Ор. 13, до – минорлы соната (Патетикалық).

Патетикалық соната ерте туындылар арасындағы ең бетховендік болып табылады. Осы шығарманың үш бөлімі контрастты принциппен жалғанған. Патетикалық сонатада баяу кіріспеден, оның табиғатынан аллегроның және финалдың тақырыптары бастау алады. Мотивтік туыстық пен бірге бөлімде ірі контрасттар бар: кіріспенің трагедиялығы, негізгі тақырыптың айбарлы драматизмы, қосалқы партияда жанның лирикалық қобалжуы. Дәл осы бөлімде бейнелердің қайшылығы бастапқы көрінісін табады.

Кейін осы бейнелерді қарама-қарсы қою өңдеу бөлімінде ашық драматикалық конфликт болып шығады. Мұнда негізгі партияның қаһарлы, айбарлы дауыстары, ынтықты жалыну үндеріне айналады.

Кіріспе тақырыбы болса әуендік дамудан басқа, тағы бейнелік өзгерістерге ұшырайды. Ол бірнеше рет толығымен өтіп даму бөлімінің және коданың басталуын жариялағандай болады. Өңдеудің алдындағы өткізу бір қарағанда ең алғашқы рет орындалудан еш айырмашылығы жоқ сияқты, бірақ мұнда бірнеше рет орындалғаннан кейін даму өршеленбей, керісінше динамика төмендеуі, баяу жайылатын каденция. Кіріспе тақырыбының кодадағы бейнелік сипаты ерекше өзгертілген: кварталық жүріс алынып тасталғаннан кейін, пунктирлік ырғақ жойылғаннан соң, сонымен қатар төмен бағытталған жігерсіз жүрістер тақырыпқа әлсіз рең берген. Осындай көңілмен бөлімді аяқтау Бетховен үшін жат нәрсе, композитор негізгі партияны қайта оралтып, оны өршіген мақсатқа бағыттаумен толықтырды: тоникалық октава қайтпай, басылмай «соғып» тұруы осыған ықпал етеді.

Екінші бөлім. Adagio cantabile. Бетховендік циклдердің баяу бөлімдерінің музыкасының әсемдігі ылғи таңқалдырады, Патетикалық сонатаның адажио кантабилесі ең тамашалырының бірі. Қарапайым лирика, ойдың жоғары бағыттылығы, толғаулардың байсалдылығы, адажионың жалпы мінезі баяу бөлімін Бесінші симфонияның екінші бөлімімен жақындастырады. Терең әуендік тыныс әуеннің аккордтық дыбыстармен жүріп отыруынана туды. Дыбысқа ерекше толықтықты құрылымның аккордтығы, барлық дауыстардың біркелкі ауып отыруы, виолончельдік қою тембр беріп тұрады. Адажио тақырыбы вариацияланып бірнеше рет жаңа штризтармен толығып орындалады.

Үшінші бөлім. Рондо. Аллегро. Мұнда бірінші бөлімнің драматикалық пафосына  оралу толығымен болмаса, бірақ қайғылы-бүлікті рух финалда сезіледі. Рондода ойдың әбігерлігі көптеген реңдерге ие болады, әр жаңа құрылымда түрліше қабылданады. Қалған материалдан аса айырықша келетін ортаңғы эпизодтың ұстамды энергиясы көзге тсерлік.

Соната Ор. 27 № 2, cismoll («Лунная»)

До диез минорлы соната лирикалық қиялшылдығына қарай «Лунная» деп аталып кетті. Ал Бетховеннің өзі «фантазия сияқты соната» деп белгілеген, және бұл циклдің бөлімдердің орындарын ауыстыруды түсіндіріп тұр. Үйреншікті бірінші бөлімдегі аллегроның орнында мұнда адажио қолданылды, ал аллегро тек соңғы бөлімде пайда болды.

Адажио прелюдиялық-импровизациялық мәнерде баяндалады. Бір кішкентай бірақ сиымды бейне бүкіл бірінші бөлімді толтырып тастайды. Тынымсыз, шоғырланған-өлшемді әрекет, фактура біркелкілігі, органдық бастардардың баяу жүрістері терең фон жасайды, ал қатарында өткір-мәнерлі, мұңайлы-патетикалық әуен әсем дамиды. Бірінші бөлімшенің мұңайы декламациясы ортаңғы бөлімшеде музыкалың өрістің импровизациялық ағысына айналады, ал репризада үлкен экспрессиямен қайтадан орындалады. Репризаның қысқарылуы Адажионың ішкі динамикасын өсіреді, және кодада ғана қысым әлсірейді.

Екінші бөлім – Аллегеретто – адажионың күңіренген атмосферасын скерцолық әзілдігімен және безендігімен жайып жібереді. Эмоциялардың биік қысымы мұнда динамикалы сонаталық аллегро формасында ашылған. Адажио негізінде жатқан до диез минорлы үшдыбыстықтың жайылған аккорды мұнда негізгі партияның ядросы болып табылады. Сонымен қатар ұқсастық бастың тоникадан доминантаға дейін төмен сатылап түсуінде бар.  Драматизм экспозицияда көрінеді: негізгі партияда ызалық «жарылыстар» бастардағы дыбыстарда және стихиялы көтеріліп аккордтық сілтеулермен аяқталатын арпеджиода естіледі, ал қосалқы және соңғы партияларда патетикалық сипат декламацияда, стаккато аккордтық соққыларында естіледі.

Финалдың әр партиясы өзіне тән мінезді, жан құбылуын беріп тұрса да, оның жалпы жүрісі, әрекеті өршудің ең биік деңгейін білдіретін бір ортақ ырғақпен біріктірілген. Реприза алдындағы органдық пункте экспозицияның ең экспрессивті қасиеттері шоғырланғанмен біраздан соң динамиканың әлсіреуі толық тыныштыққа әкеледі. Одан кейін реприза күтпеген жігерге толы, драматикалық қарқын ретінде қабылданады.

Сонатадағы даму интенисивтігі зор болғандықтан оның формалары масштабы жағынан өзгерді. Қосалқы партия экспозицияның өзінде – ақ өңдеуге ұшырайды. Аяқтау партиясы тематикалық және құрылым жағынан өздік құрылыстардан тұрады. Даму динамизмы экспозициядан өңдеу бөдіміне көшеді, репризаада жалғасып шарықтау шегіне кодада жетті. Солай, финалдың кодасына бүкіл сонатаның драматикалық кульминациясы аударылды. Кодаға берілетін жаңа мәселелер, оны өздік бөлім ретінде және екінші өңдеу бөлімі орнына қояды. Ол импровизациямен айырбасталып отырып келетін контрасттық эпизодтардың қатары өтетеін фантазия іспеттес. Мұнда қосалқы партия негізгі тақырыбы ең патетикалық аспектте орындалады. Өткен драма тек аяқтау құрылымында ғана үлкен талаппен терең кетеді. Сонатаны аяқтайтын тоникалық аккордтар ұлы ұстамдылықпен ойналады.

 

Ор.53, С-durсоната ( «Аврора» ).

До мажорлы соната — фортепианоға арналған ең монументалды шығармалардың бірі. Мұнда барлығы тазалық, шуақтықпен ерекшеленеді. «Аврора» атауы бекер берілмеген, бұл-болмысқа тамсанып орындалатын әнұран. Табиғат бейнелері өздерінің объктивті сұлулығымен, кереметтігімен сипатталады.

Бірінші бөлім. Allegro con brio. Бірінші бөлім ең айбынды және орасан зор бөлім боып табылады. Негізгі және қосалқы партиялардың тақырыптық негізін қарапайым ырғақтық айналым құрайды. Тембрлік, регистрлік, гармониялық, ладтональдық мәнерлеу әдістерімен кең байтақ жер мен мөлдір қиыр шет елестері суреттеліп, салынады. Тональносттердің көркем терциялық қатынастары (до мажор мен ми минор) қосалқы партияны басқа музыкалық материалдардан өте айқын ерекшелейді. Ырғақтағы (ұзақтықтардық ұлғаюы), фактурадағы (аккордық вертикальдармен жүрістер) өзгерістер әрекетті баяулатып, тынысты біркелкілеп, тереңдетіп, кеңейткендей. Екінші өткізілуден бастап тақырып вариацияланып, екпінді фигурациялармен байытылып, даму динамикасы көзге түсерлік өзгерістерге ұшырайды. Кейін қозғалыс баяулап, бастапқы орнына оралады – алғашқы ырғақтық айналымдар қайтып келеді. Солай дамудың бірінші фазасы – сонатаның экспозициясы аяқталады.

Кейінгі бөлімдер — өңдеу, реприза, өте дамыған кода – экспозицияның тақырыптық материалын аса кеңейілген масштабтарда және динамиканың одан да көп түрлілігімен орындайды.

Екінші бөлім. Интродукция. Адажио мольто. До мажор сонатасының қысқаша интродукциясы биік поэтикалық сыр айту болып табылады. Онда тікелей дыбыстық еліктеулер болмаса да табиғат үні музыкалық өрімнің өн бойында естіліп тұрады. Интродукция қиялшыл ой-толғау және кең, тыныштыққа толы пейзаждың поэзиясын сипаттайды. Тыныштық пен сабырлықтан өмірлік қуаныш және ән-биге өту сәті керемет шағындық пен ықшамдық сипатта көрініс тапты. Одан рондоның әндік әуені туады.

Үшінші бөлім. Финал. Рондо. Аллгеро модерато. Финалдың тақырыптық негізінде жатқан әуен айғақтар қатары бойынша неміс халық әні. Бетховен фольклорлы материалды өте сирек қолдауы танымал нәрсе. Бірақ мұнда бұл халық әні қарапайым, ашық көрсетілген сезімдер атмосферасына, қуаныш пен шаттықтың аңғыртты ашылуы ортасына  енгізеді. Халықтың хорлық ойындары мен әндерінен бастау алған рондо формасы да сол мақсатқа бағытталған. До мажор сонатасының финалы әнмен басталып, шапшаң биге аусатын кең жайылған сурет болып шықты.

Финалдың бүкіл құрылымдарының берік бекітілуіне, және формаларының кеңеюіне, масштабының өсуіне тақырыптық материалды күрделі өңдеу ықпал етті. Күрделі даму процессінде музыкалық бейненің өзгеруі іске асырылып, алыстан естілетін әннен кодадағы стихиялық қозғалысқа дейін келді.

 

Ор.57, фа минор сонатасы («Аппасионата»)

Бетховеннің өзінің симфонилары іспеттес – «Аппатсионата» әлем музыкалық қорындағы ұлы шығармаларының бірі. «Аппасионатада» барлығы да тамсандырарлық: талпыныстың қаһарлы күші, қуатты ұстамдылықпен тоқтатылған сезімдердің долылығы, рухтың прометейлік бүліктшілігі. Бірақ осының барлығы формасы жағынан классикалық және сұлу, дұрыс пішінге келтірілген.

Идеялардың көлемділігі,музыкалық бейнелер сиымдылығымен, ойдың өзінің концетрациясы дәрежесімен «Аппасионата» оны қоршаған екі симфониялармен  қатарлас – Үшінші және Бесінші. Бұл «рухтың қиын жолы», ол жеке тұлғаның қайғы-қасіретінен бүкіл адамзат ортақтығының сезіміне әкелетін түзу тәрізді. Динамикасының интенсивтігімен бұл соната алдағы және кейінгі туындылардан асып өтеді. Бұның әсерінен масштабтары қатты кеңейтілді. Сонаталық форманың өсуі өңдеулік сипаттың бүкіл бөлімдеріне еніп кетуінен болды. «Аппасионата» Бетховеннің классикалық снаталық формада міндетті түрде болған бірінші бөлімде экспозицияны қайталау дәстүрінен бас тартқан жалғыз сонатасы.

Сонатаның бүкіл бөлімдері ішкі бірлікпен, сонымен бірге жеке фортепианоға арналған шығармаға жат даму күшінің дәрежесімен жалғанып бекітілген. «Аппасионатаның» драматикалық идеясы үш бөлімде біртіндеп ашылу сияқты берілген. Бірінші бөлімнің долы сезімдері сабырлықты талап етеді, ол баяу екінші бөлімде беріледі. Анданте бөліміндегі ойдың биік шоғырлануын пайда кенет болатын жаңа дауылдарды жоритын кішірейтілген септаккордтардың драматизмі бөледі. Үшінші бөлім басталады – драманың соңғы акты, шешілімі.

Бірінші бөлім. Allegro assai. Бірінші бөлімнің негізінде күңіренген-трагедиялық, екі берік бекітілген, сонымен қатар драматикалық қарама-қарсы болып келетін мотивтерден тұратын тақырып жатыр. Сәл кейінірек алғы әуендерге ұқсамайтын, Бесінше симфониядағы «тағдыр тарсылы» мотивін еске салатын жаңа үшінші әуен  қосылады.

Форманың бірінші бөлімі негізгі тақырыптардың экспозициялық көрсетуінен драматикалық әрекетке, әр фраза саын өршелене беретін өткір күреске айналып кетті. Даму негізгі партияның ішінде-ақ басталып кеткен. Тақырыптың әртүрлі бөлшектерін балқытып өңдеу байланыс партиясында жалғасып, қосалқы партияда жаңа тақырыптың пайда болуына әкеледі. Одан соң әрекеттің ашылуы екі музыкалық бейне: күңгіртті, ізденген, қинап-ширыққан (негізгі партия) және табанды-қатал, ерлікті, ұстамды (қосалқы партия) – айналасында өтеді.

Өңдеу бөлімінде тақырыптар экспозициядағы кезекпен орындалады, бірақ модуляциялардың толассыз тізбегі, «аспаптау» драматикалық қызу хабарлап тұрады. Өңдеу мен репризаның тоғысында, драматикалық ширығудың шарықтау шегінде фортиссимомен «тағдыр тарсылы» естіледі. Аллегро дамуының қорытындысы – кода. Оның бірінші бөлімі өңдеудің линиясын жалғастырып, барлық тақырыптардың қарама-қайшылығын одан да айқынырақ ашады.

Екінші бөлім. Andante con moto. Екінші бөлім — тақырып пен вариациялар. Тақырып аккордық және хоралдық құрылымға сәл ұқсас. Вариациялар тізбегі тақырыпты біртіндеп жылдамдайтын әрекетпен өзгертеді: ол жұмсақ, нәзік, кейде скерцолық қасиеттермен байтылады, бірақ соңында алғашқы көрінісі қайта оралады. Кішірейтілген септаккордтан соңғы, үшінші бөлім басталады.

Үшінші бөлім. Allegro ma non troppo. Финалдың алғашқы фразалары – дыбыстардың зымыраған толқыны – дауылды стихия көрінісін елестетеді. Егер финалды титанның стихиямен, яғни оны қоршап тұрған дұшпнадық күштермен жекпе-жек күресі деп санасақ, бұл соғыс шарықтау шегіне кодада жетеді. Нақты ырғақ, массалық бидің ауыр салмақтылығы коданың соңғы бөліміне қарама-қайшы болып келеді.

Үлкен адамдық драма, ішкі қарсылықтарға, толассыз іздеулерге толы ұзақ жол қаһарманның трагедиялық өлімімен аяқталады. Бірақ, шығар жол бар – тек қана барлық адамзатпен бірге қосылып, ынтымақтанып жеңіске жетуге болады.
Тағы рефераттар