Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі өзінің қағидаларын жасауға педагогика ғылымының мәліметтеріне сүйенеді. Бірақ педагогика ғылымы, практикасыз оқыту өнерін меңгеру нәтижесіне жете алмайды. Ол тек қана жалпы қағидаларды көрсетумен ғана шектеледі.Осыған керісінше жалғыз оқыту әдістемесі педагогикасыз мұғалімге оқу процесін дұрыс құра білуге мүмкіндік бере алмайды. Мұғалім мектептегі педагогикалық қызметін сәтті жүргізу үшін, оған қазіргі дидактиканың негізгі қағидаларын жақсы біліп, оны практикада шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.

Педагогика ғылымы оқыту мен тәрбиені танымдық, диалектикалық материализм тұрғысынан алғанда дидактикалық принциптер жүйесін анықтайды. Сондықтан тәрбиелей отырып оқыту және идеялық бағыттылық принципі басты орын алады.

Диалектикалық дүниетаным мен адамгершілік тәрбиесін беру қазіргі мектептің негізгі міндеттерінің бірі. Бейнелеу өнері тәрбиелеп қана қоймай адамға қоршаған ортаны тануға көмектеседі. Білім беру, жолы оқушыны ғылыми мәліметтерге негізделген лайықты білімге апаруға тиіс. Бұл жерден екінші принцип – ғылымилық принципі туындайды.

Мұнан соң көрнекілік принципін айтуға болады. Балаларға меңгертілетіндердің бәрі көру арқылы қабылдауға негізделуі тиіс. Бұл бізден заттар мен құбылыстарға таным негізі ретінде қарауды талап етеді. Оқушылардың білімінің шыншлыдығына практика көз жеткізеді. Сондықтан да оқушылардың саналылығы мен белсенділігі принципі дидактикалық принциптердің маңыздыларының бірі.

Балалар өз, білімдерін нақты және берік меңгергенде ғана оларды қолдануға мүмкіндік алады. Осыдан келіп білімді меңгерудің беріктілігі принципі шығады.

Бейнелеу өнерін оқыту барысында қолданылатын принциптің бірі-жүйелілік принципі. Бейнелеу өнерін оқыту белгілі бір жүйеге құрылады. Заттардың суретін салудың өзі бірінші — заттың өлшемдерінің қатынастарын айқындау, формаларына талдау, кеңістіктегі орнына сипаттама беру; екінші зат құрлысын қағаз бетінде жобалау, зат құрлысын салу, формасын шығару, кеңістіктегі қалпын көрсету сияқты үлкен екі жүйеден тұрады

Оқыту барысында біз оқушыларды аз білімнен, көпке, жұмыстың қарапайым дағдыларынан күрделі, дағдыларын меңгертуге басшылық көрсетеміз. Бұл жерде біз жүйелік пен бірізділік принциптерін басшылыққа аламыз, ал бұлар оқытудың лайықтылық принциптерімен тығыз байланысты.

Сонымен мұғалім өзінің педагогикалық қызметінде тәрбиелей отырып оқытушылық, ғылымилық көрнекілік, саналылық және белсенділік, меңгерген білімінің беріктігі, лайықтылық принциптерін басшылыққа алады.

Енді,  бейнелеу өнерін оқытуға байланысты  осы  принциптерді  қолдану мәселелеріне байланысты қарастырамыз.

Дидактика гректің “didaktikos” деген сөзінен шыққан. “Оқытамын” білдіремін деген мағынаны білдіреді. Дидактика — педагогиканың негізгі бөлімі. Бұл бөлімді оқыту теориясы деп атайды.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі болашақ мұғалімдерді, оқушыларға көркемдік білім беруге эстетикалық тәрбие беруге және олардың жеке тұлғалық қабілеттерін қалыптастыруға дайындау мақсатын көздейді.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі мәселелері: бейнелеу өнерін оқыту үрдісі; бейнелеу өнерін оқыту заңдылықтарын ашу; көркемдік білімнің мазмұнын ашу; бейнелеу өнерін оқытудың формаларын айқындау; бейнелеу өнерін оқытудың тиімді әдістерін айқындау;  бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру жолдарын айқындауды талап етеді.

Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты оқушыларға көркемдік білім беру, эстетикалық тәрбие беру және олардың жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту болып табылады. Бейнелеу өнерін оқытудың негізгі категорияларына, бейнелеу өнерін оқыту процесі (үрдісі); оқу үрдісі; оқыту үрдісі; оқыту принциптері; көркемдік білім беру мазмұны, оқытуды ұйымдастыру формалары кіреді. Бейнелеу өнерін оқыту үрдісі осы пән мұғалімнің оқушыларға көркемдік білім мен бейнелеу іскерліктерін, дағдыларын меңгертуге бағытталған іс-әрекеті болып табылады.

Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға көркемдік білім беріледі. Көркемдік білім берудің мазмұнын бейнелеу өнері негіздерін құрайтын білімдер мен бейнелеу дағдыларының жүйесінен құралады.

Бейнелеу өнерін оқыту принциптері – оқыту үрдісінің тиімділігін арттыруға қажетті дидактикалық талаптардан құралады. Олар көрнекілік, ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, өмірмен байланыстылық, лайықтылық, саналылық түрлеріне бөлінеді.

Бейнелеу өнерін оқыту әдісі дегеніміз — мұғалімнің бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың бейнелеу іс-әрекетіне басшылық ету тәсілдерінің жүйесі. Оқыту әдісі арқылы оқушыларды көркемдік біліммен, бейнелеудің іскерліктері мен дағдыларымен қаруландырады. Оқыту әдісі -мұғалім мен оқушы арасындағы танымдық – педагогикалық әрекет болып табылады. Бұл оқушы үшін танымдық — бейнелеу іс-әрекет болса, мұғалім үшін, оқушының көркемдік білімді меңгеруіне басшылық жасау мақсатын көздейтін қызмет. Оқыту әдісі арқылы мұғалім оқушының танымдық практикалық іс-әрекетіне жетекшілік жасайды.

Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз — мұғалім мен оқушының арнайы ұйымдастырған, тәртіп пен режимде жүргізілетін оқулық – танымдық іс-әрекет процесі.

Бейнелеу өнерін оқыту процесі – бейнелеу өнерінің негіздерін құрайтын білімдер жүйесін меңгерту мен бейнелеу икемділігі мен дағдыларын оқушыларға меңгертуге, жеке бастың жан-жақты дамуы мен ақыл-ой тәрбиесінің алдында тұрған міндеттерді шешуге арналған мұғалімнің іс-әрекеті деп түсінеміз. Бейнелеу өнерін оқыту процесі-мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің қосындысы. Оқыту процесі оқушының танымдық іс-әрекетіне бағытталған процесс.

Оқыту процесі оқыту теориясына негізделеді. Оқыту теориясы өз дамуында үш негізге сүйенеді. Олар: 1) оқыту теориясының шартты заңдарының философия ғылымы негізінде дамитындығы. 2) өткен заманнан қалған педагогикалық прогресшіл ұлы мұраның осы күнгі оқыту теориясын дамыту үшін бірден-бір білімнің сарқылмайтын қайнар көзі болып табылатындығы; 3) мектептердегі мұғалімдердің озық тәжірибелерінің оқыту теориясының дамуына ықпалы. Оқу процесі негізінде педагогтың өзіне тән даралық қолтаңбасы мен шығармашылығы қалыптасады.

Оқу процесі-ақиқат дүниені танып білу процесі. Ал танып білу ақиқат дүниенің адамның сана сезімінде бейнеленуі. Адамның сана-сезіміндегі ақиқат дүниенің бейнелену жолын мынадай формуламен көрсетуге болады: нақты пайымдаудан австрактілік ойлауға және онан практикаға көшу, ақиқатты тану обьективтік реалдық шындықты танудың диалектикалық жолы болады.

Бейнелеу өнерін оқу процесі бейнелеудің практикалық икемділіктері мен дағдыларын меңгеруге бағытталған оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеті түрінде де қарастырылады. Оқу процесі ақыл-ой тәрбиесін беруге арналған оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеті.

Оқу процесіндегі оқушылардың таным әрекетінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар атап айтқанда:

1.Оқушылар ғылымдар зерттеген жүйені өздігінен оқу арқылы танып         біледі. Олар ғылымның ашылған жетістіктерін игереді.

2.Оқушылардың   таным қабілеттерін дамыту үшін бейнелеу өнері пәні бойынша маңызды білімдер негіздері іріктеліп алынады.

3. Оқу   процесінің   ерекшелігі   оқушылардың   оқуды   әрі   қарай жалғастыруға және  өз  бетінше  еңбек  әрекетіне  дайындалуына қажетті іскерлік пен дағдыны игеру болып табылады.

4. Бейнелеу өнері сабағындағы таным процесі тек білім берушілік қана емес, сонымен қатар тәрбиелеушілік, дамытушылық сипатта болады. Білімді игеру барысында оқушылардың көзқарастары мен сенімдері қалыптасады.

5. Оқушылардың     таным     процесі     олардың     жастарына     сай ұйымдастырылады.

6. Бейнелеу     өнері     сабақтарында    таным     процесі     мұғалімнің бағыттаушылық рөлімен байланысты іс жүзінде асырылады.

Бейнелеу өнерін оқыту мазмұны, оқытудың мақсаты міндеттеріне байланысты анықталады. Бейнелеу өнерін оқыту заттар мен құбылыстарды бейнелеуге үйрету, белгілі тақырыптар бойынша композициялық суреттер салуға, сәндік безендіру жұмыстарының икемділік пен дағдыларын меңгерту, өнер шығармаларымен таныстыру бағыттарын қамтиды.

Бейнелеу өнері мектептегі оқушыларға көркемдік білім негіздерін бейнелеудің ептіліктері мен дағдыларын меңгеруге, эстетикалық тәрбие беруге, олардың әсемдік талғамдарын, дүниетанымын қалыптастыру, ақыл-ойын дамыту мақсатын көздейтін оқу пәні болып табылады. Бейнелеу өнерін мектепте оқытудың нәтижелі болуы бейнелеу өнерінің мұғалімнің қызметімен сипатталады.

Ғылыми педагогтардың әдебиеттерді сараптау мен тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмыстары бейнелеу өнері мұғалімнің педагогикалық қызметке деген дайындығын жалпы педагогикалық-психологиялық, көркемдік – графикалық, өнертанымдық, әдістемелік дайындық түрлерін бөлуге болатындығын көрсетеді.

Бейнелеу өнері пәні мұғалімнің жалпы педагогикалық-психологиялық

дайындықтары, педагогика мен психология ғылымдарының теориялық білімдерін меңгергендігі мен тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырудың іскерлік пен дағдыларын педагогикалық практикада қолдана білуімен сипатталады.

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімнің көркем-графикалық дайындығы кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнерден, мүсіннен көркемдік білімдер негіздерін меңгеруімен осылар бойынша бейнелеудің іскерлік пен дағдыларын меңгеру деңгейінен көрінеді.

Бейнелеу өнері мұғалімінің дайындығы өнертанымдық бейнелеу өнерінің тарихынан, бейнелеу өнерінің сынынан, бейнелеу өнерінің даңықты шығармалары, көрнекті суретшілердің, мүсіншілер мен сәндік қолөнер шеберлерінің өмірі мен шығармашылығынан білім жүйесін меңгергендігімен сипатталады.Сонымен қатар белгілі бір өнер туындысының көркемдік ерекшеліктеріне өнер тарихы мен сыны тұрғысынан талдау жасау, өнер туындысының композициялық құрылымы, орындалу техникасы, колориті тұрғысынан талдау іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуынан көрінеді.

Бейнелеу өнері пәнінің әдістемелік дайындығы үлкен екі дайындық түрінен тұрады: біріншісі-бейнелеу өнерінің оқыту әдістемесінің теориялық білімдерін меңгерумен өлшенсе; екіншісі-бейнелеу өнерін оқытудың практикалық іс-әрекеттерін меңгеру деңгейімен айқындалады.

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімнің әдістемелік дайындығының теориялық мәселелерін құрайтын білімдер жүйесі бейнелеу өнерін оқыту мазмұны, оқыту формалары, әдіс-тәсілдері, бейнелеу өнерінің сабақтарын ұйымдастыру, бейнелеу өнері сабағынан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, бейнелеу өнерін оқыту принциптері ұғымдарын біріктіреді.

Бейнелеу өнері мұғалімнің әдістемелік   қызметі бірнеше бағыттарға бөлінеді.

1.Оқушылардың көркемдік білімдерінің деңгейін алғашқы бейнелеу сауаттылығын, бейнелеудің іскерлігі мен дағдыларын меңгергендігіне диагностика жасау қызметі;

2.Оқушыларға   көркемдік   білім   мен   эстетикалық   тәрбие   беру мақсатындағы оқыту үрдісін жоспарлау қызметі;

3.Оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру үрдісін ұйымдастыру қызметі;

4.Оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған оқу — тәрбие жұмыстарына сараптау және талдау жасау;

Бейнелеу өнері мұғалімінің ең бірінші дайындық формасы, оның оқушылардың қазіргі кезеңде көркемдік білімдері, бейнелеу сауаттылығын, бейнелеу іскерліктері мен дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігін айқындау болып табылады. Оқушылардың көркемдік білімдері мен бейнелеу іс-әрекеттері меңгергендігіне диагностика жасау мұғалімге көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру жұмыстарын дұрыс жоспарлап, ұйымдастыруға жәрдемдеседі. Мұғалім тексеру негізінде алынған мәліметтерді сараптау нәтижесінде оқушылардың бейнелеу жұмыстары мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды қандай бағыттарда жүргізуге болатындығына бағдар алады. Олардың әсемдік сезімі, талғамы, қызығушылығы қандай деңгейде екендігін біліп оларды дамыту үпіін қандай іс-әрекетке бару қажеттігін айқындайды. Оқушылардың өнертанымдық түсініктерінің деңгейін біліп, олардың деңгейін арттыру үшін қандай әрекеттерге бару керектігін айқындайды. Бұл іс-әрекеттер көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиенің, оқушыны жеке түлға ретінде дамытудың, сапасын арттыруға ықпал етеді.

Өнердің адамға деген әсерін, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарында қолдануға кең көлемде мүмкіндік туғызады. Біз балаларды өнерге тартуда, оларға өнердің мақсат міндеттерін, қоғамдағы өнердің орнын ашып көрсетеміз.

Бейнелеу өнері өмір құбылыстарын көркем образдар арқылы ашып көрсете отырып, өмірдегі әсемдікті танытудың сенімді құралына айналады. Адамның сезімдеріне әсер ете отырып, адам сезіміне қозғау салып, ақыл-ойын қалыптастырады, жеке тұлға ретінде дамуына ықпал етеді. Бейнелеу өнерінің осы қасиеттерін мұғалім оны оқу тәрбие мақсаттарына қолдануы тиіс.

Мұғалім бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақтарда суретшілер Ә.Қастеевтің «Колхоз тойы», Қ.Телжановтың «Жамал», В.Крыловтың «Шахтерларды майданға шығарып салу», С.Айтбаевтың «Бақыт», К.Молдашевтің «Байқоңыр» атты картиналарының иллюстрацияларын қолдану арқылы оқушыларға еліміздің ерлік жолдарын көрсетеді. Өнер туындыларын таныстыру барысында еліміздегі колхоздастыру кезеңінен, ¥лы Отан соғысындағы ерліктерін сөз ету арқылы мұғалім балаларға аға ұрпақтың отансүйгіштігін, елжандылық сезімдерін үлгі етіп көрсетеді. Бұл жерде мұғалім суретшінің өмірдегі әсемдікті тауып, нені мұрат тұтқандығын, ненің шығармашылық ойына қозғау салғандығына назар аудару маңызды.

Идеялық эстетикалық тәрбиенің ұтымды болуы оқушылардың қоршаған ортаға деген сезімдерін бейнелеп көрсетуіне байланысты. Бұл мәселе өмірдің өзі тудырған мәселе.

Мұғалім эстетикалық тәрбиемен айналыса отырып өнерге деген оң көзқарасты қалыптастырады, қоғамдағы өнердің орнын ашып көрсетеді. Мектептегі бейнелеу өнерін оқыту балаларға қоршаған өмір шындығын танып, өнерді олардың санасына, сезімі мен еркіне әсер етеді. Мұғалім бұл міндеттерге көңіл бөлудің маңызын түсіне білуі қажет.

Бейнелеу өнерін оқытудағы ғылымилық принципі, оқушыларға оқудың әрбір кезеңінде, сатысында бейнелеу өнерінің ұғымдарын үйретуді талап етеді, ал осы ұғымдарды оқыту әдістері арқылы үйретіледі. Мұғалімнің оқушыларға ұсынатын білімдік материалдары осы заман ғылымының дәрежесіне сәйкес болуы керек. Ғылыми білімдердің шеңбері үнемі кеңи береді. Ал балалардың білім алу қабілеттілігі, өсіп отыратын ғылымның шеңберіндегідей кеңейе алмайды. Сондықтан ғылымның оқу мазмұны үстіндегі қажетті материалын іріктейтіндей принциптерді табу қажет.

Бейнелеу өнерінің ғылыми негіздерін жарық-көлеңке перспектива, түстану симметрия композиция заңдылықтарымен оларды бейнелеудің ережелері құрайды. Мұғалім бұл заңдылықтармен оқушыларды таныстырады. Сонымен қатар мұғалім оқушыларға табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын ашып көрсетеді.

Түстану түс туралы ғылым. Түстер хроматикалы және ахроматикалық болып бөлінеді. Хроматикалық түстерге, түрлі-түсті түстер жүйесі кіреді. Ахроматикалық түстерге ақ және қара түстер жатады. Барлық хроматикалық түс үш параметрмен – ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша – ашықтығы (ашық сүрғылт немесе қара сүрғылт) бойынша ерекшеленеді. Түстік өң бұл «қызыл», «сары» және т.б. сөздермен анықталады. Мысалы қызыл, таза қызыл немесе сұрғылт қызыл. Бұл қызылға қосылған сұрғылт қоспа түстің өңін өзгертпейді, қызыл түс қызыл болып қалады. Ахроматикалық қоспадан, хроматикалық түстің қанықтығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын оның қанықтығы арта түседі.

Хроматикалық түстер шартты түрде жалпы түстер суық түстер болып бөлінеді.

Жылы түске түс спектірінің сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көк-көгілдір бөлігі жатады. Жылы түстерді күн мен оттың түсімен, суық түстерді аспан, су мен мүздың түсімен сипаттауға болады. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайға ие болады. Басқа түстермен қатынасына байланысты бірде жылы, бірде суық түске жатқызуға болады.

Түстік шеңбер-бірге қатар қойылған түстерден құралған шеңбер. Бұл шеңбер, сары, сарғыш қызыл, қызғыш қоңыр, жасыл көк, көк күлгін, көк, болып жалғасып отырады. Негізгі түстер Сары, қызыл және көк түстер контраст бір-біріне қарама-қарсы түстер.

Контраст түстер – бір біріне қарама-қарсы түстер. Ақ түске, қара түстер қарсы ақ пен қызыл, ақ пен көк, қарамен қызыл т.б түстер контраст түстер сипатын береді.

Сурет салу негізінде біз нұсқаны бақылап қана, оның сыртқы формасын көшіріп салумен шектеліп қоймаймыз, сонымен қатар оның ішкі құрылымын түсінуге талпынамыз, заттың ішкі құрылымының скелеті көзге көрінбегенімен, ол заттың сыртқы формасын бейнелеу үшін өте маңызды. Мысалы, сурет салушы кубтың оның қабырғаларымен шектесіп жатқан қырларын және оның формасын елестетеді, куб құрылымының конструктивтік схемасын елестетеді, сонан соң барып, кубтың суретін салуға кіріседі. Біз кімге кубтың суретін сал десек те, олардың бірі жақсы бірі жаман қылып оның суретін салып береді, бірақ мүның себебі олардың зат формасы мен сипаты туралы анық елестетудің — зат құрылымы туралы білімінің болуына байланысты болып табылады.

Егер біз сурет салатын адамдарға, ол ешбір уақытта көрмеген заттың суретін салыңдар десек, олардың көпшілігі, логикалық құрылымы бар бейненің көрінісін бере алмайды. Себебі олардың саналарына ешқандай оның образы жоқ.

Бұл сурет салу кезінде, сурет салушының зат туралы дұрыс елестетуі және түсініктері пайда болады, немесе әрбір сурет салушы өз суретінде өмір шындығының елестерін білдіреді. Басқаша айтқанда өзінің санасында қалыптасқан зат образын бейнелейді. Сондықтан да үлы суреткер Микеланджело «Суретті қолмен емес, оймен салу керек» деп көрсеткен. Сонымен адам сурет сала отырып, қоршаған әлемді талдайды. Өмір шындығын тану үрдісі өнер мен ғылым арқылы тану негізі форманы шағылыстыру формаларына байланысты әр түрлі болып бөлінеді: ғылым өмір шындығын түсініп, ойлау және қорытындысын шығару формалары арқылы жүзеге асыратын болса, өнер өмір шындығын образдық түрде бейнелейді.

Оқушыны зат көрінісін дұрыс бейнелеуге үйрету үшін, мұғалім балаға ең бірінші зат құрылымының ерекшеліктерін дұрыс көре білуге үйретуі тиіс. Оқулық сурет салу барысында табиғатты бақылау мен тану маңызды роль атқарады. Мұғалім оқушылардың сурет салуды бастағаннан бастап заттың конструкциялық құрылымы, форма сипаты, пропорциялары сияқты зат құрылымының заңдылықтарын нұсқадан көре отырып түсінулеріне басшылық көрсетеді. «Зат формасын дұрыс көре білуге үйретуге болмайды» деген түсінік бар. Олар әркім әр түрлі субьективті көреді, сонан соң оларды қалай көрсе солай бейнелейді деп ойлайды. Бұл көзқарас қате. Әрбір адам затформасын дұрыс көре білуге мүмкіндігі бар екендігі ғылымда бұрыннан дәлелденген. Оқу үрдісінде әрбір оқушының нұсқаны өзінше әр түрлі етіп салуына мұғалім жол бермеуі тиіс. Ол барлық сурет салушылардан заттарды шынайы бейнелеуін, яғни көрініс бейнесінің нұсқамен сәйкес келуін талап етуі тиіс. Бұл шығармашылық қабілеттің дамуына қайшы келмейді.

Керісінше бұл шығармашылық қабілеттің дамуына қажетті білім мен дағдылардың мықты фундаментін қалайды. Тек қана жақсы меңгерілген заңдылықтар мен дәстүрлерден бастау алғанда ғана адам қолөнершілікті емес жаңашылдық өнімді жасай алады.

Материалдық әлем күрделі де көпқырылы болғандықтан оны танып, оның заңдылықтарын ашуға сезімдік қабылдау жеткіліксіз. Бұл жерге таным процестерінің екінші және сонымен бірге жоғарғы сатысы болып табылатын абстрактылық ойлау келуге тиіс.Біздің ойымыз түйсік пен қабылдаудан шыға отырып, өмір шындығы тікелей бейнелеу өрісімен шектеседі. Ол қоршаған дүниені бір орталықты, жалпылауы түсінік, ойлау, ой қорытындысы формасында көрсетеді. Көре білу ептілігі санамен және ойлаумен байланысты. Адам өмір шындығының ерекшеліктері мен нәзік баяуларын көре білумен қатар қабылдаудың күрделі жүйесін меңгеруге қабілетті.

Бүркіттің көзі адамның көзіне қарағанда алыстағыны көреді, бірақ адам көзі бүркіттің көзіне қарағанда заттардағы өзгерістерді көп көретіндігі белгілі.

Таным теориясында табиғатты эстетикалық қабылдау енжар көре салу емес, қоршаған ортаны тануға оның заңдылықтарын ашуға, тануға үмтылған, өмірді тануға бағытталған шығармашылық белсенді әрекетке негізделген қарым-қатынас түрінде танылады.

Суретте өмір шындығы беріліп, ол бейне түрінде көрініс табады. Өмір шындығының суретін салу, танымдық үрдіссіз мүмкін емес. Оқушыға көргенін автоматты түрде қағаз бетіне түсіруге емес, оның санасында қалыптасқан нұсқа туралы түсініктері мен елестетуі арқылы көргенін бейнелеуге үйрету қажет. Затты әр түрлі көру нүктесінен қарау арқылы әдепкіде оны логикалық тануына қабілеті жете бермейді. Бұл кезде бірінші әсер толық болмай, түйсіктің бір-бірімен өзара логикалық нақты шешім шығаратын байланысы да болмайды.

Жаңадан сурет салуды үйреніп жүрген сурет салушы әдетте өзінің бірінші көрген әсерімен тоқтап қалып, зат туралы жартылай елестеулерін санасында бекіп қалады. Зат туралы нағыз түсінік бірізді бірқатар көру әсерлері мен логикалық ой толғанысы нәтижесінде анықталды.

Сурет салуды үйренудің негізгі нұсқаға қарап отырып сурет салу болып табылады. Бұл жағдайда, көру көргенін ой елегінен өткізу ептілігіне қарамастан көрген зат сурет салу процесінде, яғни практикада үйлестіруден өтеді. Негізгі үлгерім нәтижесі мұғалімнің әдістемелік басшылығына байланысты алынады. Оқулық суреттегі көру арқылы берілетін бағаның бірізділігін мұғалім белгілі жүйеге бағыттауы тиіс. Оқушы заттың суретін сала отырып, нұсқа туралы елестеулер мен өз әсерлері туралы мұғаліммен пікір алысады. Дұрыс жасалған әдістемелік нұсқау нәтижесінде ол нұсқа туралы әдепкі қате пікірден бас тартып, оның ақиқатын тануға келеді. Мысалы, оқушы оқу бағдарламасы бойынша гипстен жасалған вазаның суретін салды делік. Бұл кезде балалардың көбі нұсқаны механикалық түрде вазаның контур сызықтарына қарап көшірме жасауға ұмтылады бірақ, форма құрылымының ерекшеліктеріне мән бере бермейді. Бүл жағдайда педагог форма қандай бөліктерден түратындығына, оларды тұтас бір формаға қалай жиналып түрғандығына, қосымша сызықтар сызу арқылы көрсетеді.

Жазықтық бетіне бейне құрылымының шынайы көрінісін беру үшін, педагог бейнелеудің принциптері мен әдістерін ашып көрсетеді. Ол оқушыларға перспектива мен көлеңкелер теориясы облысындағы ғылыми-теориялық мәліметтерді береді, яғни педагог ғылымилық деп аталатын дидактикалық принципті практикада іс-жүзінде асырады. Сонымен қатар оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарын, ғылыми-теориялық білім алуға, олардың қасиетін сезінуге бағыттау қажет. Ол үшін мұғалім ұзақ уақыт салатын суреттермен қатар, қысқа мерзімде салатын нобайларды үйге тапсырма ретінде береді. Мұндай тапсырмалар балаларға нұсқаны мұқият бақылауға, талдауға және бейне құрылысын саналы түрде бейнелеуге үйретеді. Аталған тапсырмалар балаларға ғылыми білімді алуға ұмтылдырады.

Мұғалімнің сабақтағы негізгі міндеттерінің бірі дұрыс бақылау жасаумен ақиқат өмір шындығын танудың жолдарын көрсету болып табылады. Оқушы зат көрінісін бірінші рет салу барысында, зат формасының сыртқы белгілерін сақтай отырып, оның құрылымының ерекшелік сипатын білместен, ол тәртіпті түрде көшіріп салуға ұмтылады. Педагогтың дұрыс әдістемелік басшылығы негізінде ол жалпы форманы бақылау-форманың тұтас және жеке бөліктерінің пропорциялық қатынастарын байқау-нұсқаның көлемі мен пластикалық қасиеттерін байқау-нұсқаның конструктивтік құрылымын талдау нұсқаның жеке бөлшектерінің сипатын айқындау сияқты бақылау жүйесін қысқа уақытта меңгеруге қол жеткізеді.

Мұндай байқау мен талдау процесінде оқушы форманы мейлінше нақты бейнелеуге ұмтылады. Оның суретін салмас бұрын дөрекі қате жіберіп алмас үшін, зат құрылымын дұрыс түсінуге күш салады. Қысқа мерзімді байқау мен бақылаудың зат туралы толық елестету мүмкін емес, ол үшін үзақ мерзімді бақылау қажет. Сондықтан оқу процесінде аяқталған суретке басты назар аударылады, себебі аяқталған сурет оқушы байқауының соңғы нәтижесін көрсетеді. Аяқталған суретке қарап педагог оқушының нұсқа құрылымын қалай бере білгенін, модельдің айрықша белгілерін қалай тапқанын, модель туралы оқушы не білетінін айқындайды. Жақсы орындалған сурет зат қасиеттері туралы барынша мол мәлімет беретін-көрушіге, зат туралы ақиқат елестетуін алуға мүмкіндік туғызатын белгілер болып табылады.

Бейнелеу өнерін оқытудағы ғылымилық принцип бейнелеу әдістерін меңгерумен қатар балалардың байқампаздығы мен білімқұмарлығын дамытады. Бұл принцип қоршаған ортаның даму заңдылықтарына, қоршаған ортаны тану дүниетану белсенділіктерін арттыруға үйретеді.

Сурет салу барысындағы балалардың нұсқаны ойсыз көшіріп салуын болдырмау үшін көп еңбек етуді қажет етеді.Оқушы алдымен көру арқылы нұсқамен танысады, онан соң педагог модельдің пропорциясы, түсі және жарықтануы сияқты форма ерекшеліктеріне назар аударады. Мұндай алдын ала нұсқамен таныстыру обьектіні талдаудың негізі болады.

Мұғалім оқушылардың назарын нұсқаға аудара отырып, өз шәкірттерінің модель құрылымының ерекшеліктеріне, оларды қосалқылардан бөліп алып, форманың конструктивтік құрылымын ашып көрсетеді.

Оқушылардың заттың жеке ұсақ бөлшектеріне көңіл аударуы, олардың зерттеп отырған нұсқаның тұтастай образын байқауынан алшақтап, оның құрылымын түсінуге кедергі жасайды, бүл өз кезегінде нұсқаны дұрыс бейнелеуге кедергі келтіреді. Оқушы зерттеп отырған нысанды нақты елестету үшін, ол ең алдымен оның формасын тұтастай қамтуға, онан соң сол заттың ерекше белгілерін танып, барлығының басты бөлшектері мен өзара байланыстары мен өзара бағыныштылық қасиеттерін және осы элементтерінің өзара орналасуы мен құрылым бірлігін білуі тиіс.

Бұл үшін педагог оқушыларға тұтасты жеке бөліктерге және оларды қайтадан бір тұтастыққа біріктіру процесін, яғни талдау, жалпылау процесін бірлікте қарауға үйретеді. Әрине бүл әрбір сыныптың, оқушылардың даму деңгейіне байланысты қолдануға, және олардың білім көлемін есепке алуға сәйкес келуі тиіс.

Тәжірибе көрсеткендей дидактикалық принциптерді білмейтін және сақтамайтын мұғалімдер суретті саналы меңгеруге оқытпайды. Мұндай ештеңені түсіндірмей, тек қана оқушының суретін жөндеуге жәрдемдесумен шектеліп, жұмыстың бір кезеңінен екінші кезеңіне ауысумен айналысады. Сурет салуды оқытудың бүл жолы, сурет салудың тек қана механикалық дағдыларымен техникалы жұмыс тәсілдері ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда оқытудың танымдық және білімдік функцияларын үмытып қалады, ал шын мәнінде нұсқаға қарап сурет салу шағын мақсатқа ықшамдалып, өзінің жалпы білім беретін пән ретіндегі педагогикалық құндылығын жоғалтады. Бұл оқушылардың үлгерімін біліміне қарай бағаланбай, тек қана техникалық жетістіктері бойынша бағалауға апарып соғады. Бүл жерде оқушының күш жігері нұсқаны оқып үйренуге емес, «ұтымды» суретті орындауға жұмылдырады.

Оқытудың ғылымилық принципі оқушыларға білім берумен шектеліп қалмай, сол білімдерді ғылыми қағидалармен бекітіп отыруды педагогқа міндеттейді. Сурет салу барысындағы әрбір жағдайлар мен шарттар ғылыми мәліметтермен бекітілуі тиіс. Яғни, қандайда бір өмір құбылыстарының заңдылықтары көрсетіліп отыруын қажет етеді.Бүл деген сөз, педагог тек қана көрсетумен шектеліп қалмай, белгілі форма бейне қандай әдіспен құралды, бұл тек қана сол әдіспен салыну керектігін дәлелдеп көрсетуді қажет етеді.

Мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін жетілдіруді педагог өзінің берген кеңесі мен нұсқауының дұрыстығына,оның оқушы еңбегін әлдеқайда жеңілдететіндігіне өздері сурет салу барысында көз жеткізулері тиіс. Оқушылар өнермен айналысу барысында ғылымының өнерге жәрдемдесетіні олардың әр уақытта естерінен шықпайтындай болуы тиіс.

Жалпы білім беретін мектептегі бейнелеу өнері суреттер салумен шектеліп қалмауға тиіс. Бейнелеу өнерін оқыту балаларға зат құрылысын қағаз бетінде сауатты бейнелеуге бағытталып құрылуы тиіс. Балалардың сауатты салынған суреті – перспектива заңдылықтарын қолдану, жарық пен көлеңке түстану заңдарын сақтау, зат құрылымының ерекшеліктерін, құбылыстардың заңдылықтарын дұрыс түсіну негізінде салынған суретті айтамыз.

Өнердің сауаттылығын меңгермей бала бейнелеу өнерінің көркемдік ерекшеліктерін меңгермейді. Бейнелеу сауаттылығы оқушының шығармашылық қызмет атқару үшін қажеттілігі онанда жоғары.

Сурет салу барысында балаға қажетті білім мен дағды берілмесе, олар өзімен-өзі болып кетсе, бұл баланың онан әрі дамуына кері әсер етуі мүмкін және бұл жағдай баланың сурет салудан жеруіне әкеп соғуы да мүмкін.

Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалар сурет салумен қызыға айналысады, ал бірақ олардың көбісінің жасы өскен сайын суре салуды тастап кетеді. Бастауыш сынып оқушыларды сурет салумен біреу қызықтырмаса да өз бетімен айналысады. Бесінші және алтыншы сынып оқушыларының өзіне кейде сурет салу сабағы зерігетіндей болуы байқалып қалады. Бұл адамның жасы өсіп дамыған сайын өмір туралы балалық елестетулерінің қате екендігін түсіне бастайды. Орта сыныптың оқушылары өздерін қоршаған заттарды бақылап қана қоймайды, сонымен қатар оларды өзара салыстыра бастайды, талдайды және олар туралы қарапайым қорытындылар жасайды.

Бұл жастағы оқушылар өздерінің суреттеріне қанағат түтып қана қоймай, оларды өмірдегі көріністеріне нақты ұқсатуға талпынады. Егер бұған қалай жетуді, қалай жасауды олар білмесе, оған тәжірибелі жетекші жәрдем беруге келмесе, оларда қанағттанбағанның сезімі пайда болып, соңында барып салуды тастап кетуі де мүмкін.

Ғылымдардың ғылыми — зерттеу жұмыстары балаларды реалистік сурет салуға бірінші сыныптан бастап үйретуге болатындығын, және ол қажет екендігін көрсеткен. Бейнелеу өнерінің сауаттылығын оқытуды мектепке дейінгі жастағы балаларға болатындығы туралы пікірлер айтқан. Жас балалар шығармашылық жұмыс жасау барысында үлкендердің еңбегіне таң қалады, соларға еліктейді. Бақылау нәтижелері көрсеткендей балалар шығармашылығын, яғни баланың өмірдегі дәрменсіздігін біз талант көрінісі деп бағалаймыз. Баланың қабылдауын сақтай отырып, біз балаларды көркемдік білім беруден құр алақан қалдырамыз. сөйтіп бұл дәрменсіздік ұзақ жылдарға созылады.

Балаларға сурет пен кескіндеменің қағидалары ашып көрсетілмеген мектептерде балалардың адам бейнесін салудағы, бейнелеу сауаттылығынан хабары болмағандықтан адам суреттерін салудағы қателіктерді байқаймыз. Мысалы, орта сыныптардағы оқушылардың адамды бейнелеген суреттер мектепке дейінгі балалардың адамның суретін салудағы айырмашылықтары өте аз. Шын мәніндегі олардың даму ерекшеліктеріндегі айырмашылықтар физикалық жағынан болсын рухани жағынан болсын ауқымды болып келеді.

Бірақ бейнелеу қызметінде мұндай айырмашылықтың бар екенін байқау қиынға соғады. Алты жасарлардың салған суреттерінде адамның бас көрінісіндегі көз, мүрын, ерін және құлақтар мейлінше шартты түрде беріледі. Бұл жастағылар бас формасының құрылымын біле бермейді, сондықтан олардың адамды бейнелеуі болып шығады. Сол сияқты 8 жастағы оқушының адамды бейнелеген суреті мен 12 жастағы оқушының адамды бейнелеген суреттерінде де адам формасын бейнелеудегі форманы трактовка жасаудағы айырмашылықтары шамалы екендігі көрінеді. Бүл салыстырулардан бейнелеу өнерін бес жыл оқудан, бала бейнелеу өнерінен қажетті білім мен дағдыны үйренбегені, олар мұғалім тарапынан үйретілмегені айқындалады. Он үш жасар мектеп оқушысы сурет салу курсын аяқтағанымен, олардың білімі мен дағдылары сол курсты бастаған кездегі қалпында қалып қойғандығы байқалады. Көрсетіліп отырған жағдай сурет салуды балаға үйрету барысында бейнелеу өнерінің негізін құрайтын зат құрылымы, форма, түс, перспектива, жарық — көлеңке заңдылықтары туралы ғылыми білім мен бейнелеу дағдыларын меңгеруге мұғалімнің мән бермегендігінен туындаған жағдай болып табылады.

Сондықтан бейнелеу өнерін оқытуда іргелі ғылыми негізге сүйеніп құрылған жерде, оқушы таңғаларлық үлгерімге жететіндігін көрсетеді. Бейнелеу өнерін оқыту бағдарламасында бейнелеу өнерінің ғылыми негіздерін құрайтын форма, түр-түс, кеңістік, симметрия, ассиметрия ритм, перспектива (ауа перспективасы, сызықтық перспектива, көлеңке перспективасы т.б ) жарық-көлеңке заңдылықтары (жарық, жартылай жарық, жартылай көлеңке, көлеңке, түсіп түрған көлеңке, зат көлеңкесі, рефлекс, жапырақ т.б) туралы білім беру мен кеңістік көріністерін бейнелеудің икемділіктері мен дағдыларын меңгергенде ғана оқушылардың оқулық суреттері мен шығармашылық жұмыстарының сапасы артатын болады.

Көрнекілік принципі.Көрнекілік принципі заттар мен құбылыстарға таным көзі ретінде қарап, оқушылардың білім алуына лайықты жағдай жасауды көрсетеді.Көрнекіліктің психологиялық негізі болып, түйсік шешуші рөл атқарады, яғни адам көрмеген, естімеген немесе сипай сезбеген нәрсе туралы ойлауға негіз де болмайды. Қабылдау кезінде адам сезім органдары неғұрлым көбірек қатысса, адамның нәрсені танып білуі де тереңдеп, сенімді бола түседі.

Бейнелеу өнерінің мұғалімі қандайда бір сабақ өткізбесін оған көрнекілік құралдарын үнемі қолдануды қажет етеді. Нұсқаға қарап сурет салу, сәндік сурет салу, тақырыптық сурет салу, әңгіме-сабақ мүсін сабағы болсын бәрібір, ол көрнекілік материалдарын қолдануына тура келеді.

Нұсқаға қарап сурет салу өзінен өзі оқытудың көрнекілік әдісі болып табылады. Нұсқаға қарап сурет салу процесі бейнелейтін затты эмоциялық бақылаудан сезу мен көру арқылы қабылдаудан басталады. Сондықтанда ең

алдымен сурет салуға қойылған, қойылымда, сурет салатын адамның көңілі басты нәрсеге аударылатындай жағдайды қарастыру қажет.

Суретке салатын қойылымды дайындағанда мұғалім оны оқушылар алдында жәңе әдемі етіп орналастыру ғана емес, сонымен қатар ол оқушыларға сурет пен кескіндеме салудың негізгі заңдылықтарын меңгертуге жәрдемдесуі тиіс. Мектепте сурет салатын қойылымды (постановканы) қойған кезде оның композициялық, эстетикалық мазмұнына көңіл бөлінеді де оның білім негіздерін меңгерту мақсаты келесі кезекке қалып отырады. Бүл жерде заттардың ерекшеліктері мен форма құрылымын ашып көрсетуге басты назар аударылуы тиіс.

Бұл оқушының зейін белсенділігін арттырып, оған өз бетінше шешім қабылдауға жәрдемдеседі.Көрнекілік нұсқаны бақылап, оған талдау жасаумен тығыз байланысты. Бүл заттар мен құбылыстар туралы дұрыс ойлауға оларды дұрыс бейнелеугежәрдемдеседі. Көрнекілік әсіресе бейнелеу өнерін оқытудың алғашқы сатысында үлкен мәнге ие болады.

Көрнекілік әсіресе бейнелеу өнерінің негізін құрайтын заңдылықтарға кіретін терминдерді, түсініктерді үғындыру үшін аса қажет. Көрнекілік арқылы мұғалім «горизонт сызығы», «перспектива», «сызықтық перспектива», «көлеңке перспективасы», және т.б. түсініктер таблица түрінде көрсетіліп немесе табиғаттың өзіне алып шығып көрсетіледі.

Заттың конструкциялық құрылымын түсіндіру үшін, оқушыларға сым темірден шартты түрде зат формасын елестететін көрнекіліктер қолданылады. Гипстен жасалған шар, куб, целиндр формаларын бейнелеу барысында мұғалім оқушылараға «Жарық пен көлеңке бірлігі», «Жартылай жарық», «Заттың өзіндік көлеңкесі», «Түсіп түрған көлеңке» үғымдарын түсіндіруге арналған көрнекті құралдар пайдаланады.

Кескіндеменің негіздерін үйретуді мақсат ететін — бояумен сурет салу сабақтарында педагог оқушыларға «Хроматикалық түстер», «Ахроматикалық түстер», «Жылы түстер, суық түстер», «Кеңістіктегітүстердің өзгеру сипаты», «Реңдік қатынастар», «Зат бетіндегі жарық пен көлеңкеге байланысты түстердің өзгеруі», «Түстерді араластыру» тақырыптарына арналған көрнекті құралдар қолданылады.

Кеңістік көріністеріндегі заттардың түстерінің өзгеруі, оларды бейнеленуін оқушыларға үғындырудың ұтымды жолдарын даңықты суретшілердің картиналарының иллюстрациялары болып табылады. Мұндай шығармалардың қатарында Ш.Уәлихановтың «Теріскей Алатау, М.Кенбаевтың «Асауды үстау», Қ.Телжановтың «Ата баба жерінде» картиналарын айтуға болады.

Сәндік сурет салу сабақтарында қолөнер бұйымдары, олардың иллюстрациялары, таблицалар, ағаш, темір, мүйіз, метал өңдеудің үлгісінде жасалған шеберлердің шығармашылық заттары, кілем, алаша, бау-басқұр, шашбау, сәукеле, күбі, кесте, құрақ, ер-тұрман ою-өрнектер т.б. шығармашылық өнімдері балаларға көркем өнердің мәнін түсінуге жәрдемдеседі.

Нұсқаға қарап сурет салу сабағында бейнелеудің төрт кезеңін білдіретін таблицаны қолданудың оқушылардың танымдық- шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Бұл көрнекіліктің бірінші кезеңінде — зат көрінісін қағаз бетіне дұрыс орналастыру, екінші-заттың конструктивтік құрылысын салу, үшінші штрихтау немесе бояу арқылы заттың көлемін беру тәсілдері, төртінші-аяқталған сурет қандай болу керек екендігін білдіретін, үлгі сурет бейнеленіп көрсетіледі.

Мұғалім бейнелеу өнері сабақтарында қолданатын сурет салудың кезеңдерін көрсететін таблицаларды дайындау кезінде мына шарттарды мүқият сақтауды қажет етеді.

Әрбір таблица оқушыға сурет салудың белгілі кезеңінде нендей іс-әрекет етуді нақты бейнелеуі тиіс;

Әрбір кезең оқу материалының салыстырмалы түрде  алғанда меңгеруге болатындай көлемді ғана көрсетуі тиіс;

Сурет салудың бірізділігін мұғалім мүқият ойластыра отырып белгілеуі қажет;

Көрнекі сурет өте нақты және түсінікті болғаны жөн;

Таблица қысқаша түсіндірме сөзбен, тақырыпшамен безендірілуі шарт; Бейнелеу өнері сабақтарындағы көрнекіліктің    бір түрі      мұғалімнің

өзінің салған суреті. Бұл суреттер педагогикалық сурет деп аталады. Педагогикалық сурет тақтаға, оқушы дәптеріне немесе жеке шағын форматты қағазға салынады. Мұғалімнің салған суреті оқушылардың қызығушылығын тудырып, ұстазға деген сенімін арттырады, ұстаздың беделін көтеретін мүмкіндік.

Педагогикалық сурет бормен немесе түрлі-түсті қаламсаппен тақтаға салынады. Бұл әсіресе оқушыларға затты конструкциялық құрылымын, симметриялығын, өлшемдер қатынастарын, кеңістіктегі орнын айқын түсінуге жәрдемдеседі. Сонымен қатар педагогиканы сурет балаларды бейнелеу кезіндегі жіберген ортақ қателерін, әрқайсысына жеке көрсеткеннен көрі, тақтаға салып көрсеткені ұтымды болып шығады. Бірақ бұл жерде мұғалім өзінің бейнелеу шеберлігін оқушыларға көрсетуге баса көңіл бөліп кетпей, оның салған суретін оқушылардың бейнелеу ептілігін арттыруға жәрдем көрсететіндей, бағытты қамтуы орынды.

Бейнелеу өнері сабақтарында жиі қолданылатын негізгі көрнекіліктер ретінде мыналарды атауға болады: схема түріндегі суреттер, геометриялық денелердің гипстен жасалған модельдері; классикалық мүсіндердің үлгілері; сым темірден, картоннан, пленопластан жасалған нұсқаның құрылым ерекшелігін көрсететін модель; жарық пен көлеңке және перспектива құбылысын түсіндіруге арналған приборлар; сурет салудың бірізділігін көрсетуге арналған таблицалар, суретшілер картиналарының репродукциялары, сурет салуға үйрететін кинофильмдер, диафильмдер және эпидаскоп, кинопроекторлар, педагогикалық сурет.

Бейнелеу өнері сабақтарындағы көрнекіліктер оқушылардың заттар мен құбылыстар туралы дүниетанымын арттырып, сурет өнерінің негізгі түсініктерін меңгеруге жәрдемдеседі, сонымен қатар бейнелеу процесінің түсінуге және оны бейнелеуге үйретеді.

Сурет салу заңдылықтарын меңгеру үшін оқушыға бір ғана көрнекілік аздық етеді. Оған оқушының өзінің белсенділігі қосылуы тиіс. Көрнекілік арқылы оқушы көп нәрседен түсінік беретін белгілі көру образын алады. Осының нтижесі оқушыға көрерменнің рөлінен жаңа үлгі жасаушы рөліне ауысуына жәрдемдеседі. Оқушы өзінің оқу материалын қаншалықты меңгергенін өзінің бейнелеу жұмысында көрсете алады. Педагогтың көрсеткенін ол өзі практикада қолданып көз жеткізеді.

Оқытудың белсенділік және саналылық принципі.Педагогика ғылымында белсенділік және саналылық принципі басты маңызды принциптің бірі болып табылады. Сондықтанда бейнелеу өнерін оқыту барысында бүл принципті негізгі принциптердің бірі ретінде қарастырамыз.

«Саналылық», «белсенділік», «өзіндік» үғымдарының бір-бірінен айырмашылықтары болғанымен, бірінсіз бірі болмайды. Білімді саналы меңгеру, оқушылардың белсенділігі мен өзіндік әрекетін қажет етеді.

Әдіскерлердің көбісі саналылық және белсенділік принципін тек қана практикалық сабақтарда ғана ерекше мәнге ие болады деп есептейді. Бейнелеу өнерінің сабақтары негізгі практикалық сабақтардан құралатындықтан оқушылардың белсенділігі мен саналығынсыз белгілі үлгерімге жетуге мүмкін емес. Мұндай үлгерімге жету бейнелеу өнерінің мұғаліміне оқушыларды үнемі оқу процесінде өзіндік жұмыс істеуге, белсенділікке үйретуді қажет етеді. Бүған әр түрлі әдістерді қолдану арқылы жетуге болады. Мысалы, үшін тақырыптың сурет салу сабағында мұғалім оқушыларға ертегілерден үзінді оқып, музыкалық шығармалардың үзінділерінің магнитофоннан жазбаларын тыңдатады. Сонымен қатар мұғалім, оқушыларға суретшілер шығармаларының иллюстрациясынан жасалған слайдаларды, диопозиттерді көрсетеді. Солар арқылы мұғалім балаларға өнер шеберлерінің ақындардың, сазгерлердің, кескіндемеші суретшілердің өмір шындығын қалайша көркем бейнелегендігін жеткізеді.

Сәндік сурет сабақтарында мұғалім оқушыларға түрлі өсімдіктердің, жан жануарлардың формаларын стилизациялау әдісі арқылы ою-өрнектерге айналдыру және оны қалай бейнелеу жолдарын түсіндіреді.

Сонымен қатар мұғалім ағаш бұтақтарындағы өрнектерді ерте көктемдегі жер бетіндегі жылы түстерді, қардың бетіндегі суық көлеңкені, көбелектің, шегірткенің қанаттарындағы өрнектелген суреттерді белгілі бір түстер құрамына біріктірілген гербарилерді көрсету арқылы оқушыларды көру белсенділігін арттырады. Мұндай көркем түрдегі үйлесімдегі жасалған гербарилерді көрсету, оқушылардың түстердің гармониясы, калорит сезімдерін дамытады.

Мұндай іс-әрекеттер алдымен сәндік сурет салудың алдында орындалады да, мұнан соң ол тақырыптық сурет салу, нұсқаға қарап сурет салу тапсырмаларын орындаудың алдьінда осыған үқсас қысқа мерзімдік көрсетулер орындалады.

Саналы, белсенді және өзіндік жұмыстар, әр уақытта оқу материалдарын сапалы меңгеруге алып барады, сонымен қатар оның беріктігін орнықтылығын арттыра түседі.

Бала бейнелейтін, яғни нұсқаға қойылған затты селсоқ көшіріп салғанда ғана емес оны белсенді түрде бақылап, зерттеп ең бастыларын, ерекше сипаттарын көрсету арқылы салынғанда ғана ол танымдық мәнге ие болады.

Кейде оқушы, мұғалімнің түсіндіру сөзін селсоқ қабылдаса, ол берілген тапсырма бойынша орындалатын шығармашылық жұмысқа белсенді түрде кірісе алмайды. Мысалы педагогтың зат формасының құрылымы туралы талдауын оқушылар зейін қойып, тыңдап, нұсқадағы моделдерді көргенімен, бірақ бұл пысықталып көрсетілмес, оқу материалын меңгеру әлде қайда әлсіз меңгеріледі.Белсенді жұмыс барысында оқу материалын меңгеру сапасы арта түседі.

Бұл мұғалімге: оқушылардың белсенділігін белгілі бір бағытқа бүрып, сурет салу барысындағы қажет ететін міндеттерді шешуге мүмкіндік беріп отыруды көрсетеді.

Композициядан немесе сурет салу негізінде мұғалім кіріспе сұрақтар беру арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыруға жағдай жасайды. Мысалы, оқушы кубтың көрінісін бейнелеу барысында, заттың перспективалық көрінісін өзгертіп, селсоқ көшіріп, оны қате бейнелегендігін біле бермейді. Бұл жағдайда мұғалім тақтаға қалай бейнелеу керектігін көрсетіп жатпай-ақ кіріспе сұрақтар беру арқылы зат құрылысын қалай бейнелеу қажеттігі туралы бұрын берілген мәліметтерді естеріне түсетіндей жағдай жасайды.

«Гипстен жасалған кубтың қасында не бар?» деген сұрақ берілген соң оқушы нұсқаға қарап оның қасындағы сым темірден жасалған кубтың моделін көріп және бұл сұрақтың дұрыс жауабын береді. «Сурет салмас бұрын, нені түсіну керек» деген сұрақтан соң, оқушы алдындағы сабақтағы мұғалімінің «Кубтың құрылымын дұрыс түсінуі үшін кубтың беттерінің кеңістікте қалай орналасқандығын біліп алу керек, мұнан соң кубтың барлық қырларын, көрінетін, көрінбейтін бөліктерін мөлдір етіп белгілеп алу керек» деген түсіндірме сөзін еске түсіреді. «Бейне дұрыс болу үшін, перспектива заңдылығына сәйкес болу үшін не істеу керек ? деген сұраққа, оқушы:

«Горизонт сызығын анықтап алу қажет, мұнан соң шығу нүктесін тауып, оларды зат құрылысын бейнелеуде қолдану жарық пен көлеңке мүмкіндіктері арқылы заттың көлемін бейнелеу қажеттігін айтады. Мұғалімнің мұндай іс-әрекеттері балалардың белсенді жұмыс жүргізуіне, нұсқа формаларын талдауға оны жазықтық бетіне саналы түрде бейнелеуге жәрдемдеседі.

Сәндік өнер сабақтарында балаларға квадрат бетіне өрнектер салуға үйретіледі. Көптеген оқушылар берілген тапсырманы дұрыс орындайды. Мұғалім оларды әрі қарай белсенді жұмыстарға бағыттау үшін квадрат коробка бетіне салуға арналған өрнектер қарастыруға тапсырма береді. Жұмыс барысында олар үйден салған суреттерін қолдана отырып, бір қатар эскиздер құрастырады олардың ішінен түстік шешімі мен композициялық ұтымды шешіммен шыққандарын таңдап алады. Мұндай жұмыстарды балалар үлкен қызығушылықпен орындайды.

Оқушылардың белсенділігін арттырудың ерекше мүмкіндігінің бірі –оқушыларға берілетін қайталау сүрағы. Мысалы, педагог қандайда бір ережені түсіндірді, онан соң оқушыларға сұрақ беріп оған жауап алды делік. Мұнан соң мұғалім оқушыларға жұмысқа кірісуге рүқсат береді, бірақ оқушылардың бейнелеу процесінде мұғалім оқушылардың бейнелеу жұмыстарынан қате яғни, олардың бәрі бірдей түсінбегендіктерін байқады, делік. Мұндай жағдайда мұғалім оқушылардың бейнелеу жұмыстарын тоқтатып, өткен сабақтардағы айтылған мәселелер бойынша сұрақтарды, басқаша сөз саптауымен береді. Мұндай түрі өзгертілген сұрақтар оқушыларды ойлануға, өзін-өзі тексеруге мәжбүрлейді.

Оқушыларды сыныптағымен қатар үйде де өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру қажет. Сабақтағы болсын, үйдегі жұмыс болсын сипаттары әр түрлі болуға тиіс. Оқу бағдарламасына сәйкес тапсырмалар нұсқаға қарап қаламсаппен сурет салу, немесе акварель бояуларымен натюрморт салу, кейде сәндік суреттер салумен қатар, мүсіндеу өнері бойынша тапсырмалар беріледі.

Оқушының өз бетінше жұмыс істеуі оның білім деңгейіне және соған байланысты икемділігі мен дағдыларына байланысты. Белгілер тапсырманы бұрынғыдай мұғалімнің көмегінсіз орындау, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерінің көрінісі болып табылады. Бүл жағдайда оқушы үлгерімінің нәтижелері оқушылардың өнері туралы білімдерінен және бейнелеу икемділіктерінен, дағдыларынан байқалады. Мектеп оқу процесіне деген саналылық қатынасын қамтамасыз етуді қажет етеді.

Бейнелеу өнерін оқудағы саналылық деген ең алдымен оқушының өзіне қажетті нақты мақсаттар мен міндеттерін түсіне білуі, оқылатын материалдардың мазмұнына түсінуі, тапсырмалардың мазмұнына түсінуі болып табылады. Саналылық оқушының материалдарын құрғақ түрде жаттамай, суретті ойсыз салмай, салынатын суреттің мәніне түсінуді талап етеді. Саналылықпен жұмыс істейтін оқушы әр уақытта оқулық суретті дәл және дер кезінде орындауға тырысады, оқушы өзін-өзі бақылауға үйренеді, тапсырманы орындай алмаған жағдайда мұғалімге оның шын себептерін айтады.

Оқушылардың өз бетінше сурет салуы суреттің білімі және іскерлік пен дағдыларын меңгерумен тығыз байланысты Балаларды бұрынғы мұғалімнің басшылығымен орындағын іс-әрекеті өз бетінше орындау қабілетінің дамуы нәтижелі оқудың маңызды көрсеткіші. Мектеп оқу процесіне деген саналы қатынасты қамтамасыз етуге тиіс. Бұл оқушылардың оқу жұмысының маңызын түсініп, белгілі бір үлгерімге жеткізетін құралдар мен тәсілдерді білуінен, өзінің жетістіктерін тексеру және бағалау икемділігінен көрінеді. Оқу процесіндегі жұмысқа деген саналы қатынастың элементтерін мынандай мысалдардан көруге болады.

Оқушы нұсқаға қарап гипстен жасалған өрнекті салып отыр делік. Заттың жалпы формасын анықтап алған соң, ол саналы түрде бейнелеу сапасын тексереді. Тексерудің қарапайым түрі көзді сығырайтып қарау арқылы суретті нұсқамен салыстыру. Бұл форманы ұсақ деталдарынсыз, тұтастай көруге мүмкіндік туғызады. Бұл жерде біз оқушының бейнелеу процесіне деген саналы қатынасын көруімізге болады. Ол алдына қойылған міндетті орындау үшін, оған деген ұмтылысын байқатады, және сол арқылы ол жұмыстың мәніне түсінгендігін көрсетеді.

Біреулері жұмсақ тегіс рең беру арқылы зат формасын шығарса, біреулер оны штрихтау арқылы шығаруын әр оқушы заттың көлемді формасын сызықтар мен жарық — көлеңке қатынастары көмегімен әр түрлі бейнелеу тәсілдерін іздестіреді. Әркім өз бетінше және саналы түрде жұмыс істейді.

Оқушылардың белсенділігі мен саналылығын арттыру барысында әркімге жеке қарым қатынас принципін еске үстау қажет. Бұл жерде мадақтау, өз күшіне деген сенімін арттыру, шағын сын ескертпе, әр түрлі формадағы жәрдемдесу сияқты жұмыс әдістері қолданылуы мүмкін. Мұғалімнің басшылық ролінің маңыздылығы мен қажеттігін мойындай отырып, педагогика ғылымы оқушыны тәрбиенің пассивті нысанасы емес белсенді, саналы жұмыскері ретінде қарайды.

Оқушылардың бейнелеу жұмысы кезінде жұмыстың белсенді және белсенді емес әдістері қолданыла береді. Мұғалім үшін пассивтік, оқушы үшін белсенді әдістерді қарастыралық. Мұғалім сурет салушының назарын оқу тапсырмасының белгілі бір бөлігіне, немесе басқа бөлігіне аударады, бірақ мұның алдында түсініктеме берілгендіктен оқушыларға кеңістік туралы түсінік бермейді, тек қана оқушының өзіндік ойлауына қозғау салып белгіленген мақсатқа жетудің бағытын көрсету үшін кіріспе сұрақтар қояды.

Белсенді жұмыс әдістері бүл көрсетілгендерге қарама қарсы яғни, оқытушыны белсенді жұмыс жасауға ал оқушы оның көрсеткенін орындаумен шектеледі. Мысалы, оқушы форманы конструктивтік талдау принципін меңгермеген, нұсқа формасының сипаты мен пропорциялық қатынастарын түсінбеген жоқ, және зат құрылымын бірізділікпен бейнелеуде қатесі көп болса, ол оның үстіне өз бетінше натураны талдауды меңгермеген болса, педагог оған мынадай зат құрылысын бейнелеуге байланысты сұрақтар қояды. Мысалы үшін, құмырыаның суретін салу керек делік. Оқушы оның суретінің сұлыбасын белгілеген, бірақ заттың кеңістіктегі қалпы дұрыс берілмегендігін, пропорциялар бұзылғандығы, форма сипаты дұрыс көрсетілмеуі сияқты қателер жіберілген. Бүл жағдайда педагог оқушыға осы қатені өзі жөндеуге бағыт беру үшін сурет салушының қасында түрып, нені, суреттің қай жерін, қалай жөндеу керектігін айтып түсіндіреді.

Ол оқушыға «Сенің суретіңде құмыра қалай түр, ол құлап қалмай ма? Құмыраның аузынан бастап, түбіне қарай вертикаль бағытта түзу сызықтар түсіреді. Құмыраның аузы мен басы бір вертикальдың бойында орналасқан, ал сенің суретіңде құмыра аузы оңға ығысып кеткен, сондықтанда сенің салған құмыра қисық болып шыққан, ол құлайын деп түрған сияқты көрінеді. Енді құмыраның ауызғы бөлігіне қара. Оның биіктігі үлкен бе әлде ені үлкен бе, ал салатын нұсқада керісінше. Сондықтан осы қателерді жөнде деп кеңес беріледі. Осындай оқу процесінде оқушы өзінің ұстазымен бірге натураны талдап, суреттің қателерін жөндейді. Бүл әдіс өзінің жақсы жақтарымен қатар, үнемі жұмыс барысында қолдана беруге де болмайды.

Себебі біз балаларды сурет салу барысында кездесетін қиындықтарды өзі шеше білуге жаттықтыруға тиіспіз. Мұғалімнің ең басты міндеті «оқушының өз бетінше іс-әрекет істеуін ояту және оны бекіту болып табылады. Сондықтан оқушылар әр уақытта мұғалімнің бағыт берушілік, жетекшілік рөлін сезіп түратындай болуы тиіс.

Мұғалімнің міндеті-мектеп оқушылардың ой еңбегі мен іскерлігінің дамуын үнемі бақылап отыру, қолдану мен жігерлендіру. Оқушының орнын сурет салып беру, оқушы үшін ойлау қажет дегеннен алыс болу керек, оқушы өзі үшін өзі ойлап, өзі үшін, өзі сурет сала білуге үйренуі қажет. Ол кейбір жағдайда ғана, қиындықтан шығу жолын білмеген кезде ғана, уақытында кіріспе сұрақтармен, жұмыс бағдарын көрсету арқылы, ал кейбір жағдайда суретін түзеп беру жағдайында жәрдем беруге болады.

Педагог тек қана түсіндірумен шектеліп қалмай, орындалған сурет үлгілерін көрсетіп, өзара түсіністікке келіп қиындықты жеңуге деген оқушылардың қызығушылығын тудыра білуі тиіс. Оқушы материалды жақсы меңгеруі үшін оны шағын көлемдерге бөліп меңгеру орынды.

Жүйелілік және бірізділік принципі.Жүйелілік пен бірізділік бейнелеу өнерін оқыту процесінің міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Мектептегі бейнелеу өнерін оқыту процесіндегі жүйелілік оқу жоспары мен оқу бағдарламаларында анықталған.

Сондықтан бағдарламасының талабына сай оқуды жүйелі түрде жүргізу мынандай әдістемелік шарттарды орындауды қажет етеді:

¾       оқу жылы бойынша бейнелеу материалдарын логикалық ретімен орналастыру.

¾       нұсқаны    талдау    мен    бейнелеу        кезеңдері    туралы    оқу матеиалдарын түсіндіргенде ретімен баяндау;

¾       оқушыларға    берілетін    өнер    туралы    жаңа    білімдері    мен бұрынғылардың логикалық байланысын қамтамасыз ету;

¾       оқушылардың   меңгеретін   жаңа   бейнелеу   икемділіктері   мен бұрынғы дағдыларын байланыстыру.

¾       меңгерген    материалдар    мен    қорытынды    топшылаушылар санасында логикалық бірізділікпен орналасуы тиіс;

¾       мұғалімдер   мезгіл-мезгіл   өткен       материалдарды   жинақтап отырады, қалай түсінгендерін,есте қалғандарын анықтайды.

Жүйелілік және бірізділік принципінің мәні-жаңа оқу материалдары бұрын қабылданғанды еске түсіріп, оларды нақтылап, толықтырып отырады. Осыған байланысты жалпы білім беретін мектептегі бейнелеу өнері мұғалімнің алдында мынандай міндеттері туындайды:

¾                        мектепке   дейінгі   және   кіші   мектеп   жасындағы   балалардың бейнелеу іс-әрекетінің сабақтастығын сақтау;

¾                        балалар бақшасы мен жалпы білім   беретін мектептің бастауыш сыныптағы    бейнелеу        өнерінің        оқу    бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ету.

¾                        баланың    жеке    тұлғалық    қалыптасуына    бейнелеу    өнерінің мүмкіндіктері арқылы бірізділікпен, жүйелі түрде ықпал ету.

Балалар бақшасының кіші топтарындағы жас өспірімдер оқу бағдарламасы бойынша қаламсап пен қылқаламды дүрыс ұстап, оны қолдануға, дөңгелек және төрт бұрыш (доп, жалауша) заттарды бейнелеуге үйретілсе, үлкен топтағы балалар қарапайым сәндік композиция құруға, және өмірден алған әсерлері бойынша бейнелеуге үйретіледі.

Екінші және үшінші сыныптарда оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысында біз жүйелілік және бірізділік принциптерінің сақталуын, оқу тапсырмаларының күрделенуінен көреміз. Біз бірінші және екінші сыныптардағы бейнелеу өнерін оқытудағы айырмашылықтарды көреміз. Ал екінші сыныптағы оқыту әдістемесі де үшіншідегіге сәйкес келеді. Бұлар бастауыш сыныптағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне бірігеді. Солай бола тұрсада олардың әрбір сыныптарының оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Мүның бәрін педагог білуі тиіс.

Жүйелілік пен бірізділік принципін оқу-тәрбие процесінде сақтау үшін мұғалімге оқу материалдарының біртіндеп күрделенуін көрсететін жұмыс бағдарламасы мен тақырыптың жоспарлар, әдістемелік нұсқаулар, иллюстративтік жылдық жоспар көмектеседі.

Бұрынғы материалды меңгеріп болмай бекітпей жатып жаңа оқу материалдарына көшуге болмайтындығы, бейнелеу өнерін оқыту барысында жүйелілік принципінің басты ережесі болып табылады.

Бала оқулық суреттің бір бөлігін меңгерген соң екіншісіне көшуі тиіс. Әрбір бөлім жалпы құрамдаушының бір бөлімі ретінде бір-бірімен байланысып отырады. Мысалы, зат көрінісін бейнелеу: зат сұлбасын қағаз бетіне орналастыру; заттың конструктивтік қүрылымын бейнелеу; штрихтау немесе бояу арқылы зат көлемін шығару; заттың алыс және жақын бөліктерін бейнелеу; Жарық-көлеңке қатынастарын табу; зат көрінісінің тұтастай қабылдануын қамтамасыз ету; суретті аяқтау сияқты кезеңдерге бөлуге болады. Егер зат формасын қағаз бетіне дүрыс орналастырылмаса ол қате әрі қарай келесі кезеңдерге жалғасаып береді. Сондықтан, бүл кезеңдегі жіберілген қатені жоймай, оқушыны келесі кезеңге ауыстыруға болмайды.

Бейнелеу өнері кабинетіндегі натюрморт фондының аздығына байланысты мұғалім әр түрлі қойылымдарға, белгілі бір заттарды қайта қайталап қойып отырады. Бір затты бірнеше сыныптарға қоюға пайдаланады. Балалар бұларды байқап, тапсырманы орындауға қызығушылығы төмендейді. Сондықтан нұсқа ретінде қойылатын қойылым кездейсоқ болмауға тиіс. Оқулық қойылымдардың міндеттері біртіндеп күрделене түсетіндігін, жаңа қойылымдардың әрбірінің өзіндік міндеттері болатындығын оқушы білуі қажет. Әрбір сабақта мұғалім сынып оқушыларының алдына жаңа міндеттер қойып отырады.

Педагогикалық қызметтегі маңызды кезеңнің бірі — әрбір жеке Сабақтың бір-бірімен байланысы болып, олар тұтас педагогикалық процестің сабақтар жүйесін қүрауы тиіс. Егер педагог саналы және жүйелі түрде әрбір сабағын бейнелеу өнері сабақтарының кешенімен байланыстырып отыруға ол сабақ нәтижелі болады. Мұғалім эпизодтық сабақтар өткізуге қызыға бермей, бейнелеу өнер курсына құрамына кіретін жүйелі сабақтар өткізуі тиіс.

Мектептегі жұмыс практикасында, кейбір сабақтар түрі, бір-бірімен байланыссыз жеке дара бағдарлама ретінде өткізіледі. Мысалы сәндік сурет салу сабағы, өнер туралы әңгіме сабақ, тақырыптық сурет салу сабақтарының араларында байланыс бола бермейді. Шын мәнінде сәндік және тақырыптық сурет салу сабақтарының араларында байланыс бола бермейді . Шын мәнінде сәндік және тақырыптық сурет салу нұсқаға қарап сурет салу сабағымен тығыз байланысты, әңгіме сабақ-басқа қалған сабақтармен байланысты болуға тиіс. Бір сабақтың түрі екіншісін толықтырып түруы қажет, ал олардың барлығын бірлікте алғанда оқушыға өнер туралы толық та, кең көлемде түсінік алуына жәрдемдесуі тиіс. Мысалы, сәндік сурет салу сабағында біз балаларды, суретші сәндік сурет салу үшін өсімдіктердің табиғи формаларын өзінің сәндік-композициясында қалай қолданатындығымен таныстырамыз, нұсқаға қарап салған өсімдік суретістилизациялау әдісімен қалай өрнектерге айналатындығын көрсетеміз. Мүндайды сәндік қолданбалы өнербұйымдарын мысал ретінде көрсете отырып таныстыру ұтымды.

Әрине, балаларға бірден табиғаттың түрі формаларын жалпылау мен қысқарту әдісін меңгерту оңайға соқпайды, бірақ оларды меңгерту үшін арнаулы жаттығулар жүйесін орындату, нұсқаға қарап қысқа суреттер салып үйрету арқылы алып келуге болады.

Кейбір көркемөнер оқу орындарында қолданбалы өнер суретшілерін дайындау барысында студенттер табиғат формаларын нұсқаға қарап салған соң оны бірден стилизациялау әдісімен ою-өрнектерге айналдырады. Мүндай әдісті мектептегі бейнелеу өнерінің мұғаліміне де қолдануына болады.

Сонымен қатар, бейнелеу өнерінің түрлеріне байланысты материалдар жүйелі және бірізділікпен баяндалуы тиіс. Бүл үшін тұтас оқу процесін жеке сабақтар топтамаларына бөліп, оқушылар меңгеретін білімдер мен дағдылардың көлемдерін нақты ойластыру қажет. Тақырыптарды топтарға бөлуді принципін үйірме жұмыстарында сақтауға болады.

Бұл жүйеге оқушыларды қатаң тәртіпке бағындырылған жоспармен жұмыс істеуге үйретіп, шамасына қарап, және ұйымшылдықпен жұмыс істеу икемділігіне тәрбиелейді.

Бейнелеу өнерінің сабақтарында оқушыларға кескіндеме мен композиция негіздеріне оқытуда жүйелілік пен бірізділік принципін қолдануға көңіл бөлінуі тиіс. Практикада бұл пәндерді оқыту практикасында жүйелілік пен бірізділік принциптерін қолдану формалды түрде ғана сақталады. Мысалы, кескіндеме ол–натюрморт қойылымдарын күрделенумен шектелсе, композицияда-тақырыптарда күрделендіру арқылы жүзеге асып отырады. Ғылыми-теориялық материалдар қалай баяндалуы тиіс, әрбір сыныптағы білім мен дағдының қандай дәрежеде болатындығына жеткілікті көңіл бөлінбейді.

Ғылыми-теориялық материалдардың жүйелілікпен және бірізділікпен біртіндеп күрделендіріліп берілуге мұғалім үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Оқу материалдарын баяндау жүйесін құру арқылы педагог әр сынып бойынша оқу бағдарламасы бойынша оқу курсының сапасын арттырумен қатар, осы материалдар баяндау әдістерін де ойластырады. Тұтастанудың немесе композициясының белгілі бір заңдылығы көлемі мен мазмұнына қарай әр түрлі баяндауды қажет етеді. Мысалы композиция негіздері туралы бастауыш сыныптар мен қатар орта сыныптарда да айтуға тура келеді. Шын мәнісінде бастауыш сыныптардағы айтылған мәселені бесінші-алтыншы сыныптарда да қарастырылады, бірақ ол мәселе бастауыш сыныптарда элементарлық формада ал бесінші-алтыншы сыныптарда күрделірек мәселелері қосылып баяндалады.

Сурет салу кезінде туындайтын, онан қашып құтыла алмайтын оқу материалдарының қайталанулары, мұғалімнің ғылыми теориялық материалдардың біртіндеп күрделенуі жүйесін бүзуға әкеліп соғады. Мүндай жағдайды болдырмау үшін мұғалім оқушыға әр сабақ пен сыныпта қандай жаңа мәлімет беретіндігін жоспарлауы тиіс.

Түстану материалдары бойынша мұғалім мынандый іс әрекеттермен айналысады:

Бірінші сыныпта мұғалім оқушыларды спектрдегі негізгі және құрамдас түстермен таныстырады, түстерді араластыру ережелері айтып береді.

Екінші сыныпта ол балаларға көркем бояулардың атауларын үйретеді.

Үшінші сыныпта мұғалім қосымша түстердің заңдылығымен таныстырады.

Төртінші сыныпта контраст түстер туралы баяндайды.

Бесінші сыныпта бейнелеу өнері сабақтарында мұғалім оқушыларға: сары, қоңыр, қызыл, көк, жасыл көк түстердің әр түрлі жарық пен қараңғыға байланысты өзгеруінен пайда болатьш түстердің реңдік дәрежелеріне сипаттама береді.

Алтыншы сыныпта мұғалім оқушыларды реңдер мен түстердің қатынасы туралы заңдылықтармен, колорит заңдарымен және осы заңдылықтарды бейнелеу практикасында қолдану ережелерімен таныстырады.

Бейнелеу өнері сабақтарында композиция бойынша материалдарды баяндаудың бірізділігін мынандай түрде қүрауға болады:

Бірінші сынып-композиция туралы элементаралық түсінік беру. Берілген форматқа, бейнелерді ұтымды түрде орналастыру. Композициядағы ритм, ою-өрнектерді көрсету арқылы ондағы бейне элементтерінің қайталануымен таныстыру.

Екінші сынып-композициядағы симметрия. Берілген форматқа бейнелеу нысанасын симметриялы орналасуын түсіндіру.

Үшінші сынып-композициядағы симметрия және ассиметрия. Композициялық орталық. Композициялық эскиз және композициялық ой.

Төртінші сынып-композициядағы статика және динамика. Композициядағы басты және қосалқы элементтер. Композициядағы қосалқылардың бастысына бағыну ережесі.

Бесінші сынып-композицияның идеялық мазмұны. Сюжет пен тақырып композициядағы перспектива. Жоғарғы, төменгі горизонт және олардың композицияның бейнелілігіне ықпалы.

Алтыншы сынып-форма мен мазмұн түсініктерін беру форма мен мазмұн бірлігі. Графикалық, тоналдық және түстер қатынастары бойынша композициялық бірлік.

Бұл жерде оқу материалдарының күрделенуі шартты түрде шекараға бөлініп беріліп отыр. Шын мәнінде оқу материалдарының мазмүны мен көлемі әрбір сыныптың оқушылар құрамына және олардың дайындықтарына байланысты бөлініп отырады. Бірақ оқу материалдарын әрбір сыныпқа, оқу міндетіне байланысты күрделенуін, жүйесін жасау барысында оқытудың лайықтылық және сәйкестілік принципі туралы ойлануды қажет етеді. Бұл принцип жалпы білім беретін мектептегі бейнелеу өнерін оқытуда ерекше маңызды.

Лайықтылық және шамаға байланыстылық принципі.Лайықтылық принципі педагогтан оқу материалдарының күрделілгі мен тереңдігіне байланысты әрбір сыныпқа, балалардың әрбір жас ерекшеліктеріне байланысты бөлуді талап етеді.

Күрделі оқу материалдарының балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіру үшін, қандай жастағы балаға қандай матераиал лайық екенін мүғалім алдын ала біліп, қандай бейнелеу икемділігі мен дағдысын қанша уақытта үйрене алатындығын педагог жақсы білуі тиіс.

Жеті, он жас арасындағы кіші мектеп оқушылары өмір шындығындағы нысандарды қабылдау процесінде талдауға қабілеті жетеді. Бұл талдау екі формада көрінеді: біріншіден ол бірінші сигнал жүйесі арқылы көрініс тауып, балалар әр түрлі әсерлерге практикалық жауап бере алады; екінші жағдайда екінші сигнал жүйесі, біріншімен өзара әсерге бірігеді. Бұл формадағы талдау барысында бала әр түрлі тітіркендіргіштерге жауап қайтарумен қатар олардың ерекшеліктерін саналы түсінуге мүмкіндік алады.

Талдаудың бірінші формасы бірінші-екінші сынып оқушыларға лайықтылығымен, ал екіншісі-үшінші-төртінші сынып оқушыларына лайықтылығымен сипатталады. Бірінші-үшінші сынып оқушылары нүсқаға қарап ағаш жапырақтарын, қол араны, балғаның суретін салуға толық шамасы келетін болса, олар бірнеше заттардың тобынан қүралған натюрморт салуға шамасы келе бермейді.

Тақырыптық сурет салу сабақтарында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында бірінші-екінші сынып оқушыларының өз бетінше композициялық мәселелерді шеше алмайды. Олардың тақырыптық суреттері, тек қана баланың көрерменге нені жеткізгісі келетіндігі туралы әңгімемен, иллюстрациямен ғана шектеледі. Заттардың арасындағы композициялық байланыстарға олар мән бермейді, бала оларды шығарма мазмүны талап етіп түрған соң картинаға кіргізе береді.

Үшінші-төртінші сыныптарда балалар заттар арасындағы байланыстарды іздеп, оларды, дүрыс үйлестіру қабілеттері нышан бере бастайды. Бесінші- алтыншы сыныптарда оқушылар алдарына шағын композициялық міндеттер қойып, олардың жақсы варианттарын іздейді, және өз жұмысындығы көркем образдарын байытуға ұмтылыстары байқалады.

Бұлардың барлығы қабылдау мен елестеулердің даму заңдылықтарымен түсіндіріледі. Қабылдау әр уақытта баланың бұрынғы тәжірибесі мен тығыз байланысты. Қабылдау көзінің алдындағыны тек қана механикалық, айна сияқты адам миында шағылысуы емес, ол бұрынғы көрген формаларға салыстыра қарауы екендігін айту қажет.

Бірінші-екінші сынып оқушыларының тәжірибесі алтыншы сыныптарға қарағанда аз. Біз баланың көру арқылы қабылдау тәжірибесін байыта отырып, олардың елестетулерін де байыта түсеміз. Оқу процесінде біз балалардың елестетулерін байытып, дамытып қана қоймай олардың қиялының дамуына ықпал етеміз.

Жалпы білім беретін мектептердегі бейнелеу өнерін пән ретінде қарастыра отырып біз балалардың бейнелеу іс-әрекеттерін дамытып қоймай, қабылдауы мен елестетулерін дамытуымыз керек. Психологтардың зерттеуі бойынша елестету белгілі бір әрекет процесінде, оның ішінде суретті салуды үйрену процесінде дамиды.

Белгілі психолог Е.И.Игнатьев әр түрлі сыныптарда Крыловтың «Қарға мен түлкі» тақырыбына иллюстрация жасау барысында балалардың елестетулерін қалыптастырудың көрнекті мысалын келтіреді.

Бейнелеу нысандарын оқып үйренуге дейінгі бейнелеу нәтижелері мен оқып үйренуден кейін салған бесінші сынып оқушыларының бейнелеу нәтижелерін салыстыру қорытындысында, балалардың тақырып бойынша салған суреттерінің ішінде, нүсқаны мұқият зертеу нәтижесінде салғандары үлкен нәтиже көрсеткендігін сипаттайды.

Осы мәліметтерге сүйене отырып мұғалім әрбір сыныптың білім көлемі мен дағдыларын жеңіл анықтайды, осыған сәйкес белгілі жастағы оқушылармен оқу жұмысын жүргізудің әдістерін анықтайды.

Сонымен бірге мүғалімнің оқушылар мүмкіндіктерін шектеуге болмайды. Мектеп оқушыларын олар белгілі қиындықты артқа қалдыру үшін толық белсенді жұмысқа бағыттау қажет. Сонда бала өзінің білімі мен дағдыларын меңгерумен қатар, өзіндік шығармашылық жұмысының қуанышын сезінуге бағыттау қажет.

Мысалы, бастауыш сыныптағы сәндік сурет салу сабақтарында мүғалім балаларға белгілі схема бойынша өрнек құруға ұсыныс жасайды. Педагог өрнекті кезеңдерге бөліп тақтаға салып көрсетеді, балалар сол өрнекті өздерінің альбомдарына көшіріп салады. Бүл жерде бір ғана тапсырма орындалады, ал келесілер басқаша болады. Яғни, мұғалім басқа ою-өрнектің бірізділікпен орындау жолдарын түсіндіріп, оны тақтаға салып көрсетеді де, онан соң тақтадағы суретті өшіріп, балалардың өз бетінше сурет салуына мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың инициативалық белсенділіктерін дамытып, іс-әрекетке шығармашылықпен кірісуге ықпал етеді.

Кейбір мүғалімдер бірінші-екінші сыныптарда балалар  педагогпен бірлесіп отырып қана сурет салуы тиіс, деп есептейді. Мүның нәтижесінде оқушылардың белсенділігі төмендеп, барлық уақытта олар мұғалімнен көмек күтіп, өз бетінше жұмыс жүргізуге қорқыныш пайда болады. Бұл жұмыс әдісі бойынша лайықтылық принципі бұзылып, ол өзгерістерге ұшырайды.

Лайықтылы принциптерін сақтай отырып, әрбір оқушының жеке қабілеттері ескерілуі тиіс. Бір сыныпта, барлығы бірдей  оқушылар бар болуы мүмкін емес: біреулері оқу материалдарын тез, екіншілері– үлкен еңбекпен ғана меңгереді; біреулер белгілі  бір техникалық тәсіл тез меңгеруге, екінші біреулеріне оны меңгеру үшін ұзақ уақыт қажет  болады. Сондықтан мұғалім әрбір оқушының жоғары үлгерімге жетуіне мүмкіндік туғызатындай жағдайды ойластыруы қажет.
Тағы рефераттар