстырмалы түрде таулардағы жастығына қарамастан, олардың антиклиналдері өткізген.(Ең биігі 2765 м – Найгуата тауы) және өзен эрозиясымен терең тілімделген.

Солүстік – Батыс Андылар солтүстікке қарай желпіуіш тәрізді тарайтын тау аралық ойыстар мен ойпаңдармен бөлінген жоталар – антиклинориялар жүйесінен.Жүйелердің қалыптасуына соңғы жаңа айырылымдар, көтерілімдер мен түсірілімдер үлкен әсер еткен.

Шығыс жоталары (шығыс Кордильерасы биіктігі 5600м, Кордильера – де – Мерида – 5000м дейін, Сьерра – де – Периха- 3750м дейін және Сьерра – де –Невада – де – Санта – Марта – 5774 м дейін) ежелгі ядролар мен шөгінділер бар қабықтан тұрады. Кристалды жыныстардан құрылған және ежелгі, шамалы осы заманғы мыс құрсауланумен өзгертілген тау сілемдері альпі қалпы түрінде; Шығыс Кордильердің орталық бөлігінде 2500 – 3500 м биіктікте кең пенепленделінген үстірттер сақталған. Барлық жоталар өте жас эрозиялық тілінділері бар жарқабақты бөктерлермен көмкерілген

Орталық Кордильердің айқындауымы белгісі интрузиялар мен жанартаулылық; оның биік нүктелерін Руис жанартауы – 5400м , Толима – 5215м, Уила – 5750м және т.б. құрайды. Жас жағалаулық батыс кордильер – Серрания – де – Баудоға көбінесе эрозиялық қалыптар тиісті. Кордильерді бөлетін терең Маракайбо,Магдалена және Кауки – Патии ойыстары негізінен континентальді әкелімдермен толыққан; Атрато – Сан Хуан ойпаңы неоген кезінде ақ Тынық және Атлант мұхиттарының  арасындағы бұғаз болған.

Эквадор Андыларындағы негізгі морфогенетикалық процесстер – жанартаулық сипатта.Қиыр Кордильерлердің (батыс және шығыс) қатпарлы  құрылымдарына жарықтары сызығы бойынша өшіп қалған (Чимборасо – 6272м)және сөнбеген (Котопахи – 5896м, Антисана – 5704м , Сангай – 5410м) жанартаулар конусы отырғызылған. Олардың атқылауының өнімдері тау аралық ойпаттарды толтырып, биік үстірттер жүйсіне «бассейндерге айналған».

4˚ 30΄ — 28˚ о.е.арасында Орталық Андылардың өте енді (150 км дейін) кесіндісі орналасқан.Олар үшін биік шеткі жоталармен көмкерілген, 400мдейін жететін аумақты ішкі біртегіс қыраттар – альпілік (батыста ), герциндік (шығыста ) құрылымдардың тегістелу беттері тән.

Перу Андыларында (14˚30΄о.е., дейін) осы заманғы жанартаулылық жоқ.. Батысындағы биік қыраттары оның ішінде Кордильера Бланка (Уаскаран тауы 6768м) мезозойлық анд қалыңына енген , өте үлкен интрузиялардан тұрады; осы заманғы ежелгі мұздануларда сілемдерге айқын альпілік сипат берген. Жуықта болған қуатты көтерулердің салдарынан бір тегіс қыраттар Мараньон мен Уальяга мен Укаяли бастаулары каньондарымен бөлініп тасталынған. Перу Андыларының шығысында тастамалар мен эрозия палеозой құрылымдарында биіктігі 6300м жететін қыраттардан белгіленген, олрадың жоталары мұздық қалыптарға ие.

Орталық Андылардың оңтүстігінде, Батыс Кордильерде және тау аралық үстірт (пунас) тің батыс бөлігінде осы заманға (Мисти – 5842м, Сан – Педро – 5970м, Льюльяйльяко – 6723м т.б.) және ежелгі (Коропуна – 6613м, Сахама – 6780м, Охос – дель – Саладо – 6885м және т.б.) жанартаулар мен лавалық жамылғылар тағы да кең тараған. Климаттың өте құрғақтығы себебінен жанартаулардың конустары фирн бас киіміне оранған. Климаттық және орграфиалық себептерге байланысты ішкі бір тегіс қыраттар ішкі ағын облысы болып есептелінеді және тау жұрнақтары – жақпарлылық және жанартаулық қыраттармен бөлінген бір қатар қазаншұңқырлардан тұрады. Боливия Пунасының (Альтиплано) төмендеген батыс бөлігінде қазаншұңқырлардың табаны қалдықты көлдермен немесе плейстоцендік сулардың орнындағы тұзды тақырлармен қалыптасқан. Рельеф түзудің осы күнгі процесстерінде физакалық тозаңдану, жел эрозиясы, беткейлік шайылу мен қазаншұңқырлардың ұсақталған және жанартаулық материалмен толтырылуы негізгі роль ойнайды. Пунаның шығыс көмкерілу белдеуінде айырықша мұз құрсаулануы және альпілік қалыптарымен Кордильера Реаль (6550м дейін) сілемі ерекшеленеді. Пунаның ылғалды шығыс шеті эрозиямен терең бөлінген. Орталық Андтар шығысында синклинальді аңғарлармен бөлшектелген, жас қатпарлы Субандтық Кордильермен көмкерілген.

Батыста, алғашқыда жеке звенолармен соңынан тұтас басым бөлігі интрузиялардан құрылған Жағалаулық Кордильер (3200м биіктікке дейін). Одан шығысқа қарай 22 – 27˚ о.е аралығында Атакама шөлі мен өнебойлық тектоникалық депрессия орналысқан. 5˚тан 20˚ о.е дейін Андтық тынық мұхиттық бөктерінің барлығында морфогенезде шөлдік процесстер басым.

Чилилік – Аргентиналық Андыда Жағалаулық Кордильердің құрылымы айқын көрінеді. Бойлық немесе Орталық Чили аңғары тектоникалық ойысы мен Бас Кордильер оған шығыста 35˚ о.е. дейін Кордильер алды жақпарлы массиві еңген.

Бас Кордильер – еніп кеткен интрузиялармен қоса мезозойлық шөгінді – эффузивті қалындықтан құралған. Ең биігі (Аконкагуа тауы – 6960м). Мұнда тиісінші жанартаулар өте көп.

Оңтүстік бағытқа қарай температураның төмендеуі мен ылғалдың көбеюіне байланысты жанартаулылықпен қатар су – эрозиялық процесстер, ежелгі – мұз басуының соңынан қазіргі мұзды эрозия мен аккмуляция үлкен роль атқарады. Өнебойлық аңғардың ойысы аллювиальді және мұздақты әкелімдермен толыққан, Жағалаулық Кордильер өзен эрозиясымен тілімденген.

Анд жүйесінің ең оңтүстік және ылғал кесіндісі – Патагония Андтарында биіктіктерінің аласа болуына қарамастан (ең биік нүктесі Сан – Валентин тауы – 4058м) мұздықты морфология басым; осы заманғы мұзбасуы кең тараған, барлық Андтардың ішіндегі ең қуаттысы; солтүстік жағына осы дәуірлік жанартаулылық тән. Оңтүстік Андтардың батуына байланысты Жағалаулық Кордильер жағалай аралдар архипелагіне, Бойлық аңғар – бұғаздар жүйесіне, ал Патагон Кордильерінің суға батып кеткен сілемдері фиордтарға айналған.
Тағы рефераттар